Мүсіндеу өнерінің бөлімдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
ІІ.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.1 Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..3 бет
2.2 Мүсіндеу өнерінің
бөлімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... 4 бет
2.3 Екінші сәбилер тобында мүсіндеу оқу қызметін өткізудің
мақсат – міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
2.4. Екінші сәбилер тобында мүсіндеу қызметіне арналған
жоспарлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5бет
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 3бе т
4. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...1 бет

І.Кіріспе
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор,
Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер
ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып,
100-ге жуық балалар барды.1919 жылы Торғай губерниясында 37
балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды.Сол кездегі қазақ
әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс
жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған
600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар
дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған топтар
ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды
балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Осы жылы
Қостанай, Орынбор, Семей т.б. губернияларында мектепке дейінгі
бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп,
оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту
бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап,. Халық арасында
белсенді үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз
беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі
мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты
мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала
тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік
еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы
айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі тәрбие
бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның
негізін салған Н.Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”,
“Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде
М.Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы
тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі
тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық , әдістемелік
тұрғыдан ашып берген.1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері
баланың денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы
білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған.
Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу
институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар
аралығында институтта басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965
жылы “Ана болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың
денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында
әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне
байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар
үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”,
“ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формалары
ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында жұмыс істеді.
1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша
өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие
әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен
байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті
мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі саяхат”
деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы
жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын
дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі
мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан
мектепке дейінгі бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған
балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші
құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма
түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және
тәрбиелеу туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы
Г.П.Охотская ” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі”
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы
В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың
поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы
Б.Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру
ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко ”Қазақстанның селолық
балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина”Соғыс жылдарында Қазақстанда
балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.
1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева,
А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева,
Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева, Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және
т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға
арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі
және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы"
халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық Балбөбек бағдарламасының жобасы
дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен Балаларды міндетті
мектепалды дайындау тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізінде
Мектепалды дайындау (Семей), балабақшада және отбасында
баланы мектепалды дайындау (2000) бағдарламалары әзірленді.
Кейін Қайнар, Қарлығаш Жеке тұлға атты балама
бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты
дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға
бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті білім
беру стандарты дайындалды. Оның негізінде Алғашқы қадам,
Зерек бала, Біз мектепке барамыз атты бағдарламалар
дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке
дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-
2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасын
жарияландыМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас
кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:1.балаға өмір бойы қажетті
жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы
адамзаттық құндылықтарды баулуға;2.халықтық салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарға,әдебиет пен өнерге,фольклор мен еліміздің
мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске
асыруға;3.ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасауға;4. мекетепке дейнігі тәрбие
және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту
мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды
психологиялық-педогогткалық консультациялық қолдаумен
қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен
оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы
кірістіру жолдарымен іске асырылатын: денсаулық,
коммуникация,таным, шығармашылық, әлеуметтік орта бес
білім беру саласына негізделген.Сонын ішінде: Шығармашылық
білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі
ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Шығармашылқ білім беру саласы сурет салу;
мүсіндеу,жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді
дамытуды,қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды;
өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды;
музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын,ұлттық
музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды
қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлердің жанашырлықты
ынталарндыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске
асыруын қамтиды.
Шығармашылық білім беру саласының ұйымдастырылған оқу
қызыметі:
1.сурет салу;2.мүсіндеу;3.аппликация;4.музы ка;

Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы
баспалдақтар болды.Археологтар белгілі дәуірлердегі еңбек
құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына
сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларға
бөледі:тас,қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі палеолит ерте тас ғасыры және неолит жаңа тас
ғасыры болып бөлінді.
Палеолит төменгі ертеректегі және жоғарғы кейініректегі
болып бөлінеді.Палеолит пен неолиттің арасындағы кезенді
энеолит деп атайды.Сексен мың жыл шамасында табиғат жағдайы
түбегейлі өзгерді.Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз
дәуірі басталды:мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вельнюс-
Орша-Вышний Волошок қалаларына созылды. Осындай қатал табиғат
жағдайында адамдар өмір сүрді.
Полиолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны
б.з.б 14-12 мың жылдықтан 6-5мың жылдыққа созылған
мезиолит(орта тас ғасыры) алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында
ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылыр толық
тамақтарын тауып ала алмағандықтан терімшілікке көшті балық
аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа
ұшырады. Жануарларды қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосн
ұзақ жәнеірі малдарды үйретті. Мезиолит кезінде біздің
еліміздің оңтүстігінде қарудығң жаңа түрі жасалды. Жүзі
шақпақ тасты, жебемен садақты ойлап тапты. Жоғарғы полиеолит
мезиолит кезеңінде өмір сүрген аналық ру неолит дәуірінің
өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу
формасынына өндіру формасына бірте бірте көше бастады.Бұл
кезенде тас құралдарың жасау техникасы одан әрі
жетілдірілді.Адамдар тас балталарды,түрлі сүйек құралдары кең
пайдалана бастады.Неолит үшін бұрғылап тесілген және қырнап
өндірілген сапты құралдардың қолданылуы,тоқу станогының пайда
болуы,балшықтан ыдыс жасай білуі,ағашты алуан түрлі етіп
өндеу,қайық жасау,ау тоқу тән болдыү
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді.Үйлердің түрлері
пайда болды,керамика кең етек алды.Қола ғасырдың бастамасы
болып саналатын энеолит кезені басталды.Энеолит адамдарының
сыртқы бейнесінде қазіргі адамдарының сыртқы бейнесінде
қәзіргі адамдардан айырмашылығы болмады.
