Титул беті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті

ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Мамандығы: 1013000 - Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматикасы

Біліктілігі: 1013073- Техник-механик

Ақтау қаласы 2018 жыл

Бекітілді
Маңғыстау облыстық
техникалық және кәсіптік
білім берудің оқу-
әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің
№ ___ хаттамасы
____________2018ж.

Технологиялық өлшемдер және бақылау-өлшеу аспаптары пәнінен курстық жұмыс жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Құрастырғандар: Жақсылықова С.Қ. -Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің арнайы пән оқытушысы;
Пікір жазған: "Элис" ойын-сауық орталығының технологы Арисбаева К.Б.
Бұл әдістемелік нұсқаулық 1013000 - Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматикасы мамандығының 1013073- Техник-механик біліктілігі бойынша Технологиялық өлшемдер және бақылау-өлшеу аспаптары пәнінен курстық жұмыс жазу үшін көмекші құрал болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулықтың мәтінінде курстық жұмысты орындаудағы орындаушының алдына қойылған міндеттері түсінікті түрде баяндалады.

Ұсынылды
Әдістемелік бірлестік
отырысының № ___ хаттамасы
________________2016ж.

Кіріспе
1. Курстық жұмыстың жалпы ережелері
Курстық жұмыс пәнді оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша жұмыс болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса.
Курстық жұмыс мынадай мақсатта әзірленеді:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және оларды нақты ғылыми, техникалық, өндірістік міндеттерді шешуде қолдану.
2) мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс жүргізе алу дағдысын дамыту.
3) мамандығын разрядтар беру арқылы бекіту.
Осы мақсатқа жету үшін тапсырманың шартын дұрыс білу қажет, орындалған жұмыстың технологиясын, оған қолданылған ақпарлардың дұрыстығына көз жеткізу қажет.

2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Курстық жұмыстың үлгі тақырыптарын арнайы пән оқытушылары әзірлейді және педагогикалық кеңесте қаралып бекітіледі. Курстық жұмыстың тақырыптары ғылым, техника мен мәдениеттің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуына сай болып, мазмұны жағынан курстық жұмыстарға қойылатын талаптарға жауап беруі қажет.
Курстық жұмыстың тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбын студент соңғы оқу жылының басында өз бетімен таңдайды. Бір топтың екі және одан да көп студенттерінің бір тақырыпқа курстық жұмысын орындауларына рұқсат етілмейді.
Студенттердің таңдаған тақырыптары жазылған тізім оқу-өндірістік бөлімінің отырысында қаралады және бекітіледі. Отырыс шешімі негізінде әр студент атына таңдалған бекітілген тақырыптың тіркелуі туралы бұйрық шығарылады.

3. Курстық жұмысты дайындауға жетекшілік
Оқу-өндірістік тәжірибе бөлімінің ұсынулары бойынша, директор бұйрығымен курстық жұмыстардың жетекшілері болып арнайы пән оқытушылары тағайындалады.
Курстық жұмыстың жетекшісі:
1) курстық жұмысқа тапсырма береді;
2) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық материалдарды, тақырыпқа қажетті дерек көздерін ұсынады;
3) курстық жұмыстың барлық тарауының көлемін белгілейді.
Әрбір курстық жұмыс бойынша жеке студентпен келісе отырып, жетекші белгіленген форма бойынша курстық жұмыс тапсырмасын жасайды. Курстық жұмыс тапсырмасында мыналар көрсетіледі: колледж, курстық жұмысты жазатын студенттің тегі, аты және әкесінің аты; курстық жұмыстың тақырыбының атауы; тақырыпты директордың ОІЖ орынбасары бекіткен күні; курстық жұмысты әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі; жазба жұмыстарға берілетін методикалық ескертулер, ұсынылған әдебиеттер тізімі; арнайы пән оқытушысының тегі, аты және әкесінің аты; тапсырма берілген және жұмыс орындалған күн көрсетіледі.
Курстық жұмыстың тақырыбы студент атына бекітіліп және курстық жұмыс тапсырмасы жасалғаннан кейін, жетекші, курстық жұмысты дайындауға тікелей, үнемі жетекшілік жасайды және дайын болған курстық жұмыстың жекелеген тарауларын оқиды; материалдың мазмұны, баяндау жалғастығы, нақты материалдарды жинау, жинақтау, жүйелеу және әдістемелік өңдеу бойынша студентке кеңес береді; студентпен бірге туындалған сұрақтарды талқылайды.
Студент белгіленген мерзімдерде жетекшіге курстық жұмыстың орындалған бөлімдерін табыс етіп, оның ескертпелері мен тілектеріне сәйкес уақытылы толықтыруларды енгізіп отырады.

4. Курстық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі
Курстық жұмыстың мазмұны белгілі бір тәртіпте әзірленген оның құрама бөліктерінің тізбесін Кіріспе, Негізгі бөлім: технологиялық, конструкторлық, есептеу, еңбекті қорғау бөлімдерінен, қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Уақытылы және дұрыс жасалған жоспар да, жетекшіден алған алғашқы кеңес те ұйымдастырушы фактор болып саналады, ол ақпарат көздерін дұрыс таңдауға, курстық жұмыстың жүйелі және жалғастықпен баяндауға септігін тигізеді. Соған байланысты студент жоспар жасауға ерекше назар аударуы тиіс.
Курстық жұмыстың жоспарын жасағанға дейін студентке мазмұнын айқындау мақсатында аталған тақырып бойынша ақпараттардың негізгі көздерімен танысуға кеңес беріледі.
Мазмұнның әзірленген жобасын студент жетекшінің қарауына береді, егер қажет болатын болса, оны түзетіп, нақтылайды.

5. Ақпарат дер көздерін іріктеу және зерделеу
Зерттеу тақырыбына жататын ақпарат көздерін байыпты шығармашылықпен зерделеу курстық жұмыстың ойдағыдай жазылуына оң ықпал етеді.
Студент ақпарат көздерін зерделеуге курстық жұмыстың тақырыбын таңдап, бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдап алынған сәйкес зерттеу пәнінің қазіргі жағдайын зерделеуі тиіс.
Зерделегенге дейін студент пәндер бойынша бағдарламаларда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы тиіс. Мәселелерді неғұрлым тереңірек зерделеу үшін қосымша отандық және шетелдік дерек көздерімен, сондай-ақ, ведомствалық нормативтік құжаттармен: нұсқаулықтармен танысқан дұрыс.

6. Курстық жұмыстың мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға үйрену үшін техникалық әдебиеттерді қолдана отырып білім алу және өндірістік тәжірибеден тәжірибе жинауға үйрене отырып, сауатты кәсіби түрде өз пікірін жаза білу қажет.
Курстық жұмыстың түсініктеме жазбасының көлемі 40 бет (формат А4). Түсініктемелік жазба Times New Roman, 14 кегль шрифтін қолданып жазылады, интервал 1 см. Қағаздың шеттерінен қалдыратын қашықтықтар (оң жақ 1 см; сол жақ 3 см.; жоғарыдан 2 см.; төменнен 2,5 см.). Мәтінде берілген сурет, кестелерге сілтеме жасалуы тиіс. Жұмыста қолданылған әдебиеттерге, тізімде берілген реті бойынша сілтеме жасалуы қажет.
Мәтінді парақтың ені бойынша түзету керек.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- титул беті;
- курстық жұмыстың орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім:
- технологиялық
- конструкторлық;
- есептеу бөлімі;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар;
Титул беті
Жұмыстың бірінші беті титул беті (үлгі бойынша), онда студент, консультант және ӨОЖ директордың орынбасарының бекіткен қолы болады (1-қосымша).
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- курстық жұмыс орындалған ұйымның атауы;
- жұмыстың түрі - курстық жұмысы (жоба);
- тақырыбы деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмыстың тақырыбының атауы;
- тобының нөмірі;
- мамандықтың атауы және шифрі;
- сол жағында- орындаған сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі мен ининциалдары;
-бір жол төмен жетекші деп жазылады және оның тегі мен инициалдары жазылады;
- қала, жыл.
Титул беті курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.
Курстық жұмысқа тапсырма
Екінші бетте курстық жұмысқа тапсырма бастапқы материал мен көздердің сипаттамасын, студент әзірлейтін жұмыстың мазмұны, жазба жұмыстарға берілетін методикалық ескертулер, ұсынылған әдебиеттер тізімі, пән мұғалімінің тегі мен инициалдары жазылған, жұмысты орындалу және тапсыру мерзімі көрсетілген тапсырма беті орналасады және тапсырманы ӨОЖ директордың орынбасары бекітеді (2-қосымша). Курстық жұмыстың тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз курстық жұмысқа тігіледі.
Мазмұны
Үшінші бетте жұмыстың мазмұны (жоспары) орналасады. Курстық жұмыстың мазмұнына Кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі мен курстық жұмыстың осы элементтері басталатын беттердің нөмірлері көрсетіледі. Курстық жұмыс үшінші беттен бастап нөмірленеді (3-қосымша).
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыптарының өзектілігі негізделеді, курстық жұмыстың тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады. Кіріспе бөлімі 1-2 бет аралығында болуы тиіс.
Негізгі бөлім
Негізгі бөлім 4 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім 20-25 бет аралығында болуы тиіс.

I-бөлім. Технологиялық бөлімде қондырғының, желінің немесе жабдықтың құрылымы туралы жалпы сипаттама беріледі.
Мысалы:
1.1. Трансформатордың құрылысы
1.2. Трансформатордың техникалық сипаттамалары мен олардың құралымдық ерекшеліктері
1.3. Трансформатордың түрлері

II. Конструкторлық бөлімде қондырғыны, желіні немесе жабдықты қолдану әдістері туралы жазылады.
Мысалы:
2.1. Трансформатордың жүктемелік ерекшеліктері
2.2. Трансформаторды жалғау тәсілдері
2.3. Трансформаторды тексеру

III-бөлім. Есептеу бөлімінде қондырғының, желінің, құрылғының негізгі техникалық, электрлік сипаттамаларын өлшеу жұмыстарының нәтижелері жазылады.

Мысалы:
3.1. Қосалқы станциялардағы трансформаторларды таңдау
3.2. Желідегі номиналдық кернеуді таңдау
3.3. Трансформатордың электрлік сипаттамалары
Трансформаторлардың қуаты мен санын, төмендету қосалқы станцияларында келесі принцип бойынша таңдайды: егер екі трансформаторлы қосалқы станция қолданса, онда трансформатордың қуаты келесі шартпен таңдалады:
Sec =PCosφ
мұндағы Р - активті жүктеме, МВт;
Cosφ- қуат коэффициенті;
Sтр=Sec1,4
мұндағы, Sес - толық жүктеме,
Sтр - трансформатордың қуаты МВА.
Қосалқы станциялардағы трансформаторлар жүктеме мен номиналды кернеу бойынша таңдалады. (1) және (2) формулаларға сәйкес үш қосалқы станция үшін трансформатор типтері таңдалады.
№1 қосалқы станция үшін
S1=1208 =150 MВА
Sтр=1501,4=105МВА
АТДЦТН - 125 трансформаторын таңдап, орналастыруға қабылдаймын. 1-кестеде №1 қосалқы станция үшін таңдалған [1 - кесте] АТДЦТН - 125000220 типті трансформатордың параметрлері көрсетілген.
1-кесте
Трансформатор типі
Sном
Реттеу шектері
Католог берілгендері

Uном.орам,кВ
Uк,%
Pк.т,
кВт
Pб.ж
кВт
I, %

ЖК
ОК
ТК
Ж-О
Ж-Т
О-Т

АТДЦТН - 125000220110
125
+-6*2%
230
121
11
11
45
28
305
65
0,5

Желі линиясының номинал кернеуін таңдау күрделі техника-экономикалық есеп болып табылады. Ол көптеген факторларға байланысты. Мысалы, кернеуінің мәні төмен линияның жабдықтарының және құрылыстарының құны аз болады. Кернеудің ұлғаюына байланысты қуат және энергия шығындары азаяды, электрлік желіні дамыту жағдайлары жақсарады. Сол үшін Г. А. Илларионов формуласын қолданамыз.
Электр торабын даму жобалауы кезінде бір уақытта электр торабының конфигурациясы сұрағымен оның номиналды кернеуін таңдауы туралы сұрақ шешіледі. Электр тораптарының номиналды кернеу ұзындықтарының шкаласы МЕСТ 721-77 анықталған және келесідей кернеу қатарын құрастырады:0,38; 3; 6; 10; 20; 35; 110; 150; 220; 330; 500; 750; 1150 кВ.
Бөлек сызықты электр беріліс желісінің номиналды кернеуі ең алдымен екі параметрлі функциямен: желімен таратылатын P қуат, және де сол қуат таратылатын L қашықтыққа. Соған байланысты желінің номиналды кернеуін табудың, әр түрлі авторлармен ұсынылған бірнеше эмпирикалық формулалары болады. Илларионов формуласы кернеуі 35-тен 750 кВ-қа дейін номиналды кернеудің барлық шкаласына қанағаттандырылған нәтиже береді.
Г. А. Илларионов формуласы бойынша номиналды кернеуі анықталады:
U=S500l+2500P
мұндағы U- желідегі кернеу,кВ;
S- толық қуат,МВА;
l- желінің ұзындығы,км;
P- активті қуат, МВт.

Номиналды кернеуді берілетін қуаттың анық мәндерімен анықтауға болады, Стилл формуласы бойынша қуат Р, МВт және желі ұзындығы l , км, бойынша
Uном=4,34·l+16·P
Бұл формула ұзындығы 250 км желілер үшін және 60 МВт аспайтын берілетін қуаттар үшін қолданылады. Үлкен қуат болған жағдайда, 1000 км қашықтыққа берілетін, А.М. Залескийдің формуласы қолданылады
Uном=P·(100+15l
U1=100050082+2500120=192,3кВ
U1=100050072+250050=132,5кВ
U1=100050092+250032=109,4кВ

Г.А.Илларионов формуласы бойынша есептеуден кейін желі линиясының номинал кернеуін 220 кВ деп қабылдаймыз

IV-бөлім. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінде электр қондырғыларын, құрылғыларын, желілерін тұрғызу, орнату, эксплуатациялау, жөндеу, қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау шаралары жазылады.
Мысалы:
4.1. Трансформаторды жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
4.2. Трансформаторды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері
4.3. Трансформаторды орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Қорытынды
Қорытындыда алдыңғы қадамдарда жасалған негізгі жұмыстың қорытындысы алынып, осының негізіне жұмыстың соңғы қорытындысы жазылады. Осымен қойылған есептерге бастан аяқ жауап беру арқылы курстық жұмыстың мақсатына жетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аталған тізім Қорытынды бөлімінен кейін келтіріледі. Аталған тізімге, студент нақты игерген және курстық жұмыста қандай да бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.
7. Курстық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртібі
Курстық жұмыс мәтінінің беттері мен жұмысқа енгізілген иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Диплом жұмысын жазуға арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Жұмыстың құндылығы
Ғылыми этика мәселелері
Ғылым этикасы
Трансформатордың электрлік сипаттамалары
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Пәндер