Электр өлшеу аспаптары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І.Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Электр өлшеу аспаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Электр өлшеу туралы негізгі түсіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Осцелографтар ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.Осциллографтар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ.Конструкторлық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Электр аспаптарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1.Электро динамикалық аспаптардың құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2.Индукциялық жүйелі аспаптардың құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3. Электр магнитті өлшеу аспаптардың құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.4 Магнитті-электр жүйелі аспаптардың құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.5.Цифрлық өлшеуіш аспаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІІ.Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
3.1 Өлшеу қателіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

IV.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23
4.1.Еңбек қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Курстық жұмыс "Электр өлшеу аспаптары" тақырыбында жазылған. Курстық жұмыстың мақсаты- Электр өлшеу аспаптарың түрлері, жұмыс істеу принцптері ,қай жерде қолданылатындығы туралы және элетр аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жазу.
Құрстық жұмыстың өзектілігі- электр өлшеу аспаптарының құрылымдарын қарау өлшеу қателіктерін тексеру және негізін түсіну
Курстық жұмыс кіріспеден, технологиялық бөлімнен, конструкторлық бөлімнен, есептеу бөлімінен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 26 беттен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, яғни, технологиялық бөлімде электр өлшеу аспаптары туралы негізгі түсінктері және түрлері туралы жазылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, яғни, конструкторлық бөлімде Динамикалық аспаптар туралы индукциялық аспатар туралы толықтай жазылған.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде, яғни, есептеу бөлімінде өлшеу қателіктері туралы жазылған.
Курстық жұмыстың төртінші бөлімінде, яғни, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінде электр өлшеу аспаптарымен жқмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жазылған.
Курстық жұмысты жазу кезінде қолданған әдебиеттер пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.



I.Технологиялық бөлім
Электр өлшеу аспаптары
1.1Электрлік өлшеу туралы негізгі түсініктер

Өлшеуіштік түрлендіргіштер негізінде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіргеннен кейін оны электрлік, өлшеуіш аспаптарымен цифрлық мәнге айналдыру үшін керек .Әдетте, электрлік шамаларды электр сигналына түрлендіргіштер редінде шунттар, кернеу бөлгіштер,өлшеуіштік трансформаторлар, т.б. қолданылса, ал бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіру үшін терморезисторлар,терможұптар,тензар езисторлар, сыйымдалықты және индуктивті түрлендіргіштер т.б. қолданылады
Бақылау-өлшеу аспаптары -- процестердің тиімді жүруі үшін оның көптеген параметрлері белгілі шекте болуы қажет. Оны қамтамасыз ету үшін әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады. Олар шамалардың тегіне қарай, мынадай түрлерге бөлінеді: амперметр, вольтметр, омметр,
Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі жүйелі амперметрлер,милиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады (1-сурет). Оларды тізбекке тізбектеп жалғайтындықтан, тізек арқлы өтетін барлық ток аспап арқылы да өтеді.

1-сурет.Амперметр

Түрлі электрлік өлшеулер жүргізгенде өлшеуіш аспаптардың оны жалғаған тізбектегі электрлік режимді мейлінше аз өзгерткені өте маңызды.Соған байланысты амперметрдің кедергісі тізбектің кедергісімен салыстырғанда елеусіз болады
Амперметрді ток көзінің полюстеріне жүксіз қосуға болмайды, өйткені амперметрдің кедергісі аз орамаларынан үлкен ток өткенде оның жанып кетуі мүмкін.Сондай ақ,амперметрді жүкке параллель жалғауға болмайды .Кейбір электр өлшеуіш аспаптардың орамалары және жеке элементтері арқылы,оларды істен шығарып алмауы үшін,елеулі үлкен ток өткізуге болмайды.Әсіресе,магнитті электрлік аспаптардың спираль серіппесімен жылжымалы орауышын ескерген жөн.
Вольтметр -- тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап (2-сурет). Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.

2-сурет.Вольтметр

Электронды вольтметр - электр кернеуді өлшеуге арналған электрондық аспап. Электронды вольтметр электрондық жиынтықтан (түзеткіштен, күшейткіштен) және түрақты токты өлшсу механизмнен тұрады. Электронды вольтметр әсерлейтін және орта кернеуді өлшейтін түрі, сонымен электронды вольтметр өлшенетін синусоналды кернеудің амплитудасына немесе қисығының ауытқу түрінің ең биік мәні сәйкес келетін кернеудің амплитудалық мәнін өлшейтін түрі болады. Электронды вольтметр импульсті түрі де болады. Онымен аз уақыттағы (0,1 ... 300 мс) амплитуданы өлшеуге болады. Өлшеу шегін кеңейту кернеу бөліктерін қолдану арқылы жүргізіледі. Электронды вольтметрдің негізгі артықшылықтары: іс жүзінде өзі қуат пайдаланбайды және жиіліктерінің аумағы кең.
Кедергілерді омметрмен өлшейді (3-сурет). Кедергілерді өлшеу мүмкіндіктерді кернеу тұрақты болған жағдайда ток күші кедергіге байланысты болып келетініне негізделген. Осы тәуелділік негізінде тізбектің кедергісін ондағы ток күшіне қарай айыруға болады. Омметрдің тілі шкала бойынша омметрдің қысқыштарына жалғанған кедергінің шамасын көрсетеді.

3-сурет. Омметр
Электрөлшеуіш аспаптың шартты белгілері:
Әрбір электр өлшеуіш аспаптың шкаласында шартты белгілер мен аспаптың құрылымы және пайдалану жөніндегі қажетті мәлімет көрсетіледі
1.2.Осциллографтар
Осциллограф (лат. oscillo -- тербелетін және гр. grapho -- жазамын)
1. қандай да бір мерзімдік процестерді жазуға арналған құрал;
2. екі электрлік шаманың арасындағы тәуелділікті білдіретін кисықты бақылауға және жазуға арналған электр өлшеуші құрал.
3. электрлік немесе жарықтық сигналға айналған, уақыт сайын өзгермелі күштік және кинематикалық айқындауыштарын (параметрлерін) бақылауға және жазып отыруға арналған аспап.
4. уақытқа байланысты электр тогының немесе кернеуінің өзгерісін көзбен бақылауға немесе жазуға арналған, сонымен қатар әртүрлі электрлік шамаларды: кернеуді, ток күшін, ток жиілігін, фазалар ығысуын, импульстардың ұзақтылығын және қайталау жиіліктерін және т.б. өлшеуге арналған аспап. Электрлік емес шамаларды электрлік шамаларға түрлендіре отырып, тез өзгеріп отыратын физикалық процестерді: қысымды, температураны, үдеуді, жылдамдықты, айналу жиілікті және т.б. Осциллограф көмегімен тіркеуге және бақылауға болады. Жүмыс істеу принципі бойынша Осциллограф жарық сәулелі және электронды сәулелі боп бөлінеді.
Өте тез өтетін электрлік немесе бейэлектрлік шамалардың мәндерін анықтау және олардың өгерту сипатын зерттеу үшін осциллографтар қолданылады
Электронды осциллограф - бұл құрал визуалды көруге, өлшеуге, электрлі процесстердегі әр түрлі түрдегі фото суреттеуге арналған. Бұл процесстер электронды-сәулелі трубкалардың экранында көрсетіледі, ол электронды осциллографтың негізгі мүшесі болып табылады.
Осциллографтың экранындағы суретті анықтау осциллографтау деп аталады. Экрандағы сурет немесе оның фотосуреті осциллограмма деп аталады.
Осциллографтық өлшеу зерттелінетін құбылыстарды көруде ерекше көрнектілікке ие. Қазіргі осциллографтар әр түрлі электрлі процесстерді қарастыруға мүмкіндік береді, тіпті егер сигнал кездейсоқ жағдайдағы уақыт пен ұзақтығында пайда болғанда, мысалыға секундтың миллиартды бөлігінде.Регистрациялық процесстерде орташа көздің қабілеттілігінің ұзақтылығы 0,1с уақытында шектелінген.
Осциллографтың экранындағы бейненің көмегімен токты және әр түрлі формадағы кернеуді өлшеп және салыстыруға болады, олардың амплитудалы мәндерін, уақыттағы сигнал ұзақтығын бағалау да өте маңызды (қандай да бөлігінде). Сонымен қатар осциллограф жиілікті, фазаны, зерттелетін сигналдың модуляция коэффицентін өлшеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен әр түрлі радио құралдардың амплитудалық, фазалық мінездемелерін алады, электронды лампалардың вольт-амперлік мінездемелері және жартылай өткізгішті аспаптар сигналдардың формаларын зерттейді және басқа комплексті өлшеулерді шығарады.
Осциллографялық өлшеулер зерттелетін жиіліктің үлкен диапазонымен (тұрақты токтан СВЧ диапзонының жиілігіне дейін), сигналдардың сақтау мүмкіндігі мен келесі орындалумен, жоғары сезімдалдылықпен және кедергілерден сигналдарды бөлу мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Осциллографялық электрлі емес көлемдер электронды осциллографтын қатынасындағы датчиктардың көмегімен жүзеге асырылады. Датчиктарды әр түрлі процесстерді зерттеуге қолдануға болады, бірақ олар табиғатынан электрлі болып келмейді (қысымның өзгеруі, жарықты ағын, механикалық тербелістер және деформациялар және т.б.). Параметрлі, электрлі емес көлемдегі кедергілерді құрастыру, генераторлық және электрлі емес көлемдегі электрлі қозғалушы күшті құрастыру датчиктері кең таралған.
Осциллографтар белгілеуі және іс-әрекеті бойынша әмбебеп, сақталатын, стробоскопиялық, жылдам және арнайы аспаптарға, сигналдардың бір уақытта бақылау саны бойынша - бір, екі және көп каналды болып бөлінеді.
Әмбебеп осциллографтар - жалпы белгілеуге арналған аспап, гармоникалық және импульсті сигналдарды бақылауға арналған. Бұл осциллографтар екі топқа бөлінеді: бір сарынды блокты конструкциялық аспаптар және ауыстырмалы блокты аспаптар.
Жылдам және стробоскопиялық осциллографтар жылдам әрекет ететін жартылай өткізгіштерде өткізгіш процесстарды зерттеуге, интегральды микросұлбады және ауыстырып қосқыш элементтер кезінде ядролық физикада және басқа да жұмыс аудандарында қолданылады.
Осцилораф деп зерттелініп отырған сигналды бақылауға, тіркеуге және өлшеуге арналған аспап, әдетте, кернеу, уақытқа тәуелді сигналдар.
Осциллографтарды, сонымен қатар соңында электрлік сигналдарға түрленетін электрлік емес процесстерді зерттеуге қолдануға да болады.
Осциллографтардың негізгі екі классы бар: баяу процестерді бақылауға арналған жарық сәулелі және баяу, жылдамағысты процестерді көрсететін электр-сәулелі.
Жарық сәуелі осциллографтарды зерттелініп отырған кернеу мен фотопленкаға жазу әсерінен жарық сәулесін сөндіру үшін электрмеханикада қолданылады.
Электр-сәулелі осциллографтар электр сәулелі түтікшелер негізінде жасалады. Электр сәулесінің ауытқуы электрлік сигналмен жасалады және инерциясыз болып келеді. Зерттелініп отырған процесс люминесцентті экранда көрсетіледі және фотографиялық әдістермен тіркелуі мүмкін.

1.3. Осциллографтар түрлері
Электр-сәулелі осцеллографтар.
Электр-сәулелі осциллографтың негізгі торабы, ішінде электрондар көзі, жіңішке электронды сәуле түзуші жүйе, сөндіруші пластина және люминесценді экраны бар ваккумдалған шыны колба тәріздес электр-сәулелі түтікше (ЭСТ) болып келеді
Элекрондар көзі ол 2 қыздырушысы бар 1 оксидті катод. Жіңішке электронды түйін түзілетін электрондар саны 1 катод пен 3 модуль арасындағы кернеуге тәуелді. Бұл кернеудің мәні өзгерсе модуль шегінен шығатын электронды түйіннің қарқыны өзгереді. Түйіннің ары қарай түзілуі 4 екі анод кернеуінің әсерінен жүреді, анодтың біреуі- үдетуші, екіншісі- фокустаушы. Катод, модулятор және екі аноды бар ЭСТ бөлігі электронды пушка деп атайды. Электронды пушканың қызметі ол қарқынға қажет жіңішке электронды түйін (сәуле) түзу.
Жарық сәулелі осциллографтар
Жарық сәулелі осциллографтар. Жарық сәулелі осциллографтарды 30кГц аспайтын жоғарғы жиілікті электрлік сигналдарды өлшеуге арналған. Бұл аспаптың артықшылы ол қондырғының оңайлығы, көп процесттердің (әдетте 12 немесе 24) біруақытта тіркеуі.
Жарық сәулелі осциллограф осциллографты гальванометрлерден (ОГ), оптикалық жүйеден, жазу жүйелері, уақыт белгілеуші мен қорек блогынан құралған магнитті блоктан тұрады.
Осциллографты гальванометр магнитті материалға қапталған магнит электрлі механизмнің қозғалмалы рамкасының созылмасына бекітілген аспап.Қаптамаға жұмсақ магнитті полюсті ұштар бекітілген.ОГ беркелкі тұрақты ток магнит өткізгіштің ауа саңылау болып келетін арнайы ұяшықтарда орналастырылады.Демек барлық рамкалар тұрақты магнит өрісінде орналасады.Магнит электрлі механизмдердегі сияқты қарастырылып отырған ток рамкаға келгенде оның бұрылуы болады.ОГ-дің қозғалмалы бөлігінде инерция моментінің мәні аз болғандықтан, оның ауытқуы токтың лездік мәнінің әр уақыт мезетіне пропорционал.ОГ қозғалмалы бөлігіне жарықты сынайтын кішкене айна бекітілген

ІІ Конструкторлық бөлім
Электр аспаптарының құрылымы
2.1.Электродинамикалық аспатардың құрылысы

Электр-динамикалық жүйе аспаптары тұракты және айнымалы тізбектердегі кернеуді, токты, қуатты өлшеуге қолданылады. Электр-динамикалық аспаптардың жұмысы тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуіне негізделген. Аспап саны аз жуан сым орамдары бар қозғалмайтын орауыш 1 (4-сурет) мен жіңішке сымдардан жасалынған, көп орамдары бар, қозғалмайтын орауыштыц ішіңде орналасқан козғалмалы орауыштан 2 түрады. Қозғалмалы орауыштың осіне нұсқама тіл 5 пен серіппелер 4 бекітілген. Серіпелер арқылы орауышқа ток беріледі және карсы әсер етуші момент тудырылады. Нұсқама тілдің төменгі үшы ауалық тынышталғыштың поршені (3) болып келеді. Аспаптың сыртқы магнит өрістеріне сезімтал болатындығына байланысты бұл жүйеде магниттік тынышталдырғышты қолдануға болмайды.
Аспапты тізбекке косканда ток орауыштар арқылы өтіп пайда болған магнит өрістері электр-динамикалық күш туғызады. Электрдинамикалык күш қозғалмалы күш қозғалмалы жүйені екі орауыштың магнит өрістерінің бағыттары бірдей болғанша бұруға тырысады. Егер орауыштардан өтетің токтар бірдей болса, онда орауыштардың өзара әрекет күші (айналмалы моментте) ток квадратына пропорционал болады: F - KI2. Соң. дықтан электр-динамикалық ампер. метрлердің шкалалары біркелкі болмайды.

4-сурет.Электр динамикалық жүйе аспабының кұрылысы.

Аспапты айнымалы ток электр желісіне қосқан кезде айналдыру моментінің бағыты өзгермейді, өйткені екі орауышта да токтың бағыты бірдей өзгереді. Айнымалы ток тізбектерінде бұл аспаптар жүйесі өлшенетін шаманың әсер етуші мәнін көрсетеді.
Аспаппен кернеуді өлшегенде козғалатын және қозғалмайтын орауыштарды тізбектеп қосады. Мұндай қосылуды аз мөлшерлі токтарды өлшеу үшін де қолданады (0,5 А дейін). Мөлшері үлкен токтарды өлшеу үшін аспап орауыштарын параллель қосу керек. Куатты елшерде қозғалмайтын орауышты тізбектеп, ал козғалатын орауышты параллель косады. Соңғы қосылыста қозғалмайтын орауыш арқылы жүктеме тогы өтсе, ал қозғалатын орауыш аркылы жүктеме кернеуіне пропорционал ток өтеді. Ол қуатқа жүктеме түтынатын пропорционал айналмалы момент тудырады (Р=UI). Осы себепке байланысты электр-динамикалык. Ваттметрлерді шкаласы біркелкі болады.
Электродинамикалық аспаптардың артықшылыктары - айнымалы және тұрақты ток тізбектерде елшеулер жүргізуге жарамдығы, кернеу, ток немесе куатты өлшеуге болатындығы, жоғары дәлдігі, шкала біркелкілігі (ваттметрлерде). Кемшіліктері - cалыстырмалы үлкен қуат тұтынуы (токтар мен кернеулерді өлшеген кезде), сыртқы магнит өрістеріне және артық жүк түсуіне сезімталдығы, бағасының қымбаттылығы.
Болат өзекшелі электр-динамикалық аспаптарды ферродинамикалық деп атайды. Бірақ та болатты колдану аспап дәлдігін темендетеді. Бұл жерде оған гистерезис пен күйын тогы әсер етеді. Сондықтан ферродинамикалық жүйе аспаптары дәлдікті керек ететін өлшеулерге жарамайды. Олар негізінен тіркегіш аспаптарда және калқандық ваттметрлерінде колданылады

2.2.Индукциялық жүйелі аспаптардың құрылысы
Индукциялы жүйе аспабының құрылысы мен векторлық диаграммасы 5-суретте көрсетілген.
Өлшеу механизмі бос кеңістікпен бөлініп тұрған қозғал-майтын екі магнит өткізгіштерден: бірі Ш - тәрізді екіншісі П - тәрізді индукторлардан құралады. Магнит өткізгіштер арасындағы бос кеңістікте қозғалатын алюминий диск орналастырылған. Магнит өткізгіштерге Ф1 және Ф2 магнит ағындарын туғызатын сәйкесінше I1 және I2 қоздырғыш токтары өтетін орамдар оралған. Дискінің айналым санын есептегіш механизм диск осімен байланысып тұр. Дискінің бос жүрісін болдырмау үшін тұрақты магниттер қарастырылған.

5-сурет.Индукциялы жүйе аспабының құрылысы мен векторлық диаграммасы


Өлшеу аспабын айнымалы ток көзіне қосқан кезде I1 және I2 токтарымен фазасы бойынша сәйкес келетін Ф1 және Ф2 магнит ағындары пайда болады (векторлық диаграммаға қараңыз). Магнит ағындары дискіні қиып өткенде олардың бойна өздерінің магнит ағындарынан бұрышқа қалып жүретін Е1және Е2 электр қозғағыш күштерін енгізеді (индукциялайды), дискіде сәйкесінше ЭҚК фаза бойынша дәл келетін екі Iд1 және Iд2 құйынды токтары пайда болады (дискі кедергісін активті деп есептейміз).
Iд1 тогы контуры мен Ф2 магнит ағынының тартылысы және Iд2 тогы контуры мен Ф1 магнит ағынының тербеліс күштерінің әсерінен дискіге бір-біріне қарсы бағытталған екі момент әсер етеді, моменттердің ілездік мәндері:

;
мұндағы к1 және к2- пропорционалдық коэффициенттер.
Магнит ағындарының теңдіктері:

Магнит ағындарының дискіге енгізетін құйынды токтарының теңдіктері:

Моменттердің орташа мәндерін мына формулалармен есептеуге болады:

мұндағы , ал болғандықтан дискіге әсер ететін айналдырғыш моменттің толық мәні:

Дискіге енгізілген токтарды мына формуламен де анықтауға болады:

және ,
мұндағы f- ток көзі жиілігі, к3 және к4- пропорционалдық коэффициенттер.

Ендеше:

немесе:
;

мұндағы К=k1k4+k2k3.
болғанда айналдырғыш момент максималь мәнге жетеді.
Дискінің бір қалыпты айналуын қамтамасыз ету және тежегіш момент туғызу үшін аспап құрылысында тұрақты тежегіш магнит қарастырылған.
Дискінің айналуы мен тұрақты магнит ағынының әсерлесуі нәтижесінде құйынды ток пайда болады:
.

мұндағы - дискінің бұрыштық айналу жылдамдығы, к5- пропорционалдық коэффициент.
iв тогы мен Фn магнит ағынының өзара әсерлесуі нәтижесінде тежегіш момент пайда болады:

немесе

.

мұндағы Кт=К5К
Индукциялы жүйе аспаптарының айналдырғыш моменті жоғары, олардың көрсетіміне сыртқы магнит өрісінің әсері аз және асқын жүктемелену қабілеті жоғары (большая перегрузочная способность) бұл қасиеттер мұндай жүйедегі аспаптардың артықшылығы болып табылады.
Кемшіліктері ретінде нақтылығының төмендігін, өлшеу тізбегінен үлкен қуат тұтынатындығын және олардың көрсетіліміне ток жиілігі мен температураның әсер ететіндігін атап өтуге болады. Электр энергиясын санауыштардың көпшілігінің өлшегіш механизмі индукциялық жүйе негізінде жасалады.

2.3.Электр-магниттік өлшеу аспаптарының құрылысы

Электромагниттік өлшеуіш аспаптарын тұрақты немесе айнымалы ток тізбектеріндегі кернеуді немесе токты өлшеуге колданады. Қаралып отырған түрдегі аспаптарды өндіріс екі күрылымдык. түрде: жазық және дөңгелек орауышты (катушкалы) түрінде жасайды.
Жазық орауышты электр-магниттік аспаптардын, жұмысы ферромагниттік өзекшенің тогы бар орауыштың ішіне тартылатыи принципіне негізделгең^ Мұндай аспап (6-сурет)негізгі қаңқағз оралған саңылауы бар орауыштан түрады. Аспаптың козғалмалЫ бөлігі нұсқама тілі бар 1 біліктен, симметриясыз бекітілген өзекшеден 2, және қайтарушы серіппеден 3 түрады. Нүсқама тіл өзіній орнықты калпына карағанда тез тынышталуы үшін ауалық тежеуіші бар тыныштандырғыш 4 қолданылады
Аспапты электр желісіне қосканда орауыш арқылы ток жүре' ді, пайда болған магнит өрісі өзекшені ораушытың ішіне тартады.
Өзекше білікке симметриясыз бекітілгендіктен аспаптың қозғалмалы бөлігі бір бұрышқа бұрылады. Қозғалмалы бөлік ток тудырған айналмалы момент пен, спираль серіппесінін, қарсы әрекет моменті тепе-тең болғанша бұрылады.
Қозғалмалы бөліктің бұрылу бұрышы өзекшенің катушка ішіне тартылу күшіне байланысты. Бүл күш токка 1 және орауыш өрісі-яін магниттік индукциясына В тура пропорцинал: F = κBI, мүндағы К - прогюрционалдық (тәуелділік) коэффициенті. Магниттік канығуға жетпеген жағдайда магниттік индукция токқа пропорционал болғандықтан, қозғалмалы жүйенің бұрылу бұрышы ток квадратына пропорционал болады. Бұл жағдайда аспап шкаласы квадратты болуы керек. Бірақ та аспаптағы ферромагниттік өзекше келтірілген ара-қатынастықты күрделілендіреді, соның салдарынан электр-магниттік өлшеуіш аспаптарының шкаласы біркелкі болмайды. Өзекшеге арнайы пішін беріп және онын. орауыш ішінде орналасуын өзгертіп, алғашқы беліктерінен басқа шкаланың көпшілік бөлігіндегі біркелкісіздікті азайтуға болады. Шкаланың алғашқы бөліктері ете тығыз болып кала береді.
Электр-магниттік вольтметрлерде орауыш орамдарының саны улкен болып, 2000-10000-ға жетеді. Орам сымының диаметрі 0,08-0,1 мм болады. Амперметрлердің орауыштары қималары децгелек немесе таспа тәріздес жуан мыс сымдардан жасалынады да олардың орам сандары кеп болмайды. Сыртқы магнит өрістері электр-магниттік аспаптың жұмысына үлкен әсерін тигізеді, бірақ оны ферромагниттік қапталмасы арқылы бәсеңдетуге болады.
Дөңгелек орауышты аспаптың (7-сурет) ішіне нұсқама тілімен бірге аспап осіне бекем орнатылған жылжымалы 1, және қоз-ғалмайтын екі езекше орнатылған. Орауышпен 3 ток жүргенде магнит өрісі қоздырылады, өзекшелердің екі ұштары аттас полярлықпен магниттеледі, аттас полюстердің бір-бірінен тебілуі айнал-малы момент туғызады. Қозғалмалы өзекше 1 қозғалмайтын өзекшеден 4 тебіліп нұсқама тілді білікті белгілі бір бұрышка бұрады Сыртқы магнит өрістерінің әсерін әлсірету үшін орауышқа ферромагниттік экранды 2 кигізеді. Аспап магнит тынышталдырғышы. мен 5 жабдықталған.

6-сурет Деңгелек орауышты электр магниттік аспаптың құрылысы.

7-сурет Жазық орауышты орауышты электр магниттік аспаптың құрылысы.

Электр-магниттік аспаптың магнит өрісінде болаттың мөлшері аз болғандықтан магнит өрісінін. көпшілігі ауа арқылы өтеді. Сондықтан электромагниттік жүйедегі өлшеу механизмінің сезгіштігі шамалы болады. Сонық салдарынан аз токты өлшейтін (0,5 А ден кіші) амперметрді немесе аз кернеуді өлшейтін (10 В-тан кіші) вольтметрді жасау қиындыққа соғады.
Аспаптың түрақты және айнымалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр аспаптарының құрылымы
Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары
«Көлікті жарықтандыру мен дабылдау жабдықтары»
«Операциялық күшейткіштерін зерттеу» зертханалық стендін жөндеу және монтаждау»
Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер
Аспаптардың жіктелуі
Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру. Түзеткіштер
Электр өлшеуіш аналогтық құрылғылар туралы жалпы мәліметтер
ЭЛЕКТРЛІК ӨЛШЕУЛЕР МЕН АСПАПТАР
Өлшеу қондырғысы
Пәндер