Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

Н.Ғ.Бижанова

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін,
тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін
шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім
мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап
береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім
алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-
физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық
деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала
отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып,
құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу,
дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы
бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр,
халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-
тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін
дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен
рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері
арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық
педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық
педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты
дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше
биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас
мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм,
азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және
тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында
мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай
деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен
қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда
тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін
біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел
тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін,
қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами
құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың
өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар,
жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік
парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық
қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық,
имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке
бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі
т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына)
байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол
ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан
үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін,
мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң
көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін
қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Ал ұлттық салт - дәстүрлер
игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп
(ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі
көрнісі) дәстүрден салт (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста
болуы) қалыптасқанын көрсетіп жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін
қалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет
болған, одан көп қолданысқа әдет-ғұрыпқа айналған, әдет-ғұрып ұлттық
қолданыста әдепке ( ұлттық мәдени көрніске) айналып, ол ұлт өкілдерінің
сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа
айналып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құндылықтар туралы түсінік
Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
Математика пәнінде оқушылардың бойында қалыптастыруға қажет құндылықтар мен дағдылар түрлері
Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі
Пәндер