Мекеменің техника қауіпсіздік шараларымен танысу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе
жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибеде жинаған мәліметтерді нақты
бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол.
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша диплом алды практика
бакалаврларды дайындау оқу жоспарының құрылымды бөлігі болып табылады.
Практика мақсаты – ЖОО игерген білімдерін әрі қарай кеңейту мен
тұйықтау және шаруашылық субъектісінің программалау есебі аясындағы
практикалық дағды алу.
Қазіргі даму кезеңінің жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып
табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және
ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық
дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік
даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды
пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне
тәуелді.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі
пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды,
ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға
және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және
ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның
мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы
орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен
және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.
Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының
кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша
қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз
өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық
ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау
үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық,
өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің
қаржылық жағдайын талдау қажет.
Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын
жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін
кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты
байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік
сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды
автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару
процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі
заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика
дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.
Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың
қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері
есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және
автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі .
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы
ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған
ақпарат жатады.

Өндірістік іс-тәжірибе өтетін мекемемен танысу

Мен, Жарас өндірістік іс-тәжірибемді ПРОФИ СТРОЙ КЗ 19.12.2018-
28.02.2019 күндері аралығында өткіздім.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты студенттің болашақта алатын мамандығы
тақырыбы бойынша өз бетімен зерттеу жасау. Өндірістіктәжірибеден өту
барысында білімгерлер келесі бағыттар бойынша зерттеу жүргізуі тиіс:
- ақпараттық жүйелерді құрудағы жобалау-технологиялық құжаттармен,
патенттермен, әдебиеттермен танысып, оларды дипломдық жұмыс дайындауда
пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу;
- жобаланатын ақпараттық жүйенің құрылымы, функционалдық
мүмкіндіктері, АЖ-нің әр бөлімінің ерекшеліктері (егер де қолданыста ААЖ
бар болса, онда оның функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру жолдарын
зерттеу);
- жобаланатын ақпараттық жүйенің отандық немесе шетелдік аналогтарына
талдау жүргізу.
Өндірістік тәжірибеден өту шеңберінде қарастырылатын мәселелер:
- зерттелу объектісіне жобалау алдындағы ақпараттық талдау жүргізу,
оның ақпараттандырылуына баға беру, зерттелу нәтижесне жүйелік талдау жасау
негізінде АЖ-ның ақпарттық моделін құруды үйрену;
- нақты облыс мысалында мәліметтер базасын құруда тәжірибе жинақтау;
- нақты облыс бойынша ақпараттарды жинақтау, тіркеу, өңдеу
технологияларын игеру; ақпараттарды желі бойынша қабылдау, жіберу
технологияларын зерттеу;
- локальды және глобальды желілер арқылы мәліметтер алу, жіберу
тәсілдерімен жұмыс атқаруға дағдылану;
-жобалауға қажетті ақпараттарды қалыптастыру жане ақпараттық
процесстердің мінездемелерін талдау;
- АЖ-лардың техникалық және жұмысшы жобаларын дайындауды үйрену;
- ААЖ-дің, есептеу кешендер мен желілердің қызметін дұрыс жолға қою
мәселелерімен танысу; эксплуатациялық қызмет бойынша - есептеу жүйелерінің
және желілерін жүйелік, инструменталдық құралдарын орнату, жұмысқа икемдеу
- нақты облыстың функционалдық мәселелерін шешу барысында
автоматтандырудың деңгейін анықтау, кемшіліктерін айқындау және шешу
жолдарын белгілеу;
- автоматтандыру арқылы технологиялық немесе функционалдық есептерді
шешу жолдарын қарастыру.

Тәжірибе өту барысында білімгер міндетті:
- тәжірибе жоспарымен белгіленген тапсырманы толық орындауға;
- кәіпорында, мекемеде, ұйымдағы ішкі ережелерді сақтауға, бағынуға;
- еңбек қорғау, тіршілік қауыпсіздігі және өндірістік санитария
ережелерін оқып үйреніп қатал сақтауға;
- негізгі атқарған жұмыстарының нәтижелерін, жетекшімен жүргізген
әңгімелер тезистері жазылған тәжірибе күнделігін жүргізуге;
- тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе жетекшісіне орныдаған тәжірибе
жоспары туралы жазбаша есеп беруге;
Тәжірибе тапсырмасында белгілі әдіспен немесе шығару әдісін зерттеуді
талап ететін кейбір есептер қойылады. Орындалатын жұмыс компьютерлік
үрдісті ұйымдастыру, компьютерлік техниканы қолданумен байланысты
аппараттық және бағдарламалық құралдарды жасау болады.
1305023-Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша білім алушы студенттер
тәжірибе кезінде өндірістік - басқару қызметіне тиімді компьютерлік желісін
және ақпаратты басқару жүйесін құру және әртүрлі кәсіпорының ақпараттық
ресурстарын басқаруды ұйымдастыру кәсіптік қызмет түрлерін үйрену керек.

1.1 Мекеменің мақсаты мен міндеттері

ПРОФИ СТРОЙ КЗ
Бұл мекемеде мен MS XP, MS SP3 программаларын компьютерге жаңадан
орнаттым. Жүйелік блоктың құрылысымен таныстым, локальдік желіліерді және
сол желі арқылы программаларды орнаттым.
Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника
қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру
керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып
отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою
қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге
қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып,
бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл
міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін
екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін
сақтай отырып жұмыс істедім.

Мекеменің техника қауіпсіздік шараларымен танысу.
Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын,
немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника
қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын
құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды
дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның
күйіп кетуіне әкеп соғады.

Тыйым салынатын жағдайлар:
– байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
– экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын
қолмен ұстамау;
– аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
– дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
– су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.

Жұмыс істегенде:
– 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу
қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс
істеу керек.
– Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.

Жұмыс уақытында:
– Аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар
естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы
болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
– Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
– Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
– Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен
дұрыстауға тырыспаңыз.
– Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар
(вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа
құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта
ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде
темекі шегуге болмайды.

Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
қажет:
есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының
ережесін катаң тэртіпте орындау керек;
электр тогымен зақымдалған қызметкерке әрбір қызметкер алғашқы көмек
көрсете білу керек;
электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды
сымнан босату керек;
егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу
жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және
қашан тыныс пайда болғанша жасау керек;
өрт сөндіретін құралдармен әрбір қызметкер жұмыс істей алу керек;
өрт болған кезде қызметкертер эвакуация жолдарын білу керек;
қызметкертер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұксатсыз тимеу керек;
суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды;
Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен
жұмыс істеуге болмайды;
ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым
байқалған болса, ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек;
ЭЕМ-ді іске косып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп, жолдастарының
назарын аударуға болмайды;
ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды;
ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жок;
ЭЕМ бөлмесіне рұксатсыз кіруге болмайды.
Өндірістік іс-тәжіребенің мазмұны

19.12.18-21.12.18.ПРОФИ СТРОЙ КЗ орталығындағы компьютер-лермен
байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Бұл өндіріс орнында компьютермен
байланысы бар бөлімдер саны өте көп емес, кадрлар бөлімінде компьютермен
жұмыс істейді, арнайы компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі
бар, ксерокөшірме орталығы бар, т.б. Біздің өндірістік іс-тәжірибемізді
өткізген бөліміміз компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі.
Бұл бөлімде төрт компьютер орны берілген және алты қызметкер жұмыс істейді.
Компьютерлер соңғы технология бойынша жұмыс істейді. Әрқайсысы соңғы
моделдегі компьютерлер және жаңа бағдарламалық тілдермен жабдықталған.

24.12.18-28.12.18. Өндіріс орнының бас қызметкерлерімен, тарихымен
және экономикалық, техникалық қамтамасыздандыру шараларымен танысу. Бүгінгі
таңда компьтерлік қызмет көрсету орталығы қуатты әрі қазіргі заман
талаптарына сай құрылған орталық.

07.01.19-11.01.19. Компьютердің мінездемелерімен және Internet
желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы
үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ.
Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да , мүмкіндігі де өз қалауынша. 

14.01.19-18.01.19. Өндіріс орнында қолданылатын бағдарламалармен жұмыс
жасау. Қолданылатын бағдарламалардың саны шексіз деп айтып кеттім, егер
оларды айтып кетер болсақ, олар - DirX , Outlook Express, Windows
Messenger, Nero, Corel Graphics Suite, Microsoft FrontPage, Delphi, Visual
basic секілді бағдарламалар. Алғашқы қолданған бағдарлама Borland Delphi
бағдарламалық тілі болды. Негізі көбінесе Microsoft Word-пен, болмаса
Microsoft Excel бағдарламаларымен жұмыс жасадым. Сонымен қатар өзімнің
өзіндік жұмысыма байланысты Delphi - бағдарламасында жұмыстар атқардым. 
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және
т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі.
Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
• Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра
қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
• емтихан ведомостары;
• студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
• түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні,
білімі, адресі, үй телефоны, т.б.).
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды
берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл
бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде
дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар
тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау,
жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты
орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.

21.01.19-25.01.19. Интернетте жұмыс жасау. Интернет ішінен керекті
информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып
өту керек. 
Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға WORLD WIDE WEB (WWW не
WEB), яғни “ дүниежүзілік өрмек “ информация іздеп бүкіл дүние жүзіне
“электрондық саяхат” жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі
кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең таралған жүйе ретінде, WWW
есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен көрі WWW жүйесін пайдалану
жеңіл, әрі ыңғайлы. 
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу
жүргізіледі. Өзімізге қажетті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты
информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап
алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір
тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз. Бірақ қажет болса кейін
оралуыңыз да қиын емес.  WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады.
Гиперсілтеме деген не деген сұраққа жауап беретін болсақ. Егер сіз Windows
жүйесімен көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе
Micintosh компьютерінің Hiper Hard файылын көрсеңіз, сол гиперсілтеме мысал
бола алады.  Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі , университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті
қорлардағы көлеміндегі , кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге
айнала алатын барлық информацияны ала аласыз. 

28.01.19.- 01.02.19. Microsoft Exel программалық терезесімен жұмыс
жасау. Exel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі
түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан
түрде берілген мәліметтер арқылы эксперементтер жүргізу т.б мүмкіндіктер
беретін Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Exel электрондық кестесі жазылған әр бір файл, бірнеше беттерден тұратын
байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам
іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналыды.

04.02.2019-08.02.2019. Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, отчет
жазу. Компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінде бізге
практиканттарға әрқайсысымызға бір компьютер орнынан берілді. Файлдар мен
бумалар тізбегін экранға шығару бағдарламасын жасап болғаннан кейін осы
жасаған бағдарламамыз жөнінде отчет жаздық. Отчет жазуда Microsoft Word
бағдарламасын қолдандық. Microsoft Word бағдарламасында негізі кез келген
тексттерді, құжаттарды теруге болады. Сонымен бірге математикалық
формулалары бар тексттерді де жазуға болады. Біздің бөлімде
бағдарламалардың барлығы соңғы үлгідегі бағдарламалар деп айтып кеткенмін,
бөлімдегі қолданылатын Microsoft Word бағдарламасы 2007-ші жылғы, яғни
Microsoft Word 2007 бағдарламасымен жұмыс жасадым.

11.02.2019-15.02.2019 . Microsoft Word файылын пайдаланып, отчет
жазумен айналыстым. Компьютерлік технология жағынан көмек корсету ретінде
маған, компьютер берді.

18.02.2019-22.02.2019. Тәжірибе барысында кәсіпорынның компьютерлеріне
Windows 7 операциялық жүйесін орнату және онымен жұмыс жасау жоладырын
қарастыра отырып біліктілікті жетілдіру мақсатында жұмыстар жасалды.

25.02.2019-28.02.2019. Өндірістік тәжірибенің аяқталу мерзіміне
байланысты кәсіпорынның интернет желісіндегі сайтына жаңа өзгерістер
еңгізуге байланысты сайтты ақпаратпен толықтырдым.

СТУДЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

2.1 Ақпараттық желіні антивирустық қорғауды орнатуға көмектесу

Ақырғы кездері ақпаратқа шабуыл, хакерлер және компьютерлік бұзу
туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарын толтыра бастады. “Ақпаратқа
шабуыл” дегеніміз не? Бұған анықтама беру өте қиын, себебі ақпарат, әсіресе
электронды түрдегі ақпарат, жүздеген түрде беріледі. Ақпарат деп жеке
файлды, деректер базасын, ондағы бір жазбаны және толық программалық
кешенді айтуға болады. Осы барлық объектілер белгілі бір әлеуметтік топтар
тарабынан шабуылға кезікті және кезігеді.
Кез келген ақпараттық объектіні сақтау, қолдау және оған жолды көрсету
үшін иесі немесе сенімді адамы онымен жұмыс істеу ережелерін құрады. Оны
әдейі бұзу ақпаратқа шабуыл болып табылады.
Адамзат қызметінің барлық салаларына компьютерлердің енуімен
электронды түрде сақталған ақпарат көлемі мың есе өсті. Сондықтан
өндірістің өнімділік жоспарының бар дискетаның көшірмесін жарты минутта алу
– көп қағазды көшіріп жазу немесе көшірмесін алудан оңайырақ. Компьютерлік
желілердің пайда болуымен ақпарат қауіпсіздігіне сенім азайды.
Ақпаратқа шабуылдың қандай зардаптары болуы мүмкін? Бірінші кезектегі
мәселе, әрине, экономикалық жоғалтулар: 
1.
коммерциялық ақпаратты бұзу нарықта үлкен шығындарға әкеліп соғуы
мүмкін; 
2.
ақпаратты үлкен көлемде ұрлау фирма репутациясына зардабын тигізеді; 
3.
бәсекелес фирмалар ұрланған ақпаратты қолданып, басқа фирманы толық
шығынға отырғызу үшін жалған келісім шарттар жасауы мүмкін; 
4.
ақпаратты сақтау немесе тасымалдау кезінде ауыстыру фирманы үлкен
шығындарға әкеліп соғуы мүмкін; 
5.
ақпараттық қызмет көрсететін фирмаға көп шабуыл жасау фирма
клиенттерінің сенімділігін азайтады, сол рақылы оның кіріс көлемі
азаяды. 

Компьютерлік шабуылдар үлкен зардабын әкеледі. Компьютер жүйелерінің кез
келген пайдаланушысы оның хаттарын алушы адамнан басқа да 5-10 адамның
оқуын немесе ЭЕМ клавиатурасында терілген мәтін буферге көшіріліп, кейін
Интернет арқылы белгілі бір серверге жіберілуін қаламайды. Мыңдаған және он
мыңдаған жағдайларда тура осылай болады. 

2.2 Интернеттегі ұйымдастыру үшін графикалық жарнамалық қосымшаларды
құру, содан кейін оларды орналастыру

Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті -
объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми
графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін
графиктік өңдеу үшін есептеу, експеримент жүргізгенде және олардың
нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми
графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Ал,
білім беруде – мультимедиалық программалық құралдар түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі
мекемелер жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға
арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме материалдар
объектісі – жоспарлық көрсеткіштер, есеп құжаттар статистикалық мәліметтер,
бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік
графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде,
компьютерлік оқыту программаларында, сонымен бірге Internet беттерінде
қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары әдетте кестелік
процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді. 
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу
жүйесінің элементі. Оның міндеті:
техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді
бейнелерді алу) сызба дайындау;
модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау. 

Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегімен
сурет салу;  Көркемдік және жарнамалық графика.  Өте күшті графикалық
пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар,
мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық
бейнелерді құру және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын,
жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм
құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада
сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша
жобалауға мүмкіндік береді.

2.3 Кадрлар бөлімінде компьютерді вирустардан тазарту

Вирустан қорғаудың қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласы Тауке хан даңғылындағы компьтерлік қызмет көрсету орталығы
Өндірістік іс-тәжірибенің есебі:"Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйретуші бағдарлама құру"
Компьтерлік қызмет көрсету орталығы
Кәсіптік өндірістік практикасын өту туралы есеп
Мекеменің мақсаты мен міндеттері
Delphi ортасында құрылыс дүкенінің жұмысын автоматтандыру
Өндірістік тәжірибе өткен мекеме
HTML ТІЛІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОФФ ЛАЙНДЫҚ ЖУРНАЛ ЖОБАСЫН ЖАСАУ
Ақпаратты қорғау
Ұйымдастырушылық шаралар
Пәндер