Мәдениет философиясы
Мәдениет философиясы
Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Медениет және адам. Мәдениеттің негізгі салалары. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және этнос. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Жастар субмәдеииеті. Бұқаралық мәдениет феномендері.
Инвективаның мәні. Көргенділік-көргенсіздік оппозициясының шығу тегі. Көргенсіздіктің формалары. Бейнормативті лексика мәдени-әлеуметтік феномен ретінде. Эротикалық өнер және пориография: ұқсастығы және шығармашылығы.
Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени=философиялық аспектілер.
Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В.М.Межуев: Мәдениет дегеніміз - адамның іс - әрекеті, оның даму формасы - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап - тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым - қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек. О баста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасында натура табиғат деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шыққанның бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі - адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы - мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс.
Философия мәдениетті қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға сүйеніп зерттейді.
Философиялық әдебиеттерде мәдениет ұғымын саралаудың көпжақтылығын, көпмәнділігін еске ала отырып, олардың бәрін бір жүйеге келтіруді мақсат ететін болсақ, онда екі үрдісті анықтауға болар еді.
Біріншіден, мәдениет дегеніміз табиғаттан өзгеше, одан тыс адам қолымен жасалған құбылыстар.
Екіншіден, мәдениет дегеніміз - өндірісте, ғылымда, өнерде адам қол деткізген жетістіктер. Мысалы, осы мағынада технологиялық, мәдениет, көркем, өнер мәдениеті, адамгершілік мәдениеті деп атап жүрміз. Бұл мәдениеттің нормативтік сипаты. Әрине, бұл екі үрдіс те біржақтылықты көрсетеді, ұғымның мәні ашылмайды.
Мәдениеттің өзіндік концептуалдық мәні оның адамның өзін қоршаған ортаны жетілдіріп, көркейтуге тырысқан саналы рухының, ізденістерінің көрсеткіші екендігін еске алсақ, жоғарыда келтірілген В.М.Межуев анықтамасының дұрыстығы дәлелденеді.
Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның мәдениет жолындағы қадамы болып табылады.
Адам нағыз гуманды бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани мәдениет және өркениет бір - біріне әруақытта сай бола бермеуі де объективті құбылыс.
Ғылыми - техникалық жетістіктердің адамға ізгілік әкелуімен қатар, бақытсыздық әкелуі де өмірде орын алып отырған жағдай. Хиросима және Нагасаки, Семейдегі ядролық полигон техникалық прогрестің жемісі. Бірақ оны адамға қарсы қолданған адамгершіліктен ада адамның іс - әрекеті. Гуманизмнен, адамның рухани мәдениетінен тыс шынайы прогресс болуы мүмкін емес. Адамды өнерге, рухани байлыққа баулып отыру адамды гуманизм рухында, гуманистік мақсат жолындағы кесапаттарды жеңіп отыратын іскерлік рухында тәрбиелейді.
Мәдениет пен өркениет бір - біріне өте жақын, төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне кеңінен қолданып, оны метолодогиялық қағида дәрежесіне көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс болып табылады. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әр түрлі қырынан көрінеді.
Біріншіден, өркениет дегеніміз - адамзаттың даму процесінде тығылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері - еңбек бөлісуі арқасында пайда болған адамдар арасындағы қарым - қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің пайда болуы, таптардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.
Өркениет - бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің белгілі бір тиянақты даму сатысы. Археологтар мен ежелгі тарихты зерттеушілер бұл ұғымды дәл осы мағынада пайдаланып жүр.
Өркениетті тарихи дамудың нақты кезеңі деп қарастыруды ең алғашқы рет Ш.Фурье ұсынған еді, осы теориялық дәстүр Л.Морган, Ф.Энгельс еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұйықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған. Бұл дәстүр И.Я.Данилевский еңбектерінде қалыптасқан. Кейінен осы концепцияны О.Шпенглер, К.Н.Леонтьев дамытқан.
Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейіп, табиғаттың дайын байлықтарын пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық өндірістік технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай құрал - жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте маңызды болды. Өркениет жалпы әлеуметтік прогрестің даму процестерімен тығыз байланыста өрбиді. Оның даму жолдарын өркениеттің төменгі сатысы, өркениеттің жалпы деңгейі, өркениеттің аралық сатылары сияқты терминдер арқылы сипаттауға болады.
Мәдениеттің алғашқы нышандары еңбек, іс - әрекетпен бірге қалыптаса бастайды. Ал өркениет кейінірек пайда болады. Оның қалыптасуының алғышарттары қоғам дамуының әлеуметтік сипат алуы болып табылады.
Мәдениет ұғымы адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерін қамтиды, оның аясына өркениетті даму да, одан бұрынғы даму да кіреді. Ал өркениет ұғымы қоғамдық прогресстің кейінгі кезеңдерінде пайда болған дамуын түсіндіреді.
Өркениеттің дамуы адамның табиғи шектілігін және бастауымен тығыз байланыстығын көрсетеді. Бір жағынан, адам табиғат заңдылықтарын танып, біліп, оған терең бойлау арқылы оны өзіне бағындырды, оның тікелей әсерінен бірте - бірте арыла отырып, өзіндік заңдылығы, уақыттың және әлеуметтік тарихи кеңістігі бар қоғамдық болмысты жасай алды. Екінші жағынан, адамның қоғамдық мәнін меңгеру адамның өзін - өзі басқарумен, басқаша айтсақ, өзінің жігері, еркі, темпераменті т.б. сияқты биологиялық - әлеуметтік қасиеттерін ұдайы тежеп, өзін - өзі ұйымдастыру дәрежесіне көтерілді.
Мәдениет және өркениетті зерттеу үшін олардың өзара бірлігі мен айырмашылығын көрсетіп отыратын тарихи өлшемді табуымыз қажет. Сол өлшем арқылы қоғамдық процестің осы екі жағын түсіндіріп қана қоймай, олардың әрқайсысына тән ерекше сипатты табуға да болады.
Осындай ерекше миссия мәдениет пен өркениетті өзара біріктіру және ажыратудың тарихи өлшемі болу - адам ұғымына тән болып табылады. Әрине, мәдениет те, өркениет те адам өзі дүниеге келтірген, өзі солар арқылы өмір сүріп отырған қоғамдық құбылыстар.
Қоғамдық - экономикалық формация, өркениет және мәдениет ұғымдарының өзара байланыстары мен ерекшеліктерін саралайтын болсақ, мәдениет және өркениет ұғымы қоғамдық дамудың іс - әрекеттік гуманистік қырына жатады, олардың арасында (жоғарыда біз көрсеткендей - М.Н.) өзара иерархиялық корреляциялық байланысы бар.
Формация және өркениет ұғымдарының өзара байланысы олардың қоғамдық дамуды саралаудың дербес екі түрлі жолының аясында тұрғандықтан, олардың бірін - бірі толықтыруымен түсіндіріледі.
Формация ұғымы арқылы қоғамдық дамудың әлеуметтік - экономикалық тынысы сарапталса, ал өркениет ұғымы қоғамды әлеуметтік мәдени тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді.
Жалпы социологияда өркениет ұғымын пайдалану қоғамдық дамудың көп жақтылығын, тарихи процестің субъектісі адамға біртұтас бағытталуының жүйелілігін анықтайды, өйткені, ол өзінің мағынасында қоғамдық қарым - қатынастардың даму деңгейінің тереңдігі мен гуманистік сипатын да көрсетіп отырады.
Өркениет дегеніміз - өзіндік өндірістік технологиясымен оған сай мәдениеті бар тарихи нақты қоғамды білдіретін философиялық - социологиялық ұғым.
Мәдениет пен өркениет өзара қабыса бермеуі де мүмкін. Европаның күйреуі деген әйгілі кітабында О.Шпенглер өркениеттің кез келген мәдениеттің тағдыры екендігіне көңіл аударған еді. Оның пікірінше, өркениет қанат жайған сайын мәдениет күйреуге ұшырайды. Орыс ойшылдары Достоевский, Хомяков, Леонтьев мәдениет типтері мен өркениеттер типтерінің айырмашылығын түсініп, бұл мәселені Россия және Батыс мәдениетінің қарым - қатынасымен байланыстырды.
Ницше де осы мәселені көтерген еді. Адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдарының бәрі де техникалық өркениет әлемінде рухани мәдениеттің дағдарысқа ұшырайтынын айтып ескертіп отырған.
Өркениет - адамдарды бір - бірінен алыстатын әлеуметтік құндылықтарға негізделген, өйткені ол адамдарға зат, заттық қатынастар әлемін ұсынады. Материалдық құндылықтар жоғары саналатын қоғамда қоғамдық қарым - қатынастар әруақытта дағдарыста болып тұрады.
Мәдениет - өркениеттің негізі. Құндылық қарым - қатынас мәдениет пен өркениетті байланыстырады. Мәдениет әртүрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандық сферасына енгізеді. Рухани мұраттар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Рухани құндылықтар мен мұраттарды қадірлейтін қоғамның болашағы бар.
XX ғасырдың аяқ шенінде қанат жайған әртүрлі елдердің экономикалық, әлеуметтік - саяси интеграция процестері сан алуан мәдени дәстүрлердің бір - бірімен ұшырасуын, кездесуін тездетуде. Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп отырған заттық, болмыстық ортасы, оған тән әлеуметтік қарым - қатынастар жүйесі, коммуникация тәсілдері өзгерді. Ғылыми - техникалық прогресс өркендеген, робот пен электроника жұмыс істейтін, қуатты демократиялық қозғалыстар мен ақпарат тасқыны заманы бұрынғы методологиялық қағидалардың аясына сыймайтын тың, ауқымды оқиғаларды туғызуда. Өскелең заман қоғам танудағы көптеген ұғымдарға сын көзбен қарап, саралауды талап етуде.
ХIХ ғасыр философиясы
XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды.
Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды.
XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды.
Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты - психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.
Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ Капитал пайда болды.
1. Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат табының пайда болуы.
2. Капитализмнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz