Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы


Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі . Қазіргі кезде сапалы өнім алу, бәсекелестікке қабілетті экологиялық таза өнімді өркендету ғылымының жаңа саласы ретінде бөлініп отыр.
Көкөніс шаруашылығын өркендетудің аса зор бағдарламасы Ел басының әр - жылдардағы арнаулы жолдауларында талдап көрсетілген. Халықтың әлеуметтік жағдайларын көтеруде әсіресе жеке қожа, өндіріс шаруашылықтарын дамытуды жүзеге асыру үшін өнеркәсіп көкөніс шаруашылығын жабдықтау мақсатымен көкөністер себетін, отырғызатын, күтетін және жинайтын жаңа көкөніс машиналарын шығарды.
Жылыжайда қызанақты өсіру, өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті барлық жағдайлар: жылу, ылғал, ауа және топырақ құнарлығы қолдан жасалады.
Жылыжайда дайындалған құнарлы грунттан түсім мол алынады, қызанақты өсіру ерекше шеберлік пен дағдыны керек етеді. Шымтезек - шірінді арнайы стакандарда өсірілген көшеттер түсімді ерте және мол сапалы өнім береді. Алынған өнім экологиялық таза, дәмді, сапалы, дәрумендері сақталынған, нәрлілігі жоғары болады.
Халықты тамақтандыру ісінде қызанақ өсімдігі зор орын алады, сондықтан үкімет елімізде көкөніс шаруашылығын өркендетуге көп көңіл бөлуде.
Қазақстанның ішкі өнімі көлеміндегі ауылшаруашылығы өндірісінің үлесі артуда. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы - жасыл өсімдіктер. Адамзаттың азық - түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері үнемі өндіріліп отыру қажет. Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артып келеді. Елімізде азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде келелі бағдарламалар мәселелер жеткілікті.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан халқына жолдауына” сәйкес аграрлық азық - түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, қайта өңдеу кәсіпорындар үшін шикізат базасын нығайту көзделген [1] .
Елбасының халыққа жолдауындағы көкөніс өндіруді екі есе арттыру және таяудағы 2-3 жылдың ішінде халықтың және көкөніс өңдеу өнеркәсібінің қажетін толық қанағаттандыру міндетін қойды. Бұл міндетті орындауға болатындығын жеке шаруашылықтардың табыстары дәлелдеп отыр.
ОҚО республикадағы көкөністі негізгі өндіруші аймақ екені белгілі және солтүстік аймақтарды көкөністермен қамтамасыз етеді. Еліміздің бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдында тұрғанда біз, тауарлық және дәмдік сапасы жоғары көкөністер өндіруіміз керек. Өйткені нарықтың қатаң жағдайларында басқа да шетелдік тауар өндірушілермен бәсекелестік құрып, көкөніс өнімі тұрмысының ішкі нарығын жаулап алу керек.
Сондықтан да ауылшаруашылық өнімдерін көбейтуде оңтайлы жұмыстар жүзеге асуда.
Жылыжайда қызанақты өсіру ғылыми-зерттеудің ең жаңа түрлерінің бірі болып табыла тұрса да, қызанақ сорттарының жаңа түрлерінің