ҮЗІЛІССІЗ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҮЗІЛІССІЗ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Жамалова Самал Арыновна
Каримов Ерканат Камысбаевич
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Ғылым мен техниканың даму қарқыны, экономикалық процестерді басқару
теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып бара жатқаны шындық.
Сонымен қатар математиканың ғылыми теориялық ізденістермен бірге
практикалық қолданыстарының да ауқымының кең екені мәлім.
Екінші жағынан қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда
болуы, олардың өндірісте көлемді қолданылуы, техникалық, экономикалық
тиімділігін арттырумен қатар, математикалық білімі жақсы мамандарды
дайындау қажеттігін айқындайды.
Математикалық білім беру жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда
өзінің үлесін қосады. Жалпы мәдениеттің қажетті компоненті ретінде шындықты
танып білудің әдістерімен танысатындығын айтуға болады.
Халықтық мәдени, салт-тұрмыстық әдеттерімен математиканы
байланыстыра оқытпаудың салдарынан орта мектепте математикадан сабақ
бергенде математикалық негізі бар халықтық мәдениеттің элементі
ескерілмеді.
Оқыту барысында математика пәні көмегімен оқушылардың бойында
халық, ұлт, әлем алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу тиімді. Мұндай ізгілік
пирамидасы математика пән ретіндегі адамзаттың жарқын идеалдарын – жан
саулылығын, үйлесімділігін ойлаудың анық болуында және нақтылығында, әлемге
жақсылық әкелуде өз жауапкершілігін мойындайды- деген тұжырымды сапалы
жүзеге асыруға міндеттейді. Сондықтан мектеп математика курсынан бастап
қазіргі таңдағы математиканың рөлі мен мүмкіндіктерін жете насихаттау
қажет. Бірақ бүгінгі таңда математикалық дайындық бастауыш сынып
оқушыларынан бастап, жоғары оқу орны студенттеріне дейін барлығын да
қанағаттандырмайды. Себебі қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, қоғам
дамуы демократиялық сипат алуынан, математиканы оқытудың әртүрлі
әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері тексерусіз, ғылыми тұрғыдан дәлелденбей-
ақ, эксперименттік басқаруға ұсынылды. Тіпті эксперимент нәтижелері
сұрыпталып сараланбай-ақ жалпыға ортақ міндетке айналуы білім сапасына кері
әсерін тигізбей қоймайды.
Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар, яғни білім
беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының жылда өзгеруі, оқу құралдарының
жетіспегенімен тұрмай, ішкі құрылымның жылда өзгірістерге ұшырауы, тіпті
оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-мағынасының, сапасының төмендігі,
күрделендіріп берілуі оқушы түгіл мұғалімдердің де өз міндеттеріне
немқұрайлылығын туғызуы әбден мүмкін.
Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді. Бекітілген уақыт
көлемінде қарастырылатын материалдың көпшілігінен күрделі есептерді
орындау, дәлелдеу, түрлендірудің стандартты жолдары қарастырылып,
шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына, математикалық идеялардың туындауына
мүмкіндік болмады.
Оқушылардың ойлануының психологиялық дамуын ескермей олардың жалпы
логикалық дамуына ғана назар аударылды. Оқушыларды тек дайын білімді
қабылдаушы ретінде қарау, яғни мұғалім береді, олар есте сақтайды.
Нәтижесінде элементар математиканың қалыпты тәсілдерін ғана меңгереді.
Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында математикалық білімді игеру
пирамидалық тұрпатта дамиды. Демек бітіруші сынып оқушыларының 10 пайызы
ғана мектеп бағдарламасын толық меңгерсе, 30 пайызы қанағаттанарлық деген
бағаға сәйкес келеді. Ал қалған 50 пайызын математикадан алшақтатып
алғанымыз рас және ата-аналардың, оқушылардың, тіпті мұғалімдердің арасында
барлық оқушылар бірдей математиканы оқуға қабілетті емес деген кері
пікір қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек екендігі
айтылған.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті ең мықты елу елдің қатарына қосылуы
білім мен ғылымның сапалық деңгейге көтерілуіне тәуелді болмақ. Еліміздің
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты
да әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру.
Қоғамда туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес
білім беру мақсаты мен міндеттері әлемдік адами даму деңгейіне сәйкес
келетін белгілі бір біліммен оқушыларды қаруландыруды және олардың ұлттық
сана сезімін тәрбиелеуді көздейді. Жеке тұлғаны қалыптастырудың әрбір
сатысындағы білім беру мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету қоғам
қажеттілігінен туындап отырған мектепте білім беру мазмұнын жаңартудың
басты принциптері – пәнаралық және пәнішілік байланысты іске асыру
негізінде ғылымдардың өзара байланысын (оның кіріктілігі мен саралануы)
ескеру, оқыту мен дамытудың политехникалық бағыттылығы арасындағы өзара
байланысын іске асыру, оқушыларға қоршаған орта жөнінде білім беру,
оқушыларды табиғатқа саналы түрде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу,
олардың күнделікті іс-әрекеттерінде табиғатты қорғау біліктері мен
дағдыларын қалыптастыруды қарастыратын экологиялық білім беру және т.б. Бұл
принциптер оқытуды ізгілендірудің негізгі бағыттары болып табылады. Жеке
тұлға динамикасының аспектілерінің бірі болып саналатын оқу әрекеті –
оқушының білімді саналылықпен меңгеруінің, дүниетанымының кеңеюінің, ой-
өрісі мен қабілеттерінің өсіп, жетілуінің маңызды шарты.
Үзіліссіз білім беруде қолданбалы сипаттағы есептер жүйесі
оқушыларға негізгі математикалық ұғымдарды меңгерту мақсатында ғана емес,
олардың жалпы білімдерін тереңдете отырып тәрбие беру мақсатында
пайдаланылуы қажет. Мұндай есептер оқушылардың ойларын дамытып,
функционалдық тәуелділік идеясын терең меңгертіп, есептеу мәдениеттерін
көтеріп, қолданбалы біліммен, практикалық білік пен дағдылармен
қаруландырады.
Осы тұрғыда үзіліссіз математикалық білім беруде пайдаланатын
қолданбалы сипаттағы есептер жүйесін жетілдірудің басты ерекшеліктері:
- математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға
бағытталған практикалық әрекет пен үзіліссіз білім беруде
пайдаланатын қолданбалы сипаттағы есептер мазмұнының арасындағы
бірлікті, осы есептердің мазмұнын жаңартуды экологиялық,
республикалық, ұлттық-аймақтық материалдарды пайдалану арқылы іске
асыруда жүйелілік, үздіксіздік, пәнаралық принциптерді басшылыққа
алу;
- математика сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беру,
көбінесе, табиғатты тиімді пайдалану идеясын және экологиялық
мәселелердің әлемдік мәнін сипаттайтынын ескеру;
- қоғам талабына сай білім беруде математикалық білімнің адамның
қоршаған ортада, мәдени құндылықтар айдынында еркін бағдарлай
алуына, әр түрлі ақпарлар ағынында өзіндік баға бере алуына
мүмкіндік беретін маңызды құрал екендігінің ескерілуі.
Мұндай жетілдіру математикалық білімнің сапасы мен оның күнделікті
өмірдегі қолданымын, сабақ тиімділігін арттыруға, табиғатты негізгі байлық
деп түсінуге көмектесетін экологиялық, экономикалық білім мен тәрбие
беруге, яғни математикалық білім беруді ізгілендіруге мүмкіндік береді.
Қолданбалы сипаттағы есептердің оқушыларға білім берудегі және
оларды жан-жақты дамытудағы мүмкіндіктерін ашып көрсетудің мынадай алғы
шарттары бар:
а) қолданбалы сипаттағы есептер жүйесін жетілдірудің жетекші
бағыттарының нақтылануы, оқу пәні ретіндегі математикаға тән жеке
бағыттардың саралануы;
ә) негізгі математикалық ұғымдардың қолданбалы сипаттағы есептердің
көмегімен жеке тақырыптарды зерделеу барысында қалыптастырылуы;
б) оқу пәндерінің негізгісі ретінде математиканың маңыздылығының жан-
жақты ашып көрсетілу қажеттігі.
Есептердің жүйесін жетілдірудің жетекші бағыттары:
а) есеп мазмұнындағы ақпараттардың жаңалығы;
ә) пәнаралық байланыстың сақталуы;
б) есеп мазмұнының оқушыны қызықтыратындай болуы, яғни есеп мазмұнына
пайдаланған материалдардың оқушы өміріне етене жақындығы;
в) есептердің қолданбалы бағыттылығы, олардың өмірде өзіндік
мәнділігі;
г) есеп мазмұнының тәрбиелік маңыздылығы (әсіресе, экологиялық,
экономикалық тәрбие беру жағынан).
Сонымен бірге қолданбалы сипаттағы есептерді таңдап алуда немесе
құрастыруда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушылардың математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану
Информатиканың философиялық негіздері
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін жобалау
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Менеджменттің қалыптасуы
«Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері»
Спортшылардың дайындығын кешенді бақылау және басқару жүйесінің техникалық аспектілері
Пәндер