ПЕДИНСТИТУТТАҒЫ ОҚУ САБАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДИНСТИТУТТАҒЫ ОҚУ САБАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу жұмысының міндетті түрлеріне
лекциялар, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық
жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, зачеттар, емтихандар жатады.
Болашақ мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық даярлығы үшін олардың
пайдалылығын қарастырайық.
Студенттердің ақыл-ойына, жүрегіне және ерік-жігеріне ықпал етуі
жағынан жоғары оқу орындарында лекция бірінші орын алады. Ол арнайы
құрылған сол аудитория үшін ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үл-гісінің
жүйесін байланыстырады. Лекция мазмұны — сол тақырып бойынша студенттер
білуге тиісті мұқият іріктелген квинтэссенция. Лекция—бұл тек информация
ғана емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бірлескен қызметінің
әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысының ешқандай формасымен
алмастыруға болмайды.
Лекцияны оқу және тыңдау — лектор үшін де, студент үшін де күрделі,
әрі ауыр жұмыс. Лектор шындығында үш жақты қызмет етеді: лекцияны шығарушы,
оны қоюшы және, ең соңында, орындаушы. А. П. Чеховтың тұжырымдауынша,
лектор бір мезетте ғалым, педагог және шешен ретінде көрінеді.
Лекция студентке де оңай емес. Ол арнайы амалдардың тұтас жүйесін
пайдалана отырып белсене, әрі қарқынды жұмыс істеуі тиіс. Қ. Д. Ушинский:
қиялдау әрқашанда оңай, әрі жағымды, ал ойлау қиын,— деп жазды. Студент
лектор ойын қалт жібермей қадағалайды, негізгілерін саралап, принципті
қағидаларын сын көзімен кабылдап, информацияны толық сезінуге жәнеде ең
қажеттілерін өз ақыл қоймасында — жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса
ол неғұрлым толық түсінікті, әрі анық етіп жазуға үлгеруі тиіс.
Лекцияны оқу барысында оқытушы қыруар нерв және интеллектуалдық күш
жұмсайды, алайда ол студентке қарағанда едәуір қолайлы жағдайда болады,
өйткені ол өзінің күні бұрын әзірлеген лекциясын бірыңғай баяндайтындықтан,
оқытушы уақыты субъективті түрде тез өтеді. Ал студент болса 90 минут бойы
қозғалмай отырып информацияны қабылдауы, талдауы және көкейіне тоқуы тиіс.
Лекцияны тыңдау және түсіну процесі кейде бірқатар себептерден қиынға
соғады:
1. Акыл-ой әрекетінің өте тездігі. Біз сөйлегенге қарағанда төрт есе тез
ойлаймыз. Сондықтан да, біреу сөз айтқан кезде, лекцияны тыңдаушыға көңілін
басқа жаққа аударуға уақыты толық жетеді.
2. Зейіннің талғампаздығы. Бала жастан айтқанның бәрін емес, ең қызықтысын
ғана тыңдау әдеті студент кезде де сақталады.
3. Басқаның ойын жақтырмаушылық. Бізге басқа біреудің айтқанын қалт
жібермей тыңдаудан гөрі, өз ойыңмен болған әлде қайда жеңіл.
4. Біреудің сөзін қақпалауға әуестік. Біреу сөз айтқанда дереу қарсылық
етуге әрекеттенеміз. Ондайда тыңдаудан қаласың.
Осындай қиыншылыктардың әсерінен адамдарда лекторға зейін қоймайтын жаман
әдет қалыптасады. Бұл — лектордың сырткы келбетіне, сөзіне және қимыл
әрекетіне ерекше зейін қоятын кемшілігі; сөйлеушіге қарамай тыңдау әдеті;
болмашы нәрсеге алаңдаушылық (аяғымен тарсылдату, жөтелу т. б.); Лекцияда
жаңа, қызғылықты ешнәрсе жоқ деген асығыс қорытынды; сөйлеушіні тыңдаудан
алдын ала бас тарту; зейін қоя тыңдағансып, басқа нәрсені ойлау т. б.
Лекция әдетте студенттер легінде оқылады. Пән бойынша ескерту жасауға
кеткен әр минуттың өзі жүздеген минутты жоғалтуға әкеп соғады. Сондықтан
әрбір студент лекция сабағын жауапкершілікпен және адалдық-пен тыңдауы,
лектор еңбегін құрметтеуі тиіс.
Лекцияға дайындалғанда: өткен лекция конспектісін оқып шығу, тиісті
тарауды оқу құралынан қарау, негізгі ұғымдарды қайталау қажет.
Лекцияны міндетті түрде конспектілеуі қажет. Кім жазып отырса, екі рет оқып
шыққаны,— деп тегін айтылмаған. Лекцияны конспектілеудің ең қолайлы түрі —
лекция мазмұнын өз сөзіңмен ықшамдап жазып, қажетті тұ-сына белгі қою.
Лекцияның бірнеше түрі бар, Негізгі түрі — оқу-программалық лекция, оның
барысында оқу программасына сәйкес курс систематикасы баяндалады. Сондай-ақ
бағыт сілтейтін және шолу лекциялар болады. Олар көбінесе сырттан оқитын
студенттерге оқылады.
Жоғары оқу орындарында ғылымның белгілі бір тараулары мен проблемаларын
тереңірек қамтуға арналған арнайы курстар оқылады. Арнайы курсты, әдетте,
өзінің ғылыми жұмысында едәуір нәтижеге жеткен оқытушылар оқиды.
Семинарлар, лекциялар секілді, сабақтың теориялық формасына жатады.
Студенттер семинар сабақтарында лекциялардан және өзінің дербес жұмысы
арқылы алған білімін тереңдетіп, нығайтады, өз сенімін тексереді және
айқындайды, терминологияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРІ С.А. ТӨЛЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік ерекшеліктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Сызуды оқыту әдістемесі
Шет тілі сабағының түрлері
Музыканы оқытудың әдістері
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы мақсаты мазмұны
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Пәндер