Сократ, білім және білімсіздік туралы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Сократ
:
Орындаған:Eлубаева.А.А
Тексерген:Құспанова.А.Ж
Орал қаласы - 2019 жыл
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Сократ Ксенофонт көзімен
Сократ Платон көзімен
Сократтың өз ілімі
Сократ,білім және білімсіздік туралы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
Сократ -- ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін ол Платонға қатты ықпал жасап, Платонның шәкірті болған Аристотельгеде әсер етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр. Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады. Сократтың тарихи дұрыс бейнесін жасап, оның пәлсапалық көзқарастарын сипаттауда белгілі бір қиындықтар бар. Ол қиындықтар Сократ мәселесі деп аталады. Сократтың өзі ешқандай пәлсапалық шығармалар жазбаған. Біздің бұл кісі туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазып қалғандарынан алынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы -- Платон, сонымен Ксенофонт, Аристотель және Аристофанның еңбектерінде де көп мәлімет берілген. Сократтың шынайы тұлғасын қалпына келтірудің қиындығы -- осы шығармалар тарихи шығармалар емес, пәлсапалық немесе көркем шығармалар ретінде жазылған. Оның үстіне ол дерек көздері өздерін тарихи сенімді деп сөз бермейді. Мынаны Сократ жазған деген ешбір шығарма белгілі болмағандықтан, тарихшылардың алдында тұрған қиын міндет -- осы шығармаларда айтылғанды бағалай отырып, Сократтың өмірі мен үйреткен ілімін дұрыс сипаттай алу. Ол өмір бойы этикамен айналысып, оны өзінің әдісімен зерттеген. Жалпы алғанда, Платонның жазбалары Сократтың өмірі мен пәлсапасы туралы сенімді және мәліметті мол беретін дерек көзі ретінде қарастырылады. Басқа шығармалармен салыстыра отырып, Сократты жай ғана Платон ойлап шығарған тұлға деуге келмейді. Ксенофонт пен Аристотельдің куәліктері мен Аристофанның Бұлттар комедиясындағы кейбір бөліктер Сократтың шынайы бейнесін қалпына келтіруге көмектеседі. Сократ туралы мәліметтер онымен замандас үш дерек көзінен алынған: Платон мен Ксенофонттың (екеуі де Сократтың шәкірті) диалогтары және Аристофанның комедиялары. Аристофанның Бұлттар комедиясында Сократ өзінің шәкірттеріне алған қарызды қалай төлемей қлюға болатынын үйрететін алаяқ ретінде бейнеленген. Алайда Аристофанның шығармаларының көбі пародия ретінде жазылған, сондықтан оларда айтылғанды тіке мағынасында түсінуге болмайды. Платонның айтуынша, Сократтың әкесінің аты Софрониск, шешесінің аты Фенарета болған, шешесі әйелдерді босандыратын кіндік шеше болған. Бет-әлпеті ұсқынсыз, бойы тапал адам ретінде сипатталса да, Сократ жасы өзінен көп кіші Ксантиппаға үйленген. Одан ол Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл сүйген. Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін мүмкіндік бола тұра қашудан бас тартқан, сол үшін оның досы Критон сол балаңды неге ойламайсың деп жазғырды. Сократтың нендей кәсіппен айналысып күн көргені белгісіз. Тимонның және кейінгі дерек көздерінің айтуынша Сократ әкесінен тас қалаушылық өнерін үйренген. Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың Симпозиум деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан Бұлттар комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның Апология және Симпозиум атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады. Апологияда Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады. Платонның бірнеше диалогтарында Сократтың әскери қызмет атқарғаны туралы айтылады. Сократ өзінің үш жорықтың кезінде: Потидея, Амфиполь және Делий жорықтарында әскерде болғанын айтады. Симпозиумда Алкивиад Сократтың Потидея және Делий шайқастарында көрсеткен ерлігін, Потидеяда Сократ өзін өлім аузынан аман алып қалғаны туралы айтады. Сократтың Делийдегі ерекше қызметі Лахет диалогында Лахет деген қолбасшы егжей-тегжейлі айтып береді. Апологияда Сократ өзінің соттағы көріп отырған қиындықтарын әскери қызметімен салыстырып, менің өлімнен қорқып өз пәлсапамнан бас тартуым жауынгердің өлімнен қорқып, шайқасты тастап қашуымен бірдей болар еді деп салыстырады
II.Негізгі бөлім
Сократ Ксенофонт көзімен
Сократ туралы құнды деректер іздеген кезде, оның ойлары мен өмірі туралы мәліметтердің мардымсыз екенін көреміз. Қосымша ақпарат іздестіруде біз ең алдымен ұстаз жұмыстарын бізге өзгертпей, өз қалпында жеткізген жауынгер тарихшы Ксенофонт пен идеалист философ Платон сияқты екі оқушысына тәуелдіміз. Осы 63 оқиғадан кейін Сократты сотта қорғау үшін Ксенофонт пен Платон арнайы баяндама жазған. Ксенофонт, сонымен қатар, Сократ естеліктерінің төрт кітабын (memorabilia Socratis) және Симпозиум диалогін жазған. Платон өзінің Апологиясынан басқа кемінде жиырма бес диалог жазып шықты, олардың біреуінен басқасының бәрінде Сократ солай аталады. Марк пен Иоаннан келген Інжілде Исаны қалай ерекшелеп бейнелесе Ксенофонт пен Платон да Сократты солай эр қырынан кейіптеген. Марктағы Иса мысалдарда, қысқа афоризмдерде және сұрақтарға қайтарған өткір жауаптары арқылы сөйлейтін болса, төртінші Інжілдің Исасы бірнеше деңгейде жауап табатын кең пайымдаулар береді. Сократ пен Ксенофонт арасындағы диалогте жұмыс тәртібінде сұрақтар қойып, өз пікірін дәлелдеп, ынталандырады. Платонның Мемлекетіндегі Сократ қат-қабат әдеби өнер стилінде терең метафизикалық дәрістер береді. Осы сияқты, Иоанның Иса туралы көрінісі кейінгі діни дамуға қаншалықты үлкен эсер етсе, идеялары философия тарихы үшін құнарлы болып шыққан Платонның Сократы да осылай ықпал етті. Ксенофонттың айтуынша, Сократ салт-жоралғыларды мұқият сақтайтын және бақсыларға құрметпен қарайтын тақуа адам болды. Ғибадаттарында ол өзі үшін не жақсы екенін шешуді құдайлардың құзырына қалдырды, себебі құдайлар барлық жерде болады, бәрін біледі, барлық сөздерді, әрекеттерді және айтылмаған ниеттерді біледі. Ол кедейдің болмашы садақасы да, байлардың ұлы құрбандары сияқты, құдайларға ұнамды деп үйретті. Ол өнегелі, ұстамды адам болды, сараңдық пен шамшылдықтан ада, нәпсісіне ұстамды және жоқшылыққа сабырлы болды. Ол тәрбиелеуші болған емес, алайда ол адамгершілікті тәжірибемен, уағызбен үйретіп, аңыз әңгімелер, мысалдар айтып, көргенсіздікті келемеждеп, жазғырды. Егер кейбір оқушылары оның көрсеткен үлгісіне қарамастан, жамандыққа барса, оны кінәлауға болмайды. Дегенмен ол афиналық демократияның кейбір көріністерін сынады, халықтың досына айналып, қылмыс пен опасыздыққа қарсы болды. Ксенофонттың мемуарларындағы басты мақсат - Сократты сотта оған қарсы қойылған айыптаулардан ақтап алу, кертартпа афиналықтар оған өлім жазасын қолданбай, қайта оны көзі тірісінде құрметтеу керектігін көрсету болған. Сонымен қатар Ксенофонт Сократты сол дәуірдің басқа философтарынан бөліп алуға талпынды: Анаксагордан айырмашылығы - ол физика немесе астрономияға ешқандай қызығушылық танытпады, ал софистерден айырмашылығы - ол төлемақы алмады және өзі білмейтін салада маман ретінде көрінуге тырыспады. Ксенофонттың Сократы - әділ, қатаң адам, тәжірибе және этика мәселелерінде тапқыр, дұрыс жауап бере алатын тұлға болған. Талқылауда ол екіұштылықты тез шешеді және екіжүзді сөздерді жоққа шығарады, бірақ философиялық дау немесе болжамдарға сирек килігеді. Құдайдың бар екенін және оның көрегендігін дәлелдеу үшін сирек жағдайларда ғана пікірталасқа араласқан. Сократ егер объект пайдалы болса, онда ол жағдайдың емес, композицияның нәтижесі екеніне нандырады; бірақ біздің сезім мүшелеріміз өте пайдалы және нәзік жаратылған. Көзіміз тым нәзік болғандықтан, қабақпен жабылған, біз бір нәрсе көруіміз керек болғанда, ол ашылады және ұйықтаған кезде жұмылады; ал басымыздан аққан теріміз бетімізге зиян келтірмеу үшін маңдайымыз қаспен көмкерілген. Үрпақ жалғастыру мен өз өмірін сақтауға деген түйсіктің адам бойында бар болуының өзі дана және тілектес шебердің (демиургтің) әрекеті сияқты көрінеді. Біз, адамдар, өзімізді әлемдегі Зерденің жалғыз иесі деп санауымыз - өркөкіректік. Шексіз алуан түрлі Ғаламды басқаратын ғарыштық ақылды біз көре алмайтынымыз шын, бірақ біз өз денемізді бақылайтын рухтарды да көре алмаймыз. Бұдан басқа, ғарыштық күштердің адамдарға еш қатысы жоқ деп ойлау - сандырақ: олар барша жануарлардан гөрі адамдарға бүкіл игілікті берген, оларға тік жүруді, қай іске де икемді қолда, айқын сөзді берген және тән жақындығына жыл он екі ай мүмкіндік жасаған. Сократтың алдын ала болжанған орны туралы мәңгілік дәлелдерге қарамастан, Ксенофонттың еңбегінде оның философия тарихындағы орнын айқын көрсететін ақпарат аз. Сократқа дейінгі дәуір өкілдерінің кейбірін қамту, алғырлық пен сонылық жағынан Ксенофонт Сократы озық екені рас, ал Платон Сократы кейінгі ұрпақ философтарының елесін көбірек қамтыған. Біз ары қарай сол Сократты қарастырамыз.
Сократ Платон көзімен
Алайда Платонның Сократы туралы тек айту ғана жеңіл, себебі Платонның диалогтері Сократ деп аталған кейіпкердің кереғар рөлін немесе кейіпкер тұлғасын сомдамайды. Кейбір диалогтерде ол негізінен сыншыл зерттеуші болып, сұрақтар мен жауаптар техникасын пайдаланып, басқа кейіпкерлердің шағым-талаптарын айтқызып, оларды шатастырады. Ал басқа бір диалогтерде Сократ тыңдаушыларының алдында баяндама жасауға, догматика түріндегі этикалық және метафизикалық жүйені көрсетуге дайын. Тіпті кей диалогтерде ол аз ғана рөл ойнап, философиялық тізгінді басқа басты кейіпкерге береді. Сондықтан ары қарай жалғастырмас бурын, біз алдымен Сократтың нақты көзқарасын көрсететін диалогтерді қайдан және қашан алуға болатынын шешіп алғанымыз абзал. Сократтың кейіпкері Платонның философиясын қайда және қашан жарнамалайтынын көруіміз керек. Соңғы жүзжылдықтарда галымдар бұл айырмашылықтарды хронологиялық терминдер арқылы түсіндіруге тырысты: түрлі диалогтердегі Сократқа берілетін түрлі рөлдер Платон ойының дамуын және оның біртіндеп ұстазының ілімінен тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді. Диалогтерді хронологиялық тәртіппен реттеуде бастапқы кілтті Аристотель берді, ол Платонның Заңдары Мемлекеттен кеш жазылғанын айтты. Шынымен де, Заңдар Платонның көзі тірісінде бітпеген деген сөз бар. Осы негізде XIX ғасырдың ғалымдары Платон өмірінің соңғы кезеңінен бастап, диалогтердің топтамасын белгілеуге тырысты. Олар әртүрлі диалогтердегі техникалық терминдерді қолдану, синонимдық идиомалар арасындағы артықшылық, дыбыс үзінділерінен жалтару және нақты сөйлеу ырғағын қабылдау сияқты стильдің түрлі ерекшеліктерін зерделеді. XIX ғасырдың соңында шамамен 500 түрлі тіл өлшемдерін қамтыған осы стилометрлік зерттеулер негізінде диалогтердің бір топ ұқсастығымен ерекшеленіп, Заңдарға жатады деп шешілді. Бүкіл ғалымдар осы топқа Критий, Филеб, Софист, Саясаткер және Тимей диалогтерін қосып, осы топ Платонның жазушылық мансабының соңғы кезеңін көрсететініне бәрі бірауыздан келісті. Алайда топтаманың ішіндегі реттілікке келгенде ортақ мәмілеге келе алмады: бір ескеретін нәрсе, топқа Сократтың рөлі ең аз болған диалогтердің бәрі кіреді. Тек қана Филебте ол көрнекті кейіпкер ретінде шығады. Заңдарда ол тіпті көрінбейді, ал Тимейде, Критийде, Софисте және Саясаткерде рөлі үстем болған жоқ, бұларда жетекші рөл басқаларға берілді; алғашқы екеуінде - диалогтердің аты қойылған кейіпкерлерге, соңғы екеуінде - Элея қаласынан шыққан Парменидке тиесілі еді. Сондықтан бұларды дүниеден өткен ұстазының емес, кемеліне келген Платонның көзқарасын айқындайтын диалогтер десе ақылға қонымды секілді. Алғашқы диалогтерді топтарға бөлген ойшылдар Аристотельдің берген кілтін тағы да пайдалана алды, ол Платонның Идеялар теориясының бастауын баяндап, Сократқа мына рөлді жүктейді: Сократқа екі ережені- индукциялық дәлелдер мен жалпы анықтамалар әділ тиесілі екенін айтуға болады. Екеуі де - ғылыми білімнің бастауы. Бірақ ол универсалияны немесе анықтамаларды бөлек мән деп санамады, ал платондықтар оларды заттардың Идеялары деп атады. Идеялар теориясы экспозициялары Сократтың атынан бірнеше маңызды диалогтерді, соның ішінде Федонда, Мемлекетте және Симпозиумде сөйлейді. Бұл диалогтерде Сократ қазымыр сүрақ қоюшы емес, философия жүйесін толық меңгерген ұстаз ретінде көрінеді. Стилометриялық өлшемдер бойынша бұл диалогтер басқа диалогтерге қарағанда кеш сипатталған топқа жақынырақ. Осы себептен, оларды корпустың ортаңғы тобы ретінде қарастырып, Сократтың емес, Платонның философиясының көрінісі деп қабылдау орынды. Диалогтердің үшінші тобы ортақ сипат жиынтығымен анықтала алады: Сократ тәлімгер ретінде емес, сүрауға әуесқой ретінде суреттеледі; Идеялар теориясы ұсынылмаган; олар стилометриялық жағынан ең бірінші анықталған соңғы топтан алшақ тұр. Бұл топқа Критон, Хармид, Лахес, Лисий, Ион, XIII ғасырдағы Мэтью Пэрис суретіндегі Сократ пен Платон. Кім кімді оқытып жатыр? Евтидем мен Кіші Гиппий кіреді. Бұл диадогтерді тарихта бодған Сократтың философиялық көзқарастарының көрінісі ретінде көпшілік мақұлдаған. Бұған Апология да кіреді. Мұнда Сократ өмірлік ұстанымы үшін сотталған жалғыз шешен ретінде өзінің философиялык, мазмұны мен стилометриялық ерекшелігі бойынша топтың баска диалогтерін еске түсіреді. Мемлекеттің бірінші кітабы мазмұны мен стилі бойынша диалогтің басқа кітаптарына қарағанда көбірек ұқсайды: кейбір ғалымдар ол алғашында Фрасимах деген атпен өз алдына бөлек диалог болып шығуы мүмкін деп жорамалдады, олардың солай айтуына толық негіз болды. Бұл ерте топтың хронологиясын анықтау қиын, алайда кейбір авторлар бірінші Лисийді қойып, ежелгі әзіл әңгімені негізге ала отырып, 399 жылға дейін деп анықтайды. Ол әзілде диалогті Сократтың өзіне оқып беріпті-мыс, сонда Сократ: Мына бозбала мен туралы шылғи өтірік айтып тұр ғой, - деген екен. Менің ойымша, жалпы пәтуаны қабылдаудың орынды негіздері бар, сол негіз бойынша платондық диалогтер үш топқа бөлінеді: ерте, орта және кейінгі. Бөліну үш тәуелсіз өлшемнің - драмалық, философиялық және стилометриялық жиынтықтың таңғажайып үйлесуі бойынша жүргізілді. Біз Сократқа берілген драмалық рөлге мән берсек те, немесе диалогтердің философиялық мазмүнына қарасақта, не болмаса идиомалар мен стильдің көрнекі детальдарына назар аударсақ та, осы үш топты ғана бөліп алдық. XX ғасырдағы стилометриядагы жетістіктер, жетілдірілген статистикалық әдістер мен компьютерленген мәтіндерден алынған сансыз жаңа ақпарат XIX ғасырдың соңында және XX гасырдың басында қол жеткізген жалпы пікірді растағаны болмаса, одан асырып ештеңе қоса алмады.20 Алайда бірқатар диалогтер осы үш топтың біріне де кірмейді, себебі үш өлшемге дәл келмейді: олардың ең маңыздысы Кратил, Евтифрон, Горгий, Менон, Федр, Парменид, Протагор, Теэтет. Жаңадан жүргізілген соңғы стилометриялық зерттеулер 20 Тимей және оның қосымшасы Критийге қатысты консенсусқа ғана күмән туындады. Оған қатысты дебаттар кейінірек, мен Платонның Идеялар теориясын қарастырған уақытта талқыланатын болады. Бұл диалогтердің әрқайсысының нақты кезеңін белгілеп, толыққанды дәлелдер келтіретін жер - бұл еңбек емес.. Мен жай критерийлердің үш түрін тексеріп болғаннан кейінгі өзіме солай мүмкін көрінген хронологияны пайымдағым келді. Горгий, Протагор мен Менон бірінші және екінші топтың біреуіне жататын сияқты. Талқылауда Идеялар теориясы болмағанымен, Сократтың рөлі ерте диалогтеріндегі агностик зерттеуші рөліне қарағанда, ортаңғы диалогтердегі дидактикалық философ рөліне жақынырақ. Философиялық талқылаудан кейінгі ұсынылған рет - Протагор, Горгий, Менон; стилометриялық зерттеулерге сәйкес тізім - Менон, Протагор, Горгий. Кратил стилі жағынан осы үшеуіне жақын, бірақ оның орнын нақты анықтау қиын. Евтифронды әдетте ерте диалог қатарына қосады, бірақ мұнда Идея теориясына тұспал бар, ал стилистикалық индикаторлары оны Горгийгежақын орналастырады. Сәйкесінше, мен оны осы аралық топқа жатқызар едім. Федр ежелден Платон диалогтерінің ең көнесі болып саналған, бірақ доктриналық және стильдік негіздеме бойынша диалог орта топқа сай келеді. Басқа екі өте маңызды диалог - Парменид пен Теэтеттің жайы мүлде өзгеше, олар стильдік тұрғыдан Федрге жақын. Мазмұны бойынша бұл жұмыстар Теэтетте еленбеген классикалық Идеялар теориясынан алшақтығы бірдей және Парменидте қатты сынға үшырайды. Құрылымы бойынша Парменид барлық басқа диалогтерден ерекшеленеді; Теэтет ерте топтардың диалогтерін еске салады. Теэтетте бұдан бұрынғы Парменидке және кейінгі Софистке сілтемелер бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz