Абайдың экономикаға көзқарасы
Абайдың экономикаға көзқарасы
Халықтың ұлы ақыны Абай Қазақстанның ұзақ жылдарға созылған Ресейге қосылуының аяқталуына байланысты сол жылдары елімізде әлеуметтік және экономикалық, сонымен қатар саяси өмірінде маңызды өзгерістер орын алып жатқан кезеңде өмір сүрген ұлы дана. Халықты отарлық езгіге салу мақсатымен сорақы патша үкіметіні енгізген басқарудың жаңа жантүршігерлік жүйесі көшпенді халықтың ғасырлар бойы, жылдар бойы қалыптасқан патриархалдық-феодалдық өмір салтының шаңырағын шайқалтып, өмірлерін өзгертті. Қазақ ауылдарына тауарлы-ақша қатынастары тарап, түрлі кәсіп еті орындары пайда бола бастады, сауда мен егіншілік өрістей түсті, мал шаруашылығының құрылымы өзгерді. Алайда, қазақ қауымының ыдырау процесі ұзақ мерзімге созылып, қазақтардың жалпы тұрмысын тұрмысын толықтай билеп алған патриархалдық-рулық қатынас қалдықтары олардың қоғамдық қатынастарына да ықпалын тигізбей қоймады. Қазақ өміріне және тұрмысына тікелей араласқан, соынмен бірге сол мезетте өзі де феодал болған Абайдың да XIX ғасырдың соңында қазақ халқын ойландырып жүрген экономикалық мәселелерден шет қалмағаны сөзсіз. Айдан анық. Ұлы ақынның аударылып келген саяси адамдармен достық қарым-қатынасы, сонымен бірге Семей облысы статистика комитетінің ісіне тікелей араласуы айтарлықтай әсер етті.
Абай өз шығармаларындағы экономикалық мәселелерге қатысты ойларды зерттеудің өзіндік маңыздылығы бар. Абайдың қара сөздерінің мазмұны халыққа тұрмыс-жағдайды түзе дегендей, өз ойын халыққа анық жеткізе білген.
Жалпы Абай ақынның шығармаларында, өлеңдерінде, қара сөздерінде сауда, пайда, мал, еңбек, сату, базар және тағы да басқа экономикалық терминдер көп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ, пайда деген ұғым - экономикалық терминге жатады. Ал экономикалық сөздікте: пайда деп отырғанымыз - меншік капиталдың негізгі көзі,- делінген. [1] Сол кездегі қарапайым қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланыста болғандықтан, баюдың, жаңа өмірге қадам басудың, тоқшылыққа ұмтылудың амалы тек малмен ғана айналысу деген ой әрбір қазақтың арманына айналса керек.
Дегенмен ұлы дана Абай мал бағу арқылы ғана баюға деген тұжырымды қазақтың халқының бойынан көргісі келмеді, себебі өзінің үшінші қара сөзінде: Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз надан арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. [2; 440] - міне, Абайдың қазақ халқына тек мал бағудан бойын аулақ ұстап, басқа да ғылымды, білімді пайдалану қажет екендігін түсінікті етіп келтірген. Төртінші сөзінде Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды, [2; 443] - қазақ қоғамының бағбаншылыққа, егіншілікке жол сілтеп, жерден де пайда табуға болатынын айта отыра, өнерді, білімді, ғылымды да жоғары сатыға қояды. Абайдың пікірінше елімізде егіншіліктің, сауданың, қол өнердің, оқу-ағарту ісінің дамуына қолайлы жағдай тудырған капиталистік қатынастар жаппай отырықшылыққа көшуді де жеделдетуі қажет. Ол сондықтан да кәсіпкерлер қызметін қолдай отырып, жастарды солардың қарамағына барып жұмыс істеуге шақырады.
Сонымен қатар Абай жастарды қолөнермен айналысуға шақырды. Қолөнермен айналысатын қазақ қоғамының тағы да бір кемшілігі - бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, маған мал жоқ па? дегендей қылып, өз еңбегінде еріншектікке, кербездікке, жалқаулыққа, салғырттыққа салынып кетеді деп атап көрсетеді. Қолынан іс келетін қазақтардың бұл пиғылдары өздері еңбек ететін өндірістік жағдайға байланысты екендігін дәл айтқан. Жаңадан ғана пайда бола бастаған тауарлы-ақша қатынастарының ауыл арасында көп қажеттілік туғыза алмауы өнімді өткізудің қажетті көздерін қамтамасыз етпеді. Сондықтан шеберлердің өз жағдайлары сол кезеңдегі экономикаға сай келмеді. Егер ол жұмысын жақсы атқарып, малды көп тапса, онда қолөнерімен айналысуды қояды да, мал иеленуші байға айналып шыға келеді. Бірақ, оның байи қоятын жағдайы да, бұған оның ынтасы да жоқ еді. Ісмер күнделікті күнкөріс қамынан әрі аса алмады. Абай қолөнері мен ісмерлердің үшінші, төртінші кемшіліктерін атай келіп, олардың жасаған бұйымдары болмашы тиын-тебен үшін әлдекімдердің қолында кететініне, шеберлердің тым аңғырт, өз өнерлерін бағалай алмайтындарына өкінішін білдіреді. Бұл құбылыс патриархалдық- феод. қатынастардың, натуралды шаруашылықтың басымдығы мен күн заңының аясын тарылтып отырған товарлы-ақша қатынастарының әлсіз дамуының нәтижесі екені сөзсіз. Ауыл арасында алып-сатарлық онша өрістемеді. Әдетте, бұйымдар тікелей сұраныс бойынша әзірленіп, оның құны заттай төленді. Сауда капиталының өкілдері осыны пайдаланып, шеберлер қолынан шыққан бұйымдарды тым арзан бағаға сатып алып, нарық бағасымен бірнеше рет қымбаттатып қайта сатты. Осының барлығы ісмерлердің жағдайын нашарлата түсті, олар шаруашылықтарының басын құрай алмай, өсімқор байларға кіріптар күй кешті.
Абай капитализмнің әлді жақтарын анық көрді. Ол капиталистік қатынастарды дамытуды қолдап, қоғамның озық ойлы топтарының мүддесін танытты, капитализмнің патриархалдық-феодалдық қатынастарды жою арқылы кәсіпкерлерге еркіндік беретінін, шаруашылық ынтасын көтеруге жағдай туғызып, олардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға, өндіргіш күштердің өсуін қамтамасыз ететінін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz