Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие
мәселелері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы
1.1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Ясауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік мәні, адамгершілік,
имандылық тәрбиесі туралы еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Қ.А. Ясауи мұраларын оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары
2.1. Білім беру барысында Қожа Ахмет Ясауи мұраларын пайдалану ... ... .25
2.2 Тәрбиелік іс-шаралар негізінде Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 35
Қолданылған әдебиеттері тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы
өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа
бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық
мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т.б.
құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып
әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше
байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді
халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай,
қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық
жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян.
Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған
халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-
тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне
сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған
тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен
егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты халыққа
арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе
білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін
айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару
қажеттігі айдан-анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімдік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу,
білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл
үшін оқушыларды жоғары сатыда зейінді оқытуды көздейтін ... білім беруге
көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауда.
Соңғы жылдары жекелеген ғұлама ғалым, ағартушы педагогтардың
педагогикалық рухани, мағнауи мұралары жан-жақты қарастырылан, зерттеу
нысанына айналуда. Өздерінің үлгілі өнегелі істерімен, ұлағатты сөздерімен,
қайырымды істерімен, мінез-құлықтарымен сол дәуірдің өзінде де иісі қазақ
жұртының зор құрметіне иеленген беделді, рухани, мағнауи көшбасшыларымыз
болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы да халық ағарту майданында ерекше
көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы салаларында өзіндік өшпестей із
қалдырған, туған халқының рухани адамгершілік, мағнауи үрдісіне бағыт-
бағдар беріп, жөн сілтеп, жол көрсеткен ерен қажырлы қайраткерлер. Олардың
мұралары туралы ғылыми зерттеулердің барлығы да уақыт талабына сай әрі
сәйкес дүниеге келген қажетті де құнды еңбектер екендігі даусыз әрі
талассыз. Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани
адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса
көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі
ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының
негізгі ірге тасын қалаушы Құл Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны
ерекше.
Құл Қожа Ахмет Ясауи - өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із
қалдырған, туған әдебиетіміз бен тіліміздің биік тұлғасы тұғырына
көтерілген ұлы ғұлама-ғалым, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай әдебиетіміздің
мәдениетіміздің, тіліміздің, дініміздің, діліміздің Ақиқатқа апаратын жол
бастаушымыз – Білім иесі өкілі.
Қ.А.Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен талантын, күш жігерін түркі
халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе келешек жас өскелең
ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама ғалым қаламгер. Оның әдеби,
мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ
әдебиетінің, тілінің қалыптасып, дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы
көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде Республикамыздағы
педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани
адамгершілік, мағнауи мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал
етуде. Міне соның нәтижесінде, ұлы ғұлама ғалым есімі өз кезінде біршама
түркі әлемінің мәдениетінің білім беру саласының тарихынан да ерекше орын
алды. Сондықтан да Құл Қожа Ахмет Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз
маңызын жоймай келуде.
Демек, аталған қайшылықтың шешімін табуда ұлы ғұлама ғалым, ұстаздың
бай педагогикалық идеяларын ғылыми педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
зерделеу біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың проблемасын құрайды.
Педагогикалық әдебиеттерде ұлы ғұлама-ғалым ұстаздың педагогикалық ой
пікірлерінің зерттелмеуі ғылыми зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін
айқындап, зерттеу тақырыбын Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық
еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері - деп алуымызға себепші
болды.
Зерттеу нысаны: Қожа Ахмет Ясауидің әдеби-қоғамдық, ғылыми танымдық,
рухани-адамгершілік, ағартушылық педагогикалық идеялары.
Зерттеу пәні: Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұралары және оларды оқу-
тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеудің мақсаты: Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылық, рухани
адамгершілік, мағнауи мұраларын, ұстаздық ағартушылық қызметін тарихи
педагогикалық тұрғыдан талдау, негіздеу, тәлім-тәрбиелік идеяларын жүйелеп,
үздіксіз білім беру саласына ендіруде тәжірибелік-эксперименттен өткізу,
оқу тәрбие үрдісінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Қожа Ахмет Иаасауидің өмірлік, қоғамдық қайраткерлік, ақындық,
ойшылдық, ұстаздық қызметтері мен шығармашылық іс-әрекетін саралап
қарастыру;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріндегі, шығармаларындағы, педагогикалық
ой-пікірлеріне талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысыман
негіздеу;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи
мұраларының тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми
әдістемелік, арналарын ашу және олардың әлеуметтік, саяси, рухани
ағартушылық мәнін айқындау;
- Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық ой-пікірлерін жалпы білім беретін
орта мектептегі және жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің
бағдарламасын құрастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларындағы
рухани адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеялары тарихы-педагогикалық тұрғыдан
талдау жасалынып жүйеленсе, онда педагогикалық ойлардың қорлары молайып,
орта және жоғары мектептердің педагогикалық үрдістеріне ендіру барысында
оқушы жастардың тәлімдік тәрбиелік деңгейлері көтеріледі. Қ.А.Ясауидің
құнды педагогикалық идеялары жалпы оқырман қауым, оқушылар мен
студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-
анасын, дінін, ділін, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық ұлттық
сезімдерін арттырып рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық
қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы,
іс-әрекет теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи
сабақтастығына, тарихи педагогикалық құбылыстарды және мәдени мұраны
зерттеудегі жүйелік теориясы, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тоеориясы
құрайды.
Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы
ой-пікірлердің заңдылықтары, қазақтың ұлттық дүниетанымы, рухани-
адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық мұралар негізіндегі
демократиялық-гуманистік қарым-қатынастарды айқындайтын құжаттар, жеке
тұлғаның қалыптасуына байланысты ғылыми тұжырымдар.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға арналған
Отандық және әлемдік өркениетті елдер педагогикасындағы тәлім-тәрбиелік
тұжырымдар мен ой-пікірлерді негізге ала отырып, жалпы білім беретін
мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары үрдісінде оқушыларды адамгершілк,
имандылық, инабаттылық құндылықтармен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде
әлеуметтендіру. Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізі ретінде жеке
тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, мектептегі оқу-тәрбие
жұмыстарымен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде болашақ өскелең жас ұрпақты
өмірге даярлау.
Зерттеу көздері: Келешек өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге
бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы,
тәрбие жұмыстары жөніндегі тұғырнамалар, зерттеу проблемаларына байланысты
болашақ өскелең жас ұрпақ тәрбиелеудегі озық та алдыңғы қатарлы
тәжірибелер, психолог, педагог, социолог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеудің әдістері: Тарихи философиялық, психологиялық, әдебиет-
танымдық, тарихи-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу
мәселесіне сай теориялық және ғылыми тұрғыда зерделеу, білім беретін орта
мектеп мұғалімдерінің, зерттеу нәтижелерін жүйелеу. Салыстырмалы - жүйелік,
тарихи-типологиялық, талдау және жинақтау әдістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығындағы ұлттық тәлім-тәрбиелік
идеяларға талдау жасалынып, жүйеленді;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларындағы білім және тәрбие берерлік
мәні тарихи-педагогикалық және ғылыми теориялық тұрғыдан айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұрасы үздіксіз білім беру жүйесіне
ендіріліп, нәтижесі қорытылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Тәрбие сағаты бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған
нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында
қолдану ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы
1.1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы

Қ.А.Ясауи оғыз қыпшақ тілдерінде сөйлейтін түркі халықтарының
бастауларының бірі болған – Ұлы әрі қасиетті тұлға. Оның жазған хикметтері
әлі күнге дейін сақталған, тілі сақталган өзімізбен туыстас халықтар
арасында кеңінен мәлім. Өкінішке орай, біз қазақ халқы олай мақтана
алмаймыз. Біздің халық, әсіресе соңғы буын Ұлы баба мұрасынан мүлде
хабарсыз. Әрине ол үшін біздің замандастарымызды кіналау да орынсыз.
Қ.А.Ясауи бабамыздың өмірбаянын қысқаша талдап өтетін болсақ,
бабамыздың арғы бабалары Әзіреті Әліден кейінгі Мұхаммед Ханафиядан
таралады. Енді бұл өңірге келген бабаларына келетін болсақ, сонау Ысқақ
баптан басталады екен. Кейінгі аталары Махмуд Шайх, одан Ибрахим Шайх. Міне
осы Ибрахим Шайх Сайрамдағы Мұса Шайхтың Айша атты қызына үйленеді. Осы
Ибрахим Шайхпен Айша отбасында кейбір деректерде үш, кейбірінде екі перзент
дүниеге келген. Олардың есімдері Гаухар, Қожа Ахмет және Садыр. Ол
замандарда Сайрам шаһарында ірі-ірі үш әулет тұрады екен. Шахтар әулеті,
Әмірлер мен Әзіреті Әлиге барып тірелетін Қожалар әулеті. Қ.А.Ясауидін
қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ 63-жастан кейін 116667 жылдары
дүние салған деген мағлұматтар бар, соған қарағанда 63 жастан кейін
қылуетке түскен болса, онда ол жер астында тағы да сонша өмір сүрген,
себебі бұл туралы өз Хикметтерінде жырлап өткен.
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.
Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым,
Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жарандардан пайда, көмек ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым
Хақтағалаға құлшылық қыла алмадым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Хикмет шумақтарында айтылғандай 63 жасында жер астына түскендігі, 125-
ке келгендігі дәлелденіп тұр. Соған қарағанда 1103 жылы туылып, 1128 жылы
дүние салған болуы мүмкін. Ол дүниеге әйгілі Диуани Хикметін осы
Қылуетте жатып жазған деген әңгімелер дс жетерлік.
Мұндай күйзеліске ұшырау себептеріміз, біріншіден кешегі Қожа молда,
дін иелерінен ат тоңымызды алып қашып, діннің пайдалы тұстарын ескермеуден,
зиянды деп санаудан туған теріс көзқарастың зардабы десек, екіншісі, Ұлы
ақынның өмірлік деректерінің жиналмай, ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетуінен дей аламыз. Әзірет Сұлтанның өзі мен шығармашылығы ғана
емес, оның үрім бұтағы да қудаланып, тоз-тозы шықты, сол дерек, шежірелерді
жинау былай тұрсын, оны талдап, ауызға алудың өзі өмірге қауіпті болды.
Сондықтан жұрт тек атейістік тұрғыдан болмаса, өзгеше ол кісі туралы ләм-
мим деп ауыз аша алмай келді. Енді еліміз тәуелсіздік алған бүгіндері ғана
архив қалтарыстарында қалған деректерді тауып алып әңгіме етуге мүмкіндік
ашылып отыр. Міне біз бұл жоғарыда әңгімелеп өткен және кейін сөз ететін
мағлұматтардың бәрі де осылай тырнақталып, жинақталган құнды дүниелер.
Қ.А.Ясауи бабамыз туралы ғылыми ізденістерді тереңдете түсуіміз қажет,
себебі біздің келешегімізге қажетті өте құнды ашылмаған құпиялар бар.
Қ.А.Ясауи алғашқы білімді өз әкесі Ибрахим Шайхтан алады. Одан кейін
Арыстан бабқа шәкірт болады. Ясауидің Хикметінде халық арасында таралған
аңызда да Арыстан баб – Қ.А.Ясауидің ұстазы емес, оған Мұхаммед
пайғамбардың аманатын тапсырушы.
Жиырма жеті жасында пірі – ұстазы Хамаданиді табады. Оның жанында көп
жылдар болып тәлім-тәрбие алады. Өзі Хикметтерінде айтып өткендей 34
жасында ғалым болады. Кейін Бұқарада Хамадани мектебінде біраз басшылық
еткен соң, туған елі Түркістанға қайта оралады. Мұнда келгеннен бастап, өз
мектебін ашады.
Қ.А.Ясауидің мұншалықты жоғары дәрежеге көтерілуіне себеп болған әрине
біріншіден өзіне Алладан берілген қабілеті мен дарыны, екіншіден осы жолға
бастаушы ұстаздары болуы керек. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін атасы
Ибраһим шайх Қожа Ахметті Шахабиддин Исфиджабий қолына шәкірттікке
тапсырады. Атасы ұстазға тапсырарда осы баламыздың еті сіздікі, сүйегі
біздікі тек артымызда Алланың ақ жолындагы бір мұсылман ұрпағы қалса
болғаны дейді. [6]
Қарашаш ана балаларының тәрбиесіне өте көп көңіл бөлетін болған,
Арыстан бабқа шәкірт болған кезінде де Хамаданиге аттанар кезінде де аналық
ақ батасын беріп шығарып салып отырған. Осы аналық ақ батаның себебі болар,
Ясауи дүниеге әйгілі ғұлама болып жетілді. Ол Арыстан бабқа жеті жасында
жолығады, бірақ біраз уақыт шәкірт бола алмайды. Кейін медреселерде оқуын
жалғастырып келесі ұстазы Хамаданиді көп жылдардан кейін табады. Ол уақытқа
дейін осы Сайрам, Түркістан медреселерінде білім алады. Ж.Хамаданидің
көптеген шәкірттері болған. Осы шәкірітердің ішінде Бұхарадаи Хамаданидің
төрт халифы ерекше көзге түскен. Олардың есімдері Хасан Андақи, Абдуллаһ
Баррақи, Қ.А.Ясауи және Абдулхалық Ғыждуани. Міне осы төрт шәкірті бірінен
соң бірі Хамадани мектебін басқарған. Хамаданидің шәкірттері сізден кейін
халифалыққа кімдер отырады деп сұрағанда, бірінші болып Хасан Андақи,
екінші Қожа Абдуллаһ Баррақи, үшінші Қожа Ахмет Ясауи халифалыққа иеленеді,
бірақ ол ұзақ отырмайды Түркістанға аттанады және өз мектебін ашады, ал
төттінші болып Абдулхалық Ғыждуани халифалыққа көтеріліп, бұл мектепті
басқарады деген екен. Дәл солай болады, Қ.А.Ясауи өз мектебін ашып Ясауиа
қауымдастығын құрады. Бұл келешекте сопылық ағымының Ясауиа жолына
ұласады.
Қ.А.Ясауидің Халифалары және жолын қуушы ізбасарларына келетін болсақ,
ол өзінен кейін Мұхамммед с.ғ.с пайғамбар, Жүсіп Хамадани сияқты
ұстаздарындай, атақты төрт халифаны дайындап қалдырды. Олар, Мансұр Ата,
Саъид ата, Суфи Мухаммад Данишманд және Хаким ата Сулеймен Бақырғани.
[14]
Бұлардан басқа, көптеген шәкірттерімен жолын қуушылары да бар. Олар
Ұзын Хасан ата, Сайид ата, Исхақ ата, Садр ата, Әлемин баб, Маудуд шайх,
Камал шайх иқани, Хадим шайх Абдул Малик ата, Таж Қожа, Зеңгі ата,
Бахауиддин Нақшбанд, Қажы Бектас, Жүніс Әміре, Сары Салтұқ, т.б.
Сонымен қатар, түркі тілдес халықтардың ішінен Ясауиден кейін Хаким
атадан бастап көптеген ғұлама ізбасарлардың есімдерін тізбектеп шығуға
болады. Раджи, Жүніс Әміре, Машраб, Қожа Ахмет, Шамс Узанди, Факири, Байза,
Бехдуди, Шухуди, Туфайли, Қасим және басқалар. Тізімі осылай үздіксіз
жалғасып кете береді, бұл Ясауи ілімінің кең тарағандыгын білдіреді. Егер
Ясауи ілімінің құны болмаса, батыс әлеміне кең тарамай басқа тариқаттардай
өмірі қысқа болған болар еді. Дүниеге кең тарағандығына қарағанда Ясауиа
тариқатының халыққа тигізер әсері өте зор болуы керек деп ойлаймыз.
Түркі халықтары алғашқы халық болып қалыптасқанда олардың тілдері де,
діндері де, жазулары да, мәдениеттері де, тарихы де, әдебиеттері де бір
болған еді. Бертін келе заман ағымына байланысты бұлар бөлшектеніп кетті.
Сонда да болса түбі бір түркі халқы болғандықтан сол бөлшектеніп кеткен
халықтардың өзінде де, көне түркі дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасып
келуде. Солардың ішінде атап айтар болсақ, әдет-ғұрып салт-дәстүрлері,
наным-сенімдері т.б ұқсастықтар үздіксіз шиеленісіп жатады. Бүкіл түркі
дүниесінің тілінің, дінінің, ділінің қалыптасуына Ясауи еңбектерінің
тигізген әсері өте мол екендігіне күмән келтіруге болмайды. ХІІ-ХІІІ
ғасырларда жоқ болып кете жаздаған түркі тілін қайта тірілтіп, бірінші
болып айналымға жіберген осы Ясауи еңбектері еді. Ол кездері араб, парсы
тілдері басым болып тұрғандықтан барлық жазу, сызу, қажетті құжаттар тек
сол екі тілде жүретін, әрі жазу араб графикасында болатын. Сол замандарда
Селжүктер билікте отырғанымен, өздері түркі бола тұрып, бәрі де кітап,
өлеңдерін, құжаттарын араб, парсы тілдерінде жазып әрі сол тілдерде
сөйлейтін болған. Міне осындай қиын қыстау заманда Ясауи бірінші болып өз
еңбектерін түркі тілінде жаза бастады. Әрине, жазу өнері тек араб графикасы
болғандықтан амал жоқ сол араб әрпінде жазуға тура келді. Бірақ бір
ерекшелігі барлық хикметтерін, шариғат заңдарын, т.б жергілікті халыққа
қажетті дүниенің бәрі де түркі тілінде жарық көре бастады. Алғашында
ауызекі тарады. Бұл замандарда түркі халықтары қай дінге бас ұрарын білмей
жүрген кездері болатын. Себебі араб, парсы тілдерінде жазылған ислам
дүниелері жергілікті түркі халқына түсініксіз еді. Оның үстіне бұған дейін
бірнеше дінді бастарынан кешкен. Мәселен шаман, иуда, будда, христиан,
манихей. Енді ислам діні келген кезде, түсініксіз болып қалды. Осы кезде
Ясауи өз еңбектерін түркі тілінде айтып әрі жазып тарата бастағандықтан,
бұл жергілікті халыққа жете түсінікті болып шықты, оның үстіне өздерінің
көне діні тәңірлікке жақын еді. Екінші бір кереметі Қ.А.Ясауи өз мектебін
ашқан соң онда тек ислам діні емес, сонымен қоса, түркі - ислам дінін
дүниеге келтірді. Оның ерекшелігі, ислам діні өз қалпында өзгеріссіз қалып
Құран Кәрімде, Хадистерде берілгендей сақталды да, ол бұған қосымша
түркі халқының көне діні тәңірліктің көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
мен наным сенімдері ендірілді. Міне сол себептен де бұл өте құнды болып
саналып, жергілікті халық арасында тез тарай бастады. Міне осы еңбегінің
арқасында Ясауи әулиелік дәрежеге көтерілді. Жазған еңбектерінің бәрінде де
этнопедагогикалық, педагогиалық, этнопсихологиялық және де жалпы тәлім-
тәрбие мәселелері кеңінен қарастырылған. Оның үстіне барлық түркі
халықтарына теңдей мұра болып табылды. Сол үшін барлық түркі халқы
Қ.А.Ясауи еңбектерінен өздеріне қажетті дүниені алып отырады. Соның ішінде
этнопедагогикаларын қалыптастыруда да Ясауи еңбектерін кеңінен пайдаланады.
Ясауидің қайсы бір еңбегін алмайық, бәрінде де этнопедагогика мәселелері
кеңінен беріліп отырады. Оның үстіне бұл еңбектерінің бәрі де түркі
халықтарына теңдей қажетті дүние болып табылады. Себебі сол кезеңдегі түркі
тілінде сөйлейтін барша халыққа түсінікті болатын. Оның үстіне сол
халықтардың менталитетіне, психологиясына, мінез-құлықтарына сай жазылған
дүниелер. Бертін келе біртұтас түркі халқы бірнеше бөліктерге бөлектеніп
кетті. Сол кездің өзінде де, осы Қ.А.Ясауи еңбектерін пайдаланып келді.
Мәселен, Ясауи еңбектері, қазан баспасынан татар тілінде бірнеше рет
жарыққа шықты, түрік тілінде Түркияда да бірнеше рет жарық көрді. Бұдан да
басқа түркі тілдес халықтар арасында жарық көріп жатыр. Кейінгі жылдары
бірнеше рет қазақ тілінде де Алматы баспасынан да жарық көрді. Міне бұл
Ясауи еңбектерінің түркі халықтары үшін ортақ дүние екендігін дәлелдей
түседі. Бұл еңбектің қайта-қайта баспадан жарық көруі, оның құнды әрі
халыққа қажетті дүние екендігіне көз жеткізудің бірден-бір дәлелі. Егер бұл
еңбектер қажетсіз дүниелер болса, оны ешкім де пайдаланбаған болар еді.
Ясауи еңбектерінің құндылығын тағы дәлелдей түсетін мағлұматтардың бірі
кейінгі кездері дүниенің түкпір-түкпірінен табылып жатқан Ясауи
шәкірттерінің есімі. Олар тек түркі дүниесі, ислам әлемі емес, сонымен
қатар батыс елдерінде де шығып жатыр. Бұл деген Қ.А.Ясауи еңбектерінің
құндылығына тағы бір дәлел. Бұл дүниелер құнсыз әрі олардың халыққа тигізер
тәлім-тәрбиелік мәні болмаса, онда оларды ешкім де пайдаланбаған болар еді.
Міне осыдан-ақ Ясауи еңбектерінің баға жетпес құнды рухани дүние екендігіне
көз жеткізуімізге болады. Ал енді бұл еңбектердің барлық түрі халықтарының
этнопедагогикасының қалыптасуына әсері тимеді деуге қақымыз жоқ сияқты.
Себебі Ясауи еңбектерін түркі халқы ғасырлар бойы пайдаланып келуде. Ол
еңбектерінде өзіне дейінгі өз заманындағы ғұламалардың ақыл кеңестерін
пайдаланып, оны келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Қайсы еңбекті алмайық,
тұнып тұрған өсиет сөздер, олар қара сөзбен де, өлең шумақтармен де,
Хикмет түрінде де жазылған және айтылған.
Жоғарыда айтып өткендей, Ясауидің біраз еңбектері баспадан түркі
тілдерінде жарық көрген. Олар негізінде мынандай аттармен мәлім, Диуаии
хикмет, Пақырнама және Мүнажатнама, Көңілдің айнасы және өмірбаяны
ретінде түрлі аңыз-әңгімелер мен хикаяттар. [9,17]
Енді осы ғұламаның бізге қалдырған өшпес рухани мұраларынан үш қызметін
қарастырып шығайық. Жалпы халқымызға жасаған және келер ұрпаққа қалдырған
бұл үш қызметінің ерекшеліктерін талдап өтетін болсақ, оның құндылығына,
қажет болғанына көз жеткіземіз.
Қожа Ахмет Иассаиудің екінші қызметі исламның түркілер арасында таралуы
болып саналады. Бұл қызметін іске асыру үшін ұлы ұстаз өзінің тәрбиелеген
шәкірттерін биік ұстаздық дәрежеге дейін жеткізіп, түркі әлеміне жолдау
арқылы халқымыздың арасына ислам дінін жайды. Ислам қайнарынан
сусындағандардың ұлы нәтижелерге жетуіне себепші болды. Әмір Темір
мемлекетінің де, Осман империясының да тағы да басқа Қорасан мен
Түркістандағы халықтар мен мемлекеттердің негізінде Ясауи руханияты жатыр.
Хамадани мектебінен тәлім-тәрбие алып келген соң, олардың ұлттық
айырмашылығын ескеріп Түркістаннан өз мектебін ашты және бұл жолды Ясауиа
тариқаты деп атады. Міне осы мектептен тәлім-тәрбие алған шәкірттер
дүниенің түкпір түкпіріне аттанып өздерінің жанын аямай жан-тәндерімен
ілімдерін таратты. Әсіресе түркілер арасында бұл іс қызу жүріп отырды.
Олардың мұсылман болуына исламды қабылдауына бірден бір себепші осы
Ясауиа мектебінің түлектері болатын. Барған жерлерінде мешіт-медреселер,
ханақалар ашып сол жерлердің өзінде шәкірттер дайындалатын болған. Әрине
түркі әлемінің исламға бетбұруына бірден бір себеп Ясауи Хикметтері болса,
екіншіден шариғат заңдарының түркі тілінде жазылуы еді. Оның үстіне
дәрістер түркі тілінде жүргізілді. Бұл жергілікті түркі халқына түсінікті
болатын. Алғашқы замандарда діннің босаңсуына себеп болған, барлық шариғат
заңдары, құжаттар араб-парсы тілдерінде болғандығы еді. Енді исламның көп
дүниесі түркі тілінде болғандықтан халық жете түсініп исламның қандай дін
екендігіне көздерін жеткізіп, қатарларын көбейте бастады. Осылай Ясауи
ғұламаның еңбегінің арқасында Түркі дүниесі исламды толық мойындады. Оған
дейін әртүрлі дінде жүрі ендері де бар еді. Сол себептен біз бүл кісіге
қарыздармыз.
Қожа Ахмет Ясауидің үшінші қызметі, Ислам дінінің тура жолымен түркі-
ислам ұғымындағы діни қағиданың негізін қалауы. Ислам дінін түркілер
арасында ендіру өте қиынға соққан, себебі ислам діні келгенге дейін түркі
дүнисінде өзіндік ата-бабадан мұра болып қалыптасып қалған салт-дәстүр,
әдет-ғұрып ұшан теңіз еді. Оның үстіне көптеген басқа діндерде кірісіп
қанатын кең жайған болатын. Солардың бәрін жеңіп олардың ішіндегілерді
қажетінше пайдаланып қолдануы үшін өзіндік ерекше қағида жасауға тура
келді. Мұндай қағида жасап шығу үшін, бұрынғы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, басқа дін қағидаларын жақсы жете білуі керек еді. Оны білмей тұрып
жаңа ислам дін қағидасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес болатын. Міне
солардың бәрін електен өткізіп бір жүйеге түсіріп халыққа пайдалануға өз
тілінде сайратып алын келгеннен кейін жаңа түрдегі ислам дінін қабылдау
қиынға соққан жоқ. Бірақ мұны жасап шығу үшін Ясауи талай тер төкті. Сол
үшін өмірін сарп етті. Соңында жер астына тірідей түсті.
Ең негізгі жүзеге асыратын іс – адамға деген сүйіспеншілік, махаббат,
бірін-бірі жақсы көру, сыйлау, құрметтеу және ғылымға ден қоюды негізге
алған Ясауи мен оның шәкірттерінің жолына бет бұру, оларды тану, оқып
үйрену, іздену болып табылады.
Қазіргі таңдағы дамыған технологияның жан-жақты барлық мүмкіндіктері
мен салаларын пайдалану арқылы ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыздың
қайнар көздері болған ғұлама тұлғаларымыздың пікірлерін, ілімдерін, бүкіл
адамзатқа, халқымызға жеткізуіміз керек.
Қожа Ахмет Ясауидің, Қажы Бектас әулиенің, Сары Салтұқтың және т.б.
бізге үйреткеніндей ...адам әлемнің өзі, көздің қарашығы ... екендігін
олардың қалдырған мол баға жетпес мұраларының әр түрлі мүмкіндіктерін жан-
жақты пайдалана отырып, бүкіл адамзат баласына ұсынуымыз, жеткізуіміз
қажет.
Бұларды іске асыра алсақ, келесі ғасыр тек қана ғылым мен білімге
сүйенген жалпы білімді қоғам дәуірі ғана емес, сонымен қатар, махаббат,
сүйіспеншілік заманы. Негізінен Қожа Ахмет Ясауи Түркілердің исламдық
түсінігін, ұғымын қалыптастырып, осы түсініктің негізінде адал, шынайы,
мұсылмандықты жайған ғұлама. Соның нәтижесінде риядан, көріністерден, алыс
тұруы, басқа діндегілерге құрметпен қарау, білімге, адал еңбектенуге, әйел
затына, оның теңдігіне мән беру пайда болады.
Міне сондықтан да, Қожа Ахмет Ясауи іліміне, руханиятына, түркі
дүниесімен қатар бүкіл адамзат зәру болып отыр . Осыған бір дәлел ретінде
Балқанда да мұсылмандықтың жайылуына Ясауи мен оның шәкірттерінің еңбегі
көп сіңді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, яғни ел бірлігі үшін
ауыз біршілік керек. Халық бір біріне алакөз болмауы тиіс.
1.2. Ясауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік мәні, адамгершілік,
имандылық тәрбиесі туралы еңбектері

Қазіргі таңда Еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарында жаппай
халықтық педагогика, халықтық психология, т.б. халқымызга тән әдет-ғұрып,
салт-дәстүрімізді, тарихымызды, дінімізді, ділімізді, тілімізді және басқа
үлттық сезімімізді оятатын көптеген қосымша пәндер мен арнаулы курстар оқу
"бағдарламасына ендіріліп, соған сай дәрістер жүргізілуде. Осы дәрістердің
бірі - халықтық педагогиканы бағдарламаға сай өткен кезде ондағы Ясауи
еңбектерінің этнопедагогикалық мәселелерін жете қарастырудың салдарынан
оның рухани, мағнауи азығы мол және ол адам баласына өте қажетті дүние
болып табылады. Сондықтан да бұл еңбектер рухани мағнауи құнды болып
саналады. Жалпы Ясауи еңбектері өте күрделі болып келеді, оларды бірден
игеріп алып кету мүмкін емес. Оның әрбір еңбегінде философиялық, әдеби,
діни, психологиялық, этнопедагогикалық, әлеуметтік, тіл т.б. да тәлім-
тәрбиелік мәселелер кеңінен қарастырылған. Сол себептен де өте ұқыптылықпен
әрбір сөзіне талдау жасап өткізуді қажет етеді. Ясауи өз хикметтерін, құран
кәріммен тең көрген. Ол туралы өзінің хикмет шумағы да бар,
Менің хикметтерім,
Алладан пәрмен.
Оқып ұққанға бар.
Мағынасы - Құран - деп, өз хикметтерінің Алла тарапынан келіп
тұрғандығын баян етеді. Осылай Ясауи туралы қосымша мағлұмат беріп болған
соң, әрбір еңбегіне жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс сияқты.
Мәселен, оның әрбір еңбегімдегі отбасы, ақыл-ой, дүниетанымдық,
адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, өзін-өзі тәрбиелеу
және қайта тәрбиелеу т.б. тәрбие мәселелерін жеке дара қарастырып шығу өте
құнды болады. Қандай еңбектері бар, олардың атаулары және баспа арқылы
жарыққа шығуы туралы қысқаша тарихи мағлұматтар беріліп өткені дұрыс.
Себебі, Ясауи еңбектері бізге жетіп келуі үшін көптеген қиыншылықтарды
бастан кешірген, өткізген, солар туралы да аз ғана мағлұматтар берілуі
қажет сияқты.
Сонымен, негізінен біз қандай еңбектерімен таныспыз, соны қарастырып
шығайық. Бірінші, Хикметтер жинағы, Диуани хикмет, бұл еңбегі осы
уақытқа дейін көптеген тілдерге аударылған, ал енді, 1991 жылдан бастап
қазақ тілінде шыға бастады.
Екінші еңбегі, Пақырнама және Мүнажатнама бұл шығармасында бұдан
алдын бірнеше тілдерге тәржімаланып баспаларда басылып шыққан, 1991 жылдан
бастап бұл еңбегі де қазақ тілінде жарық көре бастады. [114].
Үшінші еңбегі, Мират-ул-Қулуб, бүл шығармасы жақында Швецияның Упсала
деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан
табылды. 2000-жылы Түркияда жарық көрген.
Төртінші болып, Ясауи өміріне байланысты аңыз әңгімелер мен хикметтер
жинағы, бұлар да көптеген тілдерге аударылып, жарық көрген. Тарихы терең
көрген Түркістан атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған
мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар.
Сонымен Ясауидің бірінші еңбегі Диуани хикмет.
Диуани хикмет сол замандар бойы ел аузында айтылып қол жазба түрінде
сақталған.
Ахмет Ясауи тәрбиесінің адамға ықпал ету күшіне сенді, адамгершілігі
мол адам қаталдыққа бармайды деп есептеледі. Тек дұрыс тәрбие ғана
ақымақтық істерден сақтандырады, сондықтан мінез-құлықты түзеу тәрбиенің
басты мақсаты.
Адамгершілік қалыптарын ұсыну сол кездегі ойшылдардың алдында тұрған
аса құнды проблемалық мәселе болды. А.Ясауи де халыққа дұрыс жол сілтеп,
нағыз адам болу үшін қандай шарттар керек екенін көрсетуді өзінің басты
парызы деп білген. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін
бейнелейтін моральдық ұғымдарын оқып, үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді
тұсы жастардың тәртібі, этикалық және эстетикалық көзқарастарын
қалыптастыру ісінде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.
Қ.А.Ясауи мұраларындағы Даналық кітабында негізінен төрт ғақлия
мадақталады.
1. Шариғат - ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарынын негіздері, яғни
мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау.
Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, қиын
адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2. Тариқат - сопылық ой мақсаттарды насихат - өсиет ету. Яғни жыр
өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттікке, тазалыққа,
адалдыққа тәрбиелеп, татулыққа үйрету. Сөйтіп оқушыны мейірімділікке,
қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар
көзі халықта екенін қалдықсыз айтады.
3. Мағрифат - дін жолын танып, оқып білу, яғни Алланың ақ жолын
ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу – адамгершілік парыз екенін әсерлі
сөзбен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеу. Ақын ғаріп, пақыр, жетім-
жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң Алла тағала саған риза болып,
ісіңді оңдайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз оқырмандарға
адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре
жеткізеді, Алланың ақ жолы – адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен
тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4. Хақиқат - құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы
Алланы танып-біліп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену әрбір мұсылманның
парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу
Иман нұры, Хақиқат дариясы, Ақіреттің азығы арқылы адамның күнадан
таза болуына жол ашып беру мақсаттарын жырлайды. Бұл еңбегінде ғұлама ғалым
Түркістанның пірі негізінен төрт мәселені қарастырады. Біріншісі - Алланы
тану, екіншісі Алланы ұлықтау, үшіншісі - дүниедегі күналар мен
әділетсіздікті қаралау және әділетсіздіктің құрбаны болған пенделерді
қорғау, оларды әділеттілікке бастау, төртіншісі - бұл дүниенің қара
дақтарын пенделерге жұқтырмау үшін жалған дүниеден бас тарту. Міне осындай
күрделі-күрделі төрт мәселені үздіксіз қарастырып оны өз хикметтерінде
жырлап отырады. Хикметтері төрт, кей жерлерде екі шумақтан құрылған болып,
жалпы окырман қауымның жаттап алып айтуына ыңғайлы болып келеді. Сол
себептен де Ясауи хикметтері ел арасына ауызекі тараған хикметтер,
кейіншелік қағаз беттеріне түсе бастаған. Сонымен хикметтер саны өзі айтып
кеткендей, төрт мың төрт жүзге тарта екен. Оған дәлелді мына хикмет
шумақтарынан келтіруге болады.
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге баян қылсам, қалмас арма.
Төрт мың төрт жүз Хикмет айттым хақтан пәрмен,
Пәрмен болса өлгенімше сөйлесем мен.
Міне осылай өмір кезеңдерінде хикметтерінде айтып өткен. Ал енді нақты
қанша хикмет жазғандығы туралы беймәлім. Оған қосымша ұстаздары туралы.
Түркістанға қай кезде келгендігі жайлы неше жасында пірін тапқандығы,
ғұлама ғалымдық дәрежеге қанша жасында жеткендігі, неше жыл өмір
сүргендігі, қай жасында Қылуетке түскендігі жайлы да хикмет шумақтарында
келтірілген. Әрине осы мағлұматтарды оқырман қауымға жете түсіндіре алсақ,
қандай құнды рухани, мағнауи азық алған болар еді. Иә, бұл еңбекті жете
талдаудың арқасында оқырман қауым өзін имандыққа, әділеттілікке,
инабаттылыққа, көрегенділікке т.б. жақсы мінез-құлықты қалыптастыруға
ұмтылып, соған өзін тәрбиелейді.
Келесі еңбегі Пақырнама және мұнажатнама деп аталады. Пақырнамасында
сопылық жолға түсудің үлкен үлкен төрт мақамын толық талдап өткен. Ол жерде
шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат мәселелері түсіндіріліп олардың тағы да
он-он мақамға бөлінетінін айтып берген. Міне осы қырық мақамды кімде-кім
басып өтсе, сол кісі ғана дәруіш, шайх, пір, сопы, ишан, ұстаз бола алады
деген. Бұл мақамдарды басып өтпеген кез-келген адам сопылық, дәруіштік,
шайықтық, пірлік, ишандық, ұстаздық дәрежеге көтеріле алмайды, әрі сопы
қырқасын шапанын киюге қақысы жоқ делінген. Міне осы мәселерді оқырман
қауымға талдап жете түсіндіріп, өту қажет, себеді бұл мәселе біздің оқырман
қауымға таныс болмаған, сондықтан сопылық қағидаларымен таныстырып өткен
дұрыс болады. Ал, енді Пақырлық дәрежеге көтерілу үшін тағы да қырық
мақамды басып өтуінің қажеттілігін атап көрсеткен. Осы кезде ғана
адамдардың яғни сопылардың батин көкірек көздері ашық болады. Бұл
сопылық жолдың негізгі мақсаты болып табылады. Осы көкірек көздердің
ашылуының арқасында ғана адам баласы Алла тағаламен қауышуы мүмкін. Сопылар
сол себептен де өмір бойы өздерін тазалап, көкірек көздерін ашуға ұмтылумен
болады. Оның көптеген жолдары мен әдіс-тәсілдері бар. Соның бірі Зікір
салу, яғни Алланы ұлықтап оның атын қайталап еске алып отыру. Міне, осындай
кездері ғана адам баласы экстазға есінен айырылу түседі, сол кезде Алла
тағаламен қауышады.
Ал енді, Мұнажатнамасына келетін болсақ, ол екі шумақтан тұрып,
хикметтер тәріздес өлең сөздеріен жазылған. Ясауидің Мұнажатнамасы
негізінен екі бөлімнен тұрады.
Біріншісінде Аллла тағала мүнажат етуді өсиет еткен болса, екіншісінде
жалпы оқырман қауымға хикметтерді оқу арқылы Алланы тануды өсиет еткен. Өзі
өте қысқа болғанымен, нұсқа жалпы оқырман қауымға түсінікті тілде жазылған.
Тіл демекші ол замандарда түркі тілдес халықтар бірін-бірі түсіне беретін
болған, ал жазуы болса, сол кездегі басым болып тұрған араб графикасымен
жазылған. Міне осы еңбекті оқу арқасында жалпы оқырман қауым өздерін
жамандықтан тежейді әрі нәпсілерін тыюға ұмтылады. Соған әрекет жасайды.
Сопылардың басты мақсаты да нәпсіні тыю болып табылады.
Келесі еңбегі Мират-ул Қулуб. Бұл шығармасында Иассахи негізіне
шариғат, мағрифат, тариқат, ақиқат мәселелерін өте мұқияттылықпен талдап
шыққан. Бұлай аталуының себебінің өзі де шығарманың ішкі мағынасына
байланысты. Бұл еңбекті кімде-кім оқып шықса, өз қателіктерін көріп, өзін-
өзі тәрбиелеуге кіріседі. Сол себептенде Көңілдің айнасы деп аталған.
Яғни көңілдегі кір-қоқыстарды айнадан көргендей көреді. Соның арқасында
соларды тазалауға ұмтылады.
Келесі бір еңбек Ясауи өмір кезендеріне байланысты аңыз-әңгімелер мен
хикаяттар. Бұл еңбекті оқудың арқасында оқырман қауым өздерін жақсы жоға
салуға тырысады.
Жалпы Ясауидің өмір кезеңі үлкен-үлкен үш кезеңнен тұрады. Бріншісі -
жастық шағы, екіншісі - ер жетіп жігіт болған кезі, ал үшіншісі - ғұлама
ғалым болып әулиелік дәрежеге көтерілген мезгілі, оған қосымша қылуетке
түсуі де суреттеліп берілген. Аңыз түбінде ақиқат бар- дегендей бұл
әңгімелер мен хикаяттарға жете зер салып, көңіл аударып қарастырған жөн.
Ясауи үшін Хақ жолы дененіміз адамның рухани кемелдікке жету жолы,
адамның адамгершілік қаасиеттерімен өмір сүру жолы. Яғни адамның
руханишылығы оның адамгершілік қасиеттерімен ғана танылады. Ал адамгершілік
қасиеттер иман түрінде көрінеді. Иман адамның өмір сүру амалы, адами
әлемнің шеңбері, рухани қор жинайтын құралы болып табылады. Сонда иман
мәні, негізі не деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беруде Қожа Ахмет
Ясауидің хикметтерін зерделейік.
Иман болды Хақ тағала тағатынан,
Кешпек керек бүл дүниенің рахатынан.
Яғни иман Хақ Тағатынан пайда болғандықтан, рухани әлемге тиесілі
құбылыс. Сонда тағатты рухани әлемнің жүйелілігін, заңдылығын реттеуші күш
деп алсақ, онда иман дегеніміз рухани қасиеттердің жинақталған формасы,
көрінісі деп түсінеміз.
Ясауи түсінігінде, адамның кісілік келбеті, ішкі жан дүниесінің
сәулесі, жақсылыққа жетелейтін тәрбиешісі дұрыс жолды үйретіп, түзу бағыт
нұсқайтын жетекшісі және де Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер -
иман адамның о дүниеде Хақ алдында ақтық сөзін сөйлер куәгері, жанашыр,
жақтасы болып табылады.
Иман - Алла Тағала құдіретімен барлық адамдарға тиесілі нұр, бірақ оны
сақтау не жоғалту әркімнің өз қолында, ниетінде мақсатында. Иман
адамгершілік қасиеттерінен нәр алатын гүл, оны солдырып, алмау әркімнің
баптауына байланысты. Яғни иман - адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Ал
осы иманды, имандылықты құрайтын адамгершілік, адамдық қасиеттер қандай?
Хақ тағала адамға иманды сыйға тартардан бұрын алдымен осы сыйға иегер
бола алатындай ақыл және де осы тартудың тұрақтай алатындай мекені - сана
берген. Яғни иманның мағынаға, мәнге айналуы адамның ойлау, зерделеу,
пайымдау қасиетіне тыгыз байланысты. Иман ақыл түрінде адамның бұл өмірдегі
мақсатын белгілеп, ақ пен қараны, оң мен солды танытатын көңіл көзі болып
табылады. Ақыл адамды ізденіске салып, парыз міндеттері, жауапкершілігі
артып, шешім белгілейтін күш. Егер де надандық адамның көңіл ізденісін
мешелдікке салып, сарп қылса, ақыл оны бұл аурудан жазып айықтырады. Ақылды
адам тура жолмен бұрыс жолды айыра біліп, өз шешіміне жауап бере алады. Ал
наданның құрсауындағы ақымақ адам, өз ой-пікірі, тұжырымы, көзқарасы
болмағандықтан, кез келгеннің жетегінде қалып қояды.
Имандылықтың екінші негізі сабырлық, төзімділік, шыдамдылық
қасиеттерінем тұрады. Осы қасиеттер арқылы адам мехнат-машақат, азап
көргенде, қиындықпен сыналғанда, рухани дүниесінің беріктігі, бекемдігі
анықталады. Сабырлы төзімді адам өзіне-өзі берік, сенімі нық адам. Сабыр
адамды асығыс іс-әрекеттен, жөнсіз қылықтан, ағат сөзден сақтап, ақылға
салады, ойға жетелейді. Сабыр адамның тақат белгісі, әр не бәле келсе,
сабырлық сақтап, шыдамды болуда ұлы күш жатыр. Адам неғұрлым сабырлы болса,
соғұрлым тағатты болады, әмір қиындықтарынан қорықпай, машақатқа бекем
келеді.
Адам өзінің қайраты, тәубесі арқылы өмірдегі таңдауын өмір сүру жолын,
орнын белгілейді. Егер де адам жалтақтап, өмір мәселелерін шешуге батылы
жетпей, жалған өмір мен хақ өмірге таңдау жасауға қорқып тұрса, онда ол
жалған қорқыныш сезіміне бой ұрып, қолы да, жолы да байланып, шайтан
құрығына түседі. Яғни адам тек Хақ алдында қорқуы керек, ал бұл дүниелік
қорқынышқа бой алдырса, жаны семіріп, құты қашып, иманынан айрылады.
Ясауи хикметтерінде Алла тағала рақымды, кешірімді, адам баласы қаншама
күнә жасап, қожасын танымай, әміріне мойынсұнбай, бұзақылық жолына түссе
де, Хақ оның жақсылыққа, адамгершілікке оралуына мүмкіндік беріп,
рақымшылық жасап кешіруге дайын тұрады. Түзу жолға оралғандарға
мейірімділікпен құшағын жаяды. Ал адам Хақтың бір бөлшегі болғандықтан,
оның мейірімділік, қайырымдылық, кешірімділік қасиеттерінің уәкілі, жаршысы
болуға міндетті. Адам айналасына қаншалықты рақымды болса, Хақ оған
соншалықты рақымшылық танытады. Тек мейірімді адам өзгенің қайғы-қасіретіне
ортақтасып, шер бөлісе алады. Мейірім жүрек жылытар, көңіл жібітер ұлы күш.
Сондықтан да Ясауи хикметтерінде адамгершіліктің биік үлгісі болган
Мұхаммед пайғамбар жетім басын сыйлаушы, ғаріп- міскіндерге медет беруші
ретінде көп сипатталады. Тіпті негізінен осы қасиеттерімен-ақ Миғражға
көтерілген деген ой салады.
Ахмет Ясауи хикметтерінде ғаріптің ахуалын ғаріп түсінеді,
жәбірленгеннің жанын жапа шеккен біледі, мүсәпірдің қасіретін мүсәпір
сезеді деген тұжырыммен адамдарға ғаріп болуға, өз еркімен мүсәпірлік күй
кешуге, яғни пақырлықта өмір сүруге шақыратын үндеулер көп.
Рақымды болу, мейірімді болу адамның аяушылық, сезімталдық сияқты ең
нәзік сезімдерінен құралған. Адам неғұрлым момын, жүрегі жұмсақ, көңілі
жылы болған сайын, бұл өмірде соғұрлым дәрменсіз, бейшара болады. Оның
зұлымдыққа, қорлық-зорлыққа қарсы тұрар ахуалы да шамасы да жоқ. Ясауи өз
хикметтерінде сопы-дәруіштерді диуана кейпінде, бейшара образында
бейнелеген. Ал олардың мұсылмандық қаруы, яғни бұл дүниедегі шарасыздық
белгісі жылау, көз жасын ағызу, еңіреу түрінде сипатталып, мейірімділік,
рақымдылық, кешірімділік, қайырымдылық қасиеттерінің ұғымын жылауда
жинақтаған. Егер шынайы көз жасы адамның мейірімділігін, рақымдылығын,
қайырымдылығын, ізгілігін танытады. Пәк көңілде бүршік жарған көз жасы ғана
адамның мейірбандығына куә болып, иманын растайды. Көп жыла, жасыңды алып,
куә қылсын. Мейірім үшін көз жасы арқылы қатып қалған жүректі, тас көңілді
жібітеді, көңілді кір басатын тоғышарлықтан, қатігездіктен сақтап
сақтандырады. Сондықтан да Ясауи өз хикметтерінде мейірім күші көз жасымен
өлшенеді.
Ясауи үшін имандылықтың басты шарты – адал болу, шынайы болу, садиқ
болу. Егер де адам арам көңілмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Түркі халықтары әдебиеті
Пәндер