Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті

«Педагогика және психология»

кафедрасы

Мақала

Тақырыбы:

«Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

1. Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері

Қорқыныш - адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік (эмоционалдық ұшыққан) бейнеленуі, үрейлену - алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрбыларымен өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.

Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі. Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.

Жас ерекшелік және невротикалық қорқыныш түрлері болады. Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады:

- ата-аналарда қорқыныштың болуы;

- баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу;

- сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары;

- сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды;

- ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану;

- үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялык бой алдыру.

Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен; ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен, мінез-құлықтың және тұлғаның қалыптасуына кері әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылулармен және күйзелістермен өзара байланыстылығымен, қорқыныш нысанынан, сондай-ақ барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен, қорқынышты жоюдың салыстырмалы қиындығымен сипатталады.

Невротикалық қорқыныштар ұзаққа созылған және шешілмейтін күйзелістерден туындауы мүмкін. Көбіне бұлайша ата-аналарымен карым-қатынасында эмоционалдық қиыншылықтар сезінетін, отбасындағы немесе қақтығыстық сәттердегі эмоционалдық күйзелістерінің әсерінен өзі туралы пікірі бұрмаланған сезімтал балалар қорқады. Бұл балалар үлкендерге қауіпсіздіктің, беделдің және махаббаттың көзі ретінде карай алмайды. Жауапкершілік, парыз, міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік ұстанымы, "ондай бола алмау" қорқынышының пайда болуына алып келеді. Бала үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюға, айыпталуға және жазалануға қорқады. Бастауыш сынып жасынада "ондай бола алмау" қорқынышы шарықтау шегіне жетеді, себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің оқушылық міндеттеріне салмақпен қарайды және баға алу жөнінде уайымдайды.

Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р. Тэммл, М. Дорки, В. Амен) .

Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:

1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру;

2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.

Бастауыш сынып оқушыларының сабақ айту алдындағы қоқыныш нағыз кедергілерінің бірі болып табылады. Психодиагностардың айтуы бойынша, қорқыныш сезімі бойын билегендердің нәтижелері басқаларына қарағанда нашар болады. Зерттеушілердің айтуы бойынша нәтиже мен қорқыныштың арасындағы байланыс өте күрделі келеді.

Зерттеушілердің ойынша:

  • Қорқыныш қорқақтардың нәтижесіне кері әсер етеді;
  • Әрбір сабақ, ойын немесе зерттеу түрінде болмаса, қорқыныш тудырады, біреулері басқаларға қарағанда сабақты жеңіл орындап шығады, ал керісінше әсер еткендерге қиын болады;
  • Қорқыныш сезімі ұялаған оқушыға тапсырманы орындау кезінде, уақыт жетпегенде қорқынышты күшейтеді.

Кейбір мұғалімдер мен ата-аналар оқушының ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Мінезі тұйық, жасқаншақ балалар болады. Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді, олардың іс-әрекеттері ата-анасына ұнамай жатады немесе сынға ұшырайды. Осы кезде ересектер балаға орынды, орынсыз кінәләулар тағады. Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай жала жапқандығы баланы ашындырады, қарсы шығуға итермелейді.

Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады. Сондықтан баланың түр-сипатына емес, ішкі жан дүниесіне өте қатты көңіл бөлейік.

Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау - адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі. Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады.

Баланың мектепке түсуі маңызды тұлғалық жаңа білім алудағы туындауы - оқушының ішкі позициясы. Бұл мотивациялық орталығы баланың оқуға деген бағыты оның эмоциялық мектепке деген жақсы қатынасы. Жақсы оқушы болуға деген ұмтылысы.

Қорқыныш - аффективті, оның өміріне және тыныштығына нақты бір адамның санасындағы көрінісі.

Мазасыздық - эмоциялық көріністің қоқыныш сезімін сезінуі.

Жасаралық қорқыныш - сезімтал балалардың эмоциясын көрсетеді. Олардың психикалық және тұлғалық дамуының негізгі көрінісі. Олар келесі факторларда көрінеді: ата-аналардағы қорқыныш, балалармен қатынастағы қорқыныш, ата-аналар арасындағы қақтығыс жағдайы, психикалық травма-қорқыныш.

Невротикалық қорқыныш - эмоциялық интенсивті және қиналуын негіздейді; тұлғаның тұлға мен мінез қалыптасуында жағымсыз әсер етуі; уайымдау мен басқа да невротикалық ауытқылардың байланысы. Невротикалық қорқыныш ұзақ уақыттағы және шешілмеген жағдайдағы уайымының нәтижесі.

Оқушының әлеуметтік позициясы, жауапкершілік сезімінің болуы, ұзақ уақытта, міндеттері “ондай болмау” деген қорқыныш сезімі туындауы мүмкін. Бала үлгермейтін сезімі, кешігуі, дұрыс істемеу қылықтары туындайды. Бастауыш сыныптағы “ондай болмау” қорқынышы дамытады, өйткені балалар жаңа білім алуға тырысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі жайлы
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
Сезім немесе эмоция
Сезім түсінігі
Жоғары деңгейдегі сезімдер
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Эмоция және сезімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz