Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе1

1 Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде6

1. 1 Араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуы, терроризм түсінігі6

1. 2 ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы исламистердің халықаралық террористік әрекеттері20

2 ТАЯУ ШЫҒЫСҚА ҚАТЫСТЫ ӘЛЕМНІҢ ІРІ ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАСЫ30

2. 1 Қазіргі кездегі Таяу Шығысқа қатысты АҚШ және ЕО мемлекеттерінің саясаты30

2. 2 АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыс мәселесіне араласуы33

3 ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ ШЕТ ЕЛДЕРМЕН АРАҚАТЫНАС50

3. 1 Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі50

3. 2 Шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдардың терроризмге қарсы күрестегі бірге әрекет етуі57

Пайдаланылған әдебиет тізімі:69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік - экономикалық, тарихи, ұлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек.

Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге асыруда.

Қазіргі әлем өзінің дамуының ерекше қиын және қауіпті кезеңіне түсті. Ол кез әр түрлі әлеуметтік астан-кестен өзгерістерге - экономикалық қауіп-қатерлерге, соғыстарға, бүліктерге, мемлекеттердің құлауына толы болды. Ол кездің ең басты белгілері қандай болды? Біріншіден, глобализация, ол үлкен деңгейде қоғам өмірінің барлық салаларын өзіне бағындырады. Екіншіден, бірполярлы әлемнің құлауы, онда АҚШ бір ғана астам держава рөлін ойнады.

Аталған жұмыс «Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы» тақырыбына арналған. Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі кезде маңызды сипатқа ие. Оны көтерілген сұрақтарды жиі зерттеу дәлелдейді.

Бұл зерттеудегі сұрақтарға көптеген жұмыстар арналған. Негізінде оқу әдебиеттерінде берілген материал, жалпы сипатта жазылған, ал бұл тақырып бойынша жазылған көптеген монографияларда зерттелген проблема туралы біржақты сұрақтар қарастырылған.

Мәселенің үлкен маңызы және жеткіліксіз тәжірибелік өңделгендігі аталған дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайды.

Бұл жұмыстың өзектілігі, бір жақтан, қазіргі кездегі ғылымда «Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы» тақырыбына үлкен қызығушылықпен, екінші жағынан оның жеткіліксіз өңделгенімен шартталған.

Аталған дипломдық жұмыстың объектісі «Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы» аясында болған оқиғаларды анализдеу болып табылады. Сонымен бірге дипломдық жұмыстың пәні аталған жұмыстың міндеттері ретінде келтірілген, жеке сұрақтарды қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : терроризмнің түсінігін ашып көрсетіп, бұл құбылыстың шығу себебін талдау. Осының нәтижесінде терроризммен күресудің әдістері мен жолдарын сараптап, онымен күресудің механизмі мен стратегиясын ашып көрсету.

Аталған мақсатқа жету үшін автормен келесідей міндеттер қойылды:

- Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде қарастыру;

- Таяу Шығысқа қатысты әлемнің ірі державаларының сыртқы саясасындағы стратегиялық бағыттарды айқындау;

- Терроризмге қарсы әрекет етуде Таяу Шығыс елдерінің шет елдермен арақатынасын талқылау.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі: діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің дәрежесін зерттей келе, әдістемелік тәсілдер арқылы амбивалентті табиғатын анықтап, сараптайтын ғылыми жұмыстар ауадай қажет екендігі белгілі. Сонымен бірге аталмыш дипломдық жұмыстың авторына тақырып таңдауда таңдау мен оны шешудегі түйткіл болған ең үлкен мәселе осы.

Қазіргі таңда мәселенің онтологиялық маңыздылығы мен тәжірибелік мәніне қарамастан діни экстремизм мен терроризм тақырыбындағы іргелі зерттеулер саласында біршама гуманитарлық вакуум бар. Оның үстіне елімізде діни эксремизммен күрес мәселелері бойынша арнайы диссертациялық зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен бірге діни экстремизм мен терроризм мәселесімен күрес және оның адын алу жүйесін жасау бойынша кешенді зерттеулер осы кезге дейін өз орнын таппады десек те болады.

Мәдениеттанулық және саяси зерттеулер аясындағы діни экстремизм мен терроризм мәселелерін шетелдік ғалымдар Зб. Бжезинский, Ш. Акинер, Б. Лоуренс, Р. Макдермоттың, сондай-ақ К. Мартин, А. Рашид, П. Марсден, У. Штайнбахтың еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде діни экстремизм мен терроризмнің табиғаты, шығу тарихы мен себеп-салдарлары зерттелінеді.

Ресейлік авторлардың арасынан жалпы діни экстремизм мен терроризм құбылысын зерттегендер қатарына келесілерді жатқызуымызға болады: М. А. Краснев, Л. Д. Башкатова, А. Л. Дворкин, Ю. А. Авдеев, И. И. Добаев, Е. А. Димитрова, Ф. В. Кондатрьев, Ю. И. Полищук, А. П. Забияко, А. Н. Хвыли-Олинтер, А. Журавский, Г. Л. Касторский, А. Игнатенко, Т. Н. Кузнецова, С. А. Лукьянов, О. В. Старков, Н. Мезинцев, Э. С. Абдулаев, А. Б. Агапов, Ю. А. Бабинов, Ю. А. Дмитриев, Ю. Н. Демидов, В. В. Клочков, А. С. Ловинюков, Д. Нечитайло, С. П. Познышев, А. В. Портнов А. А. Могилевский және т. б.

Экстермизмнің діни, саяси, әлеуметтік, геосаяси, аспектілері бойынша Т. Б. Бузова, В. И. Арестов, Л. М. ДРобижева, А. Нуруллаев, В. И. Худавердян, С. Г. Москаленко, Д. В. Новиков, И. В. Вехов, В. Б. Коробков, А. А. Ярлыкапов, О. А. Русанова, П. А. Романов, В. Б. Козлов, Л. Н. Митрохин, Т. А. Скворцова, М. Я. Яхьев, Т. Н. Кильмашкин, С. Н. Бокаревтің зерттеу еңбектері бар.

Экстремизм құбылысын зерттеудегі жалпы әдістемелік базасы О. Г. Бахтияров, Ю. М. Антонян, М. Д. Давитадзе, В. В. Смирнов, Д. Ольшанский, М. П. Киреев сияқты ресейлік ғалымдардың ұжымдық және жеке ізденістерімен жасалған.

Қазақстандық ғылымда діни экстремизм мен терроризмнің болмысын, тарихи формалары мен пайда болуының мүмкін сценарийлерін зерттеген отандық ғалымдар: Н. А. Абуева, А. П. Абуов, Р. Б. Әбсаттаров, Е. К. Әлияров, Т. Қ. Әуелғазина, М. С. Әшімбаев, Е. У. Байдаров, Л. Ә Байдельдинов, Н. Ж. Байтенова, Ә. С Балапанова, Б. К. Бейсенов, Л. К. Бокаев, С. М. Борбасов, Қ. М. Борбасова, Е. Е. Бурова, К. Н. Бурханов, А. Д. Дарменов, Ә. М. Джунусов, Ю. Жулин, Б. С. Жусупов, Б. Құдайбергенов, С. З. Нарматов, Т. С. Сарсенбаев, Б. М. Сатершинов, Д. А. Сатпаев Т. С. Садыков, Е. В. Токумов, Ғ. Н. Шойкин және т. б.

Аталған зерттеулер діни экстремизм және терроризммен қарсы күрес механизмдерін жасап шығару үшін теориялық және әдіснамалық база болыа табылады. Дегенмен қарастырылып жатұан мәселе бойынша жинақталған ғылыми-зерттеулер материалдарына қарамастан, діни экстремизм мен терроризм ғылыми категория ретінде әлі күнге дейін өзінің нақты ғылыми және концептуалды анықтамасына ие болған жоқ.

Дипломдық жұмыстың нәтижесі : кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.

Бірінші бөлім жалпы сұрақтарды ашады, араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуының, ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы исламисттердің халықаралық террористік әрекеттерінің тарихи аспектілері ашылады. Негізгі анықтамалар айқындалады, бізді қызықтырған сұрақтардың өзектілігі шартталады.

Екінші бөлімде АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыс мәселесіне араласуы, Қазіргі кездегі Таяу Шығысқа қатысты АҚШ және ЕО мемлекеттерінің саясаты қарастырылған.

Үшінші бөлімде араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі, шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдардың терроризмге қарсы күрестегі бірге әрекет етуі сияқты мәлелелер қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың қорытындылары бойынша, аталған тақырыпқа байланысты проблемалар қатары ашылды, мәселенің әрі қарай зерттелуі бойынша тұжырымдар жасалынады. Осымен, аталған тақырыптың өзектілігі жұмыстың тақырыбының таңдалуын, сұрақтар шеңберін және оның құрылысының логикалық схемасын анықтады. Сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалік негізі: базалық оқу әдебиеті, аталған облыстағы ірі ойшылдардың фундаменталды теориялық еңбектері, көрнекті отандық және шет елдік авторлардың тәжірибелік зерттеулерінің қорытындылары, арнайы және мерзімді басылымдарды жазылған мақылалар мен шолулар, мерзумду басылымдардың кітаптары мен материалдары, анықтамалық әдебиет, және басқа да дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзекті ақпараттың деректері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау, алты бөлім, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде

1. 1 Араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуы, терроризм түсінігі

Лаңкестік өз көрінісінің қандай да болсын түрінде масштабтары, болжауға келмейтіндігі және салдары жағынан адамзат ХХІ ғасырға бірге аттанған қауіпті қоғамдық-саяси және өнегелік проблемаларды біріне айналды.

Бұрындары лаңкестік ұйымдар белгілі бір мемлекеттермен (мемлекет ішінде партиялармен) қаржыландырылып, олардың мүдделерін қорғайтын болса, қазіргі заманда ол лаңкестік ұйымдар мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаттағы беделіне күмән келтіріп, өздері әрекет жасайды. Ол көптеген жағдайларға байланысты болды, олардың ішінде негізгі үш себеп: қандай да болсын лаңкестік әрекет туралы қоғамға жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы; өзінің ұйымдастырушылық құрылымы жағынан лаңкестік ұйымдармен ұқсас халықаралық қылмыстың күшеюі; қарудың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берген ғылым мен техниканың дамуы.

Қазіргі лаңкестік көрінісінің масштабы мен қатыгездігі, құқықтық әдістемелер арқылы онымен үздіксіз күресу қажеттілігі таңдалған тақырыптың көкейкестілігін дәлелдейді. Лаңкестік қазіргі заманғы ең қауіпті де қиын болжалды құбылыстар қатарына жатады. Ол түрлі формалар мен қауіпті масштабтарға дейін өсіп келе жатыр. Лаңкестік әрекеттер көптеген адамдардың қазасына, қалпына келтіре алмайтын материалды және рухани құндылықтардың қиратылуына әкеліп, мемлекеттер арасына от салып, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында соғысты, сенбеушілік пен жек көрушілікті өршітеді. Лаңкестік ұлттық шеңберден шығып халықаралық сипатқа ие болып отыр. Ол бір-бірінен өмірді түсіну және сезінумен, өзіндік адамгершілік нормаларымен, өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін түрлі әлемдердің мәңгілік және келіссіз дауының тиімді қорқыту және қырып-жою қаруына айналды[1] .

Лаңкестік - зорлаушылық қылмыстың бір бұтағы. Оның деңгейі мен көрінісінің нақты формалары, бір жағынан қоғамдық құлықтылық көрінісі болса, екінші жағынан - аса өткір мәселелерді шешудегі қоғам мен мемлекеттің күш салу тиімділігінің көрсеткіші болып көрінеді. Бұл қылмыс кедей болсын, бай болсын, лаңкестікті тудырған жанжалға қатыссыз әр адам құрбан бола алатын қылмыстық зорлаудың түріне жатады.
Жыл сайын лаңкестік әрекеттер жақсы ұйымдастырылған және өте қатыгез болып келеді. Лаңкестер ең соңғы техника мен қару, байланыс құралдарын қолданады. Өз мақсаттарына жету үшін террор әдісін қолданған саяси және ұлтшыл радикалдар әлемнің түрлі аймақтарында қару-жарақ және жарылғыш заттар қоймаларын, қамсыздандыру құрылымдарын, қаржы мекемелерін ұйымдастырды. Лаңкестік ұйымдардың тасасы ретінде фирмалар, компаниялар, банктер және қорлардың жүйесі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да, бұл өте қауіпті құбылыспен күресу үшін бүкіл мемлекеттердің күшін жоғары деңгейде топтастырып, халықаралық ұйымдардың жүйесін құру қажет. Лаңкестікпен күрестегі тиімді іс-әрекеттер жүзеге асуы үшін оның бірыңғай халықаралық-құқықтық түсінігін және осы қылмыс түрінің нақты құқықтық сипаттамасын қабылдау қажет.
Лаңкестікке қарсы тұру бүкіл өркениетті елдермен негізгі жалпы мемлекеттік міндеттердің бірі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл бағыттағы маңызды іс-әрекеттер: құқықтық базаның жетілдірілуі, арнайы қызмет органдары арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, лаңкестікті қолдайтын елдерге максималды қысым жасау, лаңкестік мәселесімен айналысатын арнайы қызмет органдары қызметкерлерінің санын арттыру және оларды техникамен қамтамасыз ету[2] .

Әлем діндерінің бірі бола отырып, ислам әлемде исламдық фундаментализм идеяларын қазігі кездегі таралуын проблемасын сөзсіз түрлендіреді. Сонымен бірге исламның «қайта жаңғыруының» жақтастарының жетістіктері мемлекет өміріндегі нақты өмір сүру жағдайларымен анықталады. Дамудың «исламдық» жолын таңдаған мемлекеттер бар, кейбір мемлекеттер исламды «тазарту» ұрандарына тартылып, сыртттан келген исламды соның ішінде фундаменталдық исламды белсенді түрде игеріп жатыр.

Мысал ретінде қазіргі кездегі ең танымал суниттық фундаменталды ағым «Мұсылман бауырлар» ағымының Египетте идеологиясының пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарына сүйенсек болады. Ағымның негізін салушы Хасан аль-Банна 30-шы жылдардың өзінде-ақ «Мұсылман бауырлар» әрекеттерін, «дәстүрге шақыру», «сунна жолымен жүру» және бір уақытта өзінің идеялық болмысы бойынша«суфийлік ақықат» деп анықтады. Ал белгілері бойынша саяси ағым, спорттық ұйым, мәдени-ағартушылық бірлестік, экономикалық компания және әлеуметтік идея ретінде болды [1, 84-85 б. ] . Араб әлеміндегі осы бірінші фундаменталистік ағымның пайда болуы египеттік қоғамның капиталистік дамудың батыстық үлгілерінің әкелу, және олардың жергілікті экономиканың тәртіптерімен соқтығысу себептерімен шартталды.

Сыртқы саясат саласында бірінші «Мұсылман бауырлар» панисламизм және кейде панарабизм идеяларын алға тартты. Бірақ біріккен араб мемлекетің құру жөніндегі араб елдерінің жоспары іске аспағаннан кейін, «Мұсылман бауырлар» ортақ діннің шеңберінде барлық ислам мемлекеттерінің ортақ мемлекетін құру идеясын ұстана бастады. Бұл үлгіні жүзеге асыру үшін олар сайланатын мемлекет билігі, ислам нормалараны сүйеніп, басты беделгі органмен реттелетін - халифатты ұсынды. Осындай орган ретінде «Мұсылман бауырлар» өздерінің ұйымын қарастырды [3, 49 б. ] .

Египеттік «Мұсылман бауырлардың» 50-60-шы жылдары басты идеологі Сейид Кутб болды. Оның идеялары көптеген исламдық фундаменталисттердің көзқарастарына барлық дерлік мұсылман мемлекеттерінде айтарлықтай әсер берді. Оның жазған кітаптары қазіргі күнге дейін әр түрлі мемлекеттердің, соның ішінде Европа мен Америка мұсылмандарының арасында өте көп таралған.

60-70-ші жылдары исламдық фундаментализм идеялары Таяу Шығыста ізденіп алуы сонша, оның негізінде саяси ислам (исламизм) қалыптаса бастады. Саяси өмірдің авансахнасына исламдық фундаменталисттердің шығуы, олардың жергілікті қоғамға үстемдік идеологиялық әсерді орнатуы, басқа мемлекеттердегі үкіметтерге мықты оппозицияны құруы, бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық себептермен шартталды. Шиеленіскен экономикалық жағдай радикалды экстеримистік топтарға халықтың кедей таптарының арасында беделге ие болуға көмектесті.

ХХ ғасырдағы терроризм адамзат тарихында алғаш рет геосаяси, ішкісаяси, ұлттық және идеологиялық мүдделерді қорғау мен оны ілгері бастыруда күшті қарулардың біріне айналып отыр.

Терроризм - қазіргі заманда әр түрлі нысанда кеңінен таралған, алдын ала болжануы қиын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді құбылыс ретінде зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл терроризм ұғымының жан-жақты қабылданған ортақ түсінігі болмағандығымен тікелей байланысты. Терроризмде сірә, барлығына келеңсіздік туғызатын жалғыз аспект бар, ол - күш көрсету. Тіпті террордың идеологтары мен орындаушыларының өздері террордың күш көрсету екендігімен келіседі. Бүкіл әлемдік адамзат тарихында адамдар күш көрсетуді жиі пайдаланды және қазір де одан бас тартып отырған жоқ. Сонымен "күш көрсету" дегеніміз қоғамдық қатынастардың жаңа формасы да, өзіндік ерекшелігі бар "жаңа әлемдік тәртіптің" де, қазіргі заманғы мәселелерді шешудің де ерекше түрі емес. Күш көрсетуге сүйенетін террор негізінде ешқандай жаңалық әкелмейді. Оның террор ішіндегі басқа элементтерден өзгешелігі, террордың күш көрсетуді мақсатқа жетудің жалғыз жолы ретінде таңдап алуы болып табылады.

Терроризмнің ең қысқа және айқын анықтамасының бірі: "терроризм дегеніміз саяси мақсаттағы дәлелді күш көрсету" -дей отырып, күш көрсету терроризмдегі басты орындардың біріне қойылады. ХІХ ғ өзінде - ақ террор идеологтары (Бланки, Мост, Гейнцен, Бакунин) күш көрсетуді адамзаттың неғұрлым әділетті әлеуметтік құрылымға "жылжуының" қажетті нысаны - деп саналады. Сонымен, жер бетінде неліктен әділеттілік орнату ісінде күш көрсетудің айтарлықтай маңызы бар деген пікір орын алып келеді. Дегенмен бұл идеяның түп тамыры тереңде жатқан болуы керек. Сондықтан бар мәселе заңды қоғамның да, терроризмнің де әділеттілікті қалай түсінуінде жатқан сияқты. Егер жалғыз адам немесе адамдар тобы қоғамды өзгертуге бағытталған белсенді әрекеттерін әділетті деуге құқықты болса, онда олардың пікірі бойынша жүзеге асырылатын террор өзін-өзі ақтайды. Бұл терроризмнің аса маңызды шегі болып табылады.

Соғыс саясаттың жалғасы болып табылса, сондай-ақ террор да қоғамды экстремалды, бірақ заңды құралдар арқылы, қайта құрудың формасы болып табылады

Қазіргі кездегі терроризмнің негізгі қозғаушы күші осы заманның әралуан шешілмеген мәселелері болып табылады. Әр түрлі елдердің дамуы арасындағы айырмашылық, дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда тұрмыс жағдайларының нашарлығы, кедейлік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, дамушы елдердің жоғарғы билік өкілдерінің кез-келген жолмен билікті сақтап қалуға ұмтылуы - осының барлығы ақырында терроризмнің туындауы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл туралы "Орталық Еуразия" жобасының директоры Э. Рихтер "терроризм теңсіздік, әділетсіздік пен қуғындау орын алған жабық қоғамдарда өркендейді"2 деп көрсетеді. Алайда, терроризмді әлеуметтік-экономикалық факторлармен ақтауға болмайды.

"Көбінесе террористер экономикалық сәтсіздіктерге, саяси қуғын мен әлеуметтік теңсіздікке өздерінің қанды акцияларын ақтайтын жағдай ретінде оларға сілтеме жасайды. Әрине бұл жағдайлар барлығына белгілі. Алайда олар бейбіт адамдарға қатысты жасалатын тікелей және психологиялық күш көрсету актілерін ақтай алмайды".

Әлемнің түрлі елдеріндегі террористік әрекеттерге жасалған талдау оның көп түрлі және көп қырлы құбылыс екендігін дәлелдейді. Халықаралық құқықта да, терроризм ұғымының нақты және ортақ анықтамасының болмауы да осыған байланысты. Сондықтан терроризмнің мәнін түсіну үшін оған түсініктемелік жұмыс жүргізейік. Терроризм ұғымы "террор", "террористік акт" түсініктерімен тығыз байланысты. "Террор"- (terror) - латын тілінен аударғанда, "қорқыныш, үрей" деген мағынаны білдіреді. Құқықтық ортада "терроризм" ұғымының кеңінен таралған немесе дәлме - дәл анықтамасы жоқ. Сондықтан бұл ұғымды түсіну үшін анықтамалық әдебиетке жүгінейік. Мысалы, С. И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: "террор-саяси қарсыластарды күш жұмсау арқылы жою, тіпті өлімге бұйыруға дейін бару " деп көрсете отырып, "террорлауды - террормен, күш көрсетумен қорқыту", "террорист" - жеке террорлық актіге қатысушы немесе қолдаушы "4 деп анықтайды [4] .

Бұл жерде терроризм жеке түрде көрсетіліп отыр, бірақ террор бұқаралық сипатта да болады. Сондықтан бұл анықтама терроризмге тұтастай түсінік бере алмайды. Бұл жағдайда біз тағы бір -шетел сөздерінің сөздігін алып қарастырамыз. Онда: "террор-күш көрсету шаралары арқылы саяси қарсыластарды басу, қорқыту саясаты" - делінген. Бұл жердегі "қарсыластарды" деген сөз террордың бұқаралық сипат алғанын көрсетеді.

Ал, террор туралы анықтаманы "әскери энциклопедиялық сөздікте" өте қатаң түрде келтіреді. Онда былай делінген: "террор-саяси немесе таптық қарсыластарды күш көрсетудің барлық құралдарымен қорқыту тіпті адамдарды жоюға дейінгі әрекетке бару". Бірақ мұның барлығы локальды түрде көрінеді, себебі саяси қарсыластар барлық уақытта белгілі бір шеңберде өмір сүреді. Мысалы, мемлекеттік, биліктік парламенттік, ресми құрылымдар мен институттік шеңберлерде. Сондықтан ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ басындағы бұқаралық сипат алып отырған террорға бұл анықтама әлі де болса сәйкес келмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризм - XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ғаламдық процесстің бірі
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Тәжікстандағы Ислам терроризмі
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz