Өлшеудің абсолюттік қателігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ӨЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ
0.1. Қысқаша теориялық мәліметтер
Қателік деп деп өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың ақиқат мәнінен ауытқуын айтады.
Электрорадио өлшеулерде қателіктердің бірнеше түрі бар, оларды
негізгі және қосымша деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Негізгі қателік өлшеу аспабының қалыпты жұмыс жағдайларында, яғни белгілі бір температурада, қоршаған ортаның ылғалдылығында, қысымы, жиілігі, пішіні және қуат беретін кернеу мәнінде. Сондай-ақ оның жұмыс істеу күйінде (электромеханикалық аспаптар үшін) анықталады.
Қосымша қателік өлшеу нәтижесіне әсер ететін шамалар қалыпты мәндерден ауытқыған кезде пайда болады.
Өлшеу аспаптарының қалыпты жұмыс жағдайлары мыналар:
температура (20 +- 5) °С;
салыстырмалы ылғалдылық (60 +- 15) %;
атмосфералық қысым (750 +- 30) мм;
Жұмыс істеу кезінде ауыспалы тоқ тізбегіндегі аспаптың қуаты қалыпты мәннен (50 +- 1) Гц жиілік жағдайында +- 10% (198-242 В)- данартық емес болуы керек.
Негізгі қателік өз ішінде жүйелік және кездейсоқ қатеден тұрады.
Жүйелік қателік бір шаманы бір құралмен қайталап өлшеуде тұрақты болып қалады немесе белгілі бір заңдылық бойынша өзгеріп отырады. Оны анықтау оңай және өлшеу нәтижесінен алынып тасталуы мүмкін.
Жүйелік қателіктерді азайту бойынша практикалық ұсыныстар келтірейік:
аналогтық электромеханикалық аспаптарда индикатордың тілін нөлге алдын-ала (өлшеу жүргізбестен бұрын) қою. Ол индикатордың төменгі бөлігіндегі ойма кілтекке шығарылған механикалық корректормен жасалады. Ал цифрлық және аналогтық электрондық аспаптарда оның беткі жағына шығары лған

және де ►О^ белгісімен немесе Уст.О жазуымен белгіленген арнайы реттеуші потенциометрмен жасалады. Оның үстіне механикалық түрде нөлге қою аспап қуаттан ажыратылған кезде іске асырылады. Ал электрондық қуат көзіне қосылған аспапта және ықшамдалған кірісте жасалады;
аспапты алдын-ала (өлшеуден бұрын) калибрлеу. Реттеуші потенциометр әдетте тек электрондық аспаптарда ғана кездеседі. Оның өзінде бәрінде бірдей емес. Мұндай потенциометр көбінде беткі жаққа шығарылып, ▼ белгісімен немесе Калибр жазуымен белгіленеді. Бұл кезде аспап сөндірілген болуы керек;
түзетулер енгізу (с).
Кездейсоқ қателік қайталап өлшеу жүргізгенде кездейсоқ өзгереді. Ол жүйелік қателікке қарағанда бірден білінеді және көп жағдайда оператордың қателік жіберуі нәтижесінде пайда болады (қате есептеу немесе көрсеткішерді қателесіп жазу, табиғи немесе техногендік факторлардың әсері және т.б.).
Кездейсоқ қателікті жібермеудің негізгі тәсілі өлшеу нәтижелерін статистика және ықтималдық теориясының әдістерімен өңдеу болып табылады. Өлшеу белгілі бір белгілер бойынша классификацияланады.
Мысалға, өлшеу нәтижесін алу әдісі бойынша олар тікелей және
жанама болып бөлінеді.
Тікелей өлшеуде ізделіп отырған шама тікелей түрде аспаппен анықталады. Тоқ -- амперметрмен, кернеу -- вольтметрмен және тағы басқалай болады.
Жанама өлшеуде ізделіп отырған шама өлшеу нәтижелерін пайдалана отырып белгілі бір математикалық әрекеттер орындау арқылы анықталады. Мысалға, осциллографпен жиілікті өлшеу.
Маман өзінің кәсіби қызметінде жиі кездесетін белгілі бір өлшеудің қателігін тез және батыл бағалауды білуі керек. Сондықтан одан әрі тікелей және жанама өлшеулердің негізгі жүйелік қателігін сандық бағалауда қарастыратын боламыз.
Өлшеудің абсолюттік қателігі.

∆ = Aи- A. (2.1)
Абсолюттік қателік өлшеу дәлдігі туралы нақты мәлімет бере алмайтындықтан, параметрді (немесе құрылғыны) өлшеудің салыстырмалы нақты қателігі қолданылады, %,

(2.2)
Өлшеудің салыстырмалы келтірілген қателігі, %,

(2.3)

5.1 сурет. уд и упр-нің біржақты шкаласы бар өлшеуіш аспап тілінің күйіне тәуелділік графигі

Шкаласы әртүрлі аналогтық аспаптардың Аном анықтау үлгілерін 1 тараудан қараңыз.
Пайдаланушыға (операторға) бұдан әрі келтірілген практикалық тұжырымдарды түсіндірү үшін үлгі ретінде біржақты шкаласы бар аспаптың көрсетілімдерінен (тілдің көрсетуі) γд жәнеγпр тәуелділерінің графигін сызып (2.1 сурет), (2.2) және (2.3) формулаларын талдаймыз.
Аспаптың шкаласын (нөлден бастап Аном-ға дейін) төрт ширекке I- ІV бөліп ,γд аспап шкаласының І ширекте барынша үлкен және IV ширегінде ең кішкентай болатынын көреміз. Осы тұжырымның негізінде оператор үшін келесідей практикалық қорытындылар шығаруға болады.
1. γд өлшеуде барынша аз қателік жасау үшін аспап шкаласының IV немесе III ширектерін қолдану керек. Ал егер оны тілі ІІ ширекте, тіпті І ширекте болса өлшеуді жүргізбеу керек.
2. γпр салыстырмалы келтірілген қателік аспап көрсетілімдеріне тәуелді емес.
Екінші қорытындының негізінде МемСт 8.401-80 аспап дәлдігінің тоғыз класын анықтайды: 0,02; 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4,0.
Дәлдігі ең жоғары бірінші кластың аспаптарында γпр= 0,02 %, ал дәлдігі ең төмен тоғызыншы кластың аспаптарында γпр=4 %.
Дәлдік класы үнемі аспаптың беткі жағында пайыз белгісі қойылмай тиісті санмен белгіленеді.
Егер формулаға (2.2) тұжырымнан (2.3) анықталған абсолюттік қателікті әкеліп қойсақ, γд мен γпр-ны байланыстыратын формуланы шығарамыз:

(2.4)

Радиоөлшеу аспаптарының басым бөлігі дәлдік класы бойынша бөлінбейді. Олардың абсолюттік немесе салыстырмалы қателігінің мәні техникалық төлқұжатта нақты сан немесе формула түрінде келтіріледі. Мысалы, Г3-107 жиілігі төмен генератордың төқұжатында жиілікті қосудың салыстырмалы нақты қателігі келесідей түрде берілген:

Жанама өлшеудің қателіктері келесі формула бойынша анықталады:
(2.5)

мұндағы k1, k2...kп -- дәреже көрсеткіштері (баршаға мәлім, олар оң және теріс, бүтін және бөлшек болуы мүмкін); γд, γд2...γдп -- тікелей өлшеу нәтижелерінің салыстырмалы нақты қателіктері бар.
Айта кету керек, салыстырмалы нақты және келтірілген қателіктер оң болуы да, теріс болуы да мүмкін.
Тәжірибе жүзінде формула (2.5) көп жағдайда екі қосылғышпен шектеледі.
Жанама өлшеу келесідей танымал тәуелділіктерді пайдалануға негізделеді:

U- 11R1, k1= 1, k2= 1;

R - U- U1I-1,
k1= 1, k2= -1;

k = 1, k = -1;

I 1 2

P - U111,
U 2 2 -1
k1= 1, k2= 1;
k = 2, k = -1;

P - -- - U R , 1 2
R
P- 12R - 12R1, k1= 2, k2= 1;

k1= 1, k2= 2;
k1= 1, k2= 2;

k 1 = -12, k 2 =-12;

k1 = -1, k2= -1.
Өлшеудің дәлдігі мен салыстырмалы қателігі бір-бірімен кері тәуелділікпен байланысқан: v= 1γд.

2.1. Есептерді шешу мысалдары

2.1. Мысал. Номиналды мәні 400 В вольтметрмен абсолюттік қателігі бірдей 1 В кернеудің екі мәні 50 және 400 В өлшенді. Аталған кернеудің қайсысында өлшеу қателігі төменірек екенін анықтау талап етіледі.
Шешімі. Өлшеудің қателігін анықтау кезінде бастапқы мәндерді дұрыс енгізу керек.
Кернеуді өлшеу жұмыс вольметрімен і ске асырылып отырғандақтан, бұл есепте
U1= 50 В, U2= 400 В, ∆1=∆2= 1 В.
ласының түрі есептің шарт ы шкаласы бар аспап қолданыла тан Uном= 400 В.
формула (2.2) бойынша анықтай
ласының түрі есептің шарт ы шкаласы бар аспап қолданыла тан Uном= 400 В.
формула (2.2) бойынша анықтай
Вольметр шка ында берілмеген, сәйкесінше, біржақт ды. Оның A min= 0, A max= 400 В, сондық
Өлшеу қателігін мыз:

Бір вольметрмен 50 және 400 В кернеуді 8 рет өлшеудегі қателіктердің айырмашылығы 2.1 суретте түсіндіріледі, яғни U1 = 50 В

1.1 сурет. 50 (а)және 400 В (б) кернеуді өлшеудегі вольтмерт тілінің күйі

өлшеу кезінде, фольметр индикаторының тілі шкаланың бірінші ширегінде орналасады (2.2, а сурет), ал U2= 400 В өлшеген кезде төртінші ширекте орналасады (2.2, б сурет).
2.2. Мысал. Шкаласы 0-50В және шкала қадамы 10 В магниттік- электрлік жүйе вольметрін калибрлеу нәтижесінде үлгілік вольтметрдің келесідей көрсетілімдері алынды:

U, В
0
10,0
20,0
30,0
40,0
50,0
Uи, В
0,2
10,2
19,9
30,3
39,5
50,9
Өлшеудің салыстырмалы келтірілген қателігін анықтап, аспаптың дәлдік класын белгілеу талап етіледі.
Шешімі .γпр-ны анықтау үшін формуланы (2.3) қолданамыз. Өлшеудің ең үлкен абсолюттік қателігі ∆ max = 50,9 - 50 = 0,9 В,
номиналды кернеу U ном = 50 - 0 = 50 В, сонда

Алынған мәндер аспаптың дәлдік класына кірмейді. Сондықтан аталаған вольтметрге ең жақын үлкен дәлдік класын береміз -- 2,5 %.
Айта кету керек, дәлдік класы келтірілген қателікті анықтай отырып аспаптың өлшеу дәлдігінің тікелей көрсеткіші болып табылмайды. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін келесі есепке қарайық.
2.3. Мысал. 4 мА тоғын өлшеуге арналған екі миллиамперметр бар: біріншісі -- дәлдік класы 1 % жоғарғы шегі 20мА, екіншісі -- дәлдік класы 2,5 % жоғарғы шегі 5 мА. Берілген тоқты барынша төмен абсолюттік және салыстырмалы қателіктермен өлшеуге болатын аспапты анықтау талап етіледі.
Шешімі. Өлшеудің салыстырмалы нақты қателіктерін формула (2.4) бойынша анықтаймыз:

Сәйкесінше, өлшеу кезінде екінші миллиамперметрдің (дәлдік класы әлдеқайда төмен) тілі шкаланың төртінші ширегінде орналасады, ал дәлдік класы 1 % болып табылатын бірінші миллиамперметрдің тілі бірінші ширектер орналасады.

Өлшеудің абсолюттік қателіктерін формула (2.2) бойынша анықтаймыз:

Өлшеудің ең төменгі қателігіне қол жеткізу мақсатындаи ндикатор тілін шкаланың төртінші немесе үшінші ширегіне орналастыру қалайша жасалатынын түсіндіру үшін келесі үлгіні қарастырамыз.
2.4. Мысал. 20 В кернеуді өлшеу үшін шегі 7,5, 15, 30, 60 В болатын, дәлдік класы 0,5% көпшекті вольтметр берілген. Вольтметрдегі өлшеудің ең оңтайлы шегін таңдап, осы өлшеудің қателігін бағалау талап етіледі. Аспап тілінің күйлері 2.3 суретте көрсетілген.
Шешімі. Вольметр тілінің күйін берілген кернеуді өлшеудің төрт шегінің әрқайсысына әкелеміз.
Аталған өлшеудегі вольтметр тілінің ең оңтайлы күйі, осыған сәйкес ең төменгі қателік жасалатын күй 30 В шегі болып табылады.
Формалуа (2.4) бойынша табамыз.

2.5.Мысал. Г3-107 генераторының төлқұжатында γдF=+-(3 + 30F) берілген, 90 Гц жиіліктің салыстырмалы және абсолюттік қателігін анықтау талап етіледі.

4.1 сурет. Түрлі шектерде өлшеу жүргізу барысында вольтметр тілінің күйлері

Шешімі. Салыстырмалы қателік
Жиілігі 90Гц құралдың абсолюттік қателігін формула (2.2) бойынша анықтаумыз:

2.6мысал. Г3-34 генраторының төқұжатында AF = +-(1 + 0,02F) деп белгіленсе, оның 200 Гц жиілігін орнатудың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді анықтау қажет.
Шешімі. Жиілікті орнатудың абсолюттік қателігі
AF= +-(1 + 0,02 :: 200 Гц) = +-5 Гц.
Жиілікті орнатудың салыстырмалы қат елігін формула (2.2) бойынша анықтаймыз:
Электрорадио өлшеу тәжірибесінде аспап тозудың (ескірудің) немесе дұрыс пайдаланбаудың салдарынан әзірлеуші-зауыт белгілеген дәлдік класына сәйкес келмей жатады. Мұндай жағдайда келесідей екі әрекет жасауға болады. Мұндай аспапты дұрысына ауыстыру немесе түзетулерді ескеріп пайдалану керек.
Екінші нұсқаны келесі есептің үлгісінде қарастырайық.
2.7. Мысал. Шкаласының қадамы 20 мА және дәлдік класы 0,2%, номиналды мәні 100 мА миллиамперметр берілген. Оған шунт байланыстырудың салдарынан оның өлшеу шегі 200 мА-ге дейін кеңейді. Өлшем зауыт берген дәлдік класына сәйкес келуін тексеру үшін үлгілік миллиамперметрді қосып, келесідей көрсетілімдер алынды:
І1 0; 20; 40; 60; 80; 100 мА;
І2 0; 40; 80; 120; 160; 200 мА;
Іи 0,2; 40,2; 80,3; 121,5; 161; 202 мА,
Ал өлшеудің абсолюттік қателігі 0,2; 0,2; 0,3; 1,5; 1,0; 2,0 мА құрады.
Аталған өлшеулерді есептеп, олар үшін түзеу графигін сызу талап етіледі.
Шешімі. Формула бойынша салыстырмалы келтірілген қателікті табамыз (2.3):

2.4 сурет. 2.7 үлгісінің түзетулер грвфигі
Сәйкесінше, аспатың дәлдік класы сақталған жоқ (зауыттың бергеніне сәйкес келмейді). Аспапты одан әрі қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін формуладан (2.3) 0,2 % зауыттың берген дәлдік класы бойынша оның ең үлкен абсолютік қателігін анықтаймыз;

Абсолюттік қателік тұрақсыз болғандықтан, түзету келесідей түрде есептеледі: егер А Amax, с = 0; егер А Amax, онда с = А - Amax.
Қарастырылып отырған аспап үшін шкаланың цифрландырылған бөліктері бойынша түзетулер сәйкесінше 0; 0; 0; 1,1; 0,6; 1,6 құрайды, ал түзетулер графигі 2.4 суретте көрсетілген түрде болады.
Алынған түзетулер графигінің дұрыстығын тексереміз.
Миллиамперметрмен 160 мА тоқ өлшенді делік. Түзетулерді ескерсек I = 160 + 0,6 = 160,6 мА.

Абсолюттік қателік А = 1и - I = 161 мА - 160,6 мА = 0,4 мА, бұл есептелген A max-тан аспайды.
Салыстырмалы келтірілген қателік

Жанама өлшеулер бойынша есепті қарастырайық.
2.8. Мысал.Жоғарғы шегі 50В, дәлдік класы 1% вольтметрмен резисторда 40 В кернеу және абсолюттік қателігі 0,1 мА миллиамперметрмен 2мА тоқ өлшенген.
Резистордың кедергісін, сондай-ақ алынған өлшемнің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау талап етіледі.
Шешімі. Резистордың кедергісін анықтау үшін Ом заңын пайдаланамыз:

R есептейтін формуланы R = U[1]I[-1] түрінде жазып аламыз, бұдан к1
= 1, к2 = -1 деп шығаруға болады.
) және (2.4) формулаларды пайда
) және (2.4) формулаларды пайда
Өлшеудің жанама қателіктерін анықтауға арналған формулаға (2.5)γд1 орнына γдU қоямыз, себебі к1 кернеуге жатады. Ал γд2 орнына γд1 қоямыз, себебі к2 тоққа жатады. Яғни былайша жазып шығамыз:
Кернеу мен тоқ тікелей әдіспен өлшенді. Осыған сәйкес, тікелей өлшеуге арналған (2.2 лана отырып, табамыз

Сонда γдК = 1 :: 1,25 % + -1 :: 0,5 % = 1,75 %.
Резистор кедергісінің абсолюттік қателігін (2.2) формуласымен табамыз:

2.3. Өздігімен шешуге арналған есептер
5.1. 8м А тоқты өлшеу үшін өлшеу шектері 5; 15; 30; 60 мА, дәлдік класы 0,5 % көпшекті миллиамперметр қолданылды.
Өлшеудің оңтайлы шегін таңдау және орындалған өлшеудің қателігін бағалау қажет.
5.2. Қосымша резисторды пайдалану көмегімен Uном = 30 В және γпр = 1 % вольтмертдің номиналды мәні 60 В-қа дейін кеңейтілді. Вольметр шкаласының қадамы 5 В. Тексеру барысында үлгілік вольметрдің келесідей мәндері алынды.

U, В
5,0
10,0
15,0
20,0
25,0
30,0
35,0
40,0
45,0
50,0
55,0
60,0
Uи, В
5,2
10,2
15,3
19,6
25,4
31,0
35,7
40,8
45,5
54,0
56,0
61,0

5.3. Үздіксіз тоқтың кернеуін шектері 1; 10; 100; 1 000 В В7-16 цифрлық вольметрмен өлшеу нәтижесінде 5,7 В мәні алынды.
Өлшеудің оңтайлы шегін анықтау және аталған өлшемнің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау керек, төлқұжатта келтірілген қателікті есептеу формуласы берілген
5.4. Жиілігі 100 кГц болатын 150 мВ кернеуді өлшеу үшін В3-38 вольметрі қолданылды.
Осы өлшемнің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау керек, вольметрдің төлқұжатында келесідей техникалық сипаттамалар берілген:
а) өлшенетін кернеу диапазоны 100 мкВ-дан 300 В-ға дейін келесідей шектермен жалғасады:

мВ
1
3
10
30
100
300
В
1
3
10
30
100
300
б) өлшенетін кернеудің диапазоны 20 Гц-тен 5 Гц-ке дейін;
в) 45Гц-тен 1МГц-ке дейінгі жиіліктің қалыпты аймағында пайызбен берілетін қателік өлшеудің белгіленген шегінің соңғы мәнінен 1... 300 мВ диапазонында +-2,5 %-дан, 1... 300 В диапазонында
4 %-дан аспайды.
г) Жиіліктің жұмыс аймақтарында аспаптың келтірілген қателіктері келесі мәндерден аспайды:

Өлшеу шегі
Қателігі, %, диапазонда

20.45 Гц
1.3 МГц
3.5 МГц
1.300 мВ
+-4,0
+-4,0
+-6,0
1.300 В
+-4,0
+-6,0
+-6,0
5.5. Дәлдік класы 0,02 %, 1ном = 30 мА және щкала қадамы 2 мА болатын миллиамперметрді тексеру нәтижесінде үлгілік аспаптың келесідей көрсеткіштері алынды: 2; 4; 5,9; 7,9; 10,1; 12,1; 14,0; 16,1; 17,9; 20,0; 21,9; 24,0; 26,0; 28,15; 30,1.
Тексеріліп отырған миллиамперметрдің зауыттың берген дәлдік класына сәйкестігін бағалау, аталған дәлдік класын сақтай отырып түзетулер графигін есептеп, салу керек.
5.6. Үлгілік миллиамперметрдің көрсеткіші 1,68 мА, жұмыс аспабының көрсеткіші 1,7 мА.
Өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау қажет.

5.7. Біржақты шкаласы бар және өлшеу шегі 250 В болатын жұмыс вольметрі 100 В мәнін көрсетті. Ал үлгілік аспап 102,5 В көрсетті.
Өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау қажет.
5.8. Uном= 100 В болатын вольметрге градуирлеу жүргізу барысында оның 6 және 80 В көрсеткіштеріне үлгілік вольметрдің 5 және 79 В көрсеткіштері сәйкес келетіні анықталды.
Бұл өлшеулердің қателігін анықтау керек.
5.9. Төмендегідей техникалық сипаттамалары бар Г3-102 генераторында 15 КГц жиілігін орналастырудың қателігін анықтау керек:
а) Өндірілетін жиіліктер диапазоны 20 Гц-тен 200 кГц-ке дейін, әрқайсысының ішінде бірсарынды өзгеріп отыратын келесідей төрт ішкі диапазонға ауысады:
1-іншісі (х1) 20-дан 200 Гц-ке дейін,
2- іншісі (х10) 200-ден 2 000 Гц-ке дейін,
3-іншісі (х10[2]) 2 000-нан 20 000 Гц-ке дейін,
4- іншісі (х10[3]) 20 000-нан 200 000 Гц-ке дейін;
б) 20...20 000 Гц диапазонында келтірілген қателік жиілік бойынша

γпр = +- мәнінен аспайды, мұндағы F -- шкала бойынша белгіленетін жиілік, ал 20...200 кГц диапазонында γпр = +-1,5 %.
5.10. Шкала қадамы 1 В, Uном= 10 В болатын магниттік-электрлік жүйенің вольметрін тексеру барысында үлгілік аспаптың келесідей көрсеткіштері алынды: 0,2; 1,2; 2,3; 3,3; 4,4; 5,4; 6,5; 7,5; 8,5; 9,5; 10,5.
Өлшеудің келтірілген қателігін анықтау және аспаптың дәлдік класы 4,0% бойынша түзетулер графигін салу қажет.
5.11. Жоғарғы шегі 50 мА болатын М4201 миллиамперметр 25мА мәнін көрсетсе, үлгілік аспап 26 мА мәнін көрсетті.
Өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау қажет.
5.12. Резистордың кедергісін анықтау барысында 1ном = 100 мА және γпр = 1,0 % болатын аспаппен одан өтетін тоқ және Рном = 1 Вт, дәлдік класы 2,5 % ваттметрмен қуат - 0,64 Вт өлшенді.
Резистордың кедергісін, сондай-ақ өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателігін анықтау қажет.
5.13. 12 мА тоқ мәнін өлшеуне екі аспап қолданылды: біріншісі 1ном1 = 20 мА жәнеγпр1 = 1,5 % болатын, екіншісі 1ном2 = 100 мА және γпр2= 0,5 % болатын аспап.
Аспаптардың қайсысы тоқты барынша аз қателікпен өлшейтінін анықтау және абсолюттік қателіктерді анықтау қажет.

5.14. 1МГц жиілігінде 8 В кернеуді өлшеу барысында жоғарыжиілікті сынаспабы бар В7-26 электрондық вольметрі қолданылды.
Вольметрдің келесідей техникалық сипаттамалары бойынша оңтайлы шегін анықтау және өлшеудің салыстырмалы нақты қателігін есептеу қажет:
а) үздіксіз тоқ үшін өлшенетін кернеу диапазоны 0,1 ...300 В, ал ауыспалы тоқ үшін 1 кГц-тен 1 000 МГц-ке дейінгі жиілік аймағында ДН-519 ішкі бөлгішті қолдану 1 000 В-қа дейінгі кернеуді өлшеуге мүмкіндік береді;
б) өлшеу шектері 1; 3; 10; 30; 100; 300 В;
в) Ауыспалы кернеуді өлшеуде аспаптың келтірілген қателіктері әртүрлі жиіліктерде келесі мәндерден аспайды:

Өлшеудің түрі
Жоғарғы шекті ішкі диапазондар, В
Қателік, %, жиілікте

20 Гц-тен жоғары 1К Гц-ке дейін
1-ден жоғары 3 к Гц-ке дейін
3-тен жоғары 20 кГц-ке дейін
20 кГц-тен
жоғары 50 МГц-ке дейіен
50 - ден жоғары
300 МГц-ке дейін
300-ден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдарының қателіктері
Электрлік өлшеудің қателіктері
Құралмен өлшеу қателігі
Атоматтандырудың функционалды схемасы
Өлшеу қателіктері
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Негізгі метрологиялық түсініктемелер
Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы
Өлшеу қателіктері және өлшеу құралдары
Тік оптиметрді қадағалау
Пәндер