Зейін туралы психологиялық теориялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Зейін туралы психологиялық теориялар

Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.

Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т. с. с. ) арқылы зерттеуге болады. Зейін - сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс [132] .

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын орындайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихты, одан кейін географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, басқа істермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы) .

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін мен қиялдың негізгі түрлері
Зейін туралы
Зейінді дамыту жолдары
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Қиял түрлері
Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі
Оқыту процесінде жеткіншектердің зейінін қалыптастыру жолдары
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Зейін және ес процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz