Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Педагогика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы

2. 2. Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

2. 3. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарламаның мақсат - міндеттері.

2. 4. Мектепке дейінгі тәрбиенің міндеттері және даму жолдары.

2. 5. Мектепке дейінгі мекемелердің күн тәртібінің ерекшелігі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос» - бала және «аго» - жетектеу деген сөздерден алынған. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау. Ежелгі Грекияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Барлық кезде педагогтар адамдарға олардың өздеріне табиғат берген мүмкіндіктерді пайдалануына көмектесудің, олардың бойында жаңа адами сапаларды қалыптастырудың дұрыс та, таңдаулы жолдарын іздеді.

Жазу пайда болғаннан бастап, педагогикалық пайымдаулар ауызша тұрмыстық және біздің заманымызға дейін мақалдар, мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер түрінде жеткен. Халықтық педагогиканың қайнар көздері, педагогиканың бірінші даму кезеңдерін біз ертегілерден, әндерден, мысалдардан және т. б. табамыз. Содан соң жазу пайда болғаннан кейін олар құрғақ жаттау, басқаша формаға еніп, жазудың ережелері мен емлелеріне айналып, жазбаша сипат алды.

Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең өміршеңі, ең пайдалысы қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті.

Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім адамды жан-жақты дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Педагогика басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибесінде дамиды.

Ғылыми педагогика XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, яғни бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я. А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды. Оның барлық еңбектері біздерге ешқандай мағынасын жоғалтпай жеткен. Эксперименталды педагогика ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында пайда бола бастады.

Педагогика тәрбиелеудің қатынастары туралы тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.

Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.

Сонымен, «педагогика» терминінің мағынасына не кіреді?

Біріншіден, педагогиканың «тұрмыстық» мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында «педагог» рөлінде ойнайды.

Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер, мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жібермейтін әрекет немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз, сондықтан оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т. б. қатынасы) .

Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы - қазақтардың этногенезі туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас, Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы В. В. Бартольд, Л. Н. Гумилев, Х. Арғынбаев, Ә. Марғұлан т. б. еңбектерінде дәйекті дәлелдер келтірілген.

Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде М. Шоқайдың, түрік профессоры З. Ұ. Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә. Диваев, Ә. Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М. Х. Дулатидің, Ш. Уәлихановтың, А. Н. Бернштамның, М. Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған.

Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі - халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең-жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық ойындарынан бастау алған. [1]

2. 1. Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырды. Еңбасты философия, психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ғылымымен байланысты анықталып, педагогиклық концепциялар мен оқыту-тәрбиелеу туралы жаңа теориялар қалыптасуына ықпал етеді. Соңғы уақыттарда педагогика ғылымына әлеуметану ғылымы ықпал етіп, қоғамдық өмірдің әртүрлі жағын қарастырады.

Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т. б. жатады.

Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.

Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады. Педагогика ғылымы тәрбиеге және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы - белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін зерттейді.

Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері. Кибернетика - жас ғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика - күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы. Әлеуметтану(социология) - ғылымы мен тығыз байланысыты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға әлуметтану ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады. [2]

2. 2. Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы

Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор, Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып, 100-ге жуық балалар барды.

1919 жылы Торғай губерниясында 37 балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды. Сол кездегі қазақ әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған 600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді.

Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т. б. губернияларында мектепке дейінгі бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп, оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап, . Халық арасында белсенді үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның негізін салған Н. Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде М. Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н. Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық, әдістемелік тұрғыдан ашып берген.

1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған. Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында институтта басшылдық жасаған А. Бейсенованың 1965 жылы “Ана болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.

1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.

1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында жұмыс істеді.

1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.

1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі мамандары лекция оқыды.

Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан мектепке дейінгі бөлімдер ашылды. 1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма түрінде пайдаланылды.

1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г. П. Охотская ” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы В. И. Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы Б. Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері”, 1970 жылы Л. И. Давиденко ”Қазақстанның селолық балабақшалары”, Р. М. Жұмағожина ”Соғыс жылдарында Қазақстанда балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.

1980-2000 жылдар аралығында Қ. М. Меңдаяқова, М. Т. Тұрыскелдина, М. С. Сәтімбекова, Г. Ж. Меңлібекова, Р. К. Аралбаева, А. К. Меңжанова, Ф. Жұмабекова, Ә. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Т. Иманбеков, С. Ғ Бәтібаева, Г. Метербаева, Ғ. З. Таубаева және т. б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.

1996 жылы алғашқы ұлттық «Балбөбек» бағдарламасының жобасы дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.

1999 жылы Елбасының жарлығымен «Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасы» қабылданды. Оның негізінде «Мектепалды дайындау» (Семей), «балабақшада және отбасында баланы мектепалды дайындау» (2000) бағдарламалары әзірленді. Кейін «Қайнар», «Қарлығаш» «Жеке тұлға» атты балама бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді. 2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» атты бағдарламалар дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жарияланды. [3]

Алғашқы қауымдық қоғамда тәрбие ісі балаларын өмірге дайындау, аға ұрпақ тәжірибесін жалғастыру, еңбекке араластыру, кейбір балаларды жөн-жораларға, салттарға, басқаруға үйретті. . Құл иеленуші қоғамда тәрбие беру сапа жағынан басқа сипатқа ие болды. Тәрбиені жүзеге асыратын арнаулы оқу-тәрбие беру мекемелері құрылды. Біздің эрамыздан бірнеше ғысырлары бұрын Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болып, сауат ашу, математика, музыка, этика, дене жаттығулары, поэтика, логика атты пәндерді оқыды. Оқудың сипаты және көлемі оқушының әлеуметтік жағдайына қарай анықталды.

Педагогика тарихында ( б. э. д. YI-IY) Ежелгі Грецияда афиналық және спартылық тәрбиенің екі жүйесі қалыптасқан. Спарта үш жүз жылдықта қоғамдық күші күшті, әскери мемлекет болып келді. Сондықтан спартада басқыншылық соғыстар жүргізуге және өздері жаулап алғандарын қорғауға даярланған құл иеленушілер балаларының тәрбиесінде әскери іске, дене шынықтыру жаттығуларына, әскери-спорттық ойындарға үлкен орын берілді. Қоғамдық тәрбие баланың өмірге келген күнінен басталды. Үлкендер нәрестелерді қарап, әлсіз және кемтар балаларды өлтіріп лақтырса, мықтыларын асыраушыларға берді. Асыраушы алғашқы кәсіби тәрбиеші ретінде Грецияда қалыптасты. Олар балаларды өмірдің қиындығы: қараңғыдан қорықпауға, аштыққа шыдамдылық көрсетуге, суықтан және ауырғанда жыламауға, айқайламауға үйретті.

Афиналық жүйе балалардың ақыл-ойын, адамгершілігін, денесін дамытуға бағытталды. Балалар оқу, жазу, санау, музыкалық аспаптарда ойнауға үйретілді. Балаларды мәдениетке, өнерге араластыру басым болды. Бағдарламада поэзия, би, музыка, классикалық әдебиеттерді оқу үйлестірілді. Дене және рухын тәрбиелеу гимнасти, жүгіру, күрес, лақтырумен ұштастырылып жүргізілді. Афинада құл иеленушінің балалары үйдің әйелдер тұратын бөлігінде өткізіліп отырды. Олар спартаға қарағанда неғұрлым биязы тәрбие алды. Мектепке дейінгі тәрбие теориясы біздің эрамызға дейінгі ғасырдан бастап қылыптаса бастаған.

Сократ ( б. э. д 470-399 жылдар) балаларды сыртқы ортаны танытуда сұрақ қоюды ұсынып, әңгімелесу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолын көрсетті.

Платон ( б. э. д 427-347 жылдар) Балаларды ерте бастан мемлекеттік жүйемен тәрбиелеуді ұсынып, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы ойын және тәрбиешілерге қойылатын талаптарды көрсетті. Білім беру жүйесін төмендегідей ұйымдастыруды ұсынды:

  • 3-6 жасқа дейін балалар әйелдердің жетекшілігімен бірлесіп ойнауға жиналады; 6-12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектептерде оқуға, жазуға, санауға, ән айтуға, музыкалық аспапта ойнауға үйретіледі; 12- 16 жаста палестр-мектепте оқып, үйлесімді дене дамуына көңіл бөлді:16 жастан бастап, арифметика, астрономия, геометрияға көңіл бөлініп, әскери дайындық жүргізілді; 18-20 жастан арнайы әскери-дене дайындығы жүргізілді.

Аристотель ( б. э. д 384-322) мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бағалады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынмен қатар ақыл-ойын дамытатын әңгімелер қолданып, бес жастан бастап мектепке дайындау қажеттілігін айтқан. Аристотельдің тәрбиесі бойынша дене, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі қатар жүргізілетін процесс.

Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан (42-118) “ Шешенді тәрбиелеу туралы” атты педагогикалық трактаттында ата-ана, асыраушы, педагогтарға бала тәрбиесі туралы сөз қозғай отырып, асыраушы мен педагог дені сау, адамгершілігі биік, сөздік қоры мол, тілі жатық болу керек деген. Педагогті таңдау ең күрделі іс деп санады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы ойын деп санады. Бала 6 жастан оқу керек, бірақ оқу бала үшін қызықты болуы шарт екендігін айтты. Мектепке дейінгі балалар қоршаған ортамен араласу арқылы бастапқы түсініктері қалыптасып, олармен жүйелі сабақ жүргізуді және балалардың шамасына қарай білім берілу керектігін ескертті.

Бірінші социолист-утопист Томас Мор (1478-1535) “ Утопия” және Томмазо Кампонелланың “Күн қаласы” деген еңбектерінде мектепке дейінгі балаларды мемлекет тарапынан қоғамдық тәрбие беруді және оқу-тәрбие процесін ойын арқылы жүргізуді, оқытуда көрнекіліктерді кең қолдануды ұсынды.

Ян Амос Коменский (1592-1670) тұңғыш рет үздіксіз білім беру жүйесін қолдаған, мектепке дейінгі және мектептегі оқыту және тәрбиелеу жүйесін ұсынды. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру туралы ”Ана мектебі” деген арнаулы еңбегі тұңғыш мектепке дейінгі ұйымдарға араналған бағдарлама және әдістемелік құрал болып саналды. Я. А. Коменский мектепке дейінгі кезеңді балаларды мектепке жүйелі даярлық жүргізу сатысы деп қарап, білім мазмұнын, біліктілігін көрсетіп берді. Кітаптың соңғы тарауы “Ата-аналар балаларын мектепке қандай бейнеде дайындау керек” деп аталып, бұл тақырып бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие туралы Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, Ф. Фребель, жалғастырып, оқыту-тәрбиелеу туралы теориялық мәселердің шешілуіне үлес қосты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогикалық әрекет нәтижесі
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі
Педагогикадан дәрістер жайында
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ОЙ - ПІКІРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz