Оқушылардың зейін үрдісін дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың зейін үрдісін дамыту
Л.С. Выготский зейінді адамның пайда болу тарихымен байланыстырды және баланың дамуында зейіннің біртіндеп дамуына байланысты екі негізгі. атап өтті. Олар - 1.зейіннің табиғи даму жолы; 2. зейіннің мәдени даму жолы.
Л.С. Выготскийдің зейін мәселесін дамытудағы маңызды ғылыми жетістіктері зейін мәселесіне әлеуметтік және генетикалық тәсілдерін іске асыруы. Ол ырықты зейінге жағдай жасау, сөйлеу функцияларының бағыттылығын кеңейту, зейінді дамытудағы сөздің ролі және зейінді ойлаумен біріктіре түсіндіруге мән берді.
Доминанта туралы ілімді қолдаушы психологтар Л.С. Выготский, оның оқушылары А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, солармен қатар Б.Г. Ананьев және С.Л. Рубинштейн. 1926 жылы Л.С. Выготский доминанта принципінің мәнділігін теория жүйесінің терминдерімен былайша түсіндірді: ...доминанттық механизм тұтастық, интегралдық, эквифиналдық (мақсаттың соңы) және эмердженттілік (жүйенің элементтерінде болмайтын жаңа сапалардың пайда болуы) жүйелік қасиеттерін қамтамасыздандырады.
П.Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспарымен, яғни алдын ала құрастырылған үлгімен бақылау формасы ретінде іске асырылатын зейін, деген қорытынды жасады.
Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолева т.б. Осы аталған зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, біздің зерттеулердің барлығына стандартталынған, зерттеудің мақсаттарына сәйкес тестілер (сынақ), шкалалар қолданылды. Зерттеу материалдарын өңдеуде статистикалық есептеулер жетекшілікке алынды.
К.Д. Ушинский еңбегінде зейінді сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік, - деп сипаттаған. Зейін, балалардың оқу материалын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-әрекетте бақылауды қамтамасыз етеді.
Мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсіну үшін И.М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, А.А. Ухтомскийдің, П.К. Анохиннің еңбектері маңызды.
Шетел психологтарының ішінде В. Вундт зейін мәселесін сана психологиясымен байланыстарады, У. Джемс зейіннің түрлерін зерттеді, Э. Б. Титченер зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырады, Т. Рибо зейінді эмоциямен ұштастырады, А. Трейсман зейінді мәтіннің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.
Ал бұрынғы одақтас мемлекеттер психологтарынан зейін теориясын зерттегендер Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леонтьев, И.В. Страхов, Д. Н. Узнадзе .
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Мектеп -- оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім -- балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті -- есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Танымдық қызығушылық
Оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәселесі
Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту
Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы
Пәндер