Мүсін,яғни Скульптура латынша scuiptura сөзі алғашқыда
қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды
білдірген.Кенінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы
ұғыммен білдірілген.
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы
сол,оның басты әсерлік құралы аймақтық форма.Мұның өзі оны
жасаған кезде ағаш,металл,тас сияқты ұзақ сақталатын
материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік
шығармалары бізге дейін жетті.Ежелгі Мысырдың,Үндістан мен
Американың мүсіндері мен барельефтері кенінен мәлім.Антиқалық
Грекия аса көрнекті мүсіншілер-Фидийдің,Мирон мен Поликлеттің
мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.
Мүсін жұмыр оны барлық жағынан қарауға болады және бедерлі
болып келеді.Жұмыр мүсінді адамды бейнелей отырып тек
маскамен,яғни бетпен,баспен ғана шектеліп қала алады,Басты
иықпен бірге кеудеге дейін мүсіндеу кеуіт болып
табылады.Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура,ал бүкіл
бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады.Көпфигуралы композиция
мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.
Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін,жазық
беттегі мүсіндік бейне.Рельеф екі түрге бөлінеді;фигуралар
фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан көбірек шығып
тұрса ол горельеф деп аталады.
Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты,станокты және
монументті-сәндік болып бөлінеді.Станокты шығармалар
айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді,сондықтан түрлі
жағдайларда қоюға болады.Монументті-сәндік шығармалар әдетте
жеке ансамбльдін,алаңның немесе саябақтын сәулет
композитциясының құрамдас бөлігі болып табылады.Мүсін өнері
қазақ жерінде кең етек алды.Мүсіндер Торғай өзені мен Ұлытау
төңірегінен бастап,Сарыарқадан күн шығысқа қарай созылып
Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда
Қаратаудың жақ етегінде Буырлтау, Талас тауларында, Алатаудың
жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер түркі дәуіріндегі (6-
8ғ) және қыпышақ замандарындағы (7-13ғ) мүсін тастар болып
екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана
көрсететін дөрекілеу етіп жасалғанмен, ішінара бет-әлпеті мен
тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер де кездеседі. Бұл
ескерткіштер жергілікті рулардың рухани мәдениетін, тұрмысын,
салт-санасын көрсететін өнер нұсқаларына жатады. Қыпышақ
заманындағы мүсін жасау өнері (ата-баба, аруақ, кейелі
санлған аңдардың мүсінін қашау, ішінара қасиетті әйел-ананы
пішіндейтін қола мүсін құю) кең етек алды. 19-18 ғғ. Тас мүсін
қашау өнері жойылып, оның орнына ою-өрнекпен және араб
жазуларымен әсемделген құлптастар көптеген жасала береді.
Көшпелі шаруашылықтың дамуна байланысты қолөнершілер мал
шарушылығына қажетті желі,шылбыр ,кісіне, қада, ер-тұрмандар,
ноқта,құрық,жүген,бұғалық жасаумен шұғылданады. Олар
құмнан,тастан, саздан құмыра мен ыдыс-аяқтар, мүйізден,
сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты
бұйымдар,домбыра қобыз,сыбызғы,шаңқобыз сияқты музыка
аспаптарын жасайды.
Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша
кесу, шабу, жону деген мағынаны
білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден
айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық
көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері
ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол
тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық
өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.
Монменттімүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады.
Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев
(1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден
астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: Абай
Құнанбаев (1960) ескерткіші, Ш .Уәлиханов (1969) Қазақстан
Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м,
Ж.Жабаев ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана
қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан
Төлеген Досмағанбетовтың Барыс мүсіндері, бұлар да сәндік
монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан
емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын
бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де
орналасқан қоладан жасалған Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский
мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші
Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір
жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан Абай
ескерткіші.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті
мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде
орындалады, ғимараттар қабырғаларында ,тыйнның бетынде.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола
алады. Мысалыағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл,
пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін
оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен пластелин. Олардың
жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін
формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін жасағанда
қолданылатын басты қаолданылатын құралдар: тақтайша,қарқаз,
қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе алжапқыш кию
керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы тиіс.Мүсін
кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен
жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады.
Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз
балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр
түрлі ала-құла болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған
мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс
орнын жинап ,қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын
жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу
қажет.Латынның Sculptura – қашау, кесу,шабу,пластика
сөзінен шыққан.[2]
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және
ермексаздан сомдалған бейнелер.
Мүсін түрлері: жұмыр мүсін,бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп
атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп
атаймыз.Барлық кезеңдегі суретшілер хайуанаттарды мүсіндеп,
суретін салып бейнеленген.Бейнелеу өнерінің анималистикалық
жанры осылай пайда болған.    Анималистер құстар,жәндіктер мен
жануарлар өмірінен сурет салып, табиғат туралы кітаптарды
олардың бейнесімен безендірген. Олар өздері бейнелеп отырған
жәндіктер мен жануарлардың, құстардың тіршілігін, мінез –
құлқын, түр- тұлғасын жақсы білген.
Қазақстан анималист – суретшілер:Бапанов Әлімбай, Телжанов
Канафия Темір — Болатұлы, Шаяхметов Кәмил Махмұдұлы,
Наурызбаев Хакімжан Исмаханұлы Досмағамбетов Төлегенді айтсақ,
Есіл жағасындағы барыс бейнесін және баланың өмірін қасқыр
құтқарған қасқыр  мүсіндеген мүсіндері бар
Анималист – суретшілердің жануарларды, құстарды бейнелеу
барысындағы жұмыс кезеңдері:
Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау:
Оларға тән қозғалысты анықтау.
Олардың жүріс- тұрысымен, қозғалу қылығымен таныстыру:
Сыртқы түр – тұлғасының ерекшелігі (терісі,
түгі,қауырсыны)
Есіңе сақта !
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
1.Ермексазды ауызға салмау;
2.Жұмыс орныңды таза сақтау;
3.Жұмыс аяқталған соң, қолды жуу.
4.Орамал қолдану.
Мүсіндеу жолдары
1.Мүсіндейтін хайуанатымыздың түсіне сәйкес ермексазымызды
таңдап аламыз
2.Ермексаздыбөліктергебөлу.
3.Алақанарасынасалыпилеу, жұмсарту.
4.Алдымен жануарлардың денесін, одан соң басын, аяғын,
құлағын, құйрығын дайындап алу.
5.Бөліктерді жапсырып біріктіру. Мысалы: қоянның денесіне
басын жапсырамыз, содан кейін құйрығын, аяғын, құлағын
жапсыру; Біріккен жерлерін тегістеу.
Мүсіндеу  - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика
мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық
көрсетілуі.Мүсіншілер өз шығармашылығын тастан қашап (әсіресе
мәрмар мен граниттен), ағаштан жонады.Қазіргі уақытта мүсінді
болаттан, бетоннан,пластмассадан және т.б материалдан жасауға
болады.
Мүсіндеудің негізгі объектісі – адам.
Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас
дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар:
Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі
тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан
кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеудің түрлері:
1. жұмыр мүсіндеу
2. рельефті мүсіндеу (бедерлі)
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен
жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған,
қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш
кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері. Оның
қолынан
А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Ш.Уалихановтың , А. Құнанбаевтың
монументалды бюстері шықты.
2.рельеф.(бедерлі)
Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи
оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің,
алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының
жиынтығы болып табылады.
Жаңа терминдерге түсінік беру.
Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін
бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.
Мүсіндеме түрлері
Мүсіндеме негізінен адамды, кейде жан-жануарды немесе
басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.
Мүсіндеменің негізгі жанрлары
Мүсіндеменің негізгі жанрларға бөлінеді:
1.портрет
2.тарихи мүсіндер
3.тұрмыстық мүсіндер
4.символикалық мүсіндер
5.аллегориялық фигуралар
6.анималистикалық жанр.
Техникасына байланысты түрлері
Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:
1.жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және
2.рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру).
3.барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып
тұрады);
горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады);
4.контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады)
Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы
мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады
(мысалы, Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі”
атты монументтік мүсін).
Мазмұнына қарай
1.Мүсіндеме мазмұнына қарай:
2.монументтік-декоративті,
3.қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді.
Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық
жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән
ерекшеліктері болады.
Өңдеу тәсіліне қарай
Өңдеу тәсілдері:
• ою,
• құю,
• шеку, т.б. болып келеді.
Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен
пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш,
гипс, тағы басқа) байланысты.
Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты:
• монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды
құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай
ерекшеленеді.
• Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен
кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-
саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа
мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан.
• Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы
Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып
келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен
көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик.
мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе
декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.[1]
• Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар[өңдеу]
Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және
оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді:
• Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданыылады. Бірақ
бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан,
көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында
темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы
пішінделіп, соған татлған материалдың бәрін жабыстыру арқылы
мүсінші ойындағысын орындап шығады.
• Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон,
пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала
жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау,
бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда
хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға
жапсырылған піл сүйегінен жасалды
• Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит
т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін
материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің
бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас
Мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,)
қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір
құралдар пайдаланады.
• Керамикадан да Мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген
мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе
түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Үнді сәулеті
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Үнді орта ғасыр өнері
Естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы
Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйрету
Пәндер