Абай Құнанбаевтың қара сөздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары
1. 1 А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары . . . 4
1. 2 Абайдың ағартушылық ой-пікірлерінің маңызы . . . 7
1. 3 Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі . . . 11
II ТАРАУ. Абайдың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні
2. 1 Абай Құнанбаевтың қара сөздері . . . 15
2. 2 Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер . . . 19
2. 3 Абайдың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні . . . 22
ІІІ ТАРАУ. А. Құнанбаев мұраларының қазіргі мектептегі оқу тәрбие процесінде қолданудың әдістемелік жолдары
3. 1 Оқу процесінде қолдану әдістері . . . 25
2. 2 Сыныптан тыс кезде қолдану әдістері . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Абайды тану арқылы біз әлемге ҚАЗАҚ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс. [26]
Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға, қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы, ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. [14]
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен нақыл сөздерінің тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға талдау жасау.
-Абай туындыларын жинақтап, танысу.
-Абай шығармаларындағы нақыл сөздері мен тәрбиелік тағлымдарын практикада қолдану жолдарын көсету.
Зерттеу көздері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар, Абай шығармалары, мерзімді басылымдағы материалдар мен басқа ғалымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми әдебиеттер негізінде талдау, тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу.
І ТАРАУ. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
- Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науай, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. [2]
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т. б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады. [11]
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал», -дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. [21]
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», -деді. [2]
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», -дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмарлығы. Екіншісі - білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… Ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның - табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. [25]
Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. [4]
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой, - деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған. [8]
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі» 1 , -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
«Ақыл - ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы -
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т. б. ) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді. [7]
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т. б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман, - деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай - сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын. [4]
Гуманист - ақын Абайдың ХІХ ғ. орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:
Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады. [7]
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,
[4]
- деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» - деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай«Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты. [2]
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де - бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. [4]
Ол А. С. Пушкин мен М. Ю. Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М. Ю. Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науай, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т. Т. Тәжібаев, Қ. Б. Бержанов, Ә. У. Сембаев, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев және т. б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды. [17] .
1. 2 Абайдың ағартушылық ой-пікірлерінің маңызы
Абай - Семей өңіріндегі алғашқы мәдени-ағарту ошақтарының ұйымдастырылуына ұйытқы бола жүріп, сол кездегі білім беру жүйесінің көптеген мәселелерімен танысты, педагогиканың қыр-сырына қанықты. Әсіресе екі қоғамдық ұйымның жергілікті кітапханалар мен музейлерді жабдықтауға араластырылуы, соған сай көптеген ғылыми басылымдар мен құнды деректердің жинақталуы көп септігін тигізді.
Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұғырдары педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат -"Толық адам" етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Ұлы ұстаз жан-жақты, кемел тәрбиелі адам ғана "толық адам" санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы - адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Тәрбиенің қалған түрлері - адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осыңдай мұсылмаңдыққа ден қойған жастың бойына тез үйірімді деп пайымдайды. Ол өз заманындағы мектеп медреселердің қызметіне көңілі тоймайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүмше молдалардың баланы бұрыс уағыздап, теріс жолға салынатынын айта келе, ұстаздың тұлғасын ерекше жоғары қояды, оларға үлкен сеніммен қарайды. [24]
... жалғасыАбайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіп білгенді есте сақтау мәселелері айқын көрініс дамытқан. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді.
Нәресте дүниеге келгенде-ақ оның бойында екі құмарлықтың - "тән және жан құмарлығының" бірге болатыны, соның соңғысын - "білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" деп бөледі. Дәл осының өзі ойшылдың педагогакалық көргендігіне айқын мысал. Білімді игерудің негізігі үш сатысы - кез келген жаңалықты білудің естуден басталатыны оны түсіну үшін әр шәкірт өзі не оқып, не көру қажет екендігін, ал содан соң барып қажетті жерді пайдалануды үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, білік дағдымен де сәйкес келеді.
Жалпы, ағартушы ретінде Абай білім алу жолын нобайлап айтпайды, оның қалай оқу керек, ал меңгерген білімді қалай өмірде қолданып, жүзеге асыруға болатындығы жөнінде ойлары осы заманғы педагогика тұрғысынан өте орынды, әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз арқылы беріледі әрі ақын ретінде Абай көбіне сөз құдіретіне жүгінеді. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кездей келе ұлы ақын білімнің нұрлы сырын көруге "Жүрегі-айна, көңіл-ояу", көкірегінде көзі бар, ынталы, сөзді баяу тыңдайтын шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да ізденгіш, "өз өнері таяу тұрған", сөзді тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Абайдың айтуынша, адамның білімге құштарлығы оны тәрбиелі етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz