Қылмыс түсінігі, жаза


Жоспар:
Кіріспе 3
I. Қылмыс түсінігі
1. 1. Қылмыстың белгілері және қылмыстарды топтастыру . . . 5
1. 2. Қылмыс санаттары. . 8
II. Қылмыстық жаза
2. 1. Қылмыстық жаза ұғымы, белгілері мен мақсаттары14
2. 2. Жазалар жүйесі және оның түрлері . . . 23
2. 3. Қамау-қылмыстық құқықтығы негізгі жазаның бірі ретінде ……… 29
Қорытынды . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс, дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау-яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қамау-қылмыстық құқықтағы негізгі жазаның бірі ретінде» деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы менім ойымша төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады.
Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінің қылмыстық құқығында, қылмыс ұғымына формальды анықтама беру орын алса, отанымыздың қылмыстық құқығында қылмысқа- қылмыстық заңда жазалау қатерімен тыйым салынған әрекет ретінде материалдық-формальды анықтама беру дәстүрлі түрде қалыптасқан.
Курстық жұмыстың мақсаты- қылмыстық жазаның, жекелеп алғанда жазаның ішіндегі қамаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу;
Курстық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын курстық жұмыстың құрылымы жасақталған.
I. Қылмыс түсінігі
1. 1. Қылмыстың белгілері және қылмыстарды топтастыру
Қылмыс бірқатар белгілермен сипатталады. Бұлар- әрекеттің:
- қоғамға қауіптілігі;
- құқыққа қайшылығы:
- кінәлілігі;
- жазаланушылығы.
Тек осы белгілердің жиынтығы болғанда ғана әрекет қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі- оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың обьективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) .
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң шығарушы қылмыстың тек осы- қоғамға қауіптілік белгісін ғана анықтаумен әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын, жатпайтындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруі немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталады.
Заң шығарушы қандай да болмасын бір әрекетке қылмыстық заңда тыйым салуды қажет деп тапқан кездің өзінде нақты әрекет немесе әрекетсіздік әрқашан да қылмыс деп таныла бермейді.
ҚК-тің 9-бабында екінші бөлігінде «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген немесе зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды» делінген.
Қоғамға қауіптілікті тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық та жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі мүмкін. Алайда олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сұғушылықтың салдарын сипаттайтын белгілері ҚК-тің Ереше бөлімі баптарынаң диспозициясында көрсеткен. Қоғамға қауіптілік зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: рұқсат етілмеген немесе тыйым салымған жерлерде не тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, оның заңсыз болып табылуы; ҚК-тің 296-бабының бірінші бірінші бөлігі бойынша механикалық көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы және оның абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі. Осы бапқа сәйкес адамның денсаулығына келген зиян орташа ауырлықтан төмен болған жағдайда жауаптылық әкімшілік тәртібімен қарастырылады.
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық-яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жасау болып табылады. Қылмыстың формальды және материалдық белгілері бір-бірімен тығыз байланыста. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуі құқыққа қайшылық деп таңылады. Құқыққа қайшылық-қылмыстың формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық-құқықтық санкция белгілейтін белгілі бір жаза түрінің тағайындалуы болып табылады. Тыйым, тек қылмыстық заңмен салынғанда ғана қылмыс жөнінде сөз болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы аумағында шет ел валютасымен мәміле жасауға валюталық реттеу заңымен тыйым салынса да бірақ мұндай әрекеттер Қылмыстық кодесте қарастырылмаған. Сондықтан, олар қылмыс болып табылмайды. Заң шығарушы қазіргі кезеңде қылмыстың формальды белгісінің артуына байланысты болса керек, ҚК-тің 9-бабының бірінші бөлігіне қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі туралы конституция нормасын енгізген (Конституцияның 77-бабының, з тармағының 10) тармақшасы) . Басқаша айтқанда-nullum crimen sine lege (заңда белгіленіп көрсетілмесе қылмыс емес) қағидасы конституциялық деңгейде белгіленген.
Құқыққа қайшылықпен байланысты қылмыстың екі белгісі: кінәлілік және жазалылық болып табылады. ҚК-тің 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кінәсіз зияны келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес, қасақана немес абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі. Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа да, сәйкесінше жазаға да тартылмайды.
Қылмыстың ендігі бір міндетті белгісі-қылмыстық жазаланушылық болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік. Демек, жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі болады. Адам қылмыстық жазаға өзінің нақты қоғамға қауіпті әрекеті (әрекетсіздігі) үшін тартылуға тиісті. Кей жағдайларда жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық жаза іске аспай қалуы да мүмкін (ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, рақымшылық ету т. б. ) . Бірақ мұндай жағдайларда да әрекет өзінің қылмыс екендігін, қылмыстық сипатын жоғалтпайды. [1]
Қылмыстарды жіктеу ҚК 10-бабында көрсетілгендей, қылмыс сипаты мен қауіптілік дәрежесіне қарай төрт санаққа (категорияға) бөлінеді: онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.
Онда «Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылдың, -делінген.
Ал, егер қасақана жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын мерзімге, абайсызда жасалған әрекет үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, ол-ауырлығы орташа қылмыс деп танылады. Абайсызда жасалған қылмыс үшін ҚК бойынша бас бостандығынан айыру жазасы он жылдан аспайды.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін қылмыстық заңда он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады (ҚК 10-бап) .
1. 2. Қылмыс санаттары
Қылмыс санаттары негіздеріне әр түрлі критерийлер (өлшемдер, айырым белгілер) жатқызылуы мүмкін. Санаттаудың бірінші критерийі-қылмыс объектісі. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі қылмыстың объектісіне байланысты біртектес объектілерге қол сұғатын қылыстар үшін жауаптылықты көздейтін нормалар топтастырылған тараулардан тұрады. Осылайша, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар қылмыстың объектісі бойынша бірнеше санатқа бөлініп, объектінің маңыздылығына қарай бірінен кейін бірі орналасқан, мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар т. б. Бұлайша санаттаудың маңыздылығы кодексті қолдануды жеңілдетумен қатар нақты қол сұғушылықтың әлеуметтік-саяси мәнін дұрыс анықтауға, сондай-ақ әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік беретіндігінде.
Қылмысты санаттаудың екінші қритерийі- кінәнің нысаны болып табылады. Барлық қылмыстық әрекеттер жасалуына қарай қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер болып бөлінеді. Қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасалғандар қатарына жатқызу көніл аударарлықтай заңды салдарға алып келеді: қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға (абайсызда жасалған қылмыстар ауыр немесе аса ауыр деп табылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы қасақана жасалған қылмыстарға тән, кінәнің қасақана нысандары қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталуда орын алады), жазаға, жазалауға (қасақана қылмыстар әдеттегідей неғұрлым қатаң жазаланады) т. б. әсер етеді. Кей жағдайда қылмыс санаттары негізіне қылмыстық ниет (мотив преступления) жатад, мысалы, пайдақорлық (мүлікті тәркілеу Қылмыстық кодексте көзделген пайдақорлық мақсатта жасалынған қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін) .
Қылмыстарды санаттаудың негізіне жататын үшінші критерий- әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі болып табылады. ҚК-тің 10-бабында-ғы қылмыстарды санатқа бөлу дәл осы критерий негізінде орныққан.
ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген барлық әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай:
- онша ауыр емес;
- ауырлығы орташа;
- ауыр;
- ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады. [2]
Жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты мұндай санаттарға бөлу қылмыстық жауаптылыққа тарту, жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін шешу кезінде заң бұзған (қылмыс жасаған) адамдардың істерін жік-жігіне дейін ашып қарауға мүмкіндік береді.
Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарға дайындалғандық үшін қылмыстық жауаптылық басталмайды. Онша ауыр емес қылмыстарға оқталғандық үшін қылмыстық тәртіп бойынша қылмыстық қудалау жүргізілмейді. Онша ауыр емес қылмыстардың бірінші рет жасалуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде онша ауыр емес (кішігірім ауырлықтағы) қылмыстар үшін түпкілікті жаза жеңілірек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады. Егер шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде онша ауыр емес қылмыс жасаса сот шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені шешеді. Дәл осындай жағдаяттар бойынша бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам: егер шын өкінетін болса; жәбірленушімен татуласса және жағдайдың өзгеруіне байланысты; екі жыл (кішігірім қылмыс жасағаннан кейін) және бес жыл (орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мынадай мерзімде: кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда- үш жыл; орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда- алты жыл өткенде орындалмаған болса, жаза өтелуден босатылады. Жазадан шартты түрде- мерзімінен бұрын босату, сотталған адамға: кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін қолданылады, кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын өтеп жүрген адамдарға сот өтелмеген жаза бөлігін жеңілірек жазаның түрімен ауыстыра алады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты бір жылдың өтуі бойынша соттылық жойылады.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жазадан босатуы мүмкін.
Ауыр қылмыс жасау мынадай: қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп табу; мерзімнің кемінде үштен екісін (кәмелетке толмағандарға қатысты- жазаның кемінде жартысын) нақты өтегеннен кейін жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату; қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің он жылының (кәмелетке толмағандарға қатысты- бес жыл) өтуіне байланысты босату; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға- жазаны өтегеннен кейін алты жыл (кәмелетке толмағандарға қатысты- үш жыл) өтуі бойынша соттылығы жоқ деп тану секілді құқықтық салдарға әкеп соқтырады. [3]
Аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін, қылмыс қайталануының аса қауіпті деп танылуы; өлім жазасының немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның қолданылуы; бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жаза мерзімінің бір бөлігінің түрмеде өтелуі; жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде жаза мерзімінің кемінде төрттен үші (кәмелетке толмағандарға қатысты- үштен екісі) өтелгеннен кейін босатылуы; қылмыс жасаған кезінен бастап немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап он бес жылдық ескірумерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты- үш жыл өтуі бойынша) соттылығының жоқ деп танылуы мүмкін. Аса ауыр, қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтейді.
Жекелеген жағдайларда заң шығарушы қылмыстың бірқатар топтық белгілеріне назар аударады. Мысалы, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық-сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе де қылмыстық жауаптылықтан босатпайды; жеке адамға қарсы ауыр және өте ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған жүкті әйелдердің және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдырмайды. Бұл жерден тек қылмыс санаттары ғана емес, сонымен қатар қылмыс обьектісі, ал соңғы жағдайда жаза тағайындау мерзімі де ескерілетіндігін байқаймыз.
II. Қылмыстық жаза
2. 1. Қылмыстық жаза ұғымы, белгілері мен мақсаттары
Қылмыстық жаза-заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке тиісті қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек. Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық зардаптары және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады. Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюмен ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шаралары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да-жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. [4]
Қазақстан аумағында күші болған бұрынғы қылмыстық заңнамада (1998 жылғы 1-ші қаңтарға дейінгі күші болған қылмыстың құқықтық актілерде; РСФСР-дің 1922 және 1926 жылдардағы кодекстерінде; Қазақ ССР-інің 1959-шы жылғы кодексінде) жазаның анықтамасы берілмеген болатын. Сол себепті, жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін жарық көрген қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза туралы әртүрлі анықтамалар айтылып келді. Алайда олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмады және де мазмұндық тұрғысынан олардың бәрі де, жазаның қылмыс жасаған кінәлі тұлғаларға қылмыстық заң негізінде сот арқылы қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы екендігін мақұлдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz