Қырғыз хрестоматиясының мазмұны


Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақша оқу құралдарын жасаушы
Жоспары:
І. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясын» жазудағы мақсаты.
ІІ. «Қырғыз хрестоматиясы» құрылымы.
ІІІ. «Қырғыз хрестоматиясының» мазмұны.
ІV. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясының» тарихи орны.
Әдебиеттер:
- Ы. Алтынсарин. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1975-1978 ж. ж.
- Қирабаев С., Қ. Мырзалиев Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы) . Алматы, 2003 ж.
- Сыдықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы, 1967 ж.
60-70 жылдары Ыбырай өзінің тұңғыш мектебін ашып, сабақ берді, қызмет істеді. Осы негізде Ыбырайдың ағартушылық, демократиялық көзқарастары қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ол ел ішінде білім, өнер тану ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларды негізге ала отырып, қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Діни мектептерде оқылып жүрген «татар, араб, парсы кітаптарының бәрі Адам баласын дұрыс ойлаудан шатастырып, кері кетіретінін айта отырып, Ыбырай балаларды ондай ықпалдан құтқару үшін . . . мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды . . . қазақтың өз тілінде . . . басын шығару керектігін» түсінеді.
« Қырғыз хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда басылады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен, -деп жазды Ыбырай Хрестоматиясының алғы сөзінде, - біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім».
Кітап Алтынсариннің орыс алфавиті негізінде жасаған жаңа алфавитімен қазақ тілінде басылды. Мұның өзі, қазақ халқы былай тұрсын, басқа елдердің мәдени тарихында да бұрын соңды кездеспеген жай еді Алтынсариннің бұл қадамы аз ұлт халықтарына орыстың жазуы мен тілін үйретудің жаңа төте жолын тапқан төңкеріс болды. Жаңа алфавит жасау үшін Алтынсарин үш жылдан астам еңбек етті. Кітап басып шығару Алтынсаринға өте қиынға түсті, себебі ол кезде Орынборда бұған әсіресе қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығаруға полиграфиялық база жоқтың қасы еді.
Алтынсариннің қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығарғанда, орыс алфавитінің құрамын түгел сақтаған жөн деп білді. Сонымен бірге қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің өзгерісінен қазақ әріптерін жасап шығарды. «Қырғыз хрестоматиясында» жазған кіріспе сөзінде қазақ тіліндегі кітапты орыс графикасы негізінде құрылған қазақтың жаңа алфавитімен бастырып шығарудың қаншалықты қажет екенін дәлелдеп, былай деп жазды: «Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавиті мен шығаруды қолайлы деп таптық ».
Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» біраз материалды И. И. Паульсонның «Книга для чтения практических упражнений в русском языке», К. Д. Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», А. Н. Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алды.
Ыбырай оның өзі қазақша оқулық жасауда орыс оқулықтары үлгісін пайдаланумен бірге балаларға тәрбие беретін шағын шығармалардың басқа халықтағы нұсқауларын да кітапқа кіргізу ниетін ұстағанын көрсетеді. Сол арқылы Ыбырай жастарды озық әдебиеттер үлгілерімен, орыстың ағартушылық ой пікірі мен таныстыруды мақсат етті.
Ыбырай аудармалары көп жағынан еркін, кейбіреулерінің сюжеті мен тақырыбын алып өзінше жазған, қазақ тұрмысына жақындайтын, өзінің төләңгімелерімен қатар қойған. «Бір уыс мақта», «Алтын шеттеуік», «Тәкәппаршылық», «Әдеп» (Н. Н Паульсоннаң), «Силинни ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қызы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас». (Л. Толстойдан) «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға» (К. Ушинскийден), «Қайырымды түлкі» (И. Крыловтан), т. б. әңгіме-мысалдарының Ыбырайдың өзінің төл шығармаларындай болып тұратыны да сондықтан.
«Хрестоматия» 4 бөлімнен құралады:
1) өлеңдер, балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер;
2) ересектерге арналған әңгімелер;
3) ауыз әдебиетінің үлгілері;
4) мақалдар мен мәтелдер.
Бүкіл өмірін ағарту ісіне арнаған Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтереді. Ел арасына кең жайылып, жатталып кететін шығарма арқылы санаға әсер етуді көздейді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақыру үлгісінде жазылған. Өлеңнің әр шумағын оқудың пайдасын әр жақты түсіндіруге құра отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық-білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу қажеттігін көрсетеді.
Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсат неде екенін кеңінен аша түседі. Өлеңнің негізгі идеясы-қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету.
Оқудағы мақсат-ел билейтін әкім болу деп ұғатын ескішіл замандастарына қарама-қарсы Ыбырай жастардың білімді адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оның ілгерілеуіне жетекшілік жасау, өз елін «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын»елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай арманын өзі орындай алмаса, жастар орындайды деп үміттенді. Өмір көркі, болашақтың иесі-жастар деп ұқты. Өөлеңдердегіекі түрлі жағдайы -жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты -салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға өмірдің жағымды, жағымсыз жақтары жайында әсер қалдыру мақсатында алынған. Жаманның жамандығы жақсымен қатар тұрғанда ғана көрінеді.
Еңбекші халықтың үстем тапқа деген ыза-кегін, олардың арасындағы қайшылықты бейнелеуде Ыбырайдың «Залым төреге», «Әй, жігіттер» деген өлеңінің едәуір маңызы бар. Бұларда ақын ел ішіндегі теңсіздік мәселелеріне көңіл бөліп, сол теңсіздікті тудырып отырған жағдайларды көрсетеді, билеушілердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сынға алады. Бұл өлеңдер Ыбырайдың демократтық, халықтық көзқарасын танытады. Ел ішіндегі езуші мен езілушінің қақтығысын жиі көрген және өзі де жапа шеккен ақын таптық қайшылықтың сыры оңайлықпен шешілмейтінін анық-акаңғартады.
Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат көріністірін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ әдебиетінде кездеспейтін.
Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады.
«Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме-новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетин патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға баулиды. Жалқаулықты, қиянат жасауды, надандықты сынап, жас ұрпақты ондай әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
«Атымдай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген қоғамдық, таптық көзқарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу арқылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Елді отырықшылдыққа, егіншілікке үгіттеу -«Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің негізгі түйіні. Сейтқұлдың барлық іс-әрекеттерінен жазушы өмірге жаңаша талап жасап, отырықшы болуға, тіршіліктің пайдалы түріне көшуге ұмтылған адамның бейнесін көреді.
Ыбырай «Бақша ағаштары»атты әңгімесінде осылай деп жазады. Бұдан жазушының жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, оларды «бағып-қағуға», жақсы мінез-құлыққа үйретуге мән бергені көрінеді. Сондықтан да ол бірсыпыра әңгімелерінде тәрбие арқылы бала бойында қандай қасиеттерді дамыту керектігін көрсетеді.
Соның бірі -талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді.
«Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай осы идеяны көтереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz