Ахмет Байтұрсынұлы сан қырлы талант иесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов - лингвист ғалым

Дайындаған: Маратқызы Н. 102 топ
Тексерген: Махашева Н.С.

Ақтөбе қаласы - 2017 ж
Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан қырлы талант иесі еді. Ақын, аудармашы, педагог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының рухани көсемі М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезінің қазіргі Қостанай облысы Тосын болысында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа болғанымен кез келген зорлықшыға кеудесін бастырмаған намысты азамат болғанға ұқсайды. Бұған Байтұрсынның патша әкімдерінің әділетсіздігіне көнбей, ояз бастығына қол көтерем деп Сібірге жер аударылуы дәлел. Бұл оқиға бала Ахметтің жүрегінде өшпестей таңба қалдырған өмірдің алғашқы ауыр сабағы болар, сірә.
А. Байтұрсынұлы 1886-1895 жылдарда Торғай, Орынбор қалаларында оқып, мұғалімдік мамандық алып шығады, сөйтіп, бұдан бергі 13 жыл бойына, яғни, 1909 жылға дейін, ол Қостанай мен Қарқаралы өңірінің мектептерінде, сондай-ақ екі класты училищеде ұстаздық етеді. Жас ұстаздың көңіл-қиялымен үйлеспейтін өмір шындығымен бетпе-бет кеп, талай рет әкімдермен, ел ағаларымен айтыс-тартысқа түсетін шағы да осы кез. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде ғана емес, әділетшіл азамат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастайды. Озбырлық иелеріне ойларын ашық айтқаны үшін жас педагог қуғынға да ұшырап, 1909 жылы түрме дәмін де татады. Осы жылы тұңғыш жинағы - аударма кітабы Қырық мысал жарық көреді.
Ахмет өміріндегі жаңа кезең 1910 жылдан басталады, ол осы жылы мұғалімдікті қойып, ақындық пен әлеуметтік күрес жолына түседі. 1913-1917 жылдар аралығында ол Орынборда Қазақ газетінің редакторы қызметін атқарып, газет беттерінде үлкен-үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, халықты өнер-білімге, мәдениетке, елдікке шақырудың ұйытқысы бола білді, дарынды публицист ретінде кеңінен танылды. Бір өкініштісі, өткенге коммунистік идеология тұрғысынан қараудың кесірінен соңғы жылдарға дейін Қазаңқ газеті ұлтшыл-буржуазиялық сипаттағы басылым болды деп біржақты бағаланып келді.
Сөйтіп, ол 1919 жылдың көктемінде кеңес жағына шығып, қазақ өлкесін басқарушы орган - Қазақ революциялық комитетінің құрамына еніп, сан сала саяси-әлеуметтік істерге белсене араласады. Бұдан кейінгі өмір жолында өзі қайта қудаланған 1929 жылға дейін ол білімі мен тәжірибесін жаңа заман мақсатына аямай жұмсайды, республика халық ағарту комиссары, жоғары оқу орындарында ҚазПИ профессор оқытушы қызметтерін атқарады. Бұл кезеңде ол мейлінше жемісті творчестволық еңбек етіп, педагогика, әдебиеттану, әсіресе, тіл білімі салаларында құнды зерттеулер, оқулықтар жазады. Республикаға үлкен ғалым, ірі педагог, көрнекті әлеуметтік қайраткер ретінде танылады.
Осындай әлеуметтік-творчестволық тұлғасы қалыптасқан шағында ол 1929 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 5 жыл айдау азабын көреді, 1934 жылы елге оралады. Алайда, 1937 жылы тағы да заңсыз тұтқындалады. Халқын сүйген, сол үшін күйген аяулы азамат, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы осы жы­лы сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болады. Содан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойына оның есімі де, еңбектері де аталмай, атала қалса, ұлтшыл, кертартпа ақын-жазушылар санатында айтылып келді. Қазіргі шақта заман да, қоғам да өзгерді. Тәуелсіздік самалы тарихқа, өткен мәдениетке де жаңаша көзқарас әкелді. Соның арқасында қазақ халқы жазықсыз жау атанып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жыл)
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ТІЛШІ
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Қазақ газетінің редакторы
Пәндер