Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

Орындаған: Әукенов Ә. Д.

Жоспар

  1. Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың бірнеше шетелдік тәжірибелері . . . 3
  2. Шетелдік тәжірибелердің Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері . . . 6

Заң тек оған бағынатындарға өзінің игілікті ықпалын ашады.

Демокрит

Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың бірнеше шетелдік тәжірибелері

Мемлекет ұзақ уақыт өмір сүру және даму, гүлдену үшін көптеген факторларды ескеру қажет. Саясат, билік, экономика, әлеумет, қорғаныс, білім және ғылым, дін, мәдениет салалары өзара байланысты, бір нәрсе өзгергенде басқалары да өзгеруі мүмкін. Соңғы уақыттарда бұларға бизнес қосылды, оның қазіргі мемлекет бейнесіне қалай әсер ететінін біз анық көре аламыз. Жалпы мемлекет және бизнес қатынастары әр мемлекетте әртүрлі, әрқайсысы тиімді, оңтайлы жақты іздейді.

Қазіргі таңда бұл екі субъекттің арасындағы байланыстың бірнеше мемлекеттік модельдері бар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет пен бизнестің серіктестігі екі жаққа да пайдалы екені белгілі. Кәсіпкерлік құрылымдарға-бұл ұтымды ортақ жобаға қатысудан мемлекеттің шаруашылыққа қолайлы жағдай жасауы. Мемлекет үшін-бұл ұлттық маңызды жобаларға жеке капиталды тарту болып табылады. Серіктестік қатынас оңай құрылмайды. Батысқа бірнеше онжылдықтар қажет болды, ал Қазақстанға мерзім қандай болатынын әзірше болжамдай ғана аламыз, себебі біз жолдың басындамыз.

Шетелдік тәжірибелерге назар салсақ, олардың ішінен АҚШ, Израиль, Германия, модельдерін мысалға келтіруге болады.

АҚШ-ғы мемлекет және бизнес моделі

Шағын және орта бизнесті қолдау қағидалары 1953 ж. құрылды, ол уақытта АҚШ-ғы шағын бизнес істері бойынша Әкімшілік пайда болды. Бұл ұйымға мынадай міндеттер қойылған:

  • Кәсіпкерлерге қаржылық және консультативтік көмек беру;
  • Мемлекеттік тапсырыс және ірі кәсіпорындардан контрактілер алған кезде жәрдемдесу.

Ұйымның өкілдіктері барлық ірі қалаларда орналасқан, яғни шағын және орта бизнестің саясатын тек негізгі экономикалық орталықтарға емес, сонымен бірге барлық штаттарға таратады.

ШБӘ (Шағын бизнес әкімшілігі) негізгі мақсаттары:

  1. Бизнеске несие алуға көмек және несиелер бойынша кепілдіктерді беру;
  2. Өзінің бюджеті арқылы шағын және орта бизнесті субсидиялау немесе несие беру;
  3. Бизнесті техникалық және ақпаратттық қолдау;
  4. Бәсекелестік ортаны сақтау және оны дамыту.

Қазіргі момент бойынша несиеге кепілдемелер бағдарламасында ШБӘ мемлекет шоты арқылы 90% несиелік міндеттемелерді жаба алады. Ол банктік несиелерді алғанда несие мерзімін 5 жылға, ал тікелей қарызды ұсынғанда 15 жылға дейін созуға мүмкіндік береді.

Маңызды орынды төтенше жағдайлар кезінде шағын және орта бизнеске қаржылық жәрдемдесу және шағын кәсіпорындармен жасалатын құрылыстық мердігерлікті мемлекеттік жалгерлік пен сақтандыру алады.

АҚШ-да шағын және орта бизнеске арнайы салықтық жеңілдіктер таралады, мысалы, «бірінші жыл бонусы», яғни салық жартылай ғана төленеді. Федералды салықтардың абсолютті және салыстырмалы көлемдерін төмендетілуі шағын бизнестің дамуына әсер етеді, ол мөлшері аз кәсіпорындарды құруды ынталандырудан, олардың экономикадағы позицияларын жоғарылатудан, жаңа жұмыс орындарынан көрінеді.

ШБӘ нақты мақсаты, әрекет сегменті, клиенттері, қатысу талаптары бар бағдарламармен әрекет ете алады. ШБӘ қазір негізгі 2 бағдарламасы бар:

  1. «7а» бағдарламасы:
  • мақсаты-банкке жүгінгенде жай жолмен кепілдікті ала алмайтын шағын кәсіпкерге оны пайдалануға беру
  • кепілдік көлемі: 750 мың доллардан аспайтын 75% қарыз үлесімен кепілдік беріле алады.
  1. «504» бағдарламасы:
  • мақсаты-жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындарға кеңеюге және модерницизациялануға көмек беру;
  • кепілдік көлемі: 40% қарыз көлемі бойынша ШБӘ 1млн доллар кепілдік сомасын бере алады.

ШБӘ бағдарламалық функциялары:

  • капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • кәсіпкерлікті ақпараттық қызмет, техникалық көмек және оқыту арқылы дамыту;
  • үкімет пен шағын кәсіпкерлік арасындағы контрактілерді жасасуға жәрдемдесу;
  • шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау.

Германиядағы мемлекет және бизнес моделі

Германдық экономикалық моделінде мемлекет экономикалық мақсаттарды қоймайды, олар экономикалық ынтаны жүзеге асыру үшін сенімді құқықтық және қоғамдық жағдай жасайды. Мемлекеттің ең басты міндеті-нарықтық тиімділік пен қоғамдық әділдіктің тепе-теңдігін сақтау. Германдық модельдің ерекшеліктері:

  • индивидуалды еркіндік, яғни нарықтық механизмдерді жұмыс істеу шарты және шешім қабылдауды децентрализация;
  • қоғамдық теңдік;
  • антициклдік реттеу, бұл тәсіл циклдық ауытқуды болдырмас үшін экономикалық конъюнктураға әсер ету болып табылады;
  • технологиялық және ұйымдық инновацияларды ынталандыру;
  • құрылымдық саясатты ұйымдастыру;
  • бәсекелестікті көтермелеу және қорғау.

Германдық модельдің тағы бір ерекшілігі-«рейндік капитализм». Бұл ерекшілік мемлекеттің экономикасына банктердің жоғары үлесімен белгіленеді. Германиядағы банктер өнеркәсіптік компаниялардың және қызмет жасау сферасында ірі акционерлер болып табылады, сондықтан бизнес шешімдерге олардың қатысуы кездейсоқ емес. Сондықтан Германияда банктердің бизнеске ықпалы басқа елдерден гөрі жоғары.

Кемшіліктері:

  • жоғары салықтар: Германия шетелдік инвестицияларды экономикаға үш есе арттырса да, олардың үлесі тек 7, 5 % ғана құрайды, ал бұл бизнеске теріс әсерін тигізеді;
  • индустрия деңгейі жоғары болғандықтан, олардың модерниязациялауы мемлекетте төмен, оны шешу үшін АҚШ үлгісіндегі либералды экономика мен консервативті реформалар қажет.

Израильдағы мемлекет және бизнес моделі

Израиль көп жылдар бойы ЖІӨ жоғары өсу қарқынымен ерекшеленді. 2003 жылы экономикалық бәсеңдеуден кейін оны қайта қалпына келтіру басталды. 2006 ж. ЖІӨ өсуі 5, 1%-ды көрсетті, бұл іскерлік секторды кеңейту әсерінен болды. Бір адамға шаққандағы ЖІӨ $20138 құрады, қазіргі уақытта ол $36 557 тең.

Модельдің ерекшеліктері:

  • банк секторының консервативті сипаттамасы: реттеудің күшті жүйесі мен ұстамды дәстүрі израильдық банктерді жоғары тәуелді қаржылық құралдарға инвестиция құймаудан аман сақтап қалды, одан басқа әлемдік инвесторларды израильдік банктік жүйесінің жоғары деңгейлі капитализациясы тыныштандырды;
  • жаңа өзгерулерге деген икемділік: 2008 жылы дағдарыс уақытында Гистадрут (Изральдың ірі еңбек федерациясы) төлемақыны қысқа мерзімге қысқарту деген шешімі жағымды болды, өйткені мемлекетте жұмыссыздық орын алды; 2009 жылы төлемақылар қайта бастапқы көлемге келгенде жұмысбастылық дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті;
  • ішкі сұраныс: халық өзінің жеке жинағын қысқартып, осы арқылы табыстың түсуі компенсацияланды, олар экономикаға «сенім несиесін» берді. ЖІӨ бірқалыпты деңгейде қалғандықтан, 2009 жылы рецессиядан кейін тауарлар мен қызмет бағалары бастапқы позицияларына келді.

Израиль экономикасы ең төмен жағдайдан басталып, еркін нарық қағидалары арқылы қазіргі уақытта өздерінің азаматтарына өмірдің жоғары деңгейін берді.

Израиль жоғары репутацияны ауыл шаруашылығы, агротехника, суландыру, күн энергиясын қолдану және жоғары технологиялар салаларындағы жетістіктер арқылы ие болды. Израильдық «старт-ап» та кең түрде белгілі. Интенсивті ғылыми зерттеулер арқылы мемлекет жоғары технологиялы (программалық жасақтама, байланыс, биотехнология, фармацевтік өнеркәсіп, нанотехнологиялар) державаға айналды.

Шетелдік тәжірибелердің Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

Тізімделген шетелдік тәжірибелер, әрине, көп жағдайда экономикаға, оның ішінде бизнеске оң әсерін тигізеді. Бірақ айтылған барлық ерекшеліктер біздің мемлекетімізге тиімді бола алмайды немесе әзірше мүмкін емес.

Бағалайтын көрсеткіштерге сүйенсек, мынадай нәтижелер шығады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Франчайзингтік келісім - шарт
МЖС құрудың қағидалары мен басқару тетіктері
ҚР қаржы нарығы
Қазақстандағы франчайзинг
БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Дүниежүзілік қоғамдастық
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті ( тур. фирма мысалында)
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz