Электромагниттік құбылыстарды оқып үйрену әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
16-дәріс тақырыбы: Электромагниттік құбылыстарды оқып
үйрену әдістері

Жоспар:

1. Түзу токтың магнит өрісі. Магнит өрісінің күш сызықтары.
2. Магнит өрісінің тогы бар өткізгіштерге әсері.
3. Электромагниттік индукция.

Электромагниттік құбылыстарды оқып үйренуде кездесетін қиыншылық,
біріншіден магннит өрісін электромагниттік өрісі сияқты тікелей сезім
органдарымызбен қабылдай алмаймыз. Сондықтан сан алуан тәжірибелереге
сүйенеміз.
Электромагниттік құбылыстарды оқып үйренудің үлкен политехникалық мәні
бар, өйткені өте маңызды техникалық құрылыстардың: электр двигательдердің,
генераторлардың, телеграф, телефондардың негізінде осы құбылыстар жатыр.
Магнитизм табиғаты туралы қазіргі көзқарастарға сәйкес және оқушыларда
электр тоғы мен электр өрісі туралы бар мағлұматтарды ескере отырып,
тақырыпты оқып үйренуді тоқтың магнит өрісімен бастау керек, сонан соң ғана
тұрақты магниттердің өрісін қарастыру керек.
Магнит өрісі бірінші кезекте магнитпен емес, тоқпен ассоциалануы
керек, алғашында майысқақ өткізгіштердегі тоқтардың өзара әсері тәжірибесі
қайталанады (24-сурет). Тоғы бар катушкаға темір заттардың тартылу
тәжрибелерін қайталау да пайдалы. Мұнда оқушылардың көңілін мынаған аудару
керек.
1) катушка токқа қосылғанға дейін темір заттар онымен тиіспей, одан
белгілі бір қашықтықта орналасады;
2) темір заттар тек катушка тізбегі токқа қосылғанда ғана қозғалысқа
келеді;
3) ток ажыратылғанда катушка темір заттарды тарпайды;
4) токтың жүру бағытына байланысты өткізгіштердің тартылуымен қатар
тебілуі де байқалады.
Магнит өрісі темірден басқа да кез-келген денеге, аз мөлшерде болса
да, әсер ететіні оқушыларға айтылады.
Тоғы бар өткізгіштер мен темір заттардың қозғалуы, тогы бар
өткізгіштің айналасындағы магнит өрісінің әсерінен болатын тәжірибе жүзінде
тағайындалады.
Магнит өрісінің бар екенін тағайындағаннан кейін, оның қасиеттерін
оқып үйрену міндетті қойылады. Бұл үшін бір қатар жаңа тәжрибелер
жүргізіледі.
Алыстан айқын көрінетін сымды алып, оны меридиан бойымен
орналастырады да, индикатор ретінде алынған демонстрациялық магнит
стрелкасы оның үстінгі жағына қойылады. Тізбекке реостат пен амперметр
тіркеледі. Тізбекті тұйықтап, стрелканың бұрылуы бақылайды.
Бұл тәжірибе тоғы бар өиткізгіштің айналасында магнит өрісі болатынына
оқушыларды сендіре түседі.
Тоғы бар өткізгіштін айналасында магнит өрісін зерттеу үшін, оны тік
орналастыруды да фонер пластинканың тегінен өткізіп қояды. Пластинканың
үстіне 5 – 6 лабораториялық магнит стрелкалары орналастырады. Олар
өздерінің магнит өрістерімен әсерлесуі байқалатындай арақашықтарға
қойылады. Жақсы көріну үшін стрелкалардың ұштарына түрлі түсті жалаушылар
жапсырылады немесе көлбеу айна қолданылады. Тізбек тұйықталғанға дейін
стрелкалар солтүстік – оңтүстік бағытта өзара орналасатынына
оқушылардың көңілін аудару керек. Тізбекті тұйықтағанда стрелкалар, бұрылып
тогы бар өткізгіштің айналасында шеңбер бойымен орналасады.
Стрелкалардың бұрылуы оның көрінуі үшін, өткізгішпен 10 – 15А тұрақты
токтың жүруі немесе 1А ток жүретін 10-15 орам болу керек.
Пластинканы стрелкалармен бірге сымды бойлата қозғай отырып, магнит
өрісі өткізгіштің бүкіл ұзындығын қоршап тұратынына көз жеткізеді.
Қарастырып отырған тізбектегі токтың бағытын өзгерткенде
стрелкалардың қарама – қарсы жаққа бұрылатын көрінеді, бұдан магнит өрісі
әсері бағытының өзгеруі туралы қортынды жасауға болады.
Стрелка сымнан неғұрлым алыс тұрса, магнит өрісінің стрелкаға әсері
соғұрлым аз болатынын да көрсету керек.
Магнит өрісінің әр түрлі орталардан өтуін анықтау үшін, Эрстед
тәжірибесіндегі сым мен стрелканың арасына картон, шыны, алюминий
пластинкаларды және басқа да заттарды орналастырғанда стрелканың бұрылғаны
байқалады, бұдан магнит өрісі әр түрлі орталарда тарай алады деген қортынды
шығады.
Тоғы бар өткізгіш магнит өрісімен қоршалған . ол екінші тогы бар
өткізгішке, магнит стрелкасына өтетін әсері арқылы білінеді. Өткізгіштегі
токтың бағыты өзгергенде, магнит өрісі әсерінің бағыты да өзгереді. Магнит
өрісі өткізгіштен барлық бағыта тарайды, және қоршаған денелерді тесіп
өтеді. Магнит өрісінің күш сызықтары ұғымын енгізу керек. Магнит өрісінің
күш сызықтары ұғымы енгізілгеннен ейін магнит өрісін график түрінде
кескіндеп көрсетеді.
Әрі қарай оқушыларды өрістін берілген нүктесіндегі магнит күш
сызығының қабылдаған бағытымен және бұл бағыттын оң винт бұранда
ережесімен анықталуымен таныстырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйенің энтропиясы
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері. Физика курсының басқа пәндермен байланысы
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым саласы, оқытудың негізгі мәселелері мен тәсілдері
Жарық табиғаты ғылымының даму тарихы және оның физика пәнін оқытуда қолдану
Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальды нобайларын қолдану
Электромагниттік толқындардың қасиеттері
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУДА МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Пәндер