Мәлік Ғабдуллин



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мәлік Ғабдуллин

Орындаған: Алпысбаев Б.

Қабылдаған:

Шымкент

М. ҒАБДУЛИН – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-педагог, жазушы-публицист Мәлік
Ғабдуллиннің бүкіл ғылыми шығармашылық қызметі негізінен қазақтың дәстүрлі
ауыз әдебиетін зерттеуге арналған.
Мәлік Ғабдуллин 1916 жылдың 15 қарашасында Көкшетау облысының Зеренді
ауданындағы Қойсалған деген мекенде дүниеге келген. 1935 жылы Абай атындағы
Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.
М.Ғабдуллин дарынды очеркші, жалынды публицист ретінде қазақ
әдебиетіне өте зор үлес қосты. Сондай-ақ туған әдебиеттің тарихы мен
сынына, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты еңбектері де елеулі.
1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеген
ғалым. 1947 жылы “Қобыланды батыр” жырын ғылыми зерттеудің проблемалары”
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. “Қазақ халқының ауыз
әдебиеті” деген (1958) монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық
жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, айтыс өнері туралы ғылыми таладулар мен терең қорытындылар
жасады.
“Қобыланды батыр” жыры Мәлік Ғабдуллиннің негізгі тақырыбы болды. Бұл
оған отыз жыл бойы әлденеше рет оралды. 1972 жылы “Қазақ халқының батырлық
жыры” монографиясын жариялады. Мұнда жырдың айтушылары, зерттеушілері
жөнінде кеңінен тоқталып, ертеден мәлім болған нұсқаларды салыстырады.
Жырдың идеялық сарыны, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, ондағы
эволюциялық өзгерістер, даму сатылары жан-жақты сөз болады.
Монографияда “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр”, жырлары да жеке
тарау көлемінде берілген
Мәлік Ғабдуллин 1959 жылы докторлық диссертациясын қорғап, сол жылы
профессор ғылыми атағын алады. КСРО Педагогика ғылымдары академиясының
академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943), Қазақстанның еңбек сіңірген
ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1972).
Мәлік Ғабдуллиннің “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” атты оқулық-
монографиясының ғылыми мәні ерекше зор. Ғалымның қазақ фольклоры саласында
ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстары осында жинақталған. Оқулықта
фольклордың және оның жанрларының анықтамасы, ерекшелігі, идеялық,
көркемдік сипаты түсіндіріледі. Оқулық “Ауыз әдебиеті туралы түсінік” деген
кіріспе тараумен басталады. Батыс, орыс фольклорында “мифтік теория”,
“ауысып алу теориясы”, “тарихи мектеп” деген әр түрлі теориялар, ағымдар
болған. Ғалым бұлар жайында да қысқаша түсінік береді.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы, көп варианттылығы,
тұрақты тіркестердің қайталанып отыратындығы және ақын, жыршы, әнші туралы
жан-жақты талдау жасаған.
Оқулықтың бірінші тарауы “Тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар”
деп аталған. Олар:
Төрт түлік мал, еңбек кәсіп жайындағы.
Үйлену салтына байланысты.
Діни ұғымға байланысты.
Көңіл-күйін білдіретін өлеңдер.
Бірінші топқа аңшылық жайындағы өлеңдер де қосылады. Наурыз жырлары да
осы тақырыппен қарастырылады. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдерді жар-
жар, той бастар, сыңсу, жұбату, беташар деп атайды, ал діни ұғымдарға
байланысты өлеңдер бәдік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену процесі
Мәлік батыр
С. Негимов фольклортанушы
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың ерлігі көрсету
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Жөкей ақын
Асық ойындары
Пәндер