Оқушыларды дамыта оқытудағы мұғалімнің тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды дамыта оқытудағы мұғалімнің тәсілі

Оқу барысында пайда болатын қиындықтар ұстазға мәлім. Ондай
қиындықгардан біз құтыла алмаймыз, өйткені ол қажет екен. Расыңда да, оқуға
байланысты қайшылықтарды жете білу оқу үрдісіне қозғалыс береді, оқушыларды
дамытуға және тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ал мұның өзі де әр уақытта
орындала бермейді: жаңа білім мен оқушының дайындығы арасында сәйкестік
болу қажет. Педагогикалық пайдалы қиыңдықтарды жеңе білу үшін, мұғалім өзі
игерген әдіс-тәсілдердің барлығын оқушының дайындығын қалыптастыруға
жұмылдыру керек. Әр сабақта, сабақтың әр кезеңінде, үй жұмысына арналған
тапсырмаларда оқушының логикалық ойын, оның арнайы іскерліктерін бірте-
бірте дамыта беру қажет. Осының бір тәсілі — оқушының интуициясын дамыту.
Интуицияны дамьггу мүмкіншілігі оқу мазмұнында ғана емес, сонымен бірге
оқудың әдістерінде, мұғалімнің шеберлігінде де бар. Енді осыған мысалдар
келтірейік.
Берілген үшбұрыштың табанына түсірілген биіктікті өзгерте берсек, оның
бұрыштарының қосындысы 180° болатынына оқушылардың ойын жеткізуге болады.
Биіктігі шексіз артатын болса, үшбұрыштың өзгермелі екі қабырғасы бара-бара
параллель сәулелерге айналып кетеді, ал үшбұрыштың табанындағы әр бұрыш тік
бұрышқа шексіз жакындай береді. Керісінше, биіктіктің ұзындығы азайған
сайын үшбұрыштың табанындағы бұрыштардың шамасы шексіз нөлге ұмтылады, ал
үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш жазық бұрышқа ауысады. Осындай, шекке ұмтылу
жағдайлардың тағы мысалдарын келтіруге болады. Айталық, шеңберге ішгей
сызылған n-бұрыштың п шексіздікке ұмтылғанда оның периметрі шеңбердің
ұзындығына айналады.
Жалпы оқушыларды дамытуға млтематиканың үлкен мүмкіншілігі бар.
Мысалы, функциялардың графиктерін оқығанда олардың кейбіреулерінің
симметрия осьтері, симметрия центрі бар екеніне көңіл аударып, мұндай
қасиеттерді графиктерді салуға барынша пайдаланған дұрыс. Арифметикалық
түбірмен байланысты түрлендірулерде иррационал сандардың қосындысы,
айырмасы, көбейтіндісі және бөліндісі де рационал сан болу мүмкіндігін
ескерген дұрыс. Жалпы заңдылықтың бар болуы келтіру формулаларына, квадрат
және биквадрат тендеулсрге байланысты алгоритмдері есте ұстауға жағдай
жасайды.
Оқушылардың ойлау қызметін дамытуға жаттығулардың әсері үлкен. Ол үшін
есептермен жұмыс істеу тәсілін дұрыс ұйымдастыру керек:
— есепті оқушы шығарып болған соң оның шартына қайта оралып пайда болған
жауапты қайтадан қарастырған жөн;
— есептің (жаттығудың) қолайлы шешімін тапқан оқушыны атап отырған пайдалы;
— есептің әр түрлі шешу жолдары оқушының интуициясын дамытатынын есте
ұстаған жөн;
— оқушының сыншылдық қасиетін әр есепті шешу барысында қалыптастыра беру
міндет;
— әр сабақта оқушының ойлау қызметінің жүру барысын түсіну керек және
жіберген қателерін таба отырып оны түзетудің бар мүмкіндігін пайдаланған
жөн.
— оқушының өз-өзін бақылау және тексеру іскерліктерін қалыптастыру. Мысалы,
көпмүшеліктерді түрлендіруге байланысты жаттығуларды кері түрлендіруді жиі
қолдану керек; квадрат теңдеулер тақырыбын Виет теоремасымен бірге
қарастырган жөн; (функциялардың графиктерін салу есептерінде әр графиктің
өзіндік ерекшеліктеріне көбірек көңіл аударған дұрыс;
—лабораториялық жұмыстар жүргізу, басқа оқушылардың жауаптарына рецензия
беру және т.б.
— оқушыларды есептерді классификациялауға үйрету. Ол үшін тақырыпты оқу
барысында тіректік есептерді, яғни белгілі бір әдіспен шығарылатын
есептердің бір тобын белгілеп отыру керек. Мысалы, процент тақырыбында
оларға келесі есептер тиісті болады; санның процентін табу; процент бойынша
санды табу; проценттік қатынасты табу. Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері
тақырыбына байланысты есептерді қарастырғанда олардың үш тобын бөліп алу
керек: есептің шарты үшбұрыштар теңдігінің бір белгісіне дәл келеді; оқушы
үш белгінің біреуін қолдануға өзі жетеді; үшбұрыштардың белгісін бірнеше
рет пайдалануды қажет етеді;
— оқушыларды оқулықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
Бірінші сынып математикасында дамыта оқытудың теориялық негіздері
Эвристикалық әдістің сипаттамасы
Бастауыш сыныпта есеп шығаруға үйрету жолдары
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Пәндер