Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мақал-мәтелдер - халық даналығы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Негізгі бөлім. Мақал-мәтелдер - тәрбие құралы
1. 1 Мақал-мәтелдердің зерттелуі . . . 5
1. 2 Бала тәрбиесінің түп негізі - мақал-мәтелдерде . . . 12
2 Практикалық бөлім. Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2. 1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні . . . 15
2. 2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы . . . 22
2. 3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру . . . 29
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 38
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі « . . . білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет [1] . Бұл оқушылардың ана тілінде жатық таза сөйлеуіне, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсер етеді.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, мақал-мәтелдер оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Мақал-мәтелдер оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар ана тілінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның өзі мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мақал-мәтелдерді меңгеру барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді. Сондықтан оқыту барысында мақал-мәтелдерді қолдану - қазақ тілі, ана тілі пәндерін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі.
Зерттеу мәселесі . Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жана технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі - қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына.
Зерттеу мақсаты: мақал мәтелдерді оқыту әдістерді
Зерттеу міндеттері:
- Мақал-мәмелдер туралы түсінік;
- Мақал мәтелдердің тәрбиелік мәні;
- Мақал мәтелдердің шығуы және оны қазақ әдебиетінде оқытылуы туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қортынды мен пайдаланыдған әдебиеттерден тұрады.
1 Негізгі бөлім. Мақал-мәтелдер - тәрбие құралы
1. 1 Мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ мақал-мәтелдері - ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат - ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса - ат тынар, ұл ер болса - ата тынар» дейтін мақалдарды [5], ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз.
Алайда ертедегі құлпытастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық жадында ауызша айтылып сақталған.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - ХІХ ғасырдың екінші жартысы - Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Шоқан Уәлиханов. Ш. Ш. Уәлиханов пен Л. И. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл - дария, көңіл - дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын көріп қорланады» деген сияқты ондаған мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны жинап жариялаушылар: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. Лютшь, Ф. Плотников, Н. И. Гродеков, А. А. Васильева, П. М. Мелиоранский, А. А. Диваев, Н. Ф. Катанов, Н. Н. Фантусов, В. В. Катаринский т. б. болды.
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде мақал-мәтелдер жарияланған Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын орны ерекше.
Хрестоматияда қазақ мақал-мәтелдерінің ең таңдаулары іріктеліп жарияланған және адам туралы, әйел, бала, ата-ана мен туыстар, байлық пен кедейлік, достық пен денсаулық деп он шақты тақырыпқа бөліп, жүйелеп түзілген. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин тек оқу-ағарту ісіне емес, сонымен қатар халық мұрасын іріктеп, сұрыптап, реттеп жариялауға да үлкен үлес қосты.
Сол сияқты В. Катаринскийдің Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка Тургайской области на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ мақалдарының жинағын да атай кеткен жөн. Бұл жинақта оған дейін жарық көрген қазақ мақалдары мен мәтелдері жинақталған - бір мың бес жүздей мақал-мәтел жарияланған [6] .
Халықтық нұсқалары таңдап алынып, тақырыптық принцип бойынша түзілген бұл екі басылым қазақ мақал-мәтелдерінің кейінгі жинақтарына үлгі болды, жол ашты.
Жоғарыда аталған жинақтардың бір артықшылығы - оларда мақал-мәтелдер ел арасында қалай айтылса, ешбір өңдеусіз, өзгертусіз сол қалпында жазып алынған да, іріктеп-сұрыптап жарияланған, көне, бөгде сөздерге түсініктер және қазақша мәтінімен қатар орысша аудармасы берілген. Сосын қай жерден жазып алынғаны көрсетіліп, әр уездің мақал-мәтелдері бөлек топталған.
Баспасөзі кенжелеп дамыған халықтардың тілін, тұрмысын, салтын, кәсібін т. б. зерттеп білу үшін құрылысы ерте қалыптасқан мақал-мәтел сияқты ескі әдеби мұраны өзгертпей, өз қалпында жазып жариялаудың және материалдың қайдан, кімнен жазып алынғанын көрсетіп отырудың ғылыми мәні үлкен. Оның үстіне әдеби нұсқаны қазақ тілінде жариялаумен қатар, орысша аудармасын беру де жинақтардың құнын арттыра түскен.
Алайда халық шығармасын жинаушы жариялаушылардың осындай игілікті істерінде кейбір кемшіліктер де орын алған. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті нұсқаларын жаттап, сақтап келген және жаздырған әңгімешілер мен жыршылардың аты-жөндері аталмаған, айтушы, жаздырушылар жөнінде ешқандай дерек, мәлімет берілмеген. Тағы бір кемшілік, аталған жинақтардың көбінде мақал-мәтелдің шығу тарихын, әдеби мәнін түсіндіргендей жарытымды түсініктер, алғы сөздер жазылмаған.
Қазақ фольклорының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты жиналып, молынан жариялана бастады.
Ташкентте 1927 жылы «Қазақ мақалдары» (құрастырушы Әбубәкір Диваев) [7], Алматыда 1935 жылы «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» (құрастырушы Өтебай Тұрманжанов) [8], 1950 жылы «Қазақтың мақал-мәтелдері» (құрастырушы Балым Ақмұқанова) атты жинақтар басылды [9] . Содан бері мақал-мәтел нұсқалары мезгіл-мезгіл қайталап, толықтырылып басылып келеді.
Мақал-мәтелдердің басылымдарына тән ерекшеліктер бұларда материалдар идеялық мазмұнына, көркемдік құндылығына қарай елеп-екшеп алынған, тақырыптық принциппен жүйелеп берілген. Барлығында дерлік түсіндірме, алғы сөздер бар.
Бұл жерде қазақ ауыз әдебиетінің жанашыры жазушы Өтебай Тұрманжановтың еңбегін ерекше атау ләзім. Ол ескілі-жаңалы газет-журналдарда, жинақ-кітапшаларда бұрын-соңды жарияланған, әдеби-тарихи архивтерде қолжазба күйінде жатқан және ел аузынан өзі жинаған қазақ мақалдары мен мәтелдерін іріктеп-сұрыптап, белгілі жүйеге салып, үнемі толықтырып жариялап келді. Ө. Тұрманжанов құрастырған мақалдар мен мәтелдер жинақтары идеялық және көркемдік жағынан таңдап алынуымен, тақырыбы мен мазмұнына қарай жүйелеп берілуімен, басқа жинақтарға қарағанда толықтығымен дараланады.
С. Сейфуллин мақал-мәтелдері шешендік сөздердің бір саласы, жалғасы ретінде қарайды. Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, зерттеуші жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да, - дейді Сәкен, - сол заманның тұрмысының қандай болғанын, сол тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет болғанын көрсетеді. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» деген ерекше сөздер - әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол заман тұрмысынан туған мұратына ұсай туды деген сөзді қуаттайды» [11; 295] .
Демек, әдеби мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен тығыз байланыста қаралып, бағалануға тиіс.
Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М. Әуезов - қазақ мақал-мәтелдерінің алғашқы зерттеушілерінің, оның ішінде ең беделді ғылыми пікір айтқандарының бірі. Ол «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген еңбегінде халық шығармашылығының бұл түрін жеке дербес тарау етіп алып, талдаған. Мақал-мәтелдердің басқа халықтарда да барын ескере келіп, М. Әуезов: «Мұның қазақтағы түрінің өзіндік ерекшеліктері мол . . . Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығына қайран қаласың. Мағына, мәні де мейлінше терең болады», - дейді [10; 28] . Сөйтеді де, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» сияқты мақалдардың ішкі ұқсастықтарының күштілігіне жұртшылық назарын аударады.
Зерттеуші қазақ халқының ғасырлар бойы қорланған қазынасынан жиналып, қағазға түскенінен, әлі күнге дейін ел ішіндегісі, хатқа түспегені көп екенін айта келіп, оқырман қауымға соларды жинау, жалпақ елдің жан-жақты игілігіне айналдыру парыз екенін де ескертеді.
«Қазақ мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі, - деп көрсетеді М. Әуезов, - оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар мен сарындардың мол ұшырасатындығы. Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді болып шығады». Автор бұл пікіріне дәлелді, нақты мысалдар келтіреді [10; 401] . Алайда қазақ фольклористикасының негізін салушылар мақал-мәтелдердің кейбір ерекшеліктерін анықтап, оған жоғары баға бергенмен, олардың жанрлық табиғатына тоқталмайды.
Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» (Алматы, 1948) басылған Белгібай Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты ғылыми очеркінен басталады [12] . Онда зерттеуші қазақ мақал-мәтелдерін малшылық, аңшылық және егіншілік секілді негізгі тақырыптарға бөліп талдайды. Олардың тәрбиелік, білім берерлік мәніне, қызметіне көңіл бөледі. Мақал мен мәтелдің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, әрқайсысына тиісті анықтама береді. «Мақал дегеніміз, - дейді Б. Шалабаев, - тағлым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем . . . Мәтел дегеніміз де өнеге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы - мағынасы ашық болмай, ишарамен айтылатындығы, сөйлемнің толымсыз болып келуі» [12; 286-287] .
Халық, қоғам - кең ұғым. Халық тұрмысының айнасы мақал-мәтелдерде осы қоғамдық топтардың, таптардың арасындағы қайшылықтар, тартыстар бейнеленеді. Байлар «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деп кедейлерді кемсітсе, кедейлер «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деп байларды кекетеді. М. Ғабдуллиннің монографиялық еңбегінде осының барлығы мол мысалдармен дәлелденген. Автор өзінің педагогикалық ой-пікіріне лайық парасаттылықты, білімділікті, саналылықты уағыздайды; өнер-білімге, ерлік-еңбекке, бірлік-ұйымшылдыққа тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді түсіндіруге, насихаттауға ерекше көңіл бөлген, мақал-мәтелдердің эстетикалық мәнін, маңызын ашып, айқындап берген. Алайда, бұл еңбекте де қазақ мақал-мәтелдерінің даму тарихы, поэтикалық құрылысы жеткілікті қамтылмаған, зерттелмеген.
Мақалдар мен мәтелдер - мағынасы да, формасы да әлдеқашан қалыптасқан, өзгеріске онша тез ұшырамайтын тұрақты жанр. Фольклорлық мұраның даму дәуірін белгілегенде бұл ерекшеліктерді елемеуге, ескермеуге болмайды.
Жаңа мақалдар мен мәтелдерден көптеген мысалдар келтіре отырып талдау жасаған. Алайда қазақ мақалдары мен мәтелдері туралы әдебиет тарихы үшін жазылған соңғы очерк бола тұра, мұнда жаңа мәтелдердің шығу, қалыптасу жайы, әдеби-поэтикалық ерекшеліктері ашылмайды; тектес жанрлармен байланысты, көршілес халықтардың мақал-мәтелдерімен қарым-қатынасы анықталмайды.
Қазақ мақал-мәтелдерін ауыз әдебиетінің жанры ретінде зерттеу, табиғатын айқындау, көркемсөз өнеріне қатысты аспектілерімен қыр-сырларымен шұғылданушылар, негізінен, әдебиетші мамандар. Мақал-мәтелдердің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға ат салысқан әдебиетші ғалымдардың қатарында М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Б. Адамбаев, М. Әлімбаев, Н. Төреқұлов, Т. Кәкішев, З. Қабдолов, М. Базарбаев, С. Қасқабасаов, С. Нұрышев, Б. Ақмұқанова т. б. атауға болады.
Мақал-мәтелдердің табиғатын танып-білуге атсалушылардың екінші бір тобына тіл мамандарын жатқызуға болады.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады: а) тіл ішілік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әр тектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
Көптеген зерттеушілер мақал-мәтелдерді қашаннан зерттеп жатса да, түгел жинақтап, санын анықтау мәселесін күн тәртібіне қойған жоқ. Демек, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер аз емес, баршылық. Халық жазушысы М. Әлімбаевтың, фольклоршы Ө. Тұрманжановтың, Б. Адамбаевтың т. б. фольклортанушылардың халық даналығына қатысты рухани мұрасын зерделеп жүйелеу - болашақтың ісі.
1. 2 Бала тәрбиесінің түп негізі - мақал-мәтелдерде
Қазақтың көрнекті қайраткері, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлы: «Кемшілік болмас үшін әр ұлт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, өзге тілді оқыта бастайды» - деген еді [2] . Демек, жас ұрпақты ұлттық ерекшеліктеріндегі әдет, салт-дәстүрлерінен тәлім-тәрбие алуға негіз болатын ана тілі.
Қазақ халқы ауыз әдебиетінің бай мұрасында баланың дамуына, жалпы тәлім-тәрбиеге ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар. Бұл бай мұраны мұғалім баланың жас кезеңіне, дара ерекшеліктеріне сай, ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктей алуы керек.
Төменгі сынып оқушыларын ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту - ұстаздың басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынас жасауының алғашқы әліппесі, қадамы сәлем беруден, амандасудан басталатынын білу керек. Қазақ халкының сәлемдесу рәсімі ата-ананың, ағайын туманың, түгелдей ел жұрттың амандығын саулығын қамтитын мазмұнда болады. Дәстүр бойынша сәлемдесу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. «Сөз анасы -сәлем», «Көргенді бала алыстан сәлем береді» деген аталы сөздер баланы инабаттылықка, ізеттілікке тәрбиелейді. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан бір ерекшелігі - олар өз айналасындағы адамдардың бәрімен бауырмалдылықпен қарым-қатынас жасайды. Олар балалармен дос болуды қалайды. Баланың жас кезеңіндегі табиғи ерекшелігі адамгершіліктің ең төл қасиетін дамытуға, қалыптастыруға негіз болады.
Қазақ халқының туысқандық, бауырмалдылық қасиеті оның жеті атасын білуді талап етеді. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» , - деген халықтың дана сөзі бар. Сондай «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» - деген аталы сөз де бірліктің, бауырмалдылықтың белгісін білдіреді.
Бала тәрбиесіне байланысты қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер бар: шілдехана, балаға ат қою, тұсау кесу, атқа мінгізу, т. б. Көптеген дәстүрлердің ішінде ұлттық салтымызды бейнелейтін «Қонақ келсе - құт» деп халқымыздың қонақжайлылығын білдіретін дәстүр, өзінің бүкіл мазмұнымен, әдет-ғұрпымен, қонақ күту рәсімімен жоғары ұлттық-мәдени негіздерін, үйге келген қонақты бар ықыласпен, жылы жүзбен қарсы алу, күту, қадірлеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Сондықтан төменгі сынып оқушыларын қонақты күту, мерекелік күндерді өткізудің барысында ұлттық-мәдени сапалары туралы ұғымды қалыптастырып, іс-әрекетпен байланыстыру керек. Олар амандасу, құрмет көрсету, қонақ күту, дәмді тамақ пісіру, қонақасын салу рәсімі.
Қазақтың тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, мәні зор ертеден мерекеленіп келе жатқан ұлттық мейрамының бірі - «Наурыз мейрамы». Наурыз - парсы сөзі. Бұл қазақ тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-сі күні мерекеленеді, яғни, күн мен түннің теңесетін, қар еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа басы кеңіп, аузы аққа тиген. Сондықтан бұл уақытты жаңа жыл басы «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеген, зор қуанышпен қарсы алып отырған. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларына еңбек туралы алғашқы ұғымдарды, еңбектің қоғамдық мәнін, еңбек туралы баланың міндеттерін, оларға қамқорлық жасау, реттілікті, ұқыптылықты дағдыландыруда, нарықтық экономиканың алғашқы түсініктерін білуге, қазіргі жағдайда өзіне не қажет екенін білдіру арқылы оның ой-санасын, ақыл-есін, бағытын өмір сүруге дайындайды. Ол үшін, ауыз әдебиетінің «Еңбек-бәрін де жеңбек», «Байлықтың анасы-жер, атасы-еңбек» т. б. бай мұрасы арқылы ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының тұрмыс-тіршілік, еңбек саласындағы бай дәстүрін пайдалану керек. Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған.
Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек, отбасына байланысты тұнып тұрған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай, ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz