Физикалық есептерді шығарудың әдістемесі мен тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс тақырыбы: Физикалық есептерді шығарудың әдістемесі мен тәсілдері.
Жоспары:
1) Физикалық есептердің маңызы және классификациясы.
2) Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі.
3) Физика есептерін алгоритмдік амалмен және компютердің жәрдемімен
шығару.

1.Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып
саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен
кезендерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы
оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада
қолданылады. Әр сабақтың өзінің де физикалық есептерді шығарудың мынадай
маңызы бар:
1) Оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық
амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен
эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
2) Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және
өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді;
3) Мектеп оқушыларын тақырыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек
сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік- жігерін
қайрайды;
4) Физикалық ұғымдарды, жастардың практикалық ебдейліктері мен дағдылары,
шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
6) Сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешіуге жәрдемдеседі;
7) Физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға,
қортындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға
жәрдемдеседі;
8) Оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп,
оларды дамытады және тереңдетеді;
9) Пән аралық байланысты (математика, химия, астрономия, сызу, биология,
география) қүшейтуге ықпал жасайды;
10) Оқушылырдың физикаға деген қызығуышылығын арттырады. Сондықтан да
физикадан есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті
түрде қолданылатың оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.
Физикалық есептерді шығару арқылы мұғалім сабақта оқушылардың білімі мен
дағдыларын тексеріп бағалайды, жаңа материалды түсіндіреді және оны
бекітеді, проблема қойып оны зерттейді, сын жұмысын өткізеді, эксперимент
орындатады, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олемпияда мен конкурстарды
ұйымдастырады, т.т.
Физикалық есептер негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты және шығару
тәсілдері бойынша классификацияланады.
Физика есептері мазмұнына қатысты физиканың жеке тарауларына (механика,
оптика, т.т.) қарай және де тарихи, политехникалық мазмұнды, қызықты,
шығармашылықты, экспериментті, кешенді болып бөлінеді.
Эксперименттік есептер мына типтес болып та келеді:
1) Пружинаны белгілі масштабпен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп
(градуировка ), оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын
көрсететің формуланы өрнектеніз.
2) Берілген сұйықтың тығыздығын ареометрдің жәрдемімен анықтаңыз .
3) Физика кабинетіңдегі электр қоныраудың істейтің моделі, гальваникалық
элемент, кілт, сымдар берілген. Электрқонырау бір ақ рет шылдырауы
үшін электр тізбекті қалай қосу керек? Оның схемасын сызып
көрсетіңіз.
Қызықты физикалық есептер көп кездеспейді. Оған мынадай есеп мысал бола
алады:
Болат стержіннің екі ұшын да бірдей магниттік полюске магниттеуге болады
ма? Егер болса; қалай? Егер болмаса, неге?
Шығармашылық есептердің ерекшелігі зерттеушілік (Неге?деген сұраққа
жауап беретің) және конструкторлық (Қалай істеу керек?Деген сұраққа
жауап іздейтін) есептер болып екі түрге бөлінеді.
Шығармашылық есепке, олимпиадада берілген мынадай бір есеп мысал
бола алады:

А білікті (вал)айналдыру арқылы Б стол жай ғана жоғары көтеріліп, төмен
түсетіні болуы үшін қандай тетікті ойлап табасыз? (3-сурет)

Б

А

(3-сурет)
Өндірістік техникалық (политехникалық) мазмұнды есептер физика сабақтарында
көп шығарылады. Бір мысал:
Шахиаға массасы 280 кг лифт бірқалыпты үдемелі қозғалыспен түсірілді.
Ол 10 с ішінде 35 м тереңдікке түседі. Лифт қанатының керілуін табыныз.
Бұл есептердің 2-3 түрі бір есепте бірігіп келсе, оны аралас
(біріктірілген) кешенді есеп деп атайды, олар көп кездеседі.
Барлық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік,
графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық мақсатта олар
қарпайым, жаттығу, күрделі (біріктірілген) есептер болып саналады.
Қарапайым (оңай) есептер 1-2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті
пайдалану арқылы шығарылады. Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалды
бекітуде сұрақ ретінде шешіп (10 Н күш әсер еткенде дене 0,2м\с2 үдеу
алады. Дененің мәнің анықтаңыз). Ал қиын (күрделі ) есептерді шығаруда
бірнеше бөлімдердің заңдары мен формулалары, қорытындылары мен
эксперименттік дағдылары пайдаланылады.
Шығару әдістеріне қарай санды, сапалы, графиктик , эксперименттік
есептер деп бөлінеді.
Математикалық түрлендірулер мен есептеулердің жәрдемімен шешілетін
есептер сандық есептер деп аталады. Ал сапалық есептерде қарастырылатың
құбылыстардың тек физикалық мәні ғана ашылады (массалары бірдей мыс және
алюминий кубиктер суға батырылған. Оларға әсер ететін итеруші күш бірдей
болады ма?).

Есептерді шығаруа қажетті V 2
мәліметтерді графикті тал- 3
даудан алатын болсақ,
ондай есептерді графиктік A 1
есептер деп атаймыз. Мысалы:
Графиктеріне қарап қозғалыс
түрлерін анықта (4-сурет) 4 t
O
(4-сурет)

2. Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:
1) Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеулер құрылмай,
арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар қою арқылы шығарылады.
Бұл тәсіл, мысалы. Жылу мөлшерін анықтауда көп қолданылады.
2) Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде математикалық
теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолданылады. Мұндай есептер
физиканың әр тарауында көп-ақ. Күрделі, қиын есептердің көбісі осы
тәсілмен шығарылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканың оқыту әдістемесі
Физикадан есептер шығару әдістемесі
Мектепте физика курсын оқытуда физикалық есептерінің алатын орны
Физикалық есептерді шығару тәсілдері
Физикалық есептер шығару үрдісінің кезеңдері
Ток күші
Физика сабағында есептерді шығару классификациясы
Атом және атом ядросы физикасының теориялық негіздері
Мектептегі экспериментті есептерді шығарудың ерекшеліктері
Физиканы оқыту әдістемесі
Пәндер