ЭЛЕКТРОНДЫҚ ВОЛЬТМЕТРЛЕР


Қысқаша теориялық мәліметтерЭЛЕКТРОНДЫҚ ВОЛЬТМЕТРЛЕР
Электрондық вольметрлердің негізгі сипаттамалары туралы ақпарат оның беткі жағында белгіленеді.
Вольметрлер әртүрлі сипаттары бойынша классификацияланады.
Вольтметрлер электромеханикалық (2 т. қараңыз) және
электрондық (В тобы) болып бөлінеді.
Электрондық вольтметрлер, өз кезегінде, индикация, міндеті және жиілік диапазоны бойынша бірнеше түрге бөлінеді.
Индикация түрі бойынша аналогтық және цифрлық электрондық вольтметрлер кездеседі, міндеті бойынша - үлгілік (В1), тұрақты тоқты (В2), ауыспалы синусоидалық тоқты (В3), импульстік тоқты (В4), фаза сезгіш (В5), іріктемелі (В6) және әмбебап (В7), ал жиілік диапазоны бойынша төмен жиілікті және жоғары жиікілікті болып бөлінеді.
Өлшеу жүргізу кезінде аналогтық вольтметрдің типін дұрыс таңдау аса маңызды, оны келесідей негізгі метрологиялық сипаттамаларға қарай таңдау қажет:
- өлшейтін параметрлері;
- кернеуді өлшеу диапазоны;
- жиілік диапазоны;
- келтірілген қателік;
- сезгіштігі;
- таңдалған шектегі шкала бөлігінің құны.
Ауыспалы синусоидалық тоқтың кернеуін өлшейтін барлық электрондық аналогтық вольметрлер екі схема бойынша жиналады:
- күшейткіш-детектор (К-Д) (5. 1 а сурет) ;
- детектор-күшейткіш (Д - К) (5. 1бсурет) .
К-Д схемасы бойынша жиналған фольтметрлердің сезгіштіг жоғары, бұл ондағы ауыспалы тоқтың қосымша күшейткішінің болуымен түсіндіріледі. Сондықтан бұл схема бойынша барлық микро- және аилливольтметрлер жиналады. Аталған аспаптар әмбебап емес (тек ауыспалы тоқтың кернеуін ғана өлшейді) және көпшілігінің жиілік диапазоны тар болып келеді. Міндеті бойынша олар үшінші топқа - В3 жатады.
Д- К типті вольметрлердің жиілік диапазоны кең (1ГГц-ке дейін), олар әмбебап (тұрақты және ауыспалы тоқ тізбектерінде қолданылады) және сезгіштігі төмен болып келеді.
![]()
- сурет. К-Д (а) және Д-К(б) типті вольтметрлердің құрылымдық схемалары
Орындау міндеті бойынша олар жетінші топшаға - В7 жатады.
Қарастырылған вольтметрлер кіру құрылғысы, детектор, тұрақты тоқты күшейткіш (ТТК) және магниттік-электрлік жүйе (МЭЖ) индикаторынан тұрады.
Аналогтық вольтметрлердің индикатор шкаласы 10 және отыз деген екі мәнге градуирленеді және аспаптың өлшеу шектеріне еселік. Одан бөлек, мұндай вольтметрлерде децибелдардағы қосымша шкаласы бар.
0, 1; 1; 10; 100 мВ және 1; 10 100 В шектерінде өлшеу жүргізген кезде нәтиже ең үлкен мәнді 10 шкаласы бойынша есептеледі. Бұл ретте шкаланың сәйкес коэффициенті ескеріледі.
0, 03; 0, 3; 3; 30; 300 мВ және 3; 30; 300 В шектері қолданылған кезде ең үлкен мәнді 30 шкаласы қолданылады, мұнда да шкаланың коэффициенті ескеріледі.
Мысалға, егер вольтметрмен кернеу өлшенсе шектерді ауыстырып қою тетігін 300 мВ күйіне қою кезінде, ең үлкен мәнді 30 шкаладағы индикатордың көрсеткішін коэффициентке көбейту керек.
Шектерді ауыстырып қою тетігінен бөлек өлшеу қателігін азайту үшін вольтметрдің беткі жағына оның типі мен моделіне байланысты келесідей реттеу органдары шығарылуы мүмкін:
- механикалық корректор (оймакілтекті бұрауышқа сәйкес реттеуші бұрандасымен), ол индикатордың тілінің нөлге қойылуын қамтамасыз етеді («Желі» тубмлері қосылғанға дейін орындалады) ;
- индикатор тілін нөлге қоятын электрондық құрылғы (Аспап іске қосылған кзде және қысқатұйықтауыш кіру орнында орындалады) . Аспапта ^0^ (0-ге қойылған) деп белгіленеді.
- вольтметрдің калибровкасы (вольтметрдің жұмысқа жарамдылығын тексеру мақсатында аспап іске қосылған кезде орындалады) . Аспапта ▼ (Калибр. ) деп белгіленеді.
Бірқатар жағдайда берілетін және қабылданатын кернеуді (тоқты, қуатты) сандық тұрғыдан бағалау кезінде өлшеудің абсолюттік бірлігін (В, мВ) емес, салыстырмалы логарифмдік бірлік - децибелді қолданады. Сондықтан қазіргі тілді вольтметрлердің басым көпшілігінде (автономдылары да, өзге аспаптарға қосымша орналастырылғандары да - сигнал генераторлары, сызықтық емес қателіктерді өлшеу құралдары және т. б. ) қарапайым шкалалардан бөлек, децибелмен өлшейтін шкала болады, ол бірқалыпты еместігімен ерекшеленеді. Және оның көмегімен вольтпен есептемей ақ бірден нәтижені алуға болады.
Осы аспаптардағы децибелмен өлшейтін шкаланың нөлі көп жағдайда 0, 775 В кірмелі кернеуге сәйкес келеді. Ал егер кернеу шартты нөлдік деңгейден жоғары болса, демек ол оң, бұл деңгейден төмен болса теріс болып есептеледі.
Децибелдердің шкаласы өзге шкалалардан қарағанда қысқа және ол кернеу шкаласының нөлдік белгісінен біраз қашықтықта басталады, себебі нөль вольтқа ∞дБ сәйкес келеді.
Шектерді ауыстырып қою тетігінде белгіленген өлшеудің әр ішкі диапазоны көршілес тұрғаннан 10 дБ-ге ерекшеленеді. Бұл кернеудің 3, 16 есеге өзгеркіне сәйкес келеді.
Өлшеу нәтижесін алу үшін деуибелдер шкаласынан алынған көрсеткіштерді өлшеу шектерін ауыстырып қою тетігінде белгіленген мәнмен алгебралық түрде қосылады (кернеуді есептегендегідей көбейтілмейді) . Мысалға, егер шектерді ауыстырып қою құралының қолы -20 дБ-де тұрса, ал аспаптың тілі -1, 5 дБ белгісінде болса, өлшеу нәтижесі төмендегідей болады: -20 + (-1, 5) = -21, 5 дБ.
Электрондық вольтметрлердегі децибелдер шкаласы фильтрлердің, күшейткіштердің, аттенюаторлардың кіру және шығу орындарындағы кернеудің қатынасын өлшеуге және босатуды анықтауға арналған:
Есептерді шешу мысалдары Мысал. 5. 2, а суретте көрсетілген аспаптың толық атауын анықтау талап етіледі.мұндағыU0(B) = 0, 775 В.
Бел - тым үлкен бірлік, сондықтан тәжірибеде белдің ондық бөлшегі - децибел қолданылады.
- сурет. В3-38 аспабының беткі жағы (а) және индикатор шкаласы (б)
Мысал. 5. 2, б суретінде көрсетілген шкала бойынша В3-38 вольтметрімен өлшенетін кернеудің диапазонын анықтау керек.Шешімі. Жоғарыда келтірілген вольтметрлердің классификациясына сәйкес В3-38 жазуы бұл ауыспалы тоқтың электрондық вольтметрі екенін білдіреді (38 - модельдің нөмірі) .
Беткі жағының сипаты бойынша аспап аналогтық екенін анықтаймыз.
Мысал. В3-38 аспабымен өлшенетін параметрлерді анықтау талап етіледі.Шешімі. Аспап өлшейтін ең төменгі кернеу шектерді ауыстырып қою тетігін 1 mV күйіне қойған кезде есептеледі.
Есепті 1 мВ еселік (10 саны бар) жоғарғы шкала бойынша орындаймыз. Шкаланың коэффициенті К ш = 1/10 = 0, 1. Осыған сәйкес, осы шкаланың бірінші цифрландырылған бөлігін - 1-ді К ш = 0, 1-ге көбейту керек, яғни вольметр жол берілетін қателікпен (төлқұжатта берілген) өлшейтін ең төменгі кернеу 0, 1 мВ-ке тең болады.
Өлшенетін кернеудің ең жоғарғы мәні U номmax мәнімен сәйкес келеді, яғни 300 В-қа тең болады.
Осыған сәйкес, В3-38 вольтметрі өлшейтін кернеу диапазоны 0, 1 мВ-тан 300 В-қа дейінгі аралықты құрайды.
мысал. В3-38 вольметрінің сезгіштінін анықтау керек.Шешімі. В3-38 жазуына сәкес бұл вольтметр ауыспалы тоқтың кернеуін өлшеуге арналған.
Шешімі. Сезгіштік асппатың ең кіші өлшеу шегінде - 1 мВ анықталады және оның мәні осы шектегі бөлік құнына теріс пропорциялы болып келеді, яғни шкала коэффициенті ескерілген вольтметрдің бөлік құны
Сонда оның сезгіштігі
Мысал. В3-38 аспабымен жиілігі 100 кГц болатын 1, 5 В кернеуді өлшеудің қателігін анықтау керек.Шешімі. 5. 2 сурет бойынша аспаптың шектік жиілігін табамыз: ең төменгісі - 20 Гц және ең жоғарғысы - 5 МГц.
Мысал. 5 В кернеудің мәні қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек (5. 2 суретке қараңыз) .Шешімі . Өлшенетін кернеудің жиілігі аспаптық жиілік диапазонына кіретіндіктен, оның салыстырмалы нақты қателігі (2. 4) формула бойынша есептеледі.
Аспаптың шкаласында көрсетілген салыстырмалы келтірілген қателігі (5. 2, б суретке қараңыз) ±2, 5 %-ға тең.
U ном өлшеу шегін 3 В тең деп таңдаймыз (себебі үлкен шектерде қателік ұлғаяды, ал төменгі шектерде индикатордлың тілі
«шкалаланады») .
Сонда
5. 8 мысал. -12 дБ неше вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек (5. 2 суретке қараңыз) .Шешімі. 5 В кернеуді өлшеу үшін U ном = 10 В шегін таңдаймыз. Бұл шектерді ауыстырып қосу тетігіндегі +20 dB күйіне сәйкес келеді. Сызғышты алып, оның бір бұрышын механикалық корректорға (5. 2, а суретке қараңыз), ал екіншісі вольтметрдің жоғарғы шкаласындағы 5 санына(5. 2, б суретке қараңыз) қоямыз, сызғыш децибел шкаласы бойынша -4 мәні арқылы өтетінін көреміз.
Сәйкесінше, 5 В = +20 дБ - 4 дБ = +16 дБ.
5. 3. Өздігімен шешуге арналған есептер 5. 1 - 5. 5. 5. 3 суретте көрсетілген микровольметрдің төменде көрсетілген шектеріндегі шкала бөлігінің құнын анықтаңыз:Шешімі. Бұл есепті шешу үшін шектерді ауыстырып қою тетігі мен децибелдер индикаторының тілін қосқан кезде -12 дБ шығатын күйді табу керек.
Шектерді ауыстырып қою тетігінің-10 dB күйін таңдаймыз (бұл 300 мВ өлшеу шегіне сәйкес келеді), осы бойынша кернеуді санаймыз, ал индикатордың тілін децибелдер шкаласы бойынша -2 белгісіне қоямыз.
30 саны бар шкала бойынша индикатор тілі (сызғыш) 19 мВ көрсетеді. Сонда 10-ға тең (себебі 300 мВ 30 мВ-тан 10 есеге көп) шкала коэффициентін ескерсек, 190 мВ кернеуін аламыз.
Есептің нөмірі
5. 1
5. 2
5. 4
5. 5
Өлшеу шегі
0, 03 mV
1 mV
1 V
100 V
5. 6 - 5. 10. 5. 3 суретте көрсетілген аспапты басқару органдарын төмендегі кестеге сәйкес қойғандағы өлшенетін параметрдің мәнін анықтау керек:
Есептік нөмірі
5. 6
5. 8
5. 10
Шектерді ауыстырып қосу тетігінің күйі
300 mV
100 V
Индикатор тілінің күйі
22
7
22
7
а
1. 5 % (1 . . . 10 mV)
2. 5 % (0, 1; 0, 3 mV и 1 . . . 300 V)
4 % (0, 03 mV)
б
- сурет. В3-57 аспабының беткі жағы(а) және индикатор шкаласы(б)
(5. 1-5. 49 есептеріне арналған)
- 5. 6 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 7 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау
- 5. 8 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 9 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 10 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 6 есепте табылған кернеу қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 7 есепте табылған кернеу қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 8 есепте табылған кернеу қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 9 есепте табылған кернеу қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 10 есепте табылған кернеу қанша децибелге сәйкес келетінін анықтау керек.
- Механикалық корректор орындайтын реттеудің міндеті не және ол В3-57 аспабының қандай күйінде жүргізіледі?
- «Уст. 0» реттелімінің міндеті не және ол аспаптың қандай күйінде жүргізіледі?
- 5. 3 суретте көрсетілген аспаптың толық атауын анықтау керек.
- В3-57 вольтметрінің сезгіштігін анықтау керек.
- В3-57 аспабы өлшейтін параметрді анықтау керек.
Есептің нөмірі
5. 26
5. 27
5. 28
Өлшеу шегі
0, 1 mV
3 mV
100 mV
5. 31 - 5. 35. 5В3-57 аспаптың басқару органдарын төмендегі кестеге сәйкес қойғандағы өлшенетін параметрдің мәнін анықтау керек:
Есептің нөмірі
5. 32
5. 34
Шектерді ауыстырып қосу тетігінің күйі
3 mV
3 V
Индикатор тілінің күйі
5
15
5
15
- 5. 31 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау
- 5. 32 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 33 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 34 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 35 есепте табылған кернеудің өлшеу қателігін анықтау керек.
- 5. 3 сурет бойынша -84 дБ кернеуі қанша вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 3 сурет бойынша -54 дБ кернеуі қанша вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 3 сурет бойынша -24 дБ кернеуі қанша вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 3 сурет бойынша +26 дБ кернеуі қанша вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек.
- 5. 3 сурет бойынша +45, 5 дБ кернеуі қанша вольтқа сәйкес келетінін анықтау керек.
- В3-57 вольтметрінің жетінші классификациялық топшаның вольтметрлерімен салыстырғанда артықшылықтары мен кемшіліктерін атау керек.
- В3-57 аспабының құрлымдық схемасын келтіру керек.
- В3-57 аспабының жиілік диапазонын анықтау қажет.
- В3-57 аспабымен параметрді өлшеу диапазонын анықтау керек.
Есептің нөмірі
5. 50
5. 51
5. 52
5. 53
5. 54
Тұрақты тоқтағы өлшеу шегі
0, 1 V
0, 3 V
1 V
3 V
100 V
... жалғасы5. 55 - 5. 59. 5. 4 суретте көрсетілген аспапты басқару органдарын төмендегі кестеге сәйкес қойғандағы тұрақты тоқ бойынша өлшенетін параметрдің мәнін анықтау керек:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz