Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . …. 3
І. БӨЛІМ. 12 ЖЫЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ.
1. 1 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты . . …. . 5
1. 2 12 жылдық мектептің эксперименттік бастауыш сыныптарында оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері ………. . . …9
ІІ. БӨЛІМ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ.
2. 1 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту арқылы оқушы тұлғасын әлеуметтендіру . . 16
2. 2 12 жылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру . . …20
Қорытынды . ……… . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл - күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып, талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Қоғамымыздың әлеуметтік - экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеп талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнын зерттеу;
- алматы қаласында 12 жылдық білім беру экспериментінің басталуын талдау.
Алға қойылған мақсат - 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу.
І. 12 ЖЫЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
12 жылдық білім берудің мақсаты
12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз
өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т. б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр.
Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда - 13 жылдық ; Голландияда - 14 жылдық жүйе қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек.
Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде.
Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші - бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші - (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші - (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да
әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы
мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім
мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз
етуге тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
- өзін-өзі дамытуға;
- өз ойын еркін айта білуге;
- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Білім беруді жаңарту -үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі
салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің
қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру
қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.
Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.
Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.
Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру,
балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып,
жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық - баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:
- Дифференциалдық қабылдау;
- Аналитикалық ойлау;
- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі) ;
- Есте сақтау;
- Білімге қызығушылық;
- Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі;
- Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы.
Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану - оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.
Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс - әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.
Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой - өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат
тұтуы.
Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым - қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан - жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да, мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өздік жолда әдіс - тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез - құлқында - мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін - өзі үйретуі, өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін - өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген - жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.
12 жылдық мектептің эксперименттік бастауыш сыныптарында оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен
техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz