Оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәселесі


Оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәселесі
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық процесте оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамыту мәселесі ерекше маңызды. Өскелең ұрпақты дамыту соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табуға оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамыту, ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етуде. Зейінді ұйымдастырудың маңыздылығы, орнымен қойылған тапсырмаға және оны субъектінің қабылдауына себепші болуымен байланысты.
Сонымен қатар, зейінді тәрбиелеу оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына тікелей тәуелді. Сабақ немесе өз бетімен атқарылатын жұмыс түрлендіріліп және қызықты етіп ұйымдастырылса, оқушының зейінді болуына септігін тигізеді. Оқуды практикамен тығыз байланыстыру міндеттері, қолданылатын оқыту, тәрбиелеу әдістемесін жаңа талаптарға сай жетілдіре түсу қазіргі білім саласының талабы.
Сонымен, зейін деп адам санасын қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін - адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.
Зейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. Зейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. Зейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. Зейіннің оянуы - бағдарлық-зерттеудің бастамасы.
Қазірге кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністерімен психикалық іс-әрекеттің жүйелілігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез-келген түрі: белсенді қабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау - зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана мен ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланысты. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі екені белгілі.
Сонымен зейінді зерттеуде адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінетіндігі анықталды. Ырықсыз зейін зейіннің ең қарапайым түрі болып табылады. Ырықсыз зейін дегеніміз - сананың объектіге еріксіз бағытталуы. Ырықсыз зейін пайда болғанда біз көптеген себептермен соқтығысамыз.
Бұларға бір-бірімен байланысты, бірақ оларды келесі төрт санатқа бөлуге болатын психофизикалық және психологиялық себептер жатады.
Бірінші себепке, сыртқы тітіркендіргіштердің әсері жатады. Бұған ең алдымен күшті немесе қарқынды тітіркенгіштерді қосу қажет. Мысалы: көз алдыңызға, сіз қандай да бір күрделі жұмыспен айналысып жатқаныңызды елестетіңіз. Сол уақытта сіз даладағы шуға немесе көрші бөлмедегі шуға мән бермейсіз. Бірақ сіздің назарыңыз үстелдің үстінен түсіп кетіп, қатты шу шығарған затқа бірден аударылады. Сол себепті, қандай да бір қатты тітіркендіргіштер: қатты дауыс, жарық сәуле, өткір иіс және т. б. еріксізден сіздің зейінініңізді аудартады. Екінші себепке, сыртқы тітіркендіргіштердің адамның жағдайына байланысты ішкі тітіркендіргіштеріне әсер етуі.
Үшінші себепке, тұлғаның белгілі бір затқа бағытталуы. Төртінші себепке, адамның сезіміне әсер ететін тітіркендіргіштер.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
- Біріншіден, қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
- Екіншіден, үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
- Үшіншіден, орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
- Төртіншіден, түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
- Бесіншіден, зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.
Сонымен, бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аудартады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Оны ғылымға Н. Ф. Добрынин енгізген. Мысалы: оқушы қиын арифметикалық есепті шығарып отырып, бастапқыда қандай да бір күш жұмсайды. Ол бұл іс-әрекетті есепті шығару керек болғасын орындап отырады.
Есеп өте қиын және бастапқыда шешімі табылмайды. Сол себепті ол алаңдап отырады. Алайда бірер уақыттан кейін оқушы есепті шығара бастайды. Есепті шығарған сайын, оқушының қызығушылығы арта түседі. Сөйтіп ол еш нәрсеге зейін аудармай есепті шығарып тастайды. Бұл жерде ырықты зейін, ырықсыз зейінге ауысты. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істеу беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. Іс-әрекет үстінде зейін сипаты үнемі өзгеріп отырады, оқушының үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Өйткені ұзақ уақыт зейінді бір объектіге шоғарландыру, ерік күшін жұмсау баланы шаршатады, оның алаңдауына әкеліп соқтырады. Қызығып істеген әрекет оны шаршатпайды. Оқушы алғашқыда қызыққан нәрсеге ғана зейін аударады, кейіннен сабақтың мақсатын дұрыс ұғынып, оған көңіл бөліну үйреншікті зейінге ауысады да, баланың білуге тиісті нәрселері мен құбылыстары ерік күшін жұмсауды талап етпей-ақ, әдеттегі үйреншікті, дағдылы жағдайға ұласады.
Зейіннің бөлінуі оқушылар меңгеруге тиісті нәрселердің жеке қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты. Зейіннің табиғатын дұрыс түсіну үшін объектілерді дұрыс қабылдап, олардың мән-жайын түсіну қажет. Бұл оқушылардың дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Мәселен, мұғалім сабақ жүргізгенде бір мезгілде сабақ мазмұны мен формасына, оқыту жоспарының барысына, сыныптағы оқушылардың тәртіп сақтауына, сабаққа қалай қатысып отырғанына назар аударып отырады. Зейіннің аударылуын іс-әрекет үстінде, яғни тиісті міндеттерді шешуүшін бір объектіден екінші объектіге, немесе оның бір жағына сананы әдейі аудару арқылы қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz