Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер

Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Бірақ олардың ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл мәселелерге талдаулар берілген емес. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең мағыналы сөздерді нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де негізінде, аты белгісіз халық даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлерінің жиынтығы. Тәжірибе жемісі. Нақыл сөздерді де түгелдей халық туғызды десек, қате болар еді. Өйткені халық дегенде, біз еңбекші халықты ұғамыз. Әрине, нақыл сөздерге үстем таптық идеясын үндейтіндері де толып жатыр. Сондықтан да біз негізінде деп, әдейі ескертіп отырмыз.
Бізше, күні бүгінге дейін мақал-мәтел, нақыл сөз делініп келген, не олай деп айтылынбаса да, сол тектес сөздерді мағынасына, құрылысына қарап ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп екіге бөлу керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына қарай, кейбіреулері ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер тобына жатуға тиісті. Бұл екеуінің айырмасы қайсы? Бізше, бірі өмірді танытады. Екіншісі, өмірге жетектейді.
Ақыл сөздер - халықтың кейінгілерге қалдырған өсиет-ақылы, өмір-тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл, көпшіліктің бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып, көркемдеп айтылған үгіт-насихат.
Нақыл сөздер дегеніміз - үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс пен жуық, жақсы мен жаман - осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізіп, олар жөніндегі халықтың шығарған үзілді-кесілді өкімі, өмірдегі әр алуан құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше әбден бақылап, сынай келе, қатесіз, өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні.
Нақыл сөз мағына жағынан алғанда, ақыл сөз тәрізді, мынаны істе, жақсы, ананы істеме, жаман демейді, өмірдегі өзінің көргенін, сезгенін, бақылағанын қорытып айтады да қояды.

Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп.
(ақыл сөз)

Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
(нақыл сөз)

Алдыңғысында адамның кімнен қашып, кімнен қол үзбеу керектігін айтса, соңында ол жоқ. Өнерлі жігіт пен өнерсіз жігіт туралы өзінің бақылай келе қорытқан пікірін айтады. Мынаны ал, ананы алма демейді. Оқушы, тыңдаушы өзінше ойлап, өзінше түюлері керек.
Ауыз әдебиеті болсын, Абай алдындағы тарихи әдебиет болсын ақыл, нақыл сөздерге бай. Өмірдің әртүрлі жақтарын қамтыған неше алуан түрлерін ауыз әдебиеті, тарихи әдебиеттен кездестіруге болады.
Ақыл сөздер (Ауыз әдебиеті):

Қайыры жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ елден без.
Бүлінген елден бүлдіргі алма... (217)

Жамандық көрген жеріңнен
Еңбекте де қаш!
Жақсылық көрген жеріңе
Еңбекте де жет!.. (218)

Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер!
Сөз бейнет болар,
Бөз көйлек болар... (219)

(Тарихи әдебиет)

Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас,
Жаманнан қатын алсаңыз,
Жауға шабар ұл тумас (220).
Атасы оның текті деп,
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Ауызы оның епті деп.
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы жаман өтті деп... (221)

Нақыл сөздер (Ауыз әдебиеті):
Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны - өлгені... (222)

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді... (223)

Көкті бу көтереді,
Сүйрікті су көтереді,
Ауырды нар көтереді,
Өлімді бар көтереді... (224)

(Тарихи әдебиет)

Жапанға біткен жантақты,
Жаһан кезген нар жейді,
Тәтті менен дәмдіні
Қолында пұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі
Арықты да жар дейді.
Кертартпаның белгісі
Кең дүниені тар дейді (225)

Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар,
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жортар,
Дұшпанға кеткен ары мен
Барымтаға түскен малы бар... (226)

Ауыз әдебиеті, Абайдың алдындағы ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы тарихи әдебиеттеріндегі ақыл, нақыл сөздердің негізгі үлгілері - осы келтірілгендер.
Ауыз әдебиеті немесе Абай алдындағы әдебиеттерімізде ақыл, нақыл сөздердің басым жатуы - заңды. Біз осы еңбектің Көркем сөз, оның өмірдегі орны, мәні деген тарауында ауыз әдебиеті халықтың тек қана көркем өнері емес, әрі философиясы, әрі ғылымы, әрі тәрбие құралы болады дедік. Ендеше сол әдебиетті тәрбие құралы етудің тілегі жұртты өмірді тануға, адамды өмірдегі жақсылыққа үйретіп, жамандықтан қашыруға жетектейтін ақыл, нақыл сөздердің ауыз әдебиетінен үлкен орын алуының негізгі себебі болады.
Абай алдындағы қазақтың тарихи әдебиетінің сарыны да негізінде ақыл, нақыл сөзге құрылды. Сондықтан оларды негізінде дидактикалық поэзия деп атасақ артық болмайды.
ХҮІІІ ғасырда Бұхардан басталатын жазба әдебиет тарихын алсақ, әр ақын өзінің таптық көзқарас, дүниетанушылығына қарай, өздерінің шығармаларында көптеген нақыл, ақыл сөздер қалдырды. Олардың ішінде біздер үшін де пайдалылары бар екендігі сөзсіз. Абай алдындағы тарихи әдебиеттердің көпшілігі жырау деп аталынуы да әдебиетімізде осы дидактикалық сарынның басымдығы еді. Бұхар жырау, Жанкісі жырау, Үмітай жырау, Жанұзақ жырау, Дулат жырау деп халықтың көп ақындарға ат қоюы да олардың өлең-жырларының дидактикалық сарынымен байланысты.
Әрине бұл сөзден Абай алдындағы әдебиеттің бәрі бірдей солай екен деп ұғуға болмайды. Сол жырау атанған ақындардың дидактикасыз, жай көркем өлеңдері де болады. Немесе жырау емес, тек қана ақын деп аталатын Махамбет, Шернияз, Мұраттардың өлеңдерінен де ақыл, нақыл сөздерді табуға, тіпті кейбіреулерінен жиі ұшыратуға болады. Сондықтан әңгіменің негізі не туралы екендігін ұмытпауымыз керек.
Ақыл, нақыл сөздердің не әдемі, не терең мағыналы түрлері Абайдың өз өлеңдерінде де көп. Табиғатты, ел өмірін, сүйіспендік, өнер, ғылым, тағы басқа өмірдің әртүрлі саласына арналған ақынның жай, көркем, сұлу лирикаларымен қатар, өз кезіндегі шет көрген мінез-құлықтарды қатты сынаған улы сатираларымен қатар, өз кезіндегілерге сабақ, кейінгілерге үлгі ретінде айтқан өлеңдер де Абайда аз емес. Бұл өлеңдердің идеялық мазмұны, характері ақыл, нақыл сөздерді керек етті.
Абай өзінің әлеумет өміріндегі ролін жақсы түсінді. Ол өзін өз кезінің ақыны ғана емес, ұстазы білді. Сондықтан ол өмірдің барлық саласынан, жұртының бүгінгісіне де, келешектегісіне де сабақ беруді адамдық борышым деп ұқты. Ақынның онысы дұрыс та, орынды да еді... Өйткені ХІХ ғасыр қазақ тарихы Абайдан артық ойшыл, онан оқымысты, онан асқан ақындық талантты білмейді. Жалғыз қазақ емес, Абайды өз кезінде шығыста теңдесі аз табылатын ақын десек, асырып айту болмайды.
Сөйтіп, өз заманының ұстазы, өмірді оқушыларына үйретуші, танытушы ақын Абай ақыл, нақыл сөзге көп көңіл бөлді. Бұған өз өлеңдерінен және қара сөздерінен бірнеше мысалдар келтірелік.
Ақыл сөздер:

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан.
(Абай, І том, 158-бет)

Досыңа достық - қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!
(Абай, І том, 130-бет)

Егіннің ебін,
Сауданың тегін,
Үйреніп, ойлап мал ізде.
Адал бол, бай тап,
Адам бол, мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі айтыс ақындарының сөз қолданымы
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазіргі айтыс өлеңдеріне тілдік сипаттама
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Пәндер