Әділет органдарының біртұтас жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Әділет органдарының біртұтас жүйесі


Мазмұны

Кіріспе3

1. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі4

2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы5

3. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы7

Қорытынды10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі11


Кіріспе

Демократия жолындағы қоғамның дамуы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сипатының өзгерісіне алып келеді. Мемлекеттің дамуы қоғамның демократиялық қондырғысан және тиімді басқаруға келіп тіреледі. Сондықтан қазіргі таңда мемлекет пен қоғам демократияны бір-бірінсіз құра алмайды. Азаматтық қоғамның институты, саяси партиялар, пресса, қоғамдық бірлестіктер бұлардың барлығы демократиялық процестен шығып кетулері мүмкін емес. Заманауи демократиялық мемлекет өзінің саясатын азаматтық қоғамды тарта отырып қана өндіріп, жүзеге асыра алады. Сондықтан заманауи демокартиялық мемлекеттердегі мемлекеттік саясатты қоғамдық саясат немесе жария саясат деп атайды. Аталмыш ара-қатынас қоғам қызығушылықтарын тұтастай қамтиды.

Қазіргі таңда ел мүддесі мен құқықтарын қорғайтын бірден бір қызмет нысаны ол - әділет органдары болып табылады. Әділет орнагдарының біртұтас жүйесіне келесілер кіреді:

  • Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы
  • Қазақстан Республикасының Адвокатурасы

Аталған әрбір әділет органдарының өзіндік қызметі мен қызмет жүйесі бар.

Қазіргі таңда демократиялық мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекет пен адам қызығушылықтарының өзара үйлесуі, адам құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Аталған процестің жетекші субьектісі ретінде мемлекет саналады, тек қана ол аталмыш мақсатқа қол жеткізетін саясатты жүргізеді. Кез келген диспропорция немесе қоғамның дамуындағы қиындықтар саяси мәселеге айналады. Экономикалық мәселелер, мектеп реформасы, салықтар және т. б. - мұның барлығы соның ішінде саяси мәселелер қатарына жатады және үкіметтің араласуын талап етеді және ерекше саяси шешімді қажет етеді.

Осы мақсаттарға жету үшін қазіргі таңда тек қана мемлекет қана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызмет алаңына басқа да «ойыншылар» шықты - мемлекеттік емес субьектілер. Қазіргі заманауи жағдайларда олардың өзара іс-әрекеті аса маңызды болып табылады. Олардың өзара әрекеттесуі барлық қоғамдық ағзаның қалыптасуына ықпалын тигізеді. Жария саясатқа мемлекеттік емес субьектілердің қатысуы оның көптеген салаларының дамуына ықпал етеді, атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру саласы, әлеуметтік қамтамасыз ету және т. б [1] .


1. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі - мемлекеттік басқару органы болып табылады. Министрліктің міндетіне мемлекет қызметін құқықтық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, мемлекеттік ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекет азаматтарының қызметінде заңдылық тәртіпті орнату және оны қолдау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеттері кіреді.

Жалпы Министрліктің құрылымына келесілер жатады: заң актілері, заң жобалау қызметін үйлестіру, жүйелеу, орта және жергілікті мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық актілерін тіркеу және бақылау, құқықтық насихат, мемлеттік тілді дамыту және халықпен байланыс орнату, сонымен қатар ішкі әкімшілік департаменттері, ішкі қауіпсіздік және әділет аттестациялау комиссиясы, заң қызметтерін ұйымдастыру, халықаралық құқық басқармалары және т. б. [2] .

Әділет министрлігінің қарамағында келесі ұйымдар қызмет атқарады:

  • сот сараптамасы орталығы мемл. мекемесі;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Заң шығару институты;
  • Республикалық құқықтық ақпарат орталығы;
  • Қазақстан Республикасының әділет органдары, мемлекеттік және өзге ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты;
  • сонымен қатар«Заң» акционерлік компаниясы ААҚ жұмыс істейді. Жалпы аталмыш министрліктің міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
  • актілерге ресми түсіндірме беру;
  • заңдарды жетілдіру;
  • нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
  • сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру, сот сарапшыларына заңда белгіленген тәртіппен лицензиялар беру;
  • халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету және шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру;
  • сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
  • әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
  • бөлімшелер мен өкілеттіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және бөлімшелер мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу:
  • туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу, қазақстандық заңды тұлғалардың шет елдік несиегерлерге берешектерінің сипатын анықтау;
  • есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласында - қызмет түрлерін лицензиялауды бақылау, нашақорлық ахуалының жай-күйін және даму процесін талдау, осы саладағы ғыл. зерттеулерді үйлестіру; бағалау қызметі субъектілерінің белгіленген әдістемелерді, нормативтерді, ережелерді және заңдарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау;
  • сотталғандарды қылмыстық жазаны өтеу органдары мен мекемелеріне соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес орналастыруды ұйымдастыру, әділет органдары жүйесінің кадрларын даярлау және қайта даярлау;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-министрінің тапсыруымен құқықтық мәселелер жөнінде мемлекет мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау болып табылады [3] .
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады.

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады [4] .

Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi төмендегідей:

Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады [5] . Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды, заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Кесте 1. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi

Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi
Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi:
  1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:

а) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;

ә) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;

б) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;

в) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.

Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп соғады [6] .

Басқада бір мемлекетте прокуратура органдарына мұндай үлкен құзырет берілмеген, және ең басты қадағалаушы органдардың бірі болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы

Адвокатура - заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.

Схема 2. Адвокатураның міндеттері

Адвокат - адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсеткен, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат.

Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:

  • кеңестер, түсініктемелер беру;
  • талап-арыздардын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтың сипаттағы өзге де құжаттарды толтыру;
  • тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау;
  • қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтық талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
  • азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істер бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік қызмет атқарады;
  • азаматтарға және ұйымдарға заінамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді;
  • әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалауға құқығы бар [7] .

Сонымен қатар адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қатысуы айыптаушыларды (күдіктілерді) қорғау қызметін жүзеге асыруға байланысты болады. Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталган, тұтқындалған немесе айып тағылван сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалану құкығы бар. Қылмыстық жауапқа тартылған адам қорғаушы алуға міндетті. Егер ол азамат немесе оның жақын туыстары немесе заңды өкілдері адвокат шақырғысы келмесе, онда ол тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегі толықтай республикалық бюджет қаржысынан төленеді. Заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмектеріне мыналар жатады:

  • занды тұлғалардың жарғыларын жасау және олардың құжаттарын тіркеуге әзірлеу;
  • келісім-шарттар жасау;
  • коммерциялық операцияларға қызмет көрсету;
  • кеңес берушілері жоқ ұйымдарға заңдық қызмет көрсету.

Адвокат қызметімен айналысуға құқығы бар азаматтар адвокаттар алқасы деп аталатын ерікті бірлестікке бірігеді. Адвокаттар алқасы адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы. Ол жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін құрылады.

Қазақстан Республикасы адвокатурасының ұйымдық-құқықтық нысандары

1. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағы қызметінің негіздері және құқықтық мәртебесі

2. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының органдары және олардың өкілеттіктері.

3. Адвокаттық қылмыстық іс жүргізуге заң көмегінің, бір түрі ретінде қатысуы

4. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері

5. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері

6. Адвокаттың қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар

7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру

8. Қорғаушының процесуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері.

9. Адвокаттық қылмыстық процеске жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысуы [8] .

Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағының органдары съезд, конференция, төралқа, тексеру комиссиясы, атқару-өкімдік дирекция болып табылады. Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағының жоғары органы- съезд, оның атқарушы органы - төралқа, бақылау органы -тексеру комиссиясы. Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағының барлық сайланбалы лауазымдарына бір адам қатарынан екі мерзімнен артық отыра алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
ҚР әділет органы
Әдiлет органдар жүйесiнiң құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Қазақстан Республикасының сот билігі
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz