Физика сабағында дидактикалық әдістерді пайдалана білу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Физика сабағында дидактикалық әдістерді пайдалана білу.

Технологияны оқыту үрдісінде дербес жұмыстарды пайдалануды мұғалім тапсырма әзірлеу және оларды сабақ элементтеріне қарай бөлінуден басталдай білуді талап етеді. Оқу материалын жан-жақты, терең болады: аса қажетті; пайдалы керекті; пайдалы; бірақ өте мұқтаж емес.

Аса қажетті білімге кескіш аспаптар мен жабдықтардың атқарар қызметі, станокте қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, электр және электрмен жылытатын орынын сәтті таңдап, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сызу, электр сызбаларымен жұмыс істей білу де кіреді.

Оқушының оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуі, іс-әрекетін жоюалап, бақылау жасай білуіде өте маңызды, өздігінше білімін көтеретіндер үшін оқу материалы екі ұстаным бойынша бағаланады: білім мен шеберлікті жетік меңгеруі және оның еңбек дағдысын шаңдаудағы алар орны. Оқу материалын шәкірттер әр түрлі деңгейде меңгеретінін ескеріп, әрбір оқушыға оның қабілет-қарымына қарап дербес тапсырма беру қажет.

Технологияны оқыту үрдісінде дербес жұмыстарды пайдалану оқыту материалының ұғынықты болуын қажет етеді. Ол бұрынғы білімді орнықтыру, пысықтау, жаңа ұғымды қалыптастыру, сабақтың дидактикалық құрамын қамтуы тиіс. Дидактикалық құрылым қашанда тұрақты болып келеді.

Сабақтың екінші элементі - жаңа тақырыпты меңгеру. Технология сабағы дидактикалық мақсатқа орай теориялық және тәжірибелік болып келеді. Теориялық сабақтарда оқушылар теориялық біліммен қаруланса, тәжірибелік сабақтарда нақты жұмыстарға машықтанады.

Үшінші кезеңде сабақтың түрлеріне қарай мынадай сауалдар туындайды. Тәжірибелік оқу үрдісінде дербес жұмыстардың қайсы түрін қай кезеңде қолдану қажет.

Білім мен шеберлікті дамыту барысында мынадай дербес жұмыстарды қолдануға болады: елестету, шолу және интеллектуалды ойын. Бұл жұмыстардың басты ерекшеліктері - оқушы оған барлық қабілеті мен білімін жұмсауға ұмтылады. Жүйелеу, салыстыру, нақтылау, еске түсіру сияқты дағдыларын пайдаланады. Мұның бәрі сайып келгенде білімді орнықтыруға, дағдыны шыңдауға көмектеседі.

Мысалы, VI сыныпта «Металды кесу» тақырыбын өткенде оқушылар физикадан алған білімдерін пайдалана алады. Сабақ барысында оқушыларға «Бір затты кескіш аспатармен кесу кезінде неліктен түрліше күш жұмсалады?» деген сауал қойылады. Сауал қою карточка, сұрақ, сызу, сурет, сызба арқылы жүргізіледі. Берілген жауаптарды мұғалім толықтырып, қорытындылай. Осылайша білім қалыптасады.

Білімді нығайту, дамыту мақсатымен интеллектуалды ойындар қолданылады. Бұлар оқушылардың қызығуын, біліктілігі мен танымдылық қасиетін арттырады. Есте сақтау қабілетін шындайды.

Тиянақты білім әдетте сабақтың екінші кезеңінде, яғни, эксперименталді іздестіру және логикалық іздестіру жұмыстарының барысында қалыптасады. Эксперименталді іздестіру жұмыстарының тиімділігі теориялық және тәжірибелік шеберлікті тұтас бірлікте қолданудың арқасында ғана мүмкін болады. Сондықтан да зертханалық-тәжірибелік сабақтар жиі қолданылады.

Технологияны оқыту үрдісінде дербес жұмысты пайдалану екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде оқушылар түрлі сызулар мен техникалық талаптар бойынша технологиялық карталар жасауды үйренеді. Екінші кезеңде шәкірттер бұйым жасау, жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі технологиялық үрдістерді өздігінше атқара береді.

V сыныптан бастап тәжірибелік оқу үрдісі барысында күрделі емес заттарды конструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, балалар күрегі, құс үйшіктері, кітап сөрелері, гүл өсіретін жәшік, т. б. бұйымдар жасалады. Бұдан соң тапсырма күрделене түседі. Бірте-бірте үлгі қарапайым жұмыс: бұйым құрастыру, материалды өндеу деңгейіне көтеріледі. Бұл үшін, әрине, біліктілік қажет. Жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен аспатардың болуы да шарт. Шығармашылық-технологиялық жұмыстар бұйымдар жасап шығарар алдында берілген оқытушы тапсырмасынан кейін жұргізіледі. Технологиялық карталарда операциялар, материалдар, аспаптар, эскиздер туралы қажетті мәліметтер жинақталады.

Технологияны оқытуда дербес пайдалану тәжірибелік сабақтарда оқушылардың шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Мұндай сабақтардың құрылымы да бөлектеу болады. Ол дайындық, шеберлік пен дағдыны күн ілгері игеру, оқу тәжірибелік және қорытынды бөлім сияқты элементтерден тұрады. Дайындық бөлімі жинақталған білім мен шеберлікті одан әрі дамытып, жаңа материалды тереңірек меңгеруге жол ашады.

Технологияны оқыту барысында сабақтың аралас түрлері жиі қолданылады, яғни теориялық және тәжірибелік түрлерде қатар жүреді. Мұндай сабақтар мынадай бөліктерден тұрады: оқушылардың бұрыннан жинақтаған білімі мен шеберлігін дамытып, жаңа материлдарды тезірек меңгеруі, іс-әрекеттің дағдысын қалыптастыру, т. б. Үлгі бөліктерді жүзеге асыру үшін карточка-тапсырма және шығармашылық жобалар да қолданылады. Бұл оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, шығармашылық қасиетін шыңдай түседі.

Дербес жұмыстардың келесі бір түрі - шығармашылық жоба. Ол V-IX сынып оқушылары арасында оқу жылы аяқталарда орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы модульдік технологиямен оқыту
Физиканы оқыту әдістері
Оқыту әдістерінің классификациясы
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz