Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІК ТҮСІНІГІ . . .

  1. Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары жәнеқұқықтары . . .
  2. Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен

иммунитеттері . . .

  1. Дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі . . .
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ . . .

2. 1 Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің құқықтық статусы . . .

2. 2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің құқықтық ережелері . . .

3 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІК МӘРТЕБЕСІ . . .

3. 1 Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің қазіргі мәселесі . . .

3. 2 Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің шет елдермен салыстырмалы талдауы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Біз ұлы бабаларымыздың дипломатиялық қатынаста бола отырып жеткен табыстарын лайықты түрде мақтан тұтамыз. Олар күрделі де қиын тарихи кезеңдерде ел мүдделерін шебер қорғаған. Алайда, Қазақстанның жаңа тарихында тәуелсіздікке ие болумен бірге, еліміздің сыртқы саясаты тіпті күрделі жағдайларда қайта құрылған болатын. Біздің қазіргі заманғы сыртқы саяси қызметіміздің тәжірибесі және шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріміз болған жоқ, сонымен қатар білікті кадрлардың үлкен жетімсіздігі байқалды. Қазір дипломатиялық қызметтің майталмандарының, елдің тәжірибелі саясаткерлерінің, КСРО жүйесінде жұмыс істеген біздің кадрлық дипломаттардың белсенді түрде қатысуымен жаңа егеменді мемлекеттің сыртқы саясатының құрылуының күрделі мәселелерін жедел жағдайда шешуге мәжбүр болдық.

Сонау 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «саяси және экономикалық реформалар негізіндегі елдің тұрақты дамуы үшін жағымды сыртқы ортаны құрудан» тұратын сыртқы саясаттың негізгі мақсатын айқындады. Кейін әлемдік қоғамдастықтың кең тануына және қолдауына ие болған белгілі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, дәл Елбасы Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының авторы болып табылады. Қол жеткізілген елеулі табыстар Қазақстан Президенті іске асырып жатқан сыртқы саяси бағыттың қисындылығы мен даналығының айқын дәлеліне айналды.

Шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады.

Тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстан халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі ретіндегі беделін бекітті. Мемлекетіміз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысуда. Бүгін Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің генераторы ретінде лайықты бағасын алып отыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардыңықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналдасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келуi мүмкiн едi.

Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н. Назарбаев өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан “Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегiнде атап көрсеттi. Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi. Мұның мәнi - әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң нақты мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара сенiмдiлiк сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.

Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге асырудан басталды:

  • мемлекетiмiздiң тың сипатын танытуымыз;
  • Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз;
  • әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде әлемнiң 92 мемлекетi елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар - АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi.

Қазақстан өзiнiң сыртқы саясат тұжырымдамасында көршi мемлекеттермен аралағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдылық бердi.

1991 жылы тәуелсiз елiмiздiң сыртқы саясаты анық белгiленiп, Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң маңызды бөлiгiне айналды. Өзiнiң геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетiне орай Қазақстанның тар ауқымдағы аймақтық проблемаларға тұйықталып қалуға құқығы жоқ. Осы мақсатта ел шекарасының бүкiл бойында сенiмдi қауiпсiздiк белдеуi жасалды.

Ал қазіргі таңда дипломатия өзінің классикалық қызмет түрлерінен айнымай атқарып келеді. Дипломатияның басты міндеттерінің бірі ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру. Бұл міндет ұлттық мемлекеттер туындағалы бері дипломатияның мойнына жүктелген. Сол сияқты, осынау маңызды қызмет Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу барысынды да алдыңғы қатарда тұр. Осыған орай біз дипломатиялық өкілдіктің мәселелерін бүгінде өзекті деп танып, сонымен қатар жоғарыдағы мәселелер зерттелуі қажет тақырыпты нақтылап, айқындауға және дипломдық жұмыстың тақырыбын « Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі» атты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Бұл дипломдық жұмысым заң, халықаралық құқық ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Олар: Н. Н. Рыбушкин, Н. И. Матозов, А. В. Малько, М. И. Байтин, В. М. Баранов, В. К. Бабаева, А. С. Пиголкин, А. Керимов, С. Ф. Кечекъян, Н. М. Коркунов, М. Н. Марченко, Г. Ф. Шершеневич, М. Т. Баймаханов, С. Н. Сәбікенов, С. Зиманов, А. С. Ибраева, Г. Сапаргалиев, М. Т. Баймаханов, Д. А. Булгакова, У. Шапақ, Сарсенбаев М. А., Кулжабаева Ж. О. т. с. с.

Зерттеу жұмысының мақсаты: дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселелерін анықтау.

Бұл мақсатқа жету барысында төмендегідей нақты міндеттер жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. «Дипломатиялық өкілдік» ұғымын ашу;
  2. Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтарын анықтау;
  3. Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен иммунитеттерін талдау;
  4. Дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін қарастыру;
  5. Дипломатиялық өкілдіктерінің құқықтық статусы мен ережелерін айқындау.
  6. Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің қазіргі мәселелеріне шолу жасап, қазіргі жағдайы мен болашағын қарастыра отырып, нәтижелерін шығару.

Зерттеу жұмысының нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу процесі.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесін жан-жақты ашу үшін соңғы кезеңде демократиялық құқық саласындағы қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдер, қағидалар, ой-тұжырымдары назарға алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс 60 баспа бетінен, 1 кестеден, 3 сызбадан, 40 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Дипломатиялық өкілдік түсінігі

1. 1 Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары

Дипломатия - (лат. Duplicata - билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:

  1. Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
  2. Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын күрделі ұғым;
  3. "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі [6] .

Экономикалық дипломатия. 1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық өнімдерді сату мен өткізуге қолайлы жағдай туғызу.

Жариялық немесе халықтық дипломатия. Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа көзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бөлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Әлем корпусы) .

Ал дипломатиялық құқық деп отырғанымыз - бұл дипломатиялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасындағы, мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Қайнар көздері:

  1. 1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы (ҚР 1993ж. қосылуы) ;
  2. 1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы;
  3. 1975ж. универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастарда мемлекеттердің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясы
  4. 1973ж. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды жою және жазалау туралы Конвенция.

Мемлекеттердің дипломатиялық қызметі сыртқы қатынастар органдары арқылы жүзеге асырылады:

  1. Ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органдары:
  • мемлекет басшылары;
  • Парламент;
  • Үкімет;
  • Сыртқы Істер Министрлігі;
  • Сыртқы экономикалық байланыс ведомстволары;
  • жекелеген сұрақтар бойынша сыртқы қатынастарды жүзеге асыру қызметтеріне кіретін өзге де қызметтіктер;
  1. Шетелдік сыртқы қатынас органдары: тұрақты және уақытша, мысалы, дипломатиялық өкілдіктер және елшіліктер, сауда өкілдіктері, халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері, халықаралық конференциялардағы делегациялар, арнайы миссиялар.

Дипломатиялық корпус - қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.

Ал қазақстандық дипломатия қалай пайда болды? Оны шартты түрде мына кезендерге бөлуге болады: олар - қазақ хандығы кезіндегі; отарлық басыбайлылық кезеңіндегі; Алаш Орда кезіндегі; кеңестік кезендегі, тәуелсіздік төріндегі дипломатиялар. Осынау кезеңге бөлулерден XV ғасырдың орта шеніне дейін қазақ хандығы дәуірлеп тұрған аумақта мемлекеттік бірлестіктермен сыртқы байланыс пен дипломатиялық түйісулер болды деп нақты айта қою қиындық келтіреді. Қазақстанның XV ғасырдан хронологиялық түрде басталған сыртқы саясаты тарихын жан-жақты және арнайы зерттеу тарихи деректерсіз мүмкін емес. Орта ғасырдан КСРО ыдырағанға дейінгі құжаттар мен қолжазбалар Қазақстаннан тыс жерлерде - шетелдердің ғылыми кітапханалары мен мұрағаттарында сақталуда. Мәселен, Ресей империясының Сыртқы саясат мұрағатындағы (1720-1917 ж. ж. ) жалпы ұзындығы 12 шақырымдық сөреде 550 мыңнан астам іс қағаздары бар көрінеді, ал Ресей Федерациясының Сыртқы саясат мұрағатында (1917 жылдан қазіргі уақытқа дейін) тиісінше 26 шақырымдық сөреге 1, 3 миллион жинақталған. Осы екі мұрағатта Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Тарихи-құжатнама департаменті құрамына енеді. Қазақстан тарихы туралы республикадан тыс жерлерде сақталған құжаттарды табу жөнінде нақты жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Кездескен деректерді зерттеушілер өз монографияларына, мақалаларына, диссертацияларына енгізіп, құжаттар мен материалдар енгізілген тақырыптық жинақтарға толып, жұртшылыққа таныстыруда. Осы кітапты жазу устінде автордың Қазақстан мұрағаттарындағы жарық көре қоймаған материалдары пайдаланғанын айтуға тиіспіз. Ішінара бұл құжаттарды алуға Қазакстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазулар мұрағатындағы, Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатындағы және Қазақстан Республикасының СІМ мұрағатындағы әріптестер шын пейілдерімен көмектесті [21] .

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының тұңғыш бастығы Төлеген Тәжібаев 1944 жылы «Қазақстан дипломатиясы тарихының очерктері» деген кітап жазу міндетін алға қойған көрінеді, алайда белгілі себептермен кітап жазылмаған. Дей тұрғанмен «Қазақстанның өз дипломатиясы болды, ал оның дипломатиясының өз тарихы бар» деп сенімді түрде айта аламыз. Олай болса, ендігі әңгіме Қазақстан дипломатиясы тарихы жайында. Адамдар ежелден өз көршілерімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылыс жасағаны белгілі. Рудың, тайпаның және жоғары мемлекеттік құрылымдардың береке-бірлігі өзара түсіністік пен сенім дәрежесіне байланысты болған. Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазіргі республика жерінде халықтар мен рулар арасында алуан түрлі ауыс-түйістер, алмасулар болып жататын. Кең байтак, жерімізге, асқар тауларымыз бен күміс көлдерімізге сырттан көз тігушілік те аз болмады. Көрші елдердің бір назар аударғаны: осы шетсіз де шексіз дала арқылы Византия мен Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек жолы өтетіні еді. Қазақстан тұрғындарының этногенетикалық әр түрлілІгі жазбаларда көрініс тауып, сақ, массагет, сармат, алан, үйсін, сұнақ, түркі тайпаларының аттары аталғаны тарихтан аян. Ғылыми әдебиеттерде атап көрсетілгендей, бұлар туралы деректер ежелгі Согда мен Қытайдың дипломатиялық хат алысуларында сақталған.

Жалпы, саяси ғылымда дипломатияны зерттеудің қалыптасқан өзіндік дәстүрі мен қомақты ғылыми негізі бар. Осы мақала ауқымында кеңестік кезеңдегі зерттеулерді, сонымен қатар, қазіргі заманғы жұмыстарды қарастырумен шектелеміз. Біздің ойымызша, ежелгі заманнан бастап ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықтағы дипломатиялық қатынастар жүйесінің қалыптасуы жайлы А. А. Громыконың редакциясымен жазылған бес томдық «Дипломатия тарихы» басылымының ғылыми маңызы зор. Алайда, сол кезеңнің көптеген оқымыстылары дипломатия мен дипломатиялық қызмет мәселесін халықаралық қатынастармен бірдей қарастырды, мұндай ой қисынына әсер еткен сол кездегі үстем болған тарихи-хронологиялық тәсіл еді. Белгілі ғалымдар С. Б. Крылов пен В. Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып дипломатияда болып жатқан процестерге ғылыми ізденіс жасаудың құқықтық негізін салды. Атап айтсақ, олар дипломатиялық корпус, дипломатиялық өкілдік, дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың таралатын салалары, дипломатиялық корпус дуаейні институты және т. б. зерттеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Дипломатиялық құқық
Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Дипломатиялық және консулдық құқық
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Қазақстанның сыртқы саясатындағы дипломатиялық өкілдік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz