Өсімдіктер жайлы мәлімет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдіктер жайлы мәлімет

Жасыл өсімдіктер — Жер бетінің сәулеті және халық игілігіне жарайтын
дәулеті болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы.
Өсімдіктің әр мүшесінің өзіне тән жасырын құпиялары бар. Өсімдіктің тамыры,
сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымының құрылысы мен олардың
атқаратын қызметтері де сан алуан.Кітапта осылар жайлы деректер тартымды
берілген.

Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық
шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған
мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді.
Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен
тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да
6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң
сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе
бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор
өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы
5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді;
сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық
өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде
жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген
кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1
га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық
өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған
бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының
ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал
жемейді.

Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық
шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша
бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп
тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел
арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант,
ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде
бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды.

Алмұрт (Pyrus) — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір
туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып
өседі. Атың 5 000-нан астам сорты бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сорты
өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сортын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың
негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) — И. Мичуриннің жабайы уссурий
алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен
будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сорты. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан
астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның
ағашы насекомдарға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді
келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін
сентябрьдің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты
осыған сәйкес қойылған), апрельге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты
(Р. asiae mediae) — кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Жемісі тәтті, ерте
піседі және ірі болады; жемісін адам, құрғақ жапырағын мал жейді. Орта Азия
алмұрты түсімді келеді, құрт онша түспейді, ауруға, кеселге төзімді.

Андыз – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір
жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл
жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың
ішінде ең көп тарағандары – биік Андыз. (I. helenium) және үлкен Андыз
(I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік
сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі
қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына
жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі
цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну
процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы,
инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде
пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.

Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы.
Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі
бар.
• Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12 м, жапырағы
қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос
жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден
орналасады. Жемісі көп ұялы, сортына байланысты сыртқы түрі, түсі
(ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әр түрлі болып келеді. Тәтті,
шырынды. Жемісінің орташа салмағы 50-400 г, құрамында 75-88% су, 8-9%
қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70 мг С дәрумені, 0.9% илік заттар болады.
Өсу жағдайына юайланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп,
гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25 т өнім алынады. Апельсин
тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда,
ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе
қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге
болады.
• Ащы апельсиннің биіктігі аласа(6-8 м) болып келеді. Тікенекті
бұтақтарының ұзындығы 6-8 см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр,
қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир
майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су
өнеркәсібінде қолданылады

Жүзімдіктер (Vitaceae) — қосжарқанақты өсімдіктердің бір туысы.
Мұрттары арқылы бір нәрсеге жармасып өсетін, ағаштанған лиана өсімдік.
Телімденген жапырақтары сабағына кезектесіп орналасады. Гүлшоғыры алғашында
кішкентай болып шоқтанып шығады да, бара-бара үлкейеді, гүлдері күлтесіз.
Гүлшоғыры жапырағына қарама-қарсы бітеді. Гүлдері кейде қосжынысты, кейде
даражынысты болады. Жемістері, жидектері, тұқымы эндоспермді. Жүзімдікке
жататындар: жүзім және оның түрліше сорттары, изабелла. Жүзімдіктердің 11
туысы, 300-ден астам түрлері бар. Жабайы өсетін жүзімдіктер де кездеседі.

Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық
және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада,
Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО
жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы
алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда,
құмыраларда өсіріледі.

Армерия қалампыры

(Dianthus armeria) — бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология ғылымының шығу тарихы
Трансгенді ағзалар
Биологиялың негізгі теориялары
Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар
БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
Жер кадастры жайлы жалпы мәліметтер
Туризмнің табиғатқа әсер ету проблемасы
Биологияның даму тарихы
Гүлді көбейту тәсілі
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Пәндер