Бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктері



Жоспар:

Кіріспе

1 ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТЕМПЕРАМЕНТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының темпераменті және оқушылар темпераментінің физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Курстық жұмыстың өзектілігі. Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу — бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Зерттеу пәні: психология. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi-мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің
1. Рабочая концепция одаренности.-М..ИЧП Магистр,1998 г.
2. Сәбет Бап-Баба, Жалпы психология.Алматы, Дарын 2005ж
3. Б.Н.Теплов., Способности и одаренность.-М.,1985,
4. Ұзақ мерізімді «Қазақстан-2030» бағдарламасының стратегиялары.
5. 2004-2015 жылдар аралығындағы білім беру концепциясы.
6. Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары, халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары 8-9 қараша,-А.,2000.
7. Е.С.Юркевич., Одаренный ребенок.-М.,1996.
8. Бастауыш мектеп.2006/6.,66-69 бет.
9. «Дарын» 2007/наурыз-сәуір.,92-95 бет.
10. «Дарын» 2005/қыркүйек-қазан.,8-10 бет.
11. Қазақстан мектебі.2005/1.,41-45 бет.
12. Қазақстан мектебі. 2006/1.,3-5 бет.
13. Қазақстан мектебі. 2006/5.,23-25 бет.
14. Қазақстан мектебі. 2007/3.,66-69 бет.
15. Қазақстан мектебі,2008/6.,58-60 бет.
16. Қазақстан мектебі,2005/2., 54-56 бет.
17. Қазақстан мектебі,2004/9.,64-66 бет.
18. Қазақстан мектебі,2006/12., 3-5 бет.
19. Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.2007/1.,4-6 бет.
20. Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.2006/3.,4-6 бет.
21. Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.2006/5.,10-12 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1 Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТЕМПЕРАМЕНТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының темпераменті және оқушылар темпераментінің физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КIРIСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу -- бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Зерттеу пәні: психология. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi-мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков "Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет"- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : "Жақсы оқыту - баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту"- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың мінез - құлқын жан - жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн.
Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез - құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған.
Жас бала -- жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да әр кезеңде балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенi заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани - адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Егер, мектепте оқушылардың темпераментін анықтау, дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді.
Курстық жұмысымның құрылымы: кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.

1 Темперамент туралы жалпы ұғым

1.1 Темперамент жөнінде түсінік

Темперамент -- нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардын, эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалау (Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады),адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. бз.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер -- қылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460 -- 356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын -- қан, салқындататын -- шырын (слизь), құрғататын -- бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара ет (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша сангиус -- қан), ал шырын басым болса (грекше флегма -- шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше мелай-нехоле -- қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе -- өт) темпераменті деп аталады. Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл -- адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді,
Рим дәрігері Гален (129 -- 199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатыны, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау -- сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724 -- 1804) өзінің Антропология деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833 -- 1902) ми кабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837 -- 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы, қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
Нерв процестерінін, күшіне -- ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның, түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тәжелудің бір-біріне тек келуін айтады. Нерв процестерініц қозғалғыштығы деп олардың бірақ екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Сөйтіп И. П. Павлов ілімінің, айтуынша, нерв жүйесінің, әрбір типінің, үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің, бірі -- ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип -- жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше козғалыстары тип. Күшті типтердің екіншісі -- ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі -- қозу мен тежелу бір-біріне, тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердін, әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлері-төзімді келсе, әлсіз тип морт сына кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінін, негізгі типтері темпераменттердің, физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. (Павлов сангвиниктерді -- ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді -- ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең, болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді -- нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және козуы мен тежелуі бірдей күшті (бі-рақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудіқ күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардын, нерв жүйесінін тииін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы си-паттамасы, әрбір ичдивидиумның барлық әрекетіне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896 -- 1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. А. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибері адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нсрв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене үсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930 -- 1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің езі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын емір сүру-ге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді.

1.2 Темперамент туралы теориялар

Темпераменттер жөніндегі ғылымнын ірге тасын калаган ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б.э.д V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" -қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығының байланыстырды.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетн көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиетгеріне негізделген -- конституциялық таполопю
(Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні әр адам өз дене құрыльшъша орай өзіндік психикалык, ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас; кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі; көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықти, кол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік.; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тарғылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз, Бұл адамдар -әрқилы мүшелік зақым-сырқатгарга ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).
Ахалған дене құрылымы тишеріне үш темлерамент титті сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне еребермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі мығым, мінезі байсалды, сезшталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған констутциялық типология теориясының негізін қалаған - Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АКШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанып принцип - адам дене құрылымы және оның өзінің жаналыты - эмбриологиялық белгілер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардын; негізгі кешділіті - тулғаның психикалық касиеттерін қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметіік жағдайлардың ескерілмеуі У. Шелдон теориясын сыңға алған Я. Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене кұрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық; негізге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалышасады".
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И, П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспериментальды дәлелденген.
И. П. Павлов итгің шарпы рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен итгердін; рефлекстік қозулары мен сол қозулардың сөну тендігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардьщ көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде экспериыенттермен дәлелденген. И. П. Павлов тем нерамент типінің жүйке қасиепері ретінде қозу мен тежел; күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылының атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші - бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекешілдік қабілетінің белгісі Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзак не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мек тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарьшан, бір процесс күші екеншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылыгы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танылады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әркеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалайыыз. Жүйке козғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостыіы. Бір процесс турінен еківшісіне өіу үшін қаншалықты көп уақыт пен күш кажт болатын болса, жүйке жүйесінін: селқостыгы сонша үлкен болғаны
Аталған жүйке процестерінің кдсиеттері негізінде жүйке жүйесінің тші немесе яюгарга жоғары қышетінің типі деп аталатын құрылым түзіледі Бұл жүйе әр дара тұлғанын жүйке жүйесіне тән негізгі қасиетіер бірлігінен құралады. Ол қасиетгер: қозу мен тежелу процестерінін күші, тепе - теңдік қозғалмалылығы Осы үш қасиетп негізге ала отыръш, И. П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күші тип пен әлсіз тиші айыра, дәстүрлі гиппократ типолошясына жакын жүйке жүйесінщ төрт негізгі типін ажыратгы:
:: күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
:: күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;
:: күшті, қозуы басым - холерик; әлсіз тип - меланхолик.
Сонымен, И. П. Павлов түсшігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ыкпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері -жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темдераменті - жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет каркынында тазылатын психологикалық бейнесі.
И. П. Павлов негіздеген типологая темперамент психологиясы саласындағы көшеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И. П. Павловтың шәкірттері В. М. Теплов, кейін В. Д. Небылицин темперамент типологаясын жаңа элекенттермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі - жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдытында көрінеді де, ал динамикалылығы -қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартгы рефлекстердің онай және жылдам түзшуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәгижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгші тмігп жүйке жүйесіне ие. Нақты жүйкелік тішке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын құрайды.

1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері -- іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттін, бір осал жері -- қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, онтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінін, бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша кеп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық -- осы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың Соғыс және бейбітшілік романындағы қарт князь Волконский холерик темпераментінің, Анна Каренинадағы Степан Облонский сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдің Өлі жандардағы Собакеевич -- флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников -- меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талант адамдардың арасынан да түрлі темпераменттердік өкілдері табылады. Мәселен, А. С. Пушкиннің өзі де, оның сүйсіне жырлаған басты геройларының бірі -- бірінші Петр де холерик темпераментінің өкілдері болған. Полтава соғысында Петрдің темпераментін А. С, Пушкин былайша суреттейді:
Жалтыдап екі көзі, тісі ызғарлы,
Қимылы өте шапшаң, тым қаһарлы
Тамаша тұрған бойы бір ғаламат,
Бір өзі тәңірінің қаһарындай
Адымдап келе жатты.
Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик темпераментінің өкілі. Ол туралы бір естелікте былай делінген: Оның қөзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп тастауды аңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді білмеген, жүгіріп жүрген, атқа мінгенде шауып жүретін, жолында орындық тұрса, айналып өтудің орнына, оның үстінен қарғып кететін болған.
Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері Герценді -- сангвиник, Гогольді -- меланхолик, Крыловты -- флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің таза түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераменттердің таза түрлерін тауып алуға мүмкіндік берді.
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінін қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н. И. Красногорскийдің баланың жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшетіктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу қарқынына) әсер ету отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдарымен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланыстылар түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады
Сангвиник темпераменті басым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaстaуыш сынып oқушылaрының тeмпeрaмeнтін aнықтaу тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері
Жоғары жүйке қызметінің және қозғалыс белсенділік деңгейінің әртүрлілігімен балалардың және жасөспірімдердің бейімделу мүмкіндігі
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
Мінез құрылымындағы қасиеттер
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Пәндер