Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекеті

Мазмұны

Кіріспе
7
Кіріспе: 1 Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері
7: 10
Кіріспе: 1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі бақылау-бағалау ұғымы
7: 10
Кіріспе: 1. 2 Оқу процесіндегі бақылау іс-әрекетінің мәні
7: 21
Кіріспе: 1. 3 Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы
7: 34
Кіріспе:

2 «Ақпараттық технология» бағыты бойынша студенттерді даярлауда

бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

7: 39
Кіріспе: 2. 1 «Компьютерлік геометрия және графика» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7: 39
Кіріспе: 2. 2 «Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графика түрлері» тақырыбының дайындамасы
7: 41
Кіріспе: 2. 3 «Векторлық графика. Графикалық редакторCorelDraw» тақырыбының дайындамасы
7: 47
Кіріспе: 2. 4 «AutoCADграфикалық редакторы» тақырыбының дайындамасы
7: 53
Кіріспе: 3 Электронды журнал - студенттердің оқу процесінде бақылау-бағалау құралы
7: 58
Кіріспе: 3. 1 Электронды журналдың оқу процесіндегі пайдалану тиімділігі
7: 58
Кіріспе: 3. 2 Электронды журналға қойылатын талаптар
7: 60
Кіріспе: 3. 3 Электронды журналдың мазмұны
7: 63
Кіріспе: 4 Еңбек қорғау
7: 66
Кіріспе: 4. 1 Қауіпті және зиянды заттарды саралау
7: 66
Кіріспе: 4. 2 Жарықтандыру және оны жақсарту
7: 71
Кіріспе: 4. 3 Жарықтандыруды есептеу
7: 72
Кіріспе: 4. 4 Өрт қауіпсіздігі
7: 74
Кіріспе: Қорытынды
7: 77
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7: 79
Кіріспе:
7:
Кіріспе:
7:
Кіріспе:
7:

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінде ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттары «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында, ҚР Білім Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы жолдаулары мен 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы т. б. ресми құжаттарда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын, білімдік және біліктілік, рухани деңгейлерімізді айқындайтын жеке тұлғалық сапаларды дамыту мәселесі өзекті етіп көрсетіліп отыр [1, 2, 3, 4] .

Көрсетілген міндеттерді шешуде жалпы орта білім беру жүйесінің бастауыш сатысында оқушылардың танымдық қажеттіліктері мен белсенділіктерін, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында маңызды роль атқаратын және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды мәселе - оқушының өзін-өзі бағалай білуі және соған сәйкес, танымдық іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.

Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда өзгермелі өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Демек, өзін-өзі бағалау - жеке тұлғаның келешектегі даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұраттары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуына әсері мол.

Оқу-тәрбие үрдісінде бақылау-бағалау іс-әрекетін қалыптастыру олардың жеке тұлғалық сапалары мен даралық ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтары мен дүниетанымын дамытуға бағытталуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тәжірибедеоқушылардың танымдық әлеміндегі дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру, ондағы өз орнын, рөлін сезінуге, өзінің іс-әрекеттері мен психологиялық табиғатын сараптай білу деген қызығушылығын, талпынысын дамыту талапқа сай келе бермейді. Сондықтан студенттердің бақылау-бағалау іс-әрекетін жеке тұлғалық құндылық сапа ретінде қалыптастыру маңызды деп есептейміз. Бұл міндетті шешудің алғышарттары Қазақстандық ғалымдардың дайындаған ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Ол зерттеулердің мынадай бағыттары бар:

Жеке тұлға қасиеттерін, психологиялық табиғаты мен дара мүмкіндіктері туралы ғұламалар мен қоғам қайраткерлері, ағартушы-педагогтар ой-пікірлері, көзқарастары (әл-Фараби[5], Қожа Ахмет Ясауи[6], А. Құнанбаев[7], Ы. Алтынсарин[8], Ш. Құдайбергенов[9], Б. Байтұрсынов[10], М. Жұмабаев[11], Ж. Аймауытов[12] т. б. ) ;

- Өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбие үрдісінде баланың жеке ерекшеліктерін

дамыту мәселесінің өзекті бағыттары (Л. К. Керимов [13], Б. А. Тойлыбаев [14],

Л. Байсерке [15], Р. К. Төлеубекова [16], Ә. Мұханбетжанова [17], т. б. ) ;

- Жеке тұлға дамуында маңызды әлеуметтік-философиялық, тарихи тұрғыдағы талдаулар (Е. Омар [18], Т. М. Әлсатов [19], Қ. Б. Сейталиев [20] т. б. ) ;

- Құндылықтарды бағдарлау негіздері мен оқушылардың танымдық әлемін, ішкі рухани мүмкіндіктерін дамыту (С. Смаилов [21], А. Е. Әбілқасымова [22], Р. С. Омарова [23], И. Сманов [24], Қ. Ералин [25], А. Г. Қазмағамбетов т. б. ) ;

- Оқушыларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық сапаларын дамытуда болашақ мұғалімдерді даярлау (М. Ә. Құдайқұлов [26], А. А. Жолдасбеков [27], Ж. К. Оңалбек [28], Ж. Асан [29] ., К. М. Беркімбаев [30] т. б. ) .

Жеке тұлғаны дамытуда өзін-өзі бағалау мәселесінде маңызды. Ресей, ТМД мемлекеттері ғалымдарының Н. А. Резниченко, А. Б. Федорошин, З. В. Кузьмина, С. М. Юлдашева, М. Полонский, А. В. Захарова, А. А. Кирюшкина, Ц. Г. Беберишвили, Е. А. Серебрякова, т. б. еңбектері бар.

Дейтұрғанмен, студенттердің білімін бақылау-бағалау бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның әдістемелік жағынан жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында; қалыптасуындағы әлеуеттік мүмкіндіктері мен оның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылмауы арасындағы қайшылықтар біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, тақырыпты «Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекеті» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысанасы: колледждің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің мазмұны.

Зерттеу мақсаты: студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетін теориялық негізін анықтап, әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

1. Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздерін айқындау.

2. Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекет әдістемесін жасау.

3. Студенттердің оқу процесіндегі іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал жасау.

4. Еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу.

Зерттеу әдістері. Философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік т. б. әдебиеттерге талдау жасау, ресми құжаттарды зерделеу, зерттеу мәселесі бойынша отандық және шет ел ғалымдарының озат іс-тәжірибелерін жалпылау, сауалнама алу, тестілеу.

Зерттеудің теориялық негіздері: философиялық танымдық ілім, жеке тұлғаның даму теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс құрылымы теориясы, жеке тұлға когнитивтілігі мен дамыта оқыту теориялары, жеке тұлға сапалары туралы психологиялық теориялар, бағдарлы оқыту теориясы, адамның ішкі ресурстары, интеллектуалдық мүмкіндіктері туралы психологиялық қағидалар мен тұжырымдар.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекет әдістемесі жасалды;

- студенттердің оқу процесіндегі іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал жасалды;

- зерттеу нәтижелерін мектептерде, колледждер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары қызметінде пайдалану тиімді.

Диплом жұмысы құрылымы: кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен мәні, міндеттері, зерттеудің теориялық мәні мен практикалық маңызы баяндалады.

«Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде бақылау-бағалау іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық әдебиеттердегі талдануы баяндалады. Оқу процесіндегі бақылау іс-әрекетінің мәні қарастырылады. Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы талданған.

«Ақпараттық технология» бағыты бойынша студенттерді даярлауда бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі» атты екінші бөлімде

«Электронды журнал - студенттердің оқу процесінде бақылау-бағалау құралы» атты үшінші бөлімінде студенттердің іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал әзірлеу талабы, мазмұны талданып жазылған.

«Еңбек қорғау» атты төртінші бөлімінде қауіпті және зиянды өндіріс факторларының талдауы, қауіпті және зиянды өндіріс факторларын жоюға бағытталған іс-шаралар, жұмыс орнындағы қажетті шамдар санын қоса алғандағы жарық ағымын қолдану коэффициенті әдісімен нормаға сай жасанды жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жарықтандыру есебі келтірілген.

Қорытындыда зерттеу мақсаты мен міндеттерді дәлелдейтін негізгі нәтижелер мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріледі және қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалады.

1 Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері

1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі бақылау-бағалау ұғымы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтыннегізгі тұлғаның бірі - оқушының ұстазы.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде ұлттық сипат қалыптасуда. Жоғары білім беру жүйесінде жүргізіліп отырған реформа жоғары білім беруді үздіксіз білім берудің негізгі құрам бөлігі ретінде жоғары деңгейге көтеруге негізделген. Білім берудің мазмұндық және процесуальдық аспектілерінің саралануы, оқу процесінің технологиялануы өтуде. Жоғары білім берудің жаңа сапасы оқу нәтижесіне көп көңіл аударылатын тың әдістемелік тәсілдің негізінде іске асуы мүмкін. Өркениетті елдер қатарына еніп келе жатқан, егеменді Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының әрекетін жетілдіру міндеті оқу процесін құрудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қажет етеді. Еліміздің Білім беру және Ғылым Министрлігі соңғы кезде жаңа оқыту технологиясын енгізу мен білімді бақылау мәселесіне көп көңіл аударуда. Қоғам мен жеке тұлғалардың талабына сай дәстүрлі жоғары оқу орындарымен бірге жаңа нұсқалы оқу орындары пайда болуда. Мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары кәсіби маман әзірлеуде мемлекеттік деңгейде бекітілген типтік және нормативтік құжаттарға сүйенеді. Оның қойып отырған талаптарын іске асыруда жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімін тексеріп, бақылау ғылыми негізделген, әрі іс жүзінде мақсатқа сай оқыту процесінің бір құрам бөлігі болып отыр. Әрбір жоғары оқу орны өз ішінде оқылатын курстар мен бағдарламаларды және өзінің бақылау жүйесін таңдауға құқылы. Сондықтан да мамандардың дайындық деңгейін көтеру үшін білімді бақылаудың жаңа әдістемелері мен тәсілдерін іздестіру үзбей жүргізілуде. Ол жүйелі бақылауды ұйымдастырып, студенттер мен оқытушылардың іс - әрекеттерінің тиімділігі мен сенімділігін, үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді.

Жоғары білім беру стандарты студенттердің барлығы қол жеткізетін және білім туралы құжатты алуға жеткілікті болатын міндетті минимумды қамтиды. Осыған орай, дайындық сапасына қойылатын бақылау жүйесі міндетті дайындық деңгейіне қол жеткізуді арнайы тексеруді қамтуға тиісті.

Білім адамның таным әрекетінің нәтижесі ретінде, қарастырылып отырған нысанның мәнділігінің, заңдылықтары мен қасиеттерінің мәліметтер жиынын қарастырады. Білім білімсіздіктен адам бойындағы сапалы жаңа функциональды сипаттарымен ерекшеленеді. Білімнің қарапайым деңгейіне жету ақпараттың ең төменгі, аз мөлшерін қабылдау арқылы іске асады. Ақпаратты қабылдап, сақтап өңдеудің өзіне тән процестері адам білімінің әртүрлі деңгейін қалыптастырады. Ақпараттың қалыптасып, толығуы әртүрлі тәсілмен жүзеге асады. Бұл процесс сапалық өзгерістермен қатар өтетіндіктен, оны қандай да бір үздіксіз шкаламен өлшеу мүмкін емес. Білімді бақылап, бағалау үшін оның деңгейлерінің нақты өрбуін білу керек.

Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу орындарында қолданылған, білім сапасын бағалайтын жүйе - бес балдық баға шкаласы болды. Мектептерде осы шкала әлі сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сессия уақытында ғана емес, ағымдағы білім деңгейін бақылауда да қолданылды.

Шет елдерде білімді бағалаудың әртүрлі жүйесі қолданылады: бес балдық (Чехияда, Венгрияда, Польша мен Германияда), он балдық (Голландияда), он бір балдық (Италияда) . Бірдей балдар әр елде әртүрлі мәнді көрсетеді. Мысалы Германияда 1 мен 2- ең жақсы бағалар, ал бізде олар ең нашар баға деп есептеледі. Көпшілік шет елдерде қолданылатын көп балды жүйе күрделі есептеумен байланысты болғанымен, шартты сипатты болып келеді. Дегенмен тапсырманың уақытында орындалуы, адалдылық, орындалу сапасы сияқты көрсеткіштерді ескеруге мүмкіндік береді.

Педагогикалық өлшемдерде мүмкін болатын қателіктерді болдырмау үшін біздің елдің кейбір жоғары оқу орындарында студент білімін бағалау мен бақылаудың әртүрлі жүйелері жасалып оқу процесіне енгізілді. В. П. Беспалько білімді бағалауда жоғары деңгейге жетуге байланысты 12 балдық шкаланы қолдануды ұсынады. Гореславский 8-10 балдық бағалау жүйесін енгізу керектігін көрсетеді. Онда әрбір бағалау деңгейіне сай нақты бағалау өлшемі құрылуы тиіс. Сонымен бірге жаңа жүйемен жұмыс істеу әдістемесі берілген. Оның пікірінше осындай иілмелі, сезімтал жүйе сандық және сапалық айырмашылықты дәл анықтап, оқушы жетістігі динамикасы мен қабілеті жайлы дұрыс ақпарат беруі керек. Дәстүрлі бес балдық жүйеде негізгі рөл семестр соңында өтетін қорытынды аттестация емтиханға берілген [31] .

Аталған білімді бақылау жүйесіне тән кемшіліктер: салыстыру эталоны болмағандықтан бағалау өлшемінің көмескілігі, қойылған бағаның субъектілігі, емтихан билетеріндегі сұрақтардың мазмұнына байланысты бағаның кездейсоқтығы. Емтихан билеттеріндегі әртүрлі сұрақтар студенттің де әртүрлі ойлау деңгейін талап етеді: бір сұрақтар білімді қажет етсе, енді біреулері оқу курсының барлық таруларынан білімнің толық болуын қажет етеді, ал келесілері тек негізгі түсініктердің мәнін ашуды ғана керек қылады және т. б. Бағаның шынайылылығына және нәтижесіне студент пен оқытушының қарым - қатынасы, студенттің мінез- құлқы, оқытушы мен студенттің көңіл-күйі және тағы да басқа жайлар әсер етеді. Мысалы студенттің орташа жауабы алдындағы өте жақсы жауаппен салыстырғанда нашар көрінуі немесе алдындағы жауап қанағаттанарлықсыз болса, керісінше көрінуі ғажап емес. Бағаның объективті болуына студенттің психологиялық ерекшелігі де әсер етеді: кейбір студенттерге жауап беру үшін белгілі бір уақыт қажет, ал оны емтихан алушы үнемі бере бермеуі мүмкін. Білімді бақылау студенттердің қай курста, қандай мектепті бітіріп келгеніне, студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік ерекшелігіне, мамандық әзірлеу ерекшелігіне және т. б. көптеген факторларға байланысты болады. Соның ішінде мамандыққа ұлттық тілде дайындалатын топтардағы бірінші курс студенттерінің өзіндік ерекшеліктерін атап айтуымызға болады:

- біріншіден қазақ топтарында оқитын студенттер - көбінесе ауыл мектептерінің түлектері. Мектепте олардың білім алуы жан - жақты қадағалау үстінде болған. Бір жағынан оқушының ата-анасы қадағаласа, екінші жағынан мектеп мұғалімдері оқушыларды үнемі сабақты уақытында әзірлеуге жетелеп отырған. Ал студенттік өмірде оларды бұрынғыдай жетектеушілер жоқ, студент өз бетімен білім алуға ұмтылуы керек;

- екіншіден ата - аналары алыста болғандықтан олар жатаханада немесе пәтер жалдап тұруға мәжбүр болады. Бірінші курсқа келіп түскен студент енді өзіне - өзі әрі би, әрі қожа болады деген сөз;

- үшіншіден қазіргі заман дамуына байланысты, студенттердің жеке басының дамуында акселерация құбылысы кеңінінен көрініс тапқан. Яғни қазіргі жастардың ақыл ойының дамуы ағза дамуына қарағанда кешеуілдеген. Сондықтан ата - ана назарынан алыстаған біріші курс студенті уақытын үнемді қолданып, бар ынтасын білім алғанға бағыттағаннан гөрі, қала қызығын, жастық өмір қызығын тамашалауға көбірек ауып кетеді [32] .

Ендеше студенттің саналы түрде білім алуын қамтамасыз ететін және білім деңгейін дәл анықтап бақылайтын жүйе қажет.

Осы айтылғанның бәрі білімді бағалаудың дәстүрлі формасының заман талабына сай емес, ескіргенін көрсетеді. Оның ең басты кемшілігі студенттің белсенді, шабытты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар емтихан алдында үш - төрт күннің ішінде меңгеруді қажет ететін теориялар мен заңдардың, формулалардың, реакция теңдеулерінің ағыны студентті басып қалады деуге болады. Ал емтихан студент үшін үлкен қорқыныш туғызады. Осы айтылған кемшіліктер мен қателерді жойып, студент білімін нақты, дәл бағалау үшін педагогикалық өлшемдердің жаңа мүмкіндіктерін іздестіруіміз керек. Өлшем жүйесі қарапайым, тиімді, әрі бір мәнді болуы қажет.

Педагогикалық әдебиетерде көптеген маңызды педагогикалық категориялар (оқыту тиімділігі, оқыту деңгейі т. б. ) студенттердің білім деңгейімен байланыстырылады. Білім деңгейі тек зерттеу нысаны ғана емес жоспарлау және меңгеру нысандары да болып отыр.

Білімнің негізгі сипаттамаларына тоқталайық:

1 Білімнің көлемі. Студенттің алған білімінің сандық сипаты, яғни қанша түсінік, факты, ереже, формула т. б. қабылдағаны ескеріледі. Мысалы, оқулықта берілген ақпараттың тең жартысын меңгерсе, онда оқу материалының меңгерілуі 50% пайыз. Бұл жерде сөз салыстырмалы фактілер мен түсініктер туралы екені белгілі. Студент есінде сақталып меңгерілген білімнің іс жүзінде берілген білімге қатынасын тексерудің маңызы үлкен.

2 Білімнің жүйелілігі. Студенттің меңгерген білімінің жүйелілігі деп, оқыған пәннің ішкі логикасын дұрыс түсініп, оқыған материалды белгілі ретпен орналастырып, фактілер мен түсініктерді, ережелерді бір-бірімен байланысты дұрыс қолдана білуін айтамыз.

3 Білімнің мағыналылығы. Білімнің мағыналылығына студенттің оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуін жатқызуға болады.

4 Білімнің беріктігі. Студент есінде оқу материалының тиянақты тұрақтанып, қабылдаған білім негізінің сенімді түрде іс жүзіндеқолданылуы.

5 Білімнің әсерлігі. Студенттердің білімді әртүрлі танымдық, практикалық әрекет негізінде қолданып, ғылымды өмірмен, теорияны практикамен ұштастыруын білімнің әсерлігі дейміз [33] .

Білімді бақылаудың негізгі мақсаты - оқу бағдарламасы бекіткен оқу материалын студенттің қандай сапамен меңгергенін анықтау. Бақылау міндетіне студенттің ілім нәтижесі алдындағы жауапкершілік өлшемін анықтау, білімді өздігінен меңгеру деңгейі, алған білімін қолдану, түсіндіру, дәлелдеу, пікір-таласу, жоққа шығара білу, белгілі уақыт ішінде берілген оқу тапсырмасын орындау енеді. Студенттің білімді толық меңгеру деңгейі - күрделі әрі жан-жақты түсінік. Толық білім туралы қазіргі көзқарас бойынша ол өзінің белгіленген орнына сай сапалар жиынын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім беру саясатында«білім сапасы»негізгі түсінік болып есептеледі. Біздің көзқарасымыз бойынша ол төмендегідей түсіндіріледі.

Біріншіден, «сапа» тек саяси - әлеуметтікемес мәдени - дара аспектілерді де өз бойында жинақтайды. Екінші сөзбен айтқанда білім сапасы ұлттық игілік болып табылады.

Екіншіден, білім кеңістігінің жалпы европалық және дүниежүзілік деңгейге кеңеюі, студенттер мен оқытушылардың халықаралық жұмылуы, еңбек нарығының интернациолануы жоғары білімнің нақты сапасына деген өзара сенімділікке әкеледі [34] .

Білім үнемі орнығу үстінде болғандықтан, бұл жерде білімнің біртіндеп қабылдайтын сапалары туралы сөз болып отыр. Тұтасымен алғанда, студент білімінің сапасы жайлы әртүрлі факторлар сипаттамасы:

  • толықтылық, бағдарлама бойынша материалды толық білуімен сипатталады;
  • тереңділік, оқыған материалмен соған қатысты құбылыстар арасындағы байланыстарды аңғару жиынтығымен сипатталады;
  • жүйелілік, кейбір білім жиынтығының бірізділігі мен иерархиясын аңғаруды көрсетеді;
  • шапшаңдылық, студент өз білімін қолдана алатынбелгілі бір жағдайларды тез болжауы;
  • икемділілік, алға қойған міндеттерді студенттің өз бетімен шешуі;
  • жалпылау, студенттің нақты білімді жалпылай алу қабілеті;
  • нақтылау, студенттің нақтыны жалпының салдары ретінде көре білуі;
  • орамдылық, студенттің білімді қысқаша тұжырымдау қабілеті;
  • саналылық, білімді байланысты түрде қабылдау, білімді алужәне қолдану жолдарын білу;
  • беріктік, білімнің есте ұзақ сақталуымен сипатталады;
  • өнімділік, студенттің уақытты дұрыс қолданып, тапсырманы тез және мұқият орындай білу қабілетінен көрінеді [35] .

Студент білімінің сапасын тек бір көрсеткіште қолданып анықтауға немесе кешенді жолмен (қасиеттер жиынтығын сипаттау арқылы) анықтауға болады. Студент білімінің сапасы«өнімнің сапасы»сияқты:

- негізгі, яғнистудентті толық сипаттайтындай;

- белгілі бір стандартқа сай келетіндігінің көрсеткіші түрінде болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту заңдылықтары
Оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалау және тексеру
Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz