Бала зейінін дамытудың кез келген еңбек нәтижесі үшін ауқымды рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бала зейінін дамытудың кез келген еңбек нәтижесі үшін ауқымды рөлі

Жақсы зейінге ие балалар жылдам, сондай-ақ өнімдірек жұмыс істейді. Әртүрлі тапсырмаларды орындаудағы көптеген қателер оқушылардың нота мәтініндегі барлық белгілерді көрмегендігінен немесе теория бойынша тапсырманы мұқият оқымауынан, музыкалық диктант жазардан бұрын оқытушының түсіндірмелер дұрыс тыңдамағаннан, теоретикалық құрылымдарды орындауда қарапайым арифметикалық іс-қимылдарда қателік жібергенде туындайды. Қателерді түзетуге, әсіресе нота мәтінін меңгеруде үй жағдайында жаттап алғандарды сабақта түзетуге оқытушының көп уақыты мен күші кетеді. Егер тіпті бала үнемі аспаппен жұмыс істеуге машықтанса, бірақ ықылассыз болса, үй тапсырмасын орындау нәтижесі және академиялық концерттер мен емтихандарда көрсеткен өнері баланың қалағанындай жоғары бағаланбайды.

Зейін қою машығы баланың жасына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен қысқа уақытқа ғана ойын жинақтай алады. сондықтан оқытушымен бірге құрастырылған үй жаттығуларының кестесін орындаған өте маңызды. Кіші оқушылардың күніне 2-3 рет 30 минуттан жаттығуы тиіс, бұл кезде олардың зейіні тапсырманың барлық шарттарын орындауға қабілетті. Балаға өмірінің алғашқы күнінен бастап оның жасына сәйкес зейін қою бойынша тапсырмаларды орындауды талап етуге болатын жағдайлар жасау керек.

Балалар сабақтағы артық жүктемеге жиі шағымданса, ата-аналар олардың жалған жүктемелерінің себебін түсінуге тырыспастан, балаларының дұрыс дайындалмайтынын түсінбестен, олармен толықтай келіседі. Кейде балалардың сабақта не туралы айтылғанын ұмытып қалатындықтан немесе үй тапсырмаларын орындауға көп уақыт жұмсай отырып, өте әлсіз нәтижелерге жеткендіктен, ата-аналарға олар қабілетсіз секілді көрінеді. Шындығында бала көбіне өзінің мүмкіндіктерін толық қолданбайды, себебі олар өз ойын жинақтай алмайды. Сонымен психология тұрғысынан зейін, зейін түрлері және қасиеттері дегеніміз не?

Зейін - бұл сезім мүшелері арқылы келіп түсетін ақпаратты саналы немесе ойланбай (жартылай ойланып) іріктеу үдерісі. Танымдық үдерістердің бағыттылығы мен талғамдығы зейінге байланысты.

Зейін түрлері:

● еріксіз - өздігінен туындайтын, күшті, қарама-қарсы немесе жаңа, оқыс тітіркендіргіштен туындаған немесе маңызды және тітіркенуге эмоционалды үн қосатын;

● еркін - жігерлі ынтаны талап ететін белгілі ақпаратты алуға саналы түрде зейін қою;

● еріктіден кейінгі зейін - қызметке енуде туындайтын қызығушылыққа негізделеді; еріктіден кейінгі зейін туындағаннан кейін шиеленіс жойылып, адам шаршайды, тіпті еріктіден кейінгі зейін сағаттар бойы жалғасса да.

Зейін қасиеттері:

шоғырлану - объектіге зейін қою деңгейі;

көлемі - бір уақытта зейінмен қамтылатын объектілер саны;

аудару - әдейі саналы түрде зейінді бір объектіден басқасына аудару;

тарату - бірнеше объектіні бір уақытта зейін саласында ұстап тұру, бірнеше қызмет түрлерін орындау мүмкіндігі;

тұрақтылық - объектіге зейін аудару ұзақтығы.

Кей психологтар ерекше, тәуелсіз үдеріс ретінде зейін жоқ деп сендіреді. Зейін кез келген басқа психологиялық үдерістің немесе қызметтің бір тұсы немесе сәті ретінде қарастырылады. Мысалы, көру арқылы қабылдау үшін зейін суреттің бөлшектерін ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік күшейткіш болып табылады. Жады үшін зейін қажетті ақпаратты қысқамерзімдік және жедел жадыда ұстауға және оны ұзақмерзімдік жадыға ауыстыруға ықпал етуші фактордың рөлін атқарады. Ойлау үшін зейін тапсырманы дұрыс түсінудің және шешудің міндетті факторы рөлін атқарады. Басқа психологтар зейін адамның толық тәуелсіз психикалық күйін, өзіндік ерекшеліктері бар, өзге танымдық үдерістердің сипаттамаларымен қисындастырмайтын ішкі үдерісті білдіреді деп болжайды.

Зейін көптеген әртүрлі қызметтерді атқарады. Ол қажеттілерді белсендіреді және осы сәтте қажетсіз психологиялық және физиологиялық үдерістерді тежейді, организмге келіп түсетін ақпаратты ұйымдастырылған және мақсатты түрде іріктеуге ықпал етеді, қандай да бір объектідегі немесе қызмет түріндегі психологиялық белсенділіктің таңдаулы және ұзақмерзімдік шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Психологтар зейін қою қабілеті баланың жасына, сондай-ақ жүйке жүйесінің түріне байланысты дейді. Сезімталдығы жоғары, сезгіштік пен тежелудің жылдам ауысуы байқалатын балаларда ерекше қиындықтар туындайды. Баланың зейін қоюын қалыптастыруға ең алдымен отбасы ықпал етеді. Тынымсыз, шулы орта, үйдегі ретсіздік, ересектердің күйгелектігі, реттелмеген өмір салты, баланың бастаған ісін соңына жеткізуіне қамқорлықтың болмауы, - осының барлығы зейіннің дамуына қатты кедергі келтіреді. Ата-аналар ерте жастан бастап баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына, соның ішінде зейін қоюды қалыптастыруға, логикалық ойлануға, салыстыруға машығына, «ұқсастықтары» мен «айырмашылықтарын» ажыратуға көңіл бөлуі тиіс.

Айырмашылықтарын табу қажет көп бояулы суреттер баланы қызықтырады. Ол шаршауды білмей, ұзақ уақыт бойы жұмыс істей алады.

Жақсы зейін қою жүйелі жаттығуға да байланысты.

Музыка мектебінде баланы алғашқы қадамынан бастап байқампаздыққа және бірқатар объектілерге көңіл аудару машығына баулу керек. «Фотограф» ойыны осы міндетті сәтті шеше алады. Ол үшін оқытушы музыкалық мақамнан тұратын дидактикалық карточкалар әзірлейді. Әр жаңа карточкамен баланың көруі және алдыңғы материалдан айырмашылығы қандай екені туралы ой тұжырымдарын жасауы тиіс объектілер саны артады. Баланың зейінін нақты командалармен бағыттау керек: «Карточкаға қара және онда жазылғанның барлығын суретке түсіріп ал». Осы тапсырманы орындауға бөлінген уақыт барынша аз болуы тиіс. Оқушыға қысқа мерзімге әуеннің (мақамын) үзіндісін көрсетеді және оны нотасыз ойнауды ұсынады. Оқытушы баланың зейінін нақты тұжырымдалған тапсырмамен белсендіреді: «Мен үшке дейін санап, карточканы аударамын, ал сен, Оля, онда жазылғанның бәрін есіңе сақтап қалуың тиіс». Ары қарай: «Енді басқа карточкаға қара және одан айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап» және т. б. Теоретикалық материалды зерттеу деңгейіне қарай тапсырмалар қосымша белгілермен толықтырылады. Осылай бала әр қадамын басқан сайын ауқымды ақпарат блоктарын жадында сақтай отырып, қамтуға дағдыланады. Мысалы, нота жолындағы кілттер, альтерация белгілері, негізгі және қарсы, штрихтелген және динамикалық белгілер, аппликатуралық үлгілер және нота мәтінінің басқа да ерекшеліктері егжей-тегжейлі қарастырылады.

Баланың зейін аудару әдеті қалыптасады, жады атқарымдары дамиды, қолдың ойын қимылдарының бағыты және естігенін аспапта «көрмей ойнау тәсілімен» жеткізу әдеті қалыптасады.

Сарынды жүйелілікте дыбыстар санын біртіндеп арттыру керек. Бір уақытта баланың зейінін әртүрлі фактуралық формулалардың графикалық пішіндеріне (гамма тәріздес, арпеджирленген фактура және т. б. ) аудару керек.

Осындай ойын формасы барынша тиімді нәтижелерге жеткізеді және балаларға қатты ұнайды, олар барлық тапсырмаларды ерекше құлшыныспен орындайды, әсіресе тапсырмалар сайыс сипатына ие болса.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz