Қазақстан Республикасының валюта нарығы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстан Республикасының валюта нарығының жағдайы
1.1 Қазақстандағы валюта нарығының пайда болуы, дамуы және қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау және реттеу ... ... ... ... ... ..8
1.3 Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 «Казкоммерцбанк» АҚ.ң валюталық операцияларды талдау
2.1 Банктің құрылымы және қызмет көрсету аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ.ң қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 «Казкоммерцбанк» АҚ.ң валюталық операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3 Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын жетілдіру ... ... ... ... ... ..32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Бүгінгі күнде банк жүйесі экономикада жаңа экономикалық қатынастарды ынталандырып және олардың қалыптасуына әсер ететін нарықтық өзгерістердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық банк жүйесінің уақыттық санауындағы қысқа тарихына қарамастан, оның сапалық деңгейі мен даму беталысы мәселелерді шешу жағдайларында оңтайлы болашағы мен әрі қарай жетілу мүмкіндіктері жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Себебі банк жүйесі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайында ең сезімтал буындарының бірі болып табылады.
Қазақстаннның банк жүйесін қалыптастыру кезінде қателер мен жаңылыстар жасалды, олар оның бүкіл даму үрдісіне теріс әсерін тигізді. Ірі банктердің банкроттығы, көптеген банктердің төмен қаржылық потенциалы, қайтарылмаған несиелер мәселесі және қысқа мерзімде шешуді қажет ететін көптеген басқа да мәселелері. Мұнда қазіргі кезде стратегиялық қағидалар мен технологияларға негізделген басқару сапасы туралы сөз қозғау керек. Банк жүйесінің жалпы құрылымында стратегиялық басқарудың орны мен ролін нақты анықтау қажет. Себебі, қазіргі заманда нарықтық қатынастарға бағытталған іс-әрекеттер серіктес іскерлік қатынастарды сәтті реттеудің «визиттік карточкасы» болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Қазақстан Республикасының валюта нарығының жағдайын талқылау;
- «Казкоммерцбанк» АҚ-ң валюталық операцияларына талдау жүргізу;
- Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын жетілдіру..уу
Курстық жұмыстың міндеті:
- Қазақстандағы валюта нарығының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы
- Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау және реттеу
- Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары
Жалпы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында валюта нарығының пайда болуы, дамуы, Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары жөнінде жазылған. Екінші тарауда «Казкоммерцбанк» АҚ-ң валюталық операциялары жайлы қарастырылды. Үшінші тарауда К.ом.ме.рц.ия.лық б.ан.кт.ер.дің валюталық о.пе.ра.ци.ял.ар.ын ж.етіл.діру бойынша шаралар баяндалған.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән негізгі көрсеткіштердің бірі – валюта нарығы, оның мәні және даму ерекшеліктері.
1. Көшенова Б.А. Ақша,несие,банктер. – Алматы, 2000
2. Сейткасимов Г.С.. Деньги, кредит, банки: Учебник /Под ред. проф.. – Алматы: Экономика, 2006.
3. Қаржы-несиелік саясатты дамытудың шетелдік тәжірибесі: мақалалар жинағы «Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері». – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010.
4. Қаржы-несиелік саясатты дамытудың шетелдік тәжірибесі // Ғылыми-сараптамалық журнал «Қоғам және Дәуір». – 2009. – №2.
5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі заңы
6. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2004.
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 76. Қаулысы
8. Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің жылдық есебі 2010 ж
9. www.nathionalbank.kz
10. www.kkb.kz
11. «Казкоммерцбанк» АҚ жылдық есебі // Панорама.-2010.-№43.
12. «Казкоммерцбанк» АҚ жарнамалық проспектісі. – Алматы, 2010.
13. Кучукова Н.К. Роль банков в развитии казахстанской экономики // Деньги и кредит. - 2003. - N8.
14. www.google.kz
15. Аскаров Т. Банковский портрет в цифрах // Республика.-2010.-№2.
16. Мустафин М.А. Определение доли банка на рынке банковских услуг // Банки Казахстана.-2010.-№5
17. Зейнельгабдин А. Финансовая система и реальная экономика. // Деловая неделя от 9 февраля 2011 года.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бүгінгі күнде банк жүйесі экономикада жаңа экономикалық қатынастарды ынталандырып және олардың қалыптасуына әсер ететін нарықтық өзгерістердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық банк жүйесінің уақыттық санауындағы қысқа тарихына қарамастан, оның сапалық деңгейі мен даму беталысы мәселелерді шешу жағдайларында оңтайлы болашағы мен әрі қарай жетілу мүмкіндіктері жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Себебі банк жүйесі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайында ең сезімтал буындарының бірі болып табылады.
Қазақстаннның банк жүйесін қалыптастыру кезінде қателер мен жаңылыстар жасалды, олар оның бүкіл даму үрдісіне теріс әсерін тигізді. Ірі банктердің банкроттығы, көптеген банктердің төмен қаржылық потенциалы, қайтарылмаған несиелер мәселесі және қысқа мерзімде шешуді қажет ететін көптеген басқа да мәселелері. Мұнда қазіргі кезде стратегиялық қағидалар мен технологияларға негізделген басқару сапасы туралы сөз қозғау керек. Банк жүйесінің жалпы құрылымында стратегиялық басқарудың орны мен ролін нақты анықтау қажет. Себебі, қазіргі заманда нарықтық қатынастарға бағытталған іс-әрекеттер серіктес іскерлік қатынастарды сәтті реттеудің визиттік карточкасы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасының валюта нарығының жағдайын талқылау;
Казкоммерцбанк АҚ-ң валюталық операцияларына талдау жүргізу;
Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын жетілдіру..уу
Курстық жұмыстың міндеті:
Қазақстандағы валюта нарығының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау және реттеу
Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары
Жалпы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында валюта нарығының пайда болуы, дамуы, Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары жөнінде жазылған. Екінші тарауда Казкоммерцбанк АҚ-ң валюталық операциялары жайлы қарастырылды. Үшінші тарауда К.ом.ме.рц.ия.лық б.ан.кт.ер.дің валюталық о.пе.ра.ци.ял.ар.ын ж.етіл.діру бойынша шаралар баяндалған.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - кез-келген нарықтық экономикаға тән негізгі көрсеткіштердің бірі - валюта нарығы, оның мәні және даму ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының валюта нарығы.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша - несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банк - ноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Курстық жұмысты жазу барысындағы қайнар көздері: Көшенова Б.А. Ақша,несие,банктер, www.nathionalbank.kz, Сейткасимов Г.С.. Деньги, кредит, банки, Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің жылдық есебі 2010 ж, www.google.kz, www.kkb.kz, курстық жұмыста Қазақстан қор биржасы бойынша айлық соңғы статистикалық мәліметтер келтірілген.

1 Қазақстан Республикасының валюта нарығының жағдайы
1.1 Қазақстандағы валюта нарығының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: "Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады" деп мақтанышпен атап өткен болатын [1, 54б.].
Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991 жылы нарықтық қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен қатар басталды. 1991 жылғы 11 маусымда Қазақ КСР валюталық реттеу туралы Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекеттік банкі лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валютапық нарықтың дамуын ынталандыру үшін азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді, сондай-ақ заңсыз валюталық операциялар үшін қылмыстық қудалау жойылды.
Қазақстанның ақша-валюта жүйесін қалыптастыру жағдайында 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ұстанымдарын айқындады, валюталық қарым-қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін шектеді, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті белгіледі. Валюталық реттеу жүйесінің негізгі міндеттері ретінде мыналар танылды: ұлттық валютадағы есеп айырысудың белгіленген тәртібін қолдау, ұлттық валюта үшін нарықтық айырбастау бағамын дайындау және енгізу, валюталық операцияларды жүргізудің тиісті тәртібін қамтамасыз ету.
Yenлттық валюта - теңгені енгізу кезеңінде алтын валюта резервтерінің біршама тапшылығы сақталды. Yenлттық валютаның белгіленген айырбастау бағамы саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдау проблемасын шеше алмады және белгілі бір дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігін тудыратын шетел валютасына деген екпінді сұраныс жағдайында оның құнсыздану қарқынын ұстап тұра алмады.
Өтімді валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел валюталарына айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылғы қаңтардан бастап барлық кәсіпорындар үшін уақытша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортынан 50% түсімдерді міндетті түрде сату енгізілді. Бұл ретте осы тәртіп шетел капиталының қатысуы бар жаңа құрылған кәсіпорындарға таратылған жоқ. Бұл норма 1995 жылғы 10 маусымнан бастап 30% дейін төмендетілді, ал 1995 жылғы 4 тамыздан бастап жойылды. Оған бір мезгілде теңгенің АҚШ долларына қарағанда құнсыздану қарқынының төмендеуі, теңгеге деген сенімділіктің артуы, сондай-ақ жаңа анағұрлым кірісті қаржы құралдарын енгізу себеп болды. Осы жағдайда инфляция қарқынын және құнсыздану күтулерін бұдан әрі төмендету мақсатында реттелетін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне көшу туралы шешім қабылданған болатын.
1996 жылы қабылданған Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық операциялардың нақты тізбесі айқындалды. Капиталды әкетуді көздейтін капитал қозғалысына байланысты операциялар лицензиялауға жататын болды, ал әкелу бойынша операцияларды тіркеу статистикалық есепке алу мақсатында жүргізілді және қандай да болмасын шектеулер қойылған жоқ [2, 58б.].
Сол кезде Қазақстанда капитал қозғалысы операцияларына шектеулерді сақтау қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстардың ішкі көздерінің біршама тапшылығы болуымен түсіндіріледі.
1998 жылғы Ресей қаржы дағдарысының салдары теңгенің құнсыздану қарқынын жылдамдатуға және әсіресе қолма-қол шетел валютасы нарығында теңге бағамының күрт ауытқуына әкелді. Бұл ретте Қазақстанның сауда әріптес елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық валютаның біршама құнсыздануы теңгенің нақты көрсетілімде қымбаттауына және қазақстандық экспорттың бәсекелестік позициясын төмендетуге әсер етті. 1999 жылы сәуірде теңгенің шетел валюталарына еркін құбылмалы айырбастау бағамы режимін енгізу қаржы нарығының теңбе - тең жағдайын қолдау қажеттілігін талап етті, осының нәтижесінде Yenлттық Банк экспортерлер үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортынан 50% түсімді міндетті түрде сату туралы міндеттемелерді белгілеу практикасын қайта қолданды. Осымен бір мезгілде жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңге салымдарын сақтау және зейнетақы қорларының теңгелік активтерін сақтау жөнінде шаралар қабылданды.
Мұның бәрі түпкілікті нәтижеде шетел валютасының валюта нарығындағы ұсынысының өсуіне және дағдарыс жағдайынан шығуға әсер етті, осы әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы жағдай 1999 жылғы қараша айының өзінде-ақ экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы талапты жоюға мүмкіндік берді.
1999 жылдан кейін валюталық реттеу тетігін жетілдіру валюталық операцияларды жүргізу және балама заңнамалық әрі нормативтік ортаны қалыптастыру тәртібін ырықтандыру бағытында жүзеге асырылды. Валюталық бақылау мына бағыттарда жүргізілді: экспорт-импорт валюта бақылауы; қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына бақылау жасау; капитал қозғалысына байланысты операцияларға бақылау жасау; валюта нарығы субъектілерін инспекциялау.
2003 жылы қалыптасқан валюталық реттеу жүйесіне ағымдағы операцияларға шектеулердің жоқтығы, пруденциалдық реттеу жүйесін белсенді жетілдіру және келісімі қажет мемлекеттік органдардың тізбесін қысқартумен халықаралық операцияларға лицензия беру үдерісін реттеу тән. 2002 жылы әзірленген Валюта режимін ырықтандыру тұжырымдамасында (ҚРҰБ Басқармасының 11.09.2002ж. № 369 қаулысымен мақұлданған) капитал қозғалысына валюталық шектеулерді толық жоюды және 2007 жылы ағымдағы және күрделі операциялар бойынша теңгенің толық айырбасталуына көшуді болжайтын валюталық режимді кезең-кезең бойынша ырықтандыру ұсынылған болатын [5, 228б.].
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру үдерісі 2003 жылдан бастап белсенді фазаға кірді және негізінен қаржы секторын прудеңциалдық реттеуді жетілдірумен бірге капиталдың әкетілуіне шектеулерді алып тастау арқылы жүзеге асырылды.
Валюталық режимді ырықтандырудағы басымдылықтар мен жүйелілік тек экономикалық факторлармен ғана емес, әлеуметтік-саяси факторлармен де айқындалды [3, 34б.].
Республика аумағында ірі мұнай - кен орындарының ашылуы шетел инвестициялары және экспорттан түсетін түсім нысанында капитал келуінің өсу қарқынын ұлғайтты және тездетті, ал шетелдік қатысуы бар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру инвесторлардың пайдасы және тауарлар мен қызмет көрсету импорты үшін ақы түрінде капиталдың әкетілуінің өсуін ынталандырды. Қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ауқымды ырықтандыру жағдайында қолданылатын реттеуші шаралардың тиімділігі көбіне капиталдың жинақталуына кері теңестіріледі, бұл қаржы ағындарының үлкен көлемін реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігін айқындады.
Реттеудің жаңа тетіктерін әзірлеу және халықаралық қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интеграциясы және елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажетті шарт болып табылады.
Алтын валюта активтерінің инвестициялық портфелінің нарықтық құны 2010 жылдың басында 9 329,1 млн. АҚШ долл. болды, ал 2010 жылдың аяғында инвестициялық портфельдің нарықтық құны 19 733,6 млн. АҚШ долл. болды. 2010 жылы алтын валюта активтерінің инвестициялық портфелінде АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған жəне іске асырылмаған) пайда болды, ол 426,9 млн. АҚШ долл. болды.
2010 жылы валюталар қоржынында көрсетілген алтын валюта активтерінің инвестициялық портфелінің кірістілігі 1,39% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 1,85% болған кезде үстеме кірістілік (-)45 базистік тармақ болды.
АҚШ долларымен көрсетілген алтын валюта активтерінің инвестициялық портфелінің кірістілігі 1,10% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 1,55% болған кезде үстеме кірістілік (-)45 базистік тармақ болды. 2010 жылдың аяғында инвестициялық портфельдің активтерін құралдар бойынша бөлудің мынадай құрылымы болды: ақша жəне оның баламалары - 2,62%, мемлекеттік бағалы қағаздар - 94,44%, агенттік бағалы қағаздар - 2,94%, ХҚҰ БҚ - 0,00%, корпоративтік бағалы қағаздар - 0,00%. Инвестициялық портфельдің активтерін кірістілік қисығын бөлудің мынадай құрылымы болды: 1 жылдан аз - 17,02%, 1-2 жылғы - 47,46%, 2-3 жылғы - 27,06%, 3-4 жылғы - 0,00%, 4-5 жыл - 0,40%, 5 жылдан астам - 8,06%.
Абсолюттік кірістілік портфелі. Алтын валюта активтерінің абсолюттік кірістілік портфелінің нарықтық құны жылдың басында 390,8 млн. АҚШ долл., ал 2010 жылдың аяғында 393,3 млн. АҚШ долл. құрады. Алтынвалюта активтерінің абсолюттік кірістілік портфелінің кірістілігі 2010 жылы 0,64% болды. Бұл ретте эталондық кірістілік 0,35% болған кезде үстеме кірістілік 29 базистік тармақ болды. Инвестициялық кіріс (іске асырылған жəне іске асырылмаған) 2 510,3 мың АҚШ долл. болды.
Алтын валюта активтерінің өтімділік портфелінің нарықтық құны 2010 жылдың басында 9 772,1 млн. АҚШ долл., 2010 жылдың аяғында 4 535,5 млн. АҚШ долл. болды. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын жүргізуге арналған жəне барлық ағындар жəне түрлі төлемдер де ол арқылы жүзеге асырылады. Осы портфель алтынивалюта активтері портфельдерінің кірістілігін бағалауға қосылмайды жəне эталондық портфелі жоқ.
Алтын валюта активтерінің алтын портфелінің нарықтық құны 2010 жылдың басында 2 500,7 млн. АҚШ долл., ал 2010 жылдың аяғында 3 052,2 млн. АҚШ долл. болды. Портфель көлемінің өзгеруіне алтынның бір жылдағы бағасының бір троя унциясы үшін 1 104,00 АҚШ долл. деңгейінен 1 410,25 АҚШ долл. деңгейіне дейін өсуі ықпал етті [4, 60б.].

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау және реттеу

Валюталық реттеу және валюталық бақылау жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 2009 жылғы 4 шілдеде қабылданды. 2009 жылғы 11 тамызда қолданысқа енгізілген Заң мыналарды көздейді:
- валюталық реттеуді одан әрі ырықтандыру және әкімшілік рәсімдерді
жеңілдету;
- валюталық түсімді репатриациялау талаптарын жеңілдету және репатриациялау талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту;
- валюталық реттеу шараларының спектрін кеңейту, олар елдің қауіпсіздігіне және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда қолданылады [5].
1 - суретте Қазақстан Республикасының бақылау жүйелері көрсетілген.
ҚР валюталық бақылау бойынша өзгерістер

Валюталық реттеу шараларының спектілерін кеңейту
Валюталық түсімді репатриациялау
Валюталық реттеуді одан әрі ырықтандыру

1 - сурет. Валюталық реттеу және валюталық бақылау жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсаттары
Валюталық реттеуді ырықтандыру және валюталық бақылау рәсімдерін жеңілдету мақсатында мына шаралары көзделген:
- бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету бойынша қызметті лицензиялауды алып тастау (бажсыз сауда дүкендері, халықаралық тасымалдаулар кезінде жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету);
- резиденттер арасындағы тазартылған алтынмен операцияларға шектеулерді алып тастау;
- жеке тұлғалар үшін шетелдік банктерде банк шоттарын ашу туралы хабарламаны талап етудің күшін жою;
- заң аясындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы тіркеу, хабарлау және паспорттау бойынша шекті мәндерді ұлғайту мүмкіндігі;
- заң аясындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы тіркеуге және хабарлауға жататын операциялардың тізбесін қысқарту мүмкіндігі;
- банктер және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін клиенттердің операциялары туралы хабарлау рәсімдерін жеңілдету.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру және репатриациялау талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Заңмен:
- репатриациялау талаптары және репатриациялау мерзімі ұғымдары нақтыланды;
- келісімшарттың талаптарына қарай репатриациялау мерзімін дербес есептеу құқығы сыртқы сауда келісімшарттың тарабы ретінде резидентке берілді;
- Қазақстандық банктердің шотына түсімдер есептеуді болжамайтын,
бірақ репатриациялау талаптарын орындауға теңестірілетін жағдайлардың толық тізбесі белгіленді;
- сыртқы сауда келісімшарттары бойынша валюталық қаражатты қайтармағаны үшін жауапкершілік нақтыланды. Атап айтқанда, әкімшілік жауапкершілік қайтармау сомасы баламасы 50 мың долл. (бұрынғы 10 мың долл.) асқан кезде, ал қылмыстық жауапкершілік - егер қайтармау сомасы 10 мың АЕК (бұрынғы 5 мың АЕК) асатын болса қолданылады.
Заң арқылы валюталық шектеулерді енгізуге қатысты бөлігінде дағдарысқа қарсы шаралар кеңейтілді және барынша нақты айқындалды, оларды Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне және оныћ қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіпті болдырмау үшін Мемлекет басшысы енгізеді. Арнайы валюталық режим ұғымы енгізілді, нақты шаралардыћ тізбесі берілді, олар арнайы валюталық режим шеңберінде қолданыла алады, оны қолдану кезеңінің ұзақтығы шектелген және арнайы валюталық режим талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік айқындалған.
Бұдан басқа, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар ретінде халықтың мүддесін қорғау мақсатында Заңға айырбастау пункттері өткізетін операциялар бойынша шекті рұқсат етілген маржаны белгілеу құқығын Ұлттық Банкке беретін норма енгізілді.
Осылайша, қабылданған Заңның, бір жағынан, бизнес жүргізуді жеңілдететін, екінші жағынан, егер экономикалық жағдай өткізуді талап етсе, дағдарысқа қарсы шараларды қолданудың тиімділігін арттыратын нормалары бар.
Ұлттық Банк Заңды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының мынадай қаулыларын қабылдады: Заңда лицензиялау режимінен қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыру және қызмет көрсету жөніндегі қызметті алып тастаудың көзделуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бљлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысының күші жойылды деп тану туралы 2009 жылғы 24 шілдедегі № 68 [6, 93б.].
Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78, онда айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу бойынша Ұлттық Банктің функцияларын жүзеге асыру механизмі және айырбастау пункттерінің операциялары бойынша барынша рұқсат етілген маржаны және осындай талаптар белгіленуі мүмкін валюталардың түрлерін Ұлттық Банктің белгілеу тәртібі айқындалды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 24 тамыздағы № 77, онда мәмілелерді паспортизациялау бойынша шекті мәнді 10 мың доллардан 50 мың долларға дейін көтеру, сондай-ақ репатриация ұғымын, репатриациялау мерзімін нақтылау, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қолдануды нақтылау арқылы валюталық репатриациялау талаптарын жеңілдету көзделген.
Валюта нарығында Ұлттық ішкі нарықтағы операцияларды жүзеге асырады, яғни жаңама реттеуді жүргізеді, оларға келесілер жатады:
- Валюталық СВОП;
- Кері РЕПО. Ол 2 - суретпен өрнектелген [3, 114б.].
Ішкі нарықтағы операциялары

Валюталық СВОП
Кері РЕПО

2 - сурет. Ішкі нарықтағы операциялардың мазмұны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 24 тамыздағы № 76. Қаулыда капитал қозғалысының валюталық операциялары үшін шекті мәнді ұлғайту көзделген, ол көтерілген кезде олар тіркелуі не хабарлануы тиіс: капиталдың әкетілуі бойынша операциялар үшін шекті мән 50 мың доллардан 100 мың долларға дейін, капиталдың әкелінуі бойынша операциялар үшін шекті мән 300 мың доллардан 500 мың долларға дейін ұлғайтылды.
Уәкілетті банктердің Ұлттық Банкке клиенттердің төлемдері және (немесе) аударымдарды туралы ақпаратты ұсынуы бойынша рәсімдерді оңтайландыру мақсатында қаулыда хабарлауға жататын, валюталық операциялар (шетел банктерінде жеке тұлғалардың шоттарын ашу; жұмыстар экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде резиденттер және резидент еместер арасындағы төлемдер) бойынша төлемдер жөнінде есептілік нысанында ақпарат ұсыну көзделген.
Заң және заң аясындағы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін банктер және сыртқы экономикалық қызметті жњзеге асыратын ұйымдар үшін валюталық заңнамадағы өзгерістерді түсіндіретін бірқатар семинарлар өткізілді [7].

1.3 Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары

Ішкі валюта нарығында 2010 жылы Ұлттық Банк көбінесе шетел валютасын сатушы ретінде көрінді. 2010 жылы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банктің нетто-сатуы 5,4 млрд. долл. болды. Бұл ретте, егер қаңтар - қазан бойынша Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында шетел валютасының ұсынысын көздеген болса, 2009 жылғы қараша-желтоқсанда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар жүргізді, олардың көлемі бұл кезеңде 4 млрд. долл. жуық болды.
Ұлттық Банк 2010 жылы қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдады. Банктерге қысқа мерзімді теңгелік өтімділікті беру бойынша, сондай-ақ Ұлттық Банктің банктерді қайта қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.
1 - кесте. Банктерге берілген қайта қаржыландыру заемдары бойынша өтелмеген берешектің көлемі
млрд.тг
Жылдар
2008ж
2009ж
2010ж
Валюталық СВОП
135
440
20
Кері РЕПО
17
120
405
Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің жылдық есебі 2010 ж
1 - кестеде көрсетілгендей, 2010 жылдың аяғындағы жағдай бойынша банктердің кері РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген көлемі 404,9 млрд. теңге болды. Валюталық СВОП 2009жылы 2008жылмен салыстырғанда 305млрд.тг-ге ұлғайғанған. Ал кері РЕПО 103-ке жоғарылады. 2010жылы 2009ж -мен салыстырғанда валюталық СВОП 420 млрд.тг-ге төмендеді. Керісінше кері РЕПО болса 285 млрд.тг-қа жоғарлады.
Осы жылы Ұлттық Банк банктерге кері РЕПО операциялары жəне 2010 жылғы қаңтар-ақпанда - СВОП операциялары арқылы қайта қаржыландыру заемдарын ұсынды. Кері РЕПО операцияларының жалпы көлемі 2010 жылы 5,9 трлн. теңге, СВОП операциялары - 1,4 трлн. теңге болды. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн жəне 1 ай мерзімімен өткізілді.
2010 жылғы наурызда Ұлттық Банк банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы ақша қалдықтарына кепілген берілген валюталық СВОП жəне СВОП операцияларын жүргізуді тоқтатты.
Ақша базасының 2010 жылы кеңеюі 60,7% құрады, ақша массасы 17,9%-ға, айналыстағы қолма-қол ақша 6,5%-ға артты. Қолма-қол ақшаны шығарудан жəне алудан болған эмиссиялық нəтиже 2010 жылы оң болып қалыптасты, соған қарамастан 2009 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ол 2 еседен аса азайды [8].
Қазақстан Республикасының төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 2010 жылы төлемдер саны бойынша 6,1%-ға жəне төлемдер сомасы бойынша 12,6%-ға ұлғайды. Айналыстағы төлем карточкаларының саны 6,2%-ға өсті.
Кері РЕПО операцияларын жүргізу кезінде кепілдікпен қамтамасыз ету тізбесі түзетілді, оған мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстанның ұлттық компанияларының, шетелдік мемлекеттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, Қазақстан ипотекалық компаниясы АҚ-ның, Қазақстан Даму Банкі АҚ-ның, Еуразиялық даму банкі АҚ-ның облигациялары, сондай-ақ эмитенттері мемлекеттің тікелей 100% меншігіндегі банктердің немесе Самұрық-Қазына ұлттық əл-ауқат қоры АҚ-ның немесе ҚазАгро Ұлттық басқару холдингі АҚ-ның борыштық бағалы қағаздары кіреді.
2 - кестеде 2006-2010 жж аралығындағы Ұлттық Банк операцияларының сальдосы
млрд. тг

Жылдар
Ақша нарығындағы Ұлттық банк операцияларының
Сальдосы (- - алу, + - тенгелік өтімділік)
Ұлттық Банктің валюта нарығына қатысуы (-- валютаны нетто-сату, + - валютаны нетто - сатып алу )
Өтімділікті таза алу (-- өтімділікті алу, +- тенгелік өтімділікті ұлғайту)
2006ж
211,2
-48,6
162,6
2007ж
-997,8
1271,1
273,2
2008ж
646,5
-771,7
-125,2
2009ж
425,8
404,8
830,6
2010ж
-596,1
-729,9
-1326,0
Ескерту: кесте мәліметтері www.nationalbank.kz сайтынан алынған
2 - кесте. 2006-2010 жж ішкі нарықтағы Ұлттық Банк операцияларының сальдосы
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді қорытындылай келе, ақша базасы 2010 жылғы қарашада Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің жəне таза ішкі активтерінің төмендеуі есебінен 13,5% тарылды жəне 2372,6 млрд. теңге (жыл басынан бастап - тарылуы 3,2%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2023,4 млрд. теңгеге дейін 12,6% тарылды. Ал осы жылдың қазан айында ақша массасы 3,0%, 8660,0 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің, сол сияқты таза ішкі активтерінің ұлғаюына себепші болды. 2010 жылғы қазанда айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 0,9% өсті жəне 1096,0 млрд. теңге болды, банк жүйесіндегі депозиттер 7564,0 млрд. теңгеге дейін 3,3% ұлғайды [8].
Айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің өсу қарқындарымен салыстырғанда депозиттердің өсуінің басым қарқындары ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің 2010 жылғы қыркүйектегі 87,1%-дан 2010 жылғы қазанның қорытындылары бойынша 87,3% дейін ұлғаюына себепші болды. Ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасының барынша жоғары кеңею қарқыны салдарынан ақша мультипликаторы 2010 жылғы қыркүйектегі 3,32-ден 2010 жылғы қазанда 3,16-ға дейін төмендеді.
Кассалық айналымдардың шығыс бөлігінің баптарында тауарлар, қызмет көрсетулер жəне жұмыстар, ауылшаруашылық өнімдері үшін ақы төлеуге жеке тұлғалардың салымдары жəне жеке мен заңды тұлғаларға заемдар бойынша шоттардан берулер азайды. Банктердің кассаларына қолма-қол ақшаны қайтару коэффициенті 2009 жылғы 96,8%-ға қарағанда 95,3% құрады.
Банктердің кассаларына қолма-қол ақша қаражаты түсуінің негізгі үлесін мына түсімдер құрайды:
- тауарларды, қызмет көрсетулерді жəне орындалған жұмыстарды сатудан - 2 238,8 млрд. теңге немесе банктердің кассаларына қолма-қол ақша түсімдерінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі. Осы бап бойынша қолма-қол ақша кірісінің өткен жылмен салыстырғанда азаюы 5,5%-ды (129,5 млрд. теңге) құрады;
- шетел валютасын сатудан - 7,9% (133,6 млрд. теңге) ұлғайып, 1 815,6 млрд. теңге;
- жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға - 5,6%-ға (95,2 млрд. теңге) төмендей отырып, 1 593,6 млрд. теңгені (үлестік көрсетумен 16,5%-ды) құрады.
Банктердің кассаларына қолма-қол ақша түсу баптары арасында неғұрлым төмендеу тауарларды, қызмет көрсетулерді жəне жұмыстарды сатудан түскен түсімдерге, жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың заемдарын өтеуге тиесілі - 50,8 млрд. теңге немесе 22,5% болды.
Банктердің касса айналымдарының шығыс бөлігінің басым баптары мыналар болып қалуда:
- банкоматтарды толықтыру үшін беру - 2 635,0 млрд. теңге, немесе банктердің кассаларынан қолма-қол ақша берудің жалпы көлемінен 26,0%. Осы бап бойынша қолма-қол ақша берудің ұлғаюы 20,4%-ды (446,1 млрд. теңге) құрады.
- жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттардан беру - 1 725,6 млрд. теңге (үлестік көрсетумен - 17,0%). Алайда осы бап бойынша 94,0 млрд. теңге (5,2%) мөлшеріндегі төмендеу байқалды;
- тауарлар, қызмет көрсетулер жəне орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге қолма- қол ақша беру - 1 398,0 млрд. теңге немесе банктердің кассаларынан қолма-қол ақша берудің жалпы көлемінің 13,8%-ы болды. 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда азаю 207,2 млрд. теңгені немесе 12,9%-ды құрады. Кредит нарығында ресурстардың болмауынан туындаған іскерлік белсенділіктің төмендеуі тауарлар, жұмыстар жəне қызмет көрсетулерді сату көлемінде көрінді [8].
2010 жылы кредиттеуді шектеуге байланысты жеке жəне заңды тұлғаларға заем берудің 43,5%-ға (50,0 млрд. теңге3.12 0) төмендеуі, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдері үшін ақы төлеу үшін берудің 63%-ға (67,5 млрд. теңге) ұлғаюы банктердің кассалық айналымдарындағы ерекше сипат болды.
Ішкі валюта нарығы 2010 жылы Ұлттық Банктің теңге бағамын ұстап тұруға барынша аз қатысқан кезде дамыды. Валюталық дəліздің болуы аса маңызды рөл атқарған жоқ. Теңге бағамының нарықтағы ауытқу ауқымы айтарлықтай тар болды жəне оның мəндері 2010 жылғы ақпанда кеңейтілген валюталық дəліздің шекті мəндеріне жақындамады.
Тұтастай алғанда 2010 жылы ішкі валюта нарығындағы ахуал шетел валютасына ұсыныстың оған сұраныстан асып кетуі жағдайында қалыптасты. Жылдың ортасы ғана ерекшелік болып табылды. Шетел валютасына ұсыныстың асып кетуінің негізгі себебі Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының əлемдік бағаларының өсуіне жəне шетелдік капитал ағынының өсуіне байланысты тауарлар экспортынан түскен түсімдердің ұлғаюы болды. Қазақстан экспортының негізгі позицияларының əлемдік бағалары өсуінің жаңаруына байланысты жыл басынан бастап ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Мамыр жəне маусым айларында тренд өзінің бағытын ауыстырды. Шілдеден бастап жылдың аяғына дейін теңгенің тұрақтылығы байқалды.
Төмендегі диаграммада 2010 жылы теңгенің бір АҚШ доллары үшін орташа алынған айырбастау бағамы 147,35 теңге болды. Биржалық бағам бір АҚШ доллары үшін 147,50 теңгені құрады. Теңге бір жыл ішінде АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсетумен 0,65%-ға нығайды. 2010 жылы теңгенің бір еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 8,27%-ға, Ресей рубліне - 1,63%-ға нығайды (3 - сурет).

3 - сурет. Теңге бағамының АҚШ долларына, еуроға жəне Ресей рубліне динамикасы өткен айға %-бен
2010 жылы биржада жəне сол сияқты банкаралық нарықта шетел валютасымен операциялар көлемінің ұлғаюы байқалды. Мəселен, доллар позициясындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 29,0%-ға ұлғая отырып, 60,63 млрд. АҚШ долл. құрады. Биржадан тыс валюта нарығында резидент банктер мəмілелерінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өсіп, 52,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Ресей рублімен жəне еуромен операциялардың валюта нарығының биржалық жəне биржадан тыс сегменттері айналымындағы үлесі шамалы болды. Биржа нарығында Ресей рублімен операциялар көлемі 5,7 млрд. Ресей рубліне дейін 4,7 есе ұлғайды, еуромен операциялар көлемі 193 млн. еуроға дейін 2,7 есе төмендеді. Биржадан тыс валюта нарығында Ресей рублімен конверсиялық операциялар көлемі 4,6 млрд. ресей рубліне дейін 21,0%-ға ұлғайды, еуромен конверсиялық операциялар көлемі 557,7 млн. еуроға дейін 11,4%- ға төмендеді [8].
2010 жылдың аяғында ТМД елдері валюталарының қоржынына есептелген НТАБ индексі 2009 жылғы желтоқсанның аяғындағы индекстен 2,4%-ға жоғары болды, ал қалған елдердің валюталарына қатынасы бойынша теңге нақты көрсетумен айтарлықтай, 9,9%-ға нығайды.
4 - суретте теңгенің нақты айырбастау бағамдарының индекстері 2000 -2010 жж аралығындағы ауытқулар көрсетілген.

4 - сурет. Теңгенің нақты айырбастау бағамдарының индекстері 2000 жылғы желтоқсан = 100%
Жоғарыдағы диаграмманы қорытындылай келе, егер де 2000 жылы айырбастау бағамын 100% алсақ, онда 2001-2010 жж өзгерістерді көруге болады. Байқағанымыздай ең жоғарғы көрсеткіш АҚШ долл.құрады. Келесі көрсеткіш Еуро. Ал ең төменгі көрсеткішті Ресей рублі құрады.
Сауда əріптестері елдердің үлес салмақтары негізінде есептелген НТАБ индексі мұнаймен сауданы қоспағанда базалық деңгейден 4,5% жəне 2009 жылғы желтоқсандағы деңгейден 6,1% жоғары болды. Осы индекстің талдау мақсатында, айырбастау бағамы өзгерістерінің сыртқы сауда көлемі мен құрылымына əсер етуін неғұрлым барабар бағалау үшін есептелетінін атап өткен жөн, себебі мұнай жəне газ конденсаты бойынша айырбастау бағамдарының экспортерлердің немесе импортерлердің бəсекелестік басымдықтарына əсер етуі шамалы [8].
Бұл бөлімді қорыта келе, Қазақстан Республикасының валюта нарығының жағдайы тұрақты позицияны ұстауда. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады. Қазақстандағы валюта нарығының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйымдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Осындай база Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 2009 жылғы 4 шілдеде қабылданды. Бөлімде валюта нарығының қалыптасуы мен оның дамуы, валюталық реттеу және валюталық бақылау жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсаттары бойынша шаралар, қазіргі таңдағы жаңдайы түбегейлі қарастырылған.

2 Казкоммерцбанк АҚ-ң валюталық операцияларды талдау
2.1 Банктің құрылымы және қызмет көрсету аясы

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.
2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19,5% құрады.
Қаражатты тартудың негізгі көзі - банк депозиттері болып табылады. Олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы нөмер бірінші банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі. Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді). Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда (Қазкоммерцбанк Қырғызстан ЖАҚ), Ресейде ( Москоммерцбанк КБ) және Тәжікстанда (Қазкоммерцбанк Тәжікстан ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA, MasterCard (CirrusMaestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны - 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті [10, 4б.].
Қазіргі Қазкоммерцбанк (ары қарай - Банк) Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде Медеу Банкі АҚ (Медеу банкі) деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - Қазкоммерцбанк ААҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен 1991 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Халықаралық валюталық өтімділік
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Бағалы қагаздар нарығының кәсіби мамандары
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Қазақстан Республикасының валюта нарығының қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы валюталық нарықтың қалыптасуы мен дамуы
Еркін және тағайындалған валюта нарықтары
Қаржы нарығының құрылым
Пәндер