Кабельдерді канал канализациясына төсеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысының мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Технологиялық бөлім . . . 5Кабельді төсеуге дайындау . . . 5Трассаны бөлу . . . . 6
  2. Конструкторлық бөлім . . . 7Телефон канализациясы . . . 7Кабельдерді төсеу . . . 12Кабельдерді канал канализациясына төсеу. 14
  3. Есептеу бөлімі . . . 15

3. 1. Кабельдік шаруашылықтағы өлшеу жұмыстары . . . 15

3. 2. Өлшеу аспаптары . . . 15

3. 3. Электрлік өлшеулер . . . 17

  1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімі . . . 21

4. 1. Кабельді топыраққа төсеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері . . . 22

4. 2. Кабельдерді канализацияға, коллекторларға, тоннельдерге төсеу

кезіндегі қауіпсіздік ережелері . . . 24

4. 3. Жерасты байланыс құрылыстарында қауіпті газдарды анықтау

кезіндегі қауіпсіздік ережелері . . . 25

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Курстық жұмыс "Телефон канализациясы" тақырыбына жазылған. Курстық жұыстың мақсаты- кабельдерді төсеуге дайындау, трассаны бөлу, телефон канализациясының құрылысы, кабельдерді жер астына немесе телефон канализациясына төсеу, төсеу кезінде қолданылатын механизмдер, кабельдерді жер астына немесе телефон канализациясына төсеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен толықтай танысу.

Курстық жұмыс кіріспеден, технологиялық бөлімнен, конструкторлық бөлімнен, есептеу бөлімінен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, яғни, технологиялық бөлімде кабельді төсеуге дайындау, трассаны бөлу тақырыптары қарастырылған.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, яғни, конструкторлық бөлімде телефон канализациясы, кабельдерді төсеу, кабельдерді канал канализациясына төсеу сияқты тақырыптар толығымен қарастырылған.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде, яғни, есептеу бөлімінде кабельдік шаруашылықтағы өлшеу жұмыстары, өлшеу аспаптары, электрлік өлшеулер тақырыптары жазылған.

Курстық жұмыстың төртінші бөлімінде, яғни, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінде кабельді топыраққа төсеу, кабельдерді канализацияға, коллекторларға, тоннельдерге төсеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыптары толықтай қарастырылған.

-4-

I- Технологиялық бөлім

1. 1. Кабельді төсеуге дайындау

Кабельдік алаңдарды орналастыру. Кабельдік алаңдар мүмкіндігінше трассаға 15-20 км-дей жақын орналастырылуы керек. Алаң тегіс, қар еру, жаңбыр жауу периодында, өзендердің ағыстарынан құрғақ болуы қажет, яғни сумен толып қалмауы керек. Алаңдардың өлшемі барабандардың санына байланысты және барабандар бір-бірінен өлшеу және тексеру жұмыстары жүргізіле алатындай және оларды түсіру-тиеу барысында бір-біріне бөгет жасамайтындай орналастырылуы тиіс.

Аймақ өртке қарсы жабдықтармен, өрт сөндіргіштермен, құмы бар жәшікпен, су толтырылған бөшкемен жабдықталуы тиіс.

Кабельді тасымалдау барысында машинаның кузовына барабандар тұрақты және уақытша тірегіштермен бекітіледі. Тұрақты және уақытша тірегіштер барабандарды тиеп болғаннан кейін ұзақ мерзімді брусьялармен бекітіледі (1-сурет) .

1-сурет. Барабандарды автокөлікке бекіту:

а-бір, б-екі

1-тұрақты тірегіш, 2-уақытша тірегіш, 3-ұзақ мерзімді брусья

Кабельді тексеру. Кабельдік алаңға келіп түскен барлық кабельдер трассаға қарай тиелмес бұрын кабельдің барлық құрылыстық ұзындығын толық немесе біртіндеп тексереді.

-5-

Толық тексеріс кезінде: барабандардың сыртқы тексерісі, иілгіштікке тексеру, оқшауланған шлангалы қабаттарының оқшауламаға электрлік кедергісі өлшенеді, тіндердің бүтіндігі тексеріледі.

Біртіндеп тексеру кезінде барабандардың сырты тексеріледі, брон қабатының сапасы және оқшауламаның иілгіштігі тексеріледі.

Алаңға келіп түскен қысылған, шеттері сынған, жырылған кабельдер толық тексерістен өткізіледі. Тексерістен және бақылаудан өткен кабельдер барлық құрылыстық ұзындықта 90-110 к Па ауа қысымында ұсталады. Алаңда тексерілген кабельдердің қорытындылары протоколда тіркеледі.

1. 2. Трассаны бөлу

Кабельді төсеу алдында трассаларды бөлу жұмыстары жүргізіледі. Трассаларды бөлу жұмыс сызбаларына сәйкес жасалады. Жұмыс сызбалары тапсырыс берушінің немесе проекттік ұйымның келісімімен жасалады. Кабель төселетін трасса мүмкіндігінше тіке болуы керек. Жердің асты әкті, борлы, жер асты сулары бар, қоқысты және коррозияға қатысты жерлерді айналып өткен жөн. Айналма жолдар мүмкіндігінше қысқа болуы керек.

Орманды жерлерде трассаның осьтік желісі қадалармен жүргізіледі. Қадалар қысқа аймақтарда көрінетіндей етіп орнатылады.

Басқа жерасты құрылыстарымен қиылысқан және жақын орналасқан жағдайда арнайы жазуы бар белгілермен белгіленеді.

Трассаны бөлу және басқа жерасты құрылыстарымен (электр кабельдерімен, газ құбырларымен, су құбырларымен, байланыс кабельдерімен және т. б. ) жақындау барысындағы жұмыстар осы құрылыстарды эксплуатациялаушы ұйымдардың қатысуымен орындалады.

Бұрыннан бар жерасты құрылыстарының орналасу орнын техникалық құжат бойынша немесе кабельіздегіштің көмегімен анықтайды.

-6-

II- Конструкторлық бөлім

2. 1 Телефон канализациясы

Қалалық жерлерде жерді қазу жұмыстарын жүргізу өте қиын. Ол үшін көпірлер мен жаяу жүргін жолдарын бұзуға тура келеді. Қиындық тудыратын жұмыстар болып көлік және жаяу жүргін жолдары, жер асты коммуникациялары табылады. Осының нәтижесінде қалалық телефон желісін жұргізу, монтаждау және жөндеу жұмыстары жерді қазбастан телефондық кабельдік канализациясымен жүргізіледі.

Кабельдік канализация дегеніміз бақылау қондырғысынан, құбыр желісінен, коллекторлардан, каналдардан, шахталардан тұратын жер асты құрылымы (2-сурет) . Телефондық канализация орналасуына қарай екіге бөлінеді: магистралдық және таратушы.

C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 7\7 001.jpg

2-сурет. Кабельдік канализация:

1-құбыр, 2-кабель, 3-бақылау құрылғысы, 4-люк

Құбыр жолдары әртүрлі материалдардан жасалады:

  • Бетоннан;
  • Асбестоцементтен;
  • Полиэтиленнен.

Құбыр жолдарына төмендегідей талаптар қойылады:

  • Олар механикалық мықты болуы керек;
  • Дайындау және қолдану кезінде арзан болуы керек;
  • Су және ауа өткізбейтін болуы керек;

-7-

  • Кабель қабықшаларына химиялық сұйықтықтар әсер етпеуі керек;
  • Құбыр жолының ішкі беті тегіс, жылтыр болуы керек.

Ішкі диаметрі 90-100 мм болатын екі немесе үш тесікті, ұзындығы 1м, көлденең қимасы тіктөртбұрышты болып келетін бетон құбырлар жиі пайдаланылады (3-сурет) .

C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 8\8 001.jpg

3-сурет. Тікбұрышты бетон құбырлар

Бетон құбырлардың бір ұшы екінші құбырға кіріп тұратындай шығыңғы болып келеді. Олардың бір-бірімен қосылған жерлері құм-цемент қоспасымен бітеледі.

Бетон құбырлармен бірге асбестоцментті құбырлар жиі қолданылады. Олардың газ және су өткізбеу қасиеттері өте жоғары. Қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді келеді. Механикалық мықтылығы жоғары, салмағы да жеңіл болып келеді. Ұзындықтары 2, 3м және 100мм болатын асбестцементті құбырлар қолданылады. Олардың кемшілігі:

  • Бағалар қымбат;
  • Бір-біріне қосылған жерлерін бітеу қиын;
  • Соққыларға төзімсіз келеді;

Асбестцементті құбырлар болат жапырақшалардан жасалған манжеталарарқылы жалғанады. Ол сығылады да содан соң бұл қосылыс цемент қоспасымен бітеледі (4-сурет) .

-8-

4 C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 9\9 001.jpg

4-сурет. Асбестоцемент құбырлардың қосылған жерлерін бітеу:

1-манжеттер, 2-цемент қоспа

Полиэтилен құбырлар барынша жиі қолданысқа еніп келе жатыр, өйткені оның басқа құбырларға қарағанда көптеген артықшылықтары бар:

  • Қосылыстарының сенімділігі
  • Орналастыру жұмыстарының қарапайымдылығы
  • Каналдардың саңылаусыз қосылуына мүмкіндік береді

Олардың кемшіліктері:

  • Бағасы қымбат;
  • Отқа төзімсіз;
  • Еріткіштер мен майлардың әсерлеріне төзімсіз.

Полиэтилен құбырлары төменгі және жоғарғы тығыздықтағы полиэтиленнен дайындалады.

Ұзындықтары:

  • Ішкі диаметрі 55 - 58 мм болатын 6 - 200м;
  • Ішкі диаметрі 97 - 103 мм болатын 6 - 12м;
  • Ішкі диаметрі 63мм болатын 6 - 200м.

Құбырларды жолаушылар жолдарының астымен жүргізгенде бір құдықтан екінші құдыққа тереңдігі 0, 4м болатын жыраның ішіне салады. Ал автомобиль жолдарының астына 0, 6 - 0, 7м тереңдікте орналасады (5-сурет) .

-9-

C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 10\10 001.jpg

5-сурет. Асбестоцемент құбырлардың блоктары

Каналдың орта тұсы құдықтардан аз ғана биік болуы керек, өйткені каналға кездейсоқ енген сұйықтар құдыққа ағып кетуі керек. Көп кабельдер жүргізу керек болған жағдайда бір тесікті құбырлар топтан салынады. Каналдарды нөмірлеу солдан оңға қарай, төменнен жоғары қарай жүреді. Қойылатын кабельдердің санына қарай топтамалардағы құбыр жолдарының сандары да әр түрлі болып келеді.

Кабельдерді құбырлардың ішімен тарту үшін арнайы құдықтар қарастырылады. Олардың бес түрі болады: ККС - 1, ККС-2, ККС-3, ККС-4, ККС-5. Кабельдерінің қолданылу түрлеріне, жүру бағытына қарай құдықтар да әртүрлі болады: өткізгішті, бұрышты, таратушы және станциялық. Құдықтар кірпіштен немесе темірбетоннан қаланады.

Құдықтар жаяу жүргін жолдарына да көлік жолдарына да қойыла береді. Олардың арақашықтығы 125 метрден кем болмауы керек. Сонымен бірге құдықтар каналдың басты канализациядан тарайтын, бұрылатын жерлерінде де орналасады. Қабырғамен кабельді жүргізуге ыңғайлы болуы үшін құдықтар сопақ формада жасалады (6-сурет) . Қабырғаларға бұрыштық болаттан жасалған кронштейндер қойылады да, оларға металл консольдар бекітіледі.

-10-

C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 11\11 002.jpg

6-сурет. Кабельдік канализацияның құдығы:

1-кронштейн, 2-консоль, 3-кабель, 4-шойын қақпақ, 5-болат қақпақ

Құдықтың жоғарғы темірбетон қабатында екі қақпақты люк болады (7-сурет) . Жоғарғы шойын қақпақ барлық механикалық әсерлерді ұстап тұрады, ал төменгі болат қақпақ құлыппен жабылады да, шойын қақпақ істен шыққанда қосымша қорғаныс қызметін атқарады. Егер каналдан кабель шығару қажет болса, салынып қойылған канализациялардың ортасына қосымша құдық қойылады.

Үлкен қалаларда жер асты құрылыстарын эксплуатациялау ыңғайлы болуы үшін жалпы коллекторлар салынады. Мұндай коллекторларда кабельдердің және құбыр желілерінің барлық түрі орналасады. Коллекторларға жарық пен ауа алмастырғыштар қойылады. Метрополитен тоннельдері де кабель желілерін қою үшін қолданылады.

-11-

7-cурет. Шойын люк

2. 1. Кабельдерді төсеу

Канал канализациясы арқылы кабельдер бір құдықтан екінші құдыққа тартылады.

Каналдарды дайындау

Бос тұрған каналдың ішімен кабель өткізу үшін диаметрі 11-15 мм болатын болат тросс, ал бұрыннан кабелі бар каналдарға кабель өткізуі үшін диаметрі 25 мм болатын жібек канат тартылады. Каналға тросс тарту дайындама деп аталады. Канал дайындамасы ауа қысым күшімен әрекет ететін канал өткізгіші, бұрғы таяқшалары, диаметрі 5 мм болатын болат сымдары, арнайы қима болат ленталары және қалыңқабырғалы полиэтилен тұрба арқылы жүргізіледі.

Ауа қысым күшімен әрекет ететін канал өткізгіші канал бойымен қозғалмалы компрессордан берілетін сығылған ауа энергиясымен жылжиды. Канал өткізгіш жалпы оське бекітілген екі резина конустан тұрады. Ол канал бойымен жылжи отырып, өзімен бірге диаметрі 1, 5 мм болатын капрон жіпті сүйрейді.

-12-

Бос каналдарда да, бос емес каналдарда да дайындама жұмыстарын жүргізуде бұрғы таяқшалары қолданылады (8-сурет) . Бұрғы таяқшалары болаттан және дюральдан жасалады және ұзындықтары 1 метр болады. Таяқшаның бір ұшында бұранда болады да, екінші ұшында бұрандасы бар втулка болады. Бұл негізі штангаға тізбектеп бұрап бекітуге мүмкіндік береді. Алдыңғы төселген кабельдерге зақым келтірмес үшін бірінші таяқшаның ұшына ұштық кигізіледі және оны каналға енгізеді. Содан соң екіншісін біріншісіне бекітеді де, тағы да каналға өткізеді. Енгізу бірінші таяқша көршілес құдыққа жеткенше жүргізіледі. Соңғы таяқшаға сымды байлайды.

Бұл жұмысты жүргізу барысында бір-біріне жалғанған таяқшалардың санын білген дұрыс. Өйткені кезектегі таяқша жүрмей қалған кезде қаналдың ақауы қандай қашықтықта екенін анықтауға болады.

Егер каналдың ұзындығы 50 метрден аспаса дайындаманы диаметрі 5-6 мм болат сымдарымен жүргізуге болады. Бос каналдарды тексеру кезінде жіпке цилиндрі немесе темір щетканы байлайды. Содан соң дайын торсты немесе канатты байлайды. Цилиндр канал бойымен қозғала отырып оның қабырғасындағы бұдырларды қырады, ал щетка болса каналға түскен бетонның уақ қиқымдарын сыпырып шығады.

8-сурет. а-бұрғы таяқшасы, б- бұрандалы ұштық, в- ағаш ұштық

-13-

2. 2. Кабельдерді канал канализациясына төсеу

Кабельдерді каналға енгізу үшін кабель оралған барабанды құдықтың қасына орналастырады да, барабанның жоғарынан бастап тарқатады. Осылай тарқатқанда кабель майыспай, түзу тарқатылады (9-сурет) . Көршілес құдықтың ауызына тартқыш қойылады. Оның тросы құдықтағы блок арқылы өтеді. Тростың шетін бірінші құдыққа өткізеді де, кабельге болат сымдарынан жасалған «шұлық» арқылы бекітеді. Шұлықты тартқан сайын оның диаметрі кішірейеді және ол кабельдің қабығын сығады. Керілген шұлық кабельге қосымша жұмсақ сыммен бекітіледі.

C:\Users\admin\Pictures\Асель\Қалалық телефон желісінің кабельдік желілері\кабель\2013-04-20 12\12 001.jpg Кабель қабықшалары каналдың өткір шеттерінен зақымданбас үшін каналдың шығыс және кіріс ауыздарына болат қорғағыштар қойылады. Кабельдің сыртын каналға енгізерде үйкелісті азайту үшін техникалық вазелинмен майлайды. Тартылған кабельдің ұштары вазелиннен тазартылып, қабырғадағы консольдерге ораналастырылады.

9-сурет. Кабельді сүйреудің сұлбасы:

1-штанга, 2-блок, 3-канат, 4-колено, 5-лебедка, 6-құдық, 7-шұлық, 8-құбыр, 9-кабелі бар барабан, 10-кабель, 11-құдықтың люгі

-14-

III- Есептеу бөлімі

3. 1. Кабельдік шаруашылықтағы өлшеу жұмыстары

Кабельдердің жағдайларын электрлік өлшеулердің нәтижелері арқылы анықтайды. Электрлік өлшеулерді кабельдерді монтаждау жұмыстары кезінде, эксплуатациялау кезінде де (жоспарлы және контрольді өлшеулер), сонымен бірге кабельдердің ақауланған кезінде де (ақаулану орнына дейінгі қашықтықты анықтау) жүргізіледі.

Кабельдік желіні монтаждағаннан кейін тапсыру кезінде және эксплуатациялау кезінде келесідей өлшеу жұмыстары жүргізіледі:

1) Тін шлейтерінің кедергісінің тұрақты токқа өлшеу;

2) тін оқшауламасы мен жер арасындағы кедергіні өлшеу;

3) тін оқшауламаларының арасындағы кедергіні өлшеу;

4) екіөткізгішті тізбектің кедегісінің асимметриясын өлшеу;

5) тіндердің жерге қатысты электрлік сыйымдылығын және жұмысшы сыйымдылықты өлшеу;

6) тізбектердің сипаттамалық (толқындық) және кіріс кедергілерін өлшеу;

7) кабель қабықшаларына электркоррозия және топырақтық коррозия әсер еткен кездегі потенциалдар мен токты өлшеу;

8) жерге қосудың кедергілерін өлшеу;

Кабельдік тізбектің сипаттамалық параметрлері болып: оқшауламаның кедергісі, тіндердің (шлейфтің) кедергісі және тізбектің омдық асимметриясы табылады.

Жұмысты бастамас бұрын өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексеру керек, ал тасымалды аспаптарда құрғақ элементтер мен батареялардың жағдайын тексеру қажет. Кабельді өлшеу және оның ақаулану орнын табу кезінде қоршаған орта температурасын ескеру қажет және мүмкіндігінше кабельдің ұзындығын дәл анықтау керек.

3. 2. Өлшеу аспаптары

Байланыс кабельдерін эксплуатациялау процесі кезінде өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін келесідей аспаптар қолданылады:

1) ПКП-2М және ПКП-3 типті тасымалды кабельдік аспаптары - 0, 1-ден 1 Ом-ға дейінгі омдық кедергіні; 0, 1-ден 5 МОм-ға дейінгі оқшаулама кедергісін; 0, 1-ден 1000 Ом-ға дейінгі тізбектің омдық асимметриясын; 0, 005-тен 4 мкФ-қа дейінгі сыйымдылықты өлшеу үшін арналған.

-15-

ПКП-2М аспабымен кабель оқшауламасының ақауланған және тіндердің үзілген орнын анықтауға болады. Аспап кернеуі 100; 4, 5 жне 3 В болатын батареяның тұрақты тогымен қоректенеді. Аспаптың габариттік өлшемдері 403х200х185 мм, салмағы 12 кг.

Аспаптың комплектісіне: аспап, батареялық жәшік, сыртқы гальванометрге қосу үшін арналған екі вилка кіреді.

2) П-321 типті генератор және деңгей көрсеткіш- 0, 25-тен 30 кГц-ке дейінгі жиілік диапазонының деңгейін өлшеу үшін арналған. Аспап кабельдік желінің тізбектеріндегі жұмысшы өшулерді өлшеу кезінде де қолданыла алады. Өлшеу шегі -52, 1-ден +17, 4 дБ-ге дейін. Кіріс кедергілері: жоғарыомды- 8000 Омнан кем емес; төменомды- 600 Ом.

3) КПЛ-3 кабельдік шамдық аспап- 0-ден 3 Омға дейінгі оқшаулама кедергісін және 0-ден 3 мкФ-қа дейінгі сыйымдылықты өлшеу үшін арналған. Аспаптың қоректену көзі болып БАС-80 анод батареясы және ЗС (2 дана) жинақталу батареясы табылады.

4) ИПЛ-48 типті далалық желілерді тексеру аспабы- желінің негізгі параметрлерін анықтау мақсатында, сонымен қатар оқшауламаның ақаулану орнын анықтауда және оның кедергісін өлшеу барысында қолданылатын әмбебап аспап болып табылады.

ИПЛ-48 аспабы келесідей нарселерді өлшеуге мүмкіндік береді: шлейфтің кедергісін өлшеуге; бірлік өткізгіштердің кедергісін өлшеуге; кедергіге қатысты желінің асимметриясын өлшеуге; ауыспалы өшу; өткізгіштер арасындағы оқшауламалардың кедергісін өлшеуге; өткізгіш пен жер арасындағы оқшауламаның кедергісін өлшеуге; өткізгіштердің оқшауламасының ақаулану орнын анықтауға.

ИПЛ-48 аспабыкелесідей негізгі бөліктерден: кедергіні өлшеу үшін қажетті тұрақты ток көпірінен, ауыспалы өшуді өлшеу үшін қажетті айнымалы ток көпірінен, мегаомметрден және килоомметрден, генератордан, жерге қосудың кедергісін өлшеу үшін қажетті сұлбалардан тұрады. Аспап -5 0 С-ден +40 0 С-ге дейінгі қоршаған орта ауа температурасында жұмыс жасауға арналған. ИПЛ-48 екі қаптамадан: өлшеу аспабынан және батареялық жәшіктен тұрады. Аспапты қоректендіру үшін ек БАС-60 батаереясы қолданылады. Жәшіктің қоректендіру көзімен қосқандағы салмағы 10, 3 кг, қоректендіру көзісіз 4, 9 кг.

5) КМ-61С аспабы байланыс кабельдеріне электрлік өлшеулер жүргізуге және кабельдердің оқшауламасының ақаулану орнына дейінгі қашықтықты анықтауға мүмкіндік береді. Аспапты қоректендіру кернеуі 24; 36 және 220 В айнымалы ток арқылы жүзеге асады.

-16-

Аспап -30-дан +50 0 С температура аралығында және 98% ылғалдылықта жұмыс жасауға арналған.

6) МОМ-3 аспабы- жоғарыомдық кедергілерді, қысқа аймақтағы кабельдік желілердің (5км-ге дейін) оқшаулама кедергілерін (1 Ом-ға дейінгі) өлшеу үшін арналған. Мегомметрді қоректендіру 110, 127 және 220 В айнымалы токпен жүзеге асады.

7) ИР-3 аспабы (разрядниктерді тексергіш) газбен толтырылған, көміртекті және басқа да разрядниктердің жану кернеуін тексеру үшін арналған. Тексергіш -5-тен +40 0 С температурада және 80% ылғалдылықта жұмыс істейді. Тексергіш тексерілетін разрядниктің электродтарында тұрақты ток кернеуінің шегі 250-1100 В аралығында болуды қамтамасыз етеді. Тексергіш өлшемі 110х140х230 мм болатын металл жәшікке салынған және оның салмағы 2, 8 кг-ды құрайды.

8) КИ-3 типті кабель іздегіш - жерасты кабелінің трассасын, кабельдің төселу тереңдігін және кабель толықтай жерге қосылған кезде тіндерінің ақаулану орнын анықтауға арналған аспап. Аспаптың комплектіне төмен жиілікті генератор және іздегіш кіреді.

9) М762 және М231 типті вольтамперметрлер-адаспа токтардың күшін және кабель қабықшасы мен жер арасындағы потенциалдар айырымын анықтауға арналған аспаптар. Бұл аспаптар ығысқан нөлі бар (10-0-20 және 50-0-50) шкаладан тұрады. Аспаптардың салмағы: М762-2, 5 кг, М231-1, 4 кг.

10) ИКП-2М типті кабельдік жұптарды іздегіш- жалғағыш (қосу) және таратылмалы муфталардағы қажетті жұптарды іздеп табуға арналған аспап. Аспапқа қосымша катушка-іздегіш беріледі. Ақаулану орнын 2 см-ге дейін дәл табады. Аспапты қоректендіру кернеуі 36, 127 және 220 В айнымалы ток желісімен немесе 4, 1-ФМЦ-0, 7 және 3, 7-ФМЦ-0, 5 типті қалта фонарларының батареяларымен жүзеге асады.

3. 3. Электрлік өлшеулер

Кабель тіндері оқшауламасының кедергісін өлшеу. Монтаждау кезінде кабель оқшауламасының кедергісін өлшеуге кететін уақытты қысқарту үшін, бұл өлшеулерді келесідей әдіспен жүргізеді. Кабельдің барлық тіндері бірнеше топтарға (екі немесе төрт) бөледі. Бұдан кейін әр топтағы оқшауламаны қорғасын қабықшасына және басқа топтарға қатысты өлшейді. 1 км қашықтықта орналасқан кабель тіндерінің оқшауламасының кедергісін

-17-

R км келесідей формула арқылы шығарады:

R км =Rnl;

Мұнда: R-тіндер тобының оқшауламасының кедергісі, МОм;

n-топтардағы тіндердің саны;

l-кабельдің ұзындығы, км.

Мысал. 100-жұпты кабельді өлшеу кезінде топтағы 50 тіндегі оқшауламаның кедергісі 800 МОм-ға тең болды; кабельдің ұзындығы 0, 35 км. Оқшауламаның кедергісі R км келесіге тең болады:

R км =800*50*0, 35=14000 МОм.

1 км-ге келетін шлейфтің кедергісі R ш келесідей формуламен анықталады:

R ш = R l \frac{R}{l}

Мұнда: R-шлейф кедергісінің өлшенген мәні, Ом;

l- өлшенетін кабельдің ұзындығы, км.

Кабельдің ақауланған орнын анықтау. Өлшеу жұмыстарын өлшеу аспаптарының құжатында келтірілгендей сызбалар арқылы жүргізеді. МВУ-49 көпірімен өлшеген кезде өлшеудің үш әдісімен ақаулану орнын l x келесідей формула арқылы анықтайды:

l x =l R 3 R 2 R 3 R 1 \frac{R3 - R2}{R3 - R1}

Мұнда: l-өлшенетін кабельдің ұзындығы, км;

R 1 ; R 2 ; R 3 - cәйкесінше бірінші, екінші және үшінші өлшеу кезіндегі кедергілер, Ом.

Егер өлшеу жұмыстары ПКП-2М көпірімен жүргізілсе, онда l x шамасының есебі мына формула арқылы анықталады:

l x =l 2 R м R м + 990 \frac{2Rм}{Rм + 990}

Мұнда: R м -көпірмен өлшеу кезінде алынған кедергі, Ом

-18-

Жерге қосу кедергісін өлшеу . Жерге қосу кедергісін өлшеу жұмыстары МС-08 немесе ИЗ жерге қосуды өлшегішпен жүзеге асады. Жерге қосу кедергісін R x өлшеу үшін R всп және R зн (зонда) кедергілері бар екі көмекші қосымша жерге қосқыштар қажет болады.

Көмекші қосымша жерге қосқыштардың кедергілері 50-ден 250 Ом аралығында алынады.

Жерге қосқышты оқшауланған өткізтермен МС-08 аспабының қабырғасында тігінен орналасқан қысқыштарға (зажим) қосады (10, а-сурет) және аспапты ретке келтіреді. Ол үшін П ауыстырып-қосқышын "Регулировка" жағдайына қоямыз және индуктордың (генератордың) тұтқасын 120-135 об/мин-қа айналдыра отырып, Р реостаттың көмегімен аспаптың стрелкасын шкаланың қызыл белгісіне апарамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыс жолдарының типтері
Қонақ үйдегі сигнализация жүйесі.
Оптикалық-талшықты байланыс
Семей-Урджар аймағын қамтитын байланыс желісінің жалпы көрінісі
Аналогты сигналдарды тарату жолдары
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Көпарналы байланыс
Оптикалық таратқыш муфта
Оптикалық кабельдерді төсеу
Коаксиальді кабельдер, олардың құрылымдық элементтері және электрлік сипаттамалары. Қалааралық, қалалық, ауылдық кабельдер. Асқынөткізгіш кабельдер және олардың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz