Қыста ауыл-шаруашылықтың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Қыста ауыл-шаруашылықтың түрлері

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2014

Жоспар

Кіріспе

1. Балаларды табиғатпен таныстыру
2. Балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру
3. Қысқы шаруашылық түрлерімен таныстыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл
сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат
балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді,
үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде
үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын
адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі
табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл –
балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы
фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды
сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің
маңызы зор.
Айналамен таныстыру кезінде оқытудың негізгі мазмұны - бақылау,
қызықтау, саяхат,серуен т.б. түрін басшылыққа алу, түсіндіру, баяндау,
әңгімелеу, сурет-картинканы пайдалану, психологиялық жеке жұмыс жүргізу,
т.б. әдіс тәсілдерді пайдалану.
Балаларға өскен ортасы, отбасындағы адамдардың қарым- қатынасы,
балабақша, мектеп, ондағы адамдардың мамандықтары , республика рәміздері,
оның авторы, Қазақстан жерін мекендейтін басқа ұлт өкілдерімен таныстыру
ұсынылады. Жылдың төрт мезгілі, оның ерекшелігі, ай,апта, күн аттары,
адамдардың машинист, жүргізуші, ұшқыш, шахтер тәрізді мамандықтары, олардың
жыл мезгілінің барлық уақытында да жұмыс істейтіндігін әңгімелеу. Еңбек
түрлерімен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың
бойында уақытты бағалау, тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Уақытқа
байланысты Жыл мезгілі, Бізде былай, ал сіздерде ше?- дидактикалық
ойындар баланың қиялын қанаттандырып, ойын дамытады.
1. Балаларды табиғатпен таныстыру
Бала өз еркімен, күш-жігерімен жұмыс істеу арқылы бастаған жұмысын
аяқтап шығуға ұмтылады, үлкендер еңбегін бағалай білуге
бейімделеді.Дидактикалық, сюжетті-рольді, қимылды т.б. ойын түрлерін игеру,
балалардың психологиялық мінез-құлқының сипаттарын айқындап, олардың
еліктеу, қиялдау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытатын болады. Сондай-ақ
көркем-суреттер пайдаланылып, оның мазмұнын әңгімелеу. Мысалы: Табиғат
аясы, Аквариумда, Жайлауда т.б. балалар саяхат немесе серуен кезінде
көргендерін, тәрбиеші өз тобында қортындылау, гүлдердің бөлмеде және далада
өсірілетін түрлендіру түсіндіру.
Жануарлар туралы Адасқан төлдер; ыдыс-аяқ, киім, жемістер туралы не
қайда өседі? Шашылған заттарды жиыстыру, яғни топтау арқылы
қортындылауға болады. Сонымен қатар айналамен танысу сабағын жұмбақтарды
шешу арқылы бастауға болады. Мысалы.
Ақ сақалды атаны-ай
Мінезінің шатағы-ай!
(Қыс)
Жыл мезгілі туралы, құстар туралы немесе көкөністер туралы айтатын
болсақ та жұмбақ шешуден бастауға болады.
Дидактикалық ойын: Мен саған, сен маған ойынын ойнату арқылы
қортынды жасауға болады.
Ұшқаны қызыл жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ
(Қарға)
Бұл не деген шебер еді,
Ормандағы ағаштарды
Тұмсығымен шегеледі.
(Тоқылдақ)
Жұмбақтар баланың ой-өрісін кеңейтіп тапқырлыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелейді, өз бетімен жұмыс істеуге талаптандырады.
Жаңылтпаштар жаттату баланың кекештенбей, тұтықпай дұрыс сөйлеуіне,
ана тілін еркін игеруіне септігін тигізеді. Сөздің дыбысталуын нақышына
келтіре, шебер айта білуге, сөздің мағынасын түсініп тез қайталауға
дағдыландырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-
қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі
тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете
аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің
бірі - Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие
беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай
білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге,
табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы
түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің
алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін
іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,
ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде
қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие
берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және
арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды
тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу
мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен
бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған
міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың
табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен
олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын
бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең
дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір
құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-
өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге
болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б.
бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары
мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды
аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
2. Балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен
таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік
міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы
қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
мақсаты да етеледі.
Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы
құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кенейту және қорытындылау
мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге
ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған
кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып
алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау.
Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі,
ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз,
боранның болуы назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-
бұл жанған балалардың ақ қар, жылтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап
ойнап жатқан суреттері бейнеленген картиналар арқылы Қыс қызығы, Ортақ
шана атты қимылды ойындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері
Мал шарушалығының қалыптасуы
Егістік танаптардың структурасын негіздеу
Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Шошқа тілмесі
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Көкшетау-Бурабай аймағында курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы
Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus) таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар
Жылқы шаруашылығының зоогигиеналық жағдайы
Пәндер