Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ

Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы мен құрастырылуы кафедрасы

Диплом алдындағы тәжірибеден өту туралы

ЕСЕП БЕРУ

Орындаған топ студенті

___________________
(топ)
______________________
(қолы, аты-жөні)

Кәсіп орын тәжірибе жетекшісі
___________________
(қызметі)
______________________
(қолы, аты-жөні)

Университеттен тәжірибе жетекшісі
___________________
(қызметі)
______________________
(қолы, аты-жөні)

АЛМАТЫ, 2019 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ

Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы мен құрастырылуы кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы мамандығына диплом алдындағы тәжірибенің есеп беруін орындауға және безеніруге арналған

АЛМАТЫ, 2018 ж

Есеп беруді рәсімдеу тәртібі
Түсініктеме тілқағазы А4 (210х297 мм) ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт- Times New Roman, кегль 14.
Есеп берудің мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30мм, жоғары жағынан - 20мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Есеп берудің құрылымы
5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы мамандығы студентерінің диплом алдындағы тәжірибеден есеп берудің құрылымы.
Есеп берудің құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- Титул беті, (Қосымша А);
- Мазмұны;
- Кіріспе;
- Кәсiпорынмен танысу;
1
АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ

1.1
Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма

1.2
Маркетингтік талдау

1.3
Техникалық ұсыныс. Модель - аналогтарды талдау

1.3.1 Сән бағыты

1.3.2 Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау

1.3.3 Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау

1.3.4. Модель-аналогтың технологиялық шешімін талдау
2
КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ

2.1
Эскиздік жоба

2.1.1 Модельдің конструктивті - технологиялық шешімінің сыртқы түрін сипаттау

2.1.2 Материалдарды таңдау және негіздеу

2.1.3 Жобаланатын бұйымның конфекционды картасы

2.2
Техникалық жоба

2.2.1 Конструкция сызбасын дайындауға арналған алғашқы мәліметтер

2.2.2 Бұйым бөлшектері конструкциясының алғашқы сызбаларын тұрғызу

2.2.3 Модельдік конструкцияны тұрғызу

2.3
Жұмысшы жоба

2.3.1 Бұйым бөлшектерінің лекало сызбаларын тұрғызу

2.3.2 Лекало градациясы

2.3.3 Техникалық өлшем табелін құру

2.4
Материал шығынын мөлшерлеу

2.4.1 Материал шығынын мөлшерлеу есебі

2.4.2 Лекало жаймасы
3
Технологиялық бөлім

3.1
Модельді өндіріске жіберуге технологиялық дайындау

3.1.1Өндеу әдісі мен құрал-жабдық тандау

3.1.2 Өңдеу режимін таңдау

3.1.3 Түйінді өңдеу тәртібі

3.1.4 Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі
- Қорытынды ;
- Қолданылған әдебиеттер;
- Қосымшалар.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Бөлімдер бір цифрмен көрсетілген, мысалы:
2 Конструкторлық бөлім
Бөлімшелер екі цифрмен көрсетілген, мысалы:
2.1 Эскиздік жоба
Есеп берудің беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
Иллюстрациялар (суреттер, схемалар, фотографиялар) және кестелер түсініктеме тілқағазы әр бөлім көлемінде араб сандарымен белгіленеді, барлығына сілтеулер болуы қажет. Бұйымның сырт түрін көрсету үшін ақ-қара немесе түрлі түсті фотосуреттерді пайдалануға болады, оларды бөлек парақта орналастырады.
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі кесте 1 сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек. Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
Кестелерді толтырған кезде мына ерекшеліктерді сақтау керек. Кестенің тақырыптық аталуы мен тиісті реттілік нөмері өтпелі, араб сандарымен белгіленеді және В қосымшасында жол басының сол жағында жазылуы керек. Егер кесте бір бетке симаса, екінші бетке көрсетіліп "жалғасы" деп жазылады.
Барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда кесте деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет. Өтіп кеткен иллюстрация мен кестелерге байланысты болған жағдайда, қысқартылып былайша белгіленеді, мысалы: 2 суреттегі көрініс, 2 кестеде көрсетілген.
Түсініктеме тілқағазы соңында қолданылған әдебиет тізімі беріледі. Ол келесі ережелер бойынша жазылады: әдебиет нөмірі, авторлардың фамилиясы мен аты-жөні, әдебиет немесе мақаланың толық аталуы, әдебиет баспасы.
Қосымшалар жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді. Мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Титул беті құжат қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді. Титулдық бет нөмірленбейді.
Кіріспеде Қазақстанның тігін өндірісінің қазіргі кездегі жағдайы
КӘСIПОРЫНМЕН ТАНЫСУ. Кәсiпорынның штаттық кестесiмен танысу.
Басқарудың қолданылатын әдiстерiнiң мiнездемесі және талдауы. Өндірістік процесс және қағидалары. Студенттердің жұмыс орнындағы суреттері. Өндiрiстiң құрылымы. Қызметкерлердiң еңбек жағдайы.
1 АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ
1.1 Жобаланатын киім моделіне техникалық тапсырма
Техникалық тапсырма - дайындалатын (өңделетін) бұйымға ұсынылатын техникалық және технико - экономикалық сипаттамалар, сапа көрсеткіші және технико - экономикалық талаптарды, негізгі белгіленуін орнататын конструкторлық құжат.
Техникалық тапсырманы дайындауға кіретіндер: бұйымды жобалау шартын талдау (жобалау жағдайы), бұйым конструкциясына қойылатын талаптар, ғылыми және өнертабыс әдебиеттерін білу, модель - аналогтарды жалпы талдау, дайындалатын киім моделіне қойылатын технико - экономикалық талаптар мен сапа көрсеткішін құру, жобалаудың келесі сатыларының мазмұнын және конструкторлық құжаттама құрамын анықтау.
Техникалық тапсырма жобалау жұмыстарын жүргізуде орындаушы мен тапсырыс беруші арасындағы келіссөзге қосымша ретінде кіретін заңды құжат және оның негізі болып табылады: жұмыс шарты мен тәртібін, оның ішінде мақсатын, тапсырмасын, күтілетін нәтижелерін және орындалу мерзімін анықтайды.
ТТ орындауда барлық жұмыс көлемін анықтап, негіздеу қажет және жобаның конструкторлық құжаттама құрамы МЕМСТ 2.102-68. Конструкторлық құжаттама түрлері мен жинақтылығы сәйкес болуы керек. Техникалық тапсырманы орындау кезінде студенттер арнайы бланканың Техникалық тапсырма пунктын толтырады (Қосымша 5).
Техникалық тапсырма диплом жұмысының конструкторлық құжаттамасын дайындаудың негізі болып табылады.

1.2 Маркетингтік талдау
Маркетингтік зерттеу кәсіпорындар кездестірген, нарықтағы белгілі жағдайларды қозғайтын ақпараттарды ұсыну, жинау, талдау, жүйелі іздену болып табылады.
Нарықты маркетингтік зерттеу мақсаты - маркетингтік шешімдерді қабылдауға арналған ақпаратты-аналитикалық базаны құру, сонымен қатар осыған байланысты анықталмаушылықты төмендету.
Сатып алушы нарықтық экономиканың бөлінбес маркетинг құрушылары. Өнімнің маркетингтік зерттеулері қаншалықты тұтынушылар сұранымы техникалық және экономикалық көрсеткіштерге сай келетінін тексеру үшін, өз алдына мақсат етіп қояды. Маркетингті зерттеу келесі ақпараттарды алуға мүмкіндік береді: тауар қандай тұтынушылық қасиеттерді иеленеді, дизайны жайлы білу, түсі, формасы, эргономикалығы, функционалдығы. Маркетингті зерттеулерге және алынған мәліметтерге сүйеніп, өнімнің бәсекелестік сапасын көтеру, компания жұмысында алғашқы бағытын көрсету, тауар ассортиментін шығару ыңғайлы.
Осыған байланысты студенттер сауалнама дайындайды. Саулнаманы дайындауда экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, биологиялық және басқа да көрсеткіштер ескеріледі.
Сауалнама үш бөліктен тұрады: сұранушы жайлы мәліметтер, нақты ассортиментке қатысты сұрақтар мен жауаптар. Сұрақтар тіке, ашық түрде құралады. Сұрақтардың түрі мен мазмұны, бұл зерттеу әдісінің маңыздылығына байланысты (сүйеніп) сұрақтың мақсаты мен талабынан алынады.
Зерттеу соңында сауалнамаға талдау жасалады және нақты бұйымды жобалау негізделеді. Маркетинг бойынша зерттеу бұл аумақты бақылау жүргізу сапасын жетілдіруге және маңызды шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

1.3 Техникалық ұсыныс. Модель-аналогтарды талдау
Техникалық ұсыныс - бұл техникалық тапсырманы талдау, бұйымның мүмкіндігінше әртүрлі нұсқадағы шешімдері, дайындалатын бұйыммен қатар қолданыстағы бұйымдардың да конструктивті және қолдану ерекшелігін ескере отырып, олардың шешімдерін салыстырмалы түрде бағалау арқылы, бұйымның құжаттамасын жобалау мен техникалық негізделуі кіретін құжаттардың жиынтығы.
Техникалық ұсыныстың негізгі этаптары мыналар:
- отандық және шетелдік (моделей - аналогов МА) бұйымдардың белгіленуі бойынша жақын немесе ұқсас үлгілеріне шолу жасау;
- МА эксплуатациялық көрсеткіштері мен конструктивті ерекшеліктерін бағалау.
Модель - аналогтарды талдау, бұйымның технологиялық және конструктивті ерекшеліктерін табу мақсатында, бұйымның дайын үлгілері бойынша жүргізіледі. Кемі үш модель талданады. Базалық модель жүргізілген талдау негізінде жобаланады.

1.3.1 Сән бағыты
Бөлім мәтіні перспективті сән бағытын талдауға арналған.
Бұл бөлімде студент заманауи сәннің дамуының жалпы тенденциясын және келесі маусымда оның болашағын сипаттау қажет; сәнді формаларды сипаттау және бейнелеу, басты силуэттер және форма ішіндегі негізгі бөлшектер, сәнді акцентті (ерекше көңіл аударатын сәнді) көрсету (бір графикалық бет).
Жобаланатын модельде ұсынылатын ассортименттік топтарға толық сипаттама беру. Талшық құрамын, орнаментін, түсті гаммасын көрсетіп, сәнді материалдарға сипаттама беру.

1.3.2 Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау
Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау, модельдің көркемдік орындалуына толығырақ жауап беретін, жекелеген элементтер немесе модельді айқындауға мүмкіндік береді.
Модель - аналогтардың композициялыққ сызбасын талдау, келесі бағыттардың сапалы сипаттамасын айқындайды:
* Жеңнің формасы мен пішімі, негізгі конструктивті белдеулердің: иық, кеуде, бел, бөксе (мықын) силуэтті шешімі;
* Бұйым бетінің бөлшектенуі мен пропорциясы, сәнді - конструктивті элементтердің сипаты;
* Функционалды - сәндік элементтердің көптүрлілігі( түймелік, мойын ойындысының формасы, жаға, қалта және т.б.)
* Сәнді конструктивті элементтердің болуы; техникалық үлгілеуден алыңған бөлшектер және олардың орналасуы (қатпарлар, фалдылар, жиырмалар, драпировкалар)

Кесте 1- Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау

Модель номері
Модель суреті (алдыңғы және артқы бетінен)
Сыртқы түріне сипаттама
1
2
3
1

2

3

1.3.3 Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау
Модель - аналогтың конструкторлық шешімін талдау - конструктивті - декоративті элементтер мен негізгі бөлшектердің конструктивті шешімінің оңтайлы нұсқасын анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Бұл талдауда студент композициялық талдауда алғандай бұйым бөлшектерінің өлшемін, анализдік сипаттамасын алады. Бұл жұмысқа студенттер диплом алдындағы тәжірибеде өту кезінде кірісу керек.
Конструкцияның негізгі параметрлерін: адам еркін тұру үшін берілген қосымшалардың көлемі мен олардың бөліктерге орналасуы, негізгі бөлшектердің өлшемі - артқы бой ені, алдыңғы бой ені, белге дейінгі ұзындық сызығы, бұйым етегі, алдыңғы - артқы және жан сызығы тепе-теңдігінің көлемі. Өлшемдерді 2- кестеге толтырады.

Кесте 2- негізгі конструктивті элементтердің сипаттамасы

Өлшем
Шартты белгіленуі
Өлшем көлемі, см

Модель номері

Модель 1
Модель 2
Модель 3
1
2
3
4
5

Кесте 3- МА конструктивті шешімін талдау

Модель номері
Конструктивті шешім
(бұйымның пішім бөлшектерінің схемасы)
Конструктивті қосымшалар Пг

Пшс
Пшпр
Пшпол
1
2
3
4
5

Ескерту: Ассортиментке сәйкес модельді жобалау мақсатында, әр кестеден
кейін талдау және қорытынды жасау керек.

1.3.4 Модель-аналогтың технологиялық шешімін талдау
Модель-аналогтың конструктивті шешімі таңдалынып, негізделгеннен соң, бұйымның технологиялық өңделу тәсілдері талданады.
Келесі позициялардың анализіне негізінен назар аудару қажет:
* тұтас пішілген бөлшектерді қолдануда, бөлшектерді құрамды бөліктерге тиімді бөлу
* түбегейлі мақсаттағы бөлшектерде рационалдық бөлшектерде құралған бөлшектерді қолдану;
* конструкциялық элементерді немесе бөлшектерді толық түрде қолдану;
* біркелкі өнделетін көптеген бөлшектерді қамтамасыздандыруға қолданылатын технология енгізу;
* бірнеше бөлшектерді біруақытта (параллельді) қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану;
* жаймада ең рационалды конструктивті біріктірілетін бөлшектерді қолдану және лекало аралық % шығынды қысқарту, жаңа және көбінесе сапалы негізгі және көмекші(астараралық) материалдарды қолдану ;
* типтік технологиялық процестерде конструкциялық бөлшектерді және түйіндерді қолдануын қамтамасыз етеді.
Түйіндерді өңдеу тәсілі талданады, унификацияланған технологияны қолдануға болатыны анықталады, технологиялық ағымға дайындалған сериялық киім модельдерінің технологиялық шешімі таңдалынады. Технологиялық өңдеу әдістерін талдау, кесте түрінде ұсынылады.

Кесте 4 - Модель-аналогтың технологиялық шешімдерін талдау

Модель номері
Жинақталған бірлік
Конструкция түйіні
Қолданылған құралдар
Ескертулер
1
2
3
4
5

Бұйымды өңдеуде оның технологиясын барлық жобалау кезеңдерінен өткізу керек. Бұйымның технологиясы алдын-ала анықталып, техникалық ұсынысты және эскиздік жобаны дайындау кезінде, осыған ерекше көңіл бөлінеді
Ескерту: Ассортиментке сәйкес модельді жобалау мақсатында, әр кестеден
кейін талдау және қорытынды жасау керек.

2 КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Эскиздік жоба
Бұйым модельдерін эскизді жобалауда, жобаланатын бұйымның макеті дайындалып, конструктивті және композициялық жұмыстары анықталады.
Дипломдық жұмыстың эскиздік бөлімін жасауда диплом қорғаушы модель - аналогтарды талдауда жасаған, жақын жылдағы сән бағытының перспективасы жайлы материалдарды қолданады. Жобаланатын бұйым моделі толығымен дайындалады, сонымен түстік шешімі таңдалынып, материал таңдау ұсынылады, сонымен қатар екі негізгі шешім қабылданады: бұйым формасы - материал.
Негізгі көркемдік шешім екі эскиздік позицияда беріледі: техникалық эскиз және сурет түрінде (дипломның түсініктеме тілқағазында).
Модельдің техникалық эскизі материалда орындалады және А4 форматында салынады.
Эскиз конструктивті-сызықпен орындалады, бір түспен( қара), формасы анықталған, пропорциясы, жеке бөлшектері, тігістері және т.б. Модель алдыңғы жағынан, дене бітімде толық бой ұзындығымен бейнеленеді. Оң жағында(төменде) модельдің артқы беті (дене бітімсіз), алдыңғы жағынан қарағанда жобамен 1:4 өлшемде бейнеленеді. Артқы бой толығымен (симметрия осьімен жартысы емес) бейнеленеді. Егер модель бірнеше бұйымнан тұрса, онда әр қайсысы жеке (алдыңғы және артқы түрі) бейнеленеді және оң жағында бұйымның жалпы түрі.
2.1.1 Модельдің конструктивті - технологиялық шешімінің сыртқы түрін сипаттау
Келесі формамен жүргізіледі:
а) Модельдің ассортименттік сипаттамасы:
- заттық жабдықтар,
- жасаралық мәлімет,
-тағайындалуы,
- ұсынылатын материалдар.
Мысалы: Күнделікті киюге, жастарға арналған, маусым аралық жартылай жүн матасынан дайындалған, әйелдер костюмі. Жакет және белдемшеден тұрады.
б) Силуэт, бұйым ұзындығы.
в) Бұйымның техникалық сипаттамасы.
- алдыңғы бой,
- артқы бой,
- жең,
- жаға,
- түймелік,
- әрлеу (сәндік).
г) Ұсынылатын өлшем-бой ұзындығы

2.1.2 Материалдарды таңдау және негіздеу
Бұл бөлімде ұсынылатын негізгі, астарлық және астараралық материалдардың физико - химиялық қасиеттеріне толық сипаттама беріліп, суреттеу қажет. Материалдар ассортиментін талдау, жобаланатын бұйымға қойылатын талаптарға негізделуі қажет. Матаның техникалық сипаттамасы болмаған жағдайда, таңдалынған матаның (фактура, суретін(туше), гриф, әрлеу) қасиеттерін сапалы бағалау қажет. Бұл бөлімде болашақ модельдің сапасы қалыптасатын болғандықтан, ұсынылатын материалдар негізінен конструкторлы - технологиялық және тұтынушылар талабына сай бағалануы қажет. Мұндай бағалауға материалдардың келесі қасиеттерін жатқызуға болады: кеңістік формасын қамтамасыз ететін, формасақтағыш және қолданыста бұйымның өлшемге тұрақтылығы, оның гигиеналығы.
Сонымен қатар, материалдардың мынадай қасиеттері, талшықтық құрамы, айқаспасы, әрлеу сипаты, тоқымасы, қалыңдығы, қаттылығы, қатпарлануы, түсі, жылтыры, айқындығы.
Егер негізгі мата (сыртқы мата) тігін бұйымының тағайындалуына толығымен сәйкес келсе, ал бұйымның көпқабатты пакетін құрайтын жинақ материалдарының қасиеті, негізгі материалдың қасиетіне сәйкес келсе, таңдау негізделген, дұрыс болып табылады.
3.1.3 Жобаланатын бұйымның конфекционды картасы
Ұсынылатын маталардың үлгілері қатты қағаз парағында дайындалады. Үлгілерді матаның сипаттамасында берілген бірізділіктей орналастырады. Үлгілер оң бетінен желімделеді. Матаның негізгі түрлерін тік бағытта орналастырған жөн. Астарлық матаның үлгілерін, бір-бірімен түсі таңдалынған болса, негізгі мата үлгілерінің жанына орналастыруға болады.
Үлгілер өлшемі 4 см х 6 см. Формасы - тік бұрышты.
Түсініктеме тілқағазына жобаланатын тігін бұйымының, таңдалынған материалдар (негізгі, астарлық, астараралық, сәндік, біріктіргіш, фурнитура) үлгілерінен түратын, конфекционды картасының сканерленген түрі салынады.

Кесте 5 - Конфекционды карта

Материал үлгісі
Материал аталуы
Ені
Белгіленуі
1
2
3
4

2.2 Техникалық жоба
2.2.1 Конструкция сызбасын дайындауға арналған алғашқы мәліметтер
Конструкция сызбасын тұрғызу үшін алғашқы мәліметтерге: құрастыру әдістерін негіздеу және таңдау, конструкция сызбасын тұрғызуға арналғандене бітімнің өлшемдік сипаттамасын бекіту және еркін айналымға қосымша таңдау жатады.
Киімнің таңдалынған моделінің конструкциясын, құрастыру әдістерінің ең жетілген түрін қолданып, дайындау ұсынылады . Таңдалынған әдіс есеп күрделілігін, сызбану тұрғызу дәлдік дәрежесіне негізделеді. Осындай мақсатта қолданыстағы өндірістік құрастыру әдістері сипатталады, формуласы талданады, есептеу күрделілігі, графикалық сызба және т.б. Талдау негізінде әдістің артықшылығы мен кемшілігі анықталады және солардың біріне таңдау жасалады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес, конструкция сызбасын тұрғызуға арналған, өлшем нышандарының көлемі мен еркін айналымға берілетін қосымшалар кесте түрінде ұсынылады (кестелер 4.2 және 4.3).
Конструкцияны тұрғызуға қажетті өлшем нышандарының көлемі, типті дене бітімге ОСТ 17-326-81, ОСТ 17-325-86 негізделіп анықталады және 6-кестеге толтырылады.

Кесте 6 - Типті дене бітімдегі өлшем нышандарының абсолютті көлемі,
әйелдер (Р-Ог3-Об), ерлер (Р-Ог3-От), балалар (Р-Ог3)

№рн
Өлшем нышандарының аталуы
Шартты белгіленуі
Өлшем шамасы, см
1
2
3
4

Еркін айналымға берілетін қосымшалар модельге, силуэтке, киім түріне және оның белгіленуіне байланысты анықталады. Техникалық және конструктивті - декоративті қосымшаларға сипаттама беру қажет. Таңдалынған қосымшалардың шамасы 7-кестеге толтырылады.

Кесте 7 - Конструкция сызбасын тұрғызуда қолданылатын еркін айналымға берілетін қосымшалар _________________________________
(бұйымның аталуы, силуэт, өлшем)


Қосымша аталуы
Шартты белгісі
Өлшем шамасы, см
1
2
3
4
1
Жартылай кеуде айналымына берілген қосымша
ПГ

2
Артқы бойдың еніне берілген қосымша
ПШС

3
Алдыңғы бойдың еніне берілген қосымша
ПШП

4
Қолтық ойындысы еніне берілген қосымша
ППР

5
Қолтық ойындысы тереңдігіне берілген қосымша
ПСПР

6
Арқаның белге дейінгі ұзындығына берілген қосымша
ПДТС

7
Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығына берілген қосымша
ПДТП

8
Иықтың қиғаш биіктігіне берілген қосымша
ПВПК

9
Артқы бой мойын ойындысы еніне берілген қосымша
ПШГС

10
Артқы бой мойын ойындысы тереңдігіне берілген қосымша
ПГГС

11
Алдыңғы бой мойын ойындысы тереңдігіне берілген қосымша
ПГГП

12
Иық айналымына берілген қосымша
ПОП

13
Білезік айналымына берілген қосымша
ПОзап

14
Жартылай бел айналымына берілген қосымша
ПТ

15
Жартылай бөксе (мықын) айналымына берілген қосымша
ПБ

2.2.2 Бұйым бөлшектері конструкциясының алғашқы сызбаларын тұрғызу
Ұсынылатын модельге конструкцияның алғашқы сызбалары тұрғызылып, негізгі базалық конструкция (БК) дайындалады және фасондық ерекшеліктерді енгізу негізінде, модельдік конструкциясы дайындалады.
Базалық конструкция (БК) - ешқандай фасондық ерекшеліктері көрсетілмеген, жоғарғы эргономикалық класқа сәйкес конструкция. БК - да киімнің динамикалық сәйкестігін қамтамасыз ететін, еркін айналымға берілетін қосымша минималды, бірақ рационалды шамада есептеледі.
Базалық конструкция сызбасын тұрғызуға арналған есебі 8-кестеге толтырылады.
Кесте 8 - Бұйымның базалық конструкциясының есебі (Р-ОГ3-ОБ)


Конструктивті бөліктің шартты белгіленуі
Формуласы
Есебі
Қорытындысы (см)
1
2
3
4
5
1
Артқы бой

2
Алдыңғы бой

3
Қолтық ойындысы

4
Қолтық ойындысы астындағы бұйым ені

БК есебін шығару нәтижесінде, түсініктеме тілқағазында жобаланатын модельдің 1:4 масштабта БК сызбасы тұрғызылады. (Конструкция сызбасы қолмен сызу әдісімен де, АЖЖ комегімен де сызылуы мүмкін).

2.2.3 Модельдік конструкцияны тұрғызу
Модельдік конструкция (МК) - БК негізінде тұрғызылады және барлық негізгі, конструктивті-декоративті бөлшектердің үлгілері анықталады. Модель эскизіне сәйкес, техникалық үлгілеу әдістерінің көмегімен, БК сызбасына модельдік ерекшеліктер енгізіледі.
Базалық конструкция негізіне модельдік ерекшеліктер келесі бірізділікпен енгізіледі:
- бөлшектің ішкі сызығын белгілеу (иық сызы,ын ұзартады немесе қысқартады, бұйымның мойын ойындысы сызығын өзгертеді, жан тігістері сызығын белгілейді, негізгі бөлшектердің ұзындығын түзетеді және т.б.);
- бұкпелерді көшіреді және техникалық үлгілеу әдістерімен бедерлерді, иініштерді, қатпарларды жобалайды;
- қалта, лацкан, өңір сызығын, түймелік орнын және т.б. енгізеді.
Жобаланатын бұйымның модельдік конструкциясының (МК) сызбасы, 1:4 масштабта тікелей бұйымның базалық конструкциясына тұрғызылады.

1.1 Жұмысшы жоба
2.3.1 Бұйым бөлшектерінің лекало сызбаларын тұрғызу
Негізгі мата, астар, астараралық лекалоларының сызбасын және көмекші лекалоларды құрастыру. Лекало жинағына барлық бөлшектер кіреді (негізгі мата, астар, астараралық). Лекало, технологиялық өңдеу үдерісінде материалды лайықтауға, және тігіске берілген қосымшасы ескеріліп, типті дене бітімнің орташа өлшеміне жасалады.
Лекалоны безендіру және дайындау принципі, өндіріс түріне және бұйымның технологиялық өңделуіне байланысты.
Лекалоны дайындау алдында, алдыңғы бой мен артқы бой бөлшектерінің және олардың негізгі конструктивті сызықтарының түйісуін тексереді. Содан соң лекалоны көшіреді және бөлшек шеттеріне тігіске, етегін қайыруға және өңдеуге қосымшалар береді.
Берілген бұйым түрін дайындауда, тігіске берілетін және бөлшек етегін қайыруға берілетін қосымша көлемі ОСТ 17835 - 80 и РСТ сәйкес алынады және кесте түрінді (кесте 9) безендіріледі.

Кесте 9 - Бұйым бөлшектерінің тігісіне берілетін қосымша көлемі

Қиықтың аталуы
сыруға
жөрмеуге
бүгуге
кесуге
лайық
тауға
отыр
ғызу
ға
Барлығы(см)
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Модельдің барлық бөлшектерінің лекаласында маркерлік мәліметтер көрсетіледі:
oo бұйымның аталуы;
oo бұйым өлшемі, жетекші өлшем нышанының толық абсолютті шамасымен көрсетілген (мысалы, 164 - 88 - 92);
oo лекалоның аталуы;
oo лекалоның тағайындалуы (негізгі мата, астар және т.б.);
oo лекалодағы және пішімдегі бөлшектер саны;
oo матадағы негізгі жіп бағыты және оның ауытқу шегі.
Лекаладағы негізгі жіп бағыты және оның ауытқу шегі 10-кестеде көрсетіледі.
Астар және астараралық лекалоларының шеткі сызықтары, сыртқы матаның негізгі лекало сызықтарына қатысты, шартты сызықтармен көрсетілуі тиіс.
Туынды бөлшектер лекалосын құрастыру схемасында, негізгі матаның лекалосынан, астар мен астарарлық лекалосының шеткі сызықтарының ауытқуын санмен көрсетеді.
Кесте 10 - Лекалодағы негізгі жіп ауытқуы

Бөлшектің аталуы
Негізгі жіп бағыты
Ауытқу шегі
1
2
3

Үлкен бөлшектің біріне, жинаққа кіретін барлық бөлшектердің тізімі жазылады. Дайындалатын бұйым бөлшектерінің спецификациясы негізгі, астарлық, астараралық, көмекші лекалолардың барлық бөлшектеріне жасалады және бөлшектер саны көрсетіліп, 11-кесте түрінде толтырылады.

Кесте 11 - Бөлшектер спецификациясы


Бөлшектердің аталуы
Бөлшектер саны
Ескерту

Лекалада
Пішімде

1
2
3
4
5

2.3.2 Лекало градациясы
Дайындалатын жаңа модельдің өндірісте лекаласын дайындау үшін, ұсынылатын модельдің өлшемдік тобына бой ұзындығы мен базалық өлшеміне жасалады.Модель бөлшектерінің лекаласын басқа өлшем мен бой ұзындығына градацияның техникалық тәсілімен жасайды.
Түсініктеме тілқағазының конструкторлық құжаттамасында, градацияның әртүрлі тәсілдеріне сипаттама беріледі және әр конструктивті нүктеге өлшем мен бой ұзындығының аралық өсімінің схемасы көрсетіледі (М 1:4).

2.3.3 Техникалық өлшем табелін құру
Дайындалған бұйымның сапасын тексеру үшін, өлшем табелі құрылады. Өлшем табеліне бөлшектердің аталуы, лекалодағы конструктивті бөлшектердің габариті және дайын бұйымда сол бөлшектер көрсетіледі. 12 - кестеде өлшем табелін толтыру мысалы көрсетілген.

Кесте 12 - Техникалық өлшем табелі

Өлшенетін бөлік
Бой ұзындығы
Өлшемдер
Қосымша
лар көлемі, см
Берілетін ауытқу, см

84
88
92
96

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Лекалада
1.
Артқы бойдың ортасы бойынша бұйым ұзындығы
158
164
170
54,2
58,2
62.2
54,2
58,2
62,2
54,2
58.2
62.2
54,2
58.2
62.2
1.0-жағаны қондыру тігісі,
3-етекті қайыру,
0.2-лайықтауға қосымша
0,3
Дайын күйінде

158
164
170
50
54
58
50
54
58
50
54
58
50
54
58

2.4 Материал шығынын мөлшерлеу
Бұл бөлімнің мақсаты жобада ұсынылған лекалоның ауданын анықтау әдісін сипаттау және лекало ауданын анықтау (лекало жасалады М 1:4).

Борлауға кеткен мата шығынының мөлшері жобамен Но,см2 немесе жайманың ұзындығы Lp, см, келесі формулалармен есептеледі:
Нопр =
Lp= немесе Lp =

мұндағы: Sл - пайдалы лекало ауданы, см2
Вн - ішкі леклоаралық қалдықтардың нормативті пайызы (ЦНИИШПа берілген бойынша)
Ш - мата ені, см
Матаның шығын мөлшерінің есебі лекало жаймасын жасағаннан кейін орындалады. Бұл үшін қолданылатын матаның ерекшелігіне, төсем әдісіне, жайма түріне байланысты, жобаланатын модельдің бөлшектерін пішуге және лекало жаймасына қойылатын техникалық талаптарға сипаттама беру қажет.
Негізгі мата үшін экспериментальды жайма жасап (М 1:4), жайманы безендіру қажет (спецификация, негізгі жіп бағытын, лекалааралық қалдықтарды штрихтау, жайманың ұзындығы мен енін көрсету).
Негізгі мата үшін экспериментальды жайма жасап (М 1:4), жайманы безендіру қажет және жайма туралы төмендегі берілгендерді толтырады:

1. Бұйым
2. Бой ұзындығы, өлшем, толықтығы
3. Мата
4. Мата түгінің бағыты
5. Мата ені
6. Жайма түрі
7. Төсем әдісі
8. Жайма ені
9. Жайма ұзындығы
10. Лекало ауданы
11. Жайма ауданы
12. Ішкі қалдықтар
13. Күні
14. Жайманы орындаушы (қолы)
Экспериментальды жайма берілген бұйым түріне арналған негізгі матаның бір түріне (тегіс, түкті, суретті) жасалады.
Жайманы жасағаннан кейін лекалоаралық қалдық пайызы келесі формуламен анықталады:

В =

мұндағы: Sр - жайма ауданы
Sл - лекало ауданы см2
Жайма тұралы берілгендерді 13-кестеге толтырады.

Кесте 13 - Материалдар шығыны

Матаның аталуы
Жайма, см
Мата шығыны, см
Лекало ауданы, см
Лекалоаралық қалдық

ұзындығы
ені

1
2
3
4
5
6
Негізгі мата

Әрі қарай экспериментальды жайманың лекалоаралық қалдық пайызы бойынша үнемділігі талданады және таңдалған бұйымның жаймаларының (осы немесе келесі) рационалдығына қорытынды жасалады.

3 Технологиялық бөлім
(типті дипломдық жұмыс үшін)
3.1 Модельді өндіріске жіберуге технологиялық дайындау
3.1.1 Өндеу әдісі мен құрал-жабдық тандау
Бұл бөлімде бұйымды өңдеу әдісін тандаудан енбек өнімділігін арттыру негізі қалыптасады. Бұйымды өндеу жолдарын тандаудан алдын арнайы техникалық әдебиеттерде жазылған және жаңадан қолданылып жүрген өңдеу жолдарының түрлерімен танысу қажет. Бұйымды дайындағанда технологиялық, конструкциялық және өңдеу жолдарының ерекше назар аудару керек. Таңдалған өндеу жолдары қазіргі технологиялық, техникалық талаптарға, өнім сапасының жоғарылығына, еңбек өнімін өсіруге, өнімнің өзіндік құнының төмендетуге толығымен жауап беруі қажет. Оларды таңдағанда ең алдыңғы өндірістің жұмыс тәжірибелерін пайдалану қажет.
Өңдеу әдісін жаңа құрал-жабдық пен аспап-тетіктерді қолдану есебімен жетілдіреді. Бұл бөлімде жобаланған ассортименттің өңдеу әдісін жетілдірудің жалпы бағыты алдымен көрсетіледі. Одан кейін жобаланған бұйымға, таңдалған мата мен өндеу әдісі негізінде өндеу технологиясына технологиялық карта түрінде сипаттама беріледі.

Құрал-жабдық таңдау
Құрал-жабдық таңдағанда комплекті технологиялық құрал-жабдықтардың қолданылуына қарай таңдаймыз. Бүл үшін технологиялық процесті дайындап алу керек. Кейбір жағдайда бөлшектердің формасында технологиялық (рет-реттілікті) өңдеу бірізділігін өзгетуді, кейбір операцияны қысқарту немесе жаңасын қосуды қарастыру қажет.
Мысалы: Арнайы қосымша жабдығы бар қөмкеретін машинаны қолданғанда шалбардың қалтасының астарын немесе басқа да астарсыз және белге дейін астарлы бұйымдардың қалта астарының сырт пішімін өзгертуге талап етеді. Өйткені бірқалыпты тоқтамай тігіп шығу үшін қалта астарының төменгі бұрыш формасы дөңгелек болуы қажет. Көйлек, жейде, халат және басқа бұйымдардың мойын мен қолтық ойындысында, етегінде жиектеуді қолдансақ, бұйым жинаудағы қалыптасқан рет-реттілігі өзгереді. Көмкеру соңы келесі тігіске не болмаса басқа бөлшектерге жалғасу тиіс, не болмаса тігістің соңын қосымша тігіспен бекітеді. Сондықтан қолтық ойындысын, жан тігісін біріктіруден алдын, ал бұйымның етегін бұйымның бір жан тігісін біріктіргеннен соң жиектейді. Бір бөлшекті қажеттілігінше іркетін машинаны қолданғанда, бөлшектерді біріктіруден алдын жиыру және осы тігістегі жіпті алып тастау операциясы қысқарады.
Жаңа класстағы құрал-жабдықтарға қысқаша технологиялық анықтама беру керек (машина, ЫЖӨ құралдары, қосымша механикалық жабдықтар). Құрал-жабдық анықтама кестесінде құрал-жабдық анықтамасын пайдаланып, 5.3- кесте формасында беріледі.

Кесте 3.1 - Тігін машиналарының тізбесі және технологиялық сипаттамасы


Құрал-жабдықты дайындаған кәсіпорын
Машина классы немесе түрі
Тігістің түрі
Негізгі біліктің айналу жылдамдығы, мин
Инешаншым ұзындығы
Мата жылжытқыш механизмі
Ине (ГОСТ
22249761)
Жіп
Өңделетін мата
Мата қалыңдығы,
мм
Берілген қосымшалар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

1

ПМЗ бір инелі

2862

301

4000

1,3 -4,5
Төменгі және жоғарғы тісті рейка, ине ауытқуы

№ 90
0203,№100
0203

№ 40,
50

қи
ғаш
таспа
дана

5-ке
дей-ін

Кесте 3.2 - ЫЖӨ жабдықтарының тізбесі және технологиялық сипаттамасы

Жабдықтарды
дайындаған кәсіпорын
Маркасы
Таптау күші, кН
Жетек түрі
Престің жастықтарын қыздыру тәсілі
Престің жастықтарын қыздыру температурасы,
Өлшемі, мм.
Престің жастықсыз салмағы, кг.

ұзындығы

ені

биіктігі

үстіңгі

астыңғы

үстіңгі

астыңғы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

Кесте 3.3 - Үтіктердің тізбесі және технологиялық сипаттамасы

Жабдықтарды
дайындаған кәсіпорын
Маркасы

Қыздыру температурасы,
Өлшемі, мм.
Салмағы, кг.

ұзындығы

ені

биіктігі

3.1.2 Өңдеу режимін таңдау
Өңдеу тәртібі жіппен, желіммен, ерітіп біріктіру операцияларын орындау үшін таңдалады. Ол жобаланған бұйымның технологиялық рет-реттілігі негізінде алынады. Бұнда бөлшекті біріктіру түрі, инешаншым мен тігістің түрі, тігістің жиілігі мен ені, ине мен жіптің нөмері 6- кесте формасында көрсетіледі.

Кесте 3.4 - Жіппен біріктіру тәртібі

Тігістің
аталуы

Тігістің ені, см
1см ігістің саны
Ине нөмері

Жіп нөмері

Қолданылуы

мм
жібек

1
2
3
4
5
6
7
Сырып
тігіп
айыра
үтіктеу
1.0
3-4
120
40
18
Жан және иық
қиықтарын
біріктіру

Ылғалды жылумен өндеу тәтрібін тандағанда пресстеудің температурасы, уақыты және қысымы, пресс жұмысында ылғалдау мөлшері, сонымен бірге үтік операциясына, әрбір ЫЖӨ операциясының түріне өңдеу тәртібі 5.2- кестеде көрсетіледі.

Кесте 3.5- ЫЖӨ тәртібі

Жабдық түрі
Температура,°С
Уақыты,сек
Қысым,МПа
Ылғалдануы,%
1
2
3
4
5

3.1.3 Түйінді өңдеу тәртібі
Бұйымда түйінді өңдеу әдісін тандауда, курстық жұмысты орындаушы студент өңдірістік практиканы өткізген кәсіпорындағы қолданылған өңдеу әдісі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі
Модель аналогтардың техникалық шешімдерін талдау
Спорттық аяқ киімдер
Тігін тігу технологиялары
Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Кәсіпорынның құралдары мен машиналарын бағалаудың маңызы
Шығын тәсілдерін қолдану
КӨЛІКТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН БАҒАЛАУ
Транспорттық құралдарды бағалау
Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау
Пәндер