Ыбырай бастаған Ланкастер әдісінің шағын кешенді мектептегі бүгінгі жалғасы


УДК 37 (09)
Ы. Алтынсаринның 165 жылдығына орай
Ыбырай бастаған Ланкастер әдісінің шағын кешенді мектептегі бүгінгі жалғасы
Бижанова Галия Қоянбайқызы аға оқытушы
Тауекелова Анар Еламанқызы оқытушы
Шағын кешенді мектептің бастауыш сыныптарда «қазақ тілін» пәнін оқыту барысында Белль-Ланкастер әдісін тиімді қолдануға болатынды. Алдымен әдістің шығу тарихына тоқталар болсақ: бұл әдісті алғаш ойлап шығарушылар ағылшындықтар. 1790 жылы шіркеу қызметкері А. Белль жетім балаларға арналған училищеде сабақ бере жүріп бірнеше қыз баланың өздерінен кейінгі бауырларына топыраққа жазып, оны оқытып, үйретіп жатқандықтарын байқап қалды. Бұл А. Белльге үлкен ой салды, себебі өзі сабақ беріп жүрген оқушылардың саны алғашқыда 100 кейіннен 200 жетіп, олармен жұмыс істеу қиындап кеткен болатын. А, Белль ойлана келе өзара оқыту әдісін қолдануға бел буды, сонымен ол өзінің бірнеше жақсы оқитын оқушыларын таңдап алып, оларға өзі дәріс беріп, ал таңдаған оқушылар өзге оқушыларға дәріс беретін болды. Бұл әдіс нәтижелі болды. Оқу үрдісі қарқынды жүрді. Нәтижесінде бір мұғалім өзінің көмекшілерімен (мониторларымен) 200 оқушыны бір мезетте оқытуға қол жеткізді.
Кейінен, 1798 жылы квалер И. Ланкастер кедей балаларын оқытуға арналған училищеде жұмыс істегенде бұл әдісті кеңінен пайдаланып, жетілдіре түсті. Ол үлкен әріптермен, буындармен, сөздермен, сөз тіркестерімен жазылған кестелер (таблицалар) және аспидалық тақтаны қолдануды осы әдістің бір бөлшегі етіп енгізді.
Жылдар өте бұл әдіс Ресей де қадам басты. 1817 жылы Ресей империясының графы Н. П. Румянцев 18 жасар Яков Гедты (1799-1875) Лондоннан Ланкстер әдісін үйрету үшін арнайы шақыртты. Сонымен Ресейде Ланкастер әдісі бойынша оқушыларға білім беретін оқу орны 1819 жылы 10 желтоқсанда ашылды. 50 жетім бала осы оқу орнының алғашқы оқушылары ретінде қабылданды. Мектеп екі ауысымда жұмыс атқарды. Бірінші ауысымда Тәңірге мінәжәт ету (Закон Божий), сауат ашу және арифметиканың қарапайым заңдылықтары үйретілсе, екінші ауысымда оқушылар кәсіби даярлыққа атап айтсақ, ұсталыққа, етікшілікке, тігіншілікке т. б. үйретілді. Алғашқы мектеп үш айдан соң өз жемісін бере бастады. Сол жылдары аталған мектепте оқыған Д. Д. Семенов өз естеліктерінде былай дейді: «Сауат ашуға үйрету өте қарқынды жүрді, мысалы мен 6 ай ішінде еркін: оқуға, жазуға және арифметиканың қарапайым заңдылықтарын ұғуды үйрендім».
Буссе Ф. И. Я. Герд мектептепіндегі Ланкестер әдісінің мәнін былайша ашып көрсетті:
- Білімді игеру мүмкіндіктеріне байланысты, оқушылар бірнеше топқа бөлінеді және жақсы оқитын оқушы нашар оқитын оқушыға сабақ үйретді.
- Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жарыс негізіне құрылған.
- Оқу процесі түгелдей дерлік бір тәртіпке бағынып, яғни, оқушылар әр тапсырманы мұғалімнің бұйыруымен бір уақытта іске асырып отырған.
- Кітаптың орнына қабырғаға ілінген кестелер (әріппен, буынмен, сөзбен, сөз тіркесімен жазылған), ал қағаздың орынына алғашқыда құм кейінен аспида тақтасы қолданылды.
- Әр оқушы өз білім деңгейіне байланысты топтар құрамында болады. Үнемі топтардағы балалар өз жетістіктеріне сәйкес топтан- топқа ауыстырылып отырылған.
Училищедегі оқыту шартты түрде екі деңгейлік оқыту бағдарламасына негізделген. Оның алғашқы деңгейінде оқушылар оқу мен жазуға үйренсе, екінші деңгейінде арифметикаға үйренген.
Тағы бір айта кетер жағдай, Ланкастер әдісінде ынталандыру мен жазалаудың қатар жүргізіліп отырылуы. Мысалы:
Я. Герд негізін салған әдіс бойынша сабақ беру үрдісі Ресейде кеңінен дамыды. Ресей педагогтары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. Ф. Бунаков және т. б. осындай мектептерге арнап оқу құралдарын, оқулықтар мен кітаптарды, көрнекі құралдарды жазды.
Қазақ жерінде ХІХ ғасырда Ланкстер әдісі бойынша сабақ берудің негізін қалаған Ы. Алтынсарин. Ол алғаш Торғай жеріне барып мектеп ашпақ ойда болғанда, 1861-63 жылдар аралығында өз үйінде Қорғанбек, Әділбек сияқты балаларды сауат ашуға үйреткен. Кейінен 1864 жылы Торғай мектебі ашылып, сабақ жүрген сәтте аталған оқушылары: Қорғанбек, Әділбек Бірімжановтарды өзіне көмекші етіп алған. Бұл жайында оның 1864 жылы 16 наурызда Н. И. Ильминскийге жазған хатынан көруге болады: «Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болады …». Міне, осылай Ланкастер әдісі алғаш қазақ жерінде де қолданылды. ХХ ғасыр басында А. Г. Ривин Ланкстер әдісін талгенизм (талант және гении) деген атаумен қолданысқа енгізді. Ал, 1950 жылдары В. В. Дьяченко еңбектерінен Ланкастер әдісі көрініс таба бастады. Ал қазіргі таңда Жапония елінде Белль-Ланкастер әдісінің кей элементтерін тәрбие беру саласында қолданылып жүр. Жапон елі әрбір дүниеге келген азаматтан қандай ортада болмасын өзін жан-жақты көрсете алуын талап етеді. Міне, осы мақсатқа қол жеткізу үшін мектептерде Белль-Ланкастер әдісі кеңінен қолданылуда.
Қазіргі таңда үкімет тарапынан шағын кешенді мектептерге көп көңіл бөлініп отыр. Егер, ауыл мектептерінің мүмкіндіктерін бағалауды толыққұнды пайдалансақ, онда жеке тұлғаны жан- жақты, интелектуалды дамытып, шығармашылық ізденіспен, прогресске адамгершілік негізде дайындалатын шағын кешенді мектеп - Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы білім беру жүйесінде орын алар еді.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес бастауыш мектептің 2 және 4 сыныптарының қазақ тілдерінде тақырыптық сәйкестіктер кездеседі және кей тақырыптар күнтізбелік жоспар бойынша бір уақытта, бірдей сағат мөлшерінде берілген. Қазіргі таңдағы шағын кешенді мектептерде аталған сынып оқушыларын қосып отырғызып, Ланкастер әдісі бойынша сабақ жүргізу мұғалімге тиімді болар еді. Мысалы екі сыныпта да күнтізбелік жоспарлары бойынша қыркүйекте «Сөйлем. Оның түрлері» тақырыбы бойынша сабақ өткізілуге тиісті. Егер бұл сабақты Ланкастер әдісі бойынша өткізсе, мұғалім алдымен оқушыларды бірнеше топтарға бөледі, бір айта кетер жағдай, алғашында 4- сынып оқушыларын оның ішінде жақсы оқитын оқушыларды бір топқа отырғызып, тақырып бойынша 2 - сыныпта өткендерін естеріне түсіріп қайталау жасатады, содан кейін 4 және 2 сынып оқушыларын араластырып қайта топтарға бөледі де «Сөйлем. Оның түрлері» тақырыбын әр топқа талқылап шығыңдар деген тапсырма беріледі. Әр топтың ішінде мониторлар (4 сынып оқушылары) бар, олар 2- сынып оқушыларына тақырыпқа сай барлық мәліметтерді түсіндіреді. 2- сыныпқа бекіту тапсырмаларын берген сәтте 4- сынып оқушыларын жеке топқа қайта бөліп оларға тақырып бойынша 4- сыныптың бағдарламасына сәйкес өтілуі керекті мәліметтерді түсіндіреді. Мұғалім аталған тақырып бойынша оқушылардың алған білім деңгейлерін тексеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар әзірлеуі мүмкін. Оның 1-2 деңгейі 2- сыныпқа, ал 3- 4 деңгейі 4- сыныпқа арналған. Міне, осылай сабақты Ланкастар әдісі бойынша өткізу : уақыт үнемдейді, оқушылардың топ болып жұмыс атқара алушылық қабілеттерін дамытады, көпшілдікке үйретеді, оқушыларды жақсы оқуға итермелейтін күш пайда болады. 4- сынып оқушылары, 2- сынып оқушыларына үлгі болады. Бұның нәтижесі оқу деңгейінің біршама жақсаруына әкеп соқтырады. Өйткені, бала жақсы болып көрінуі үшін, үнемі алға ұмтылып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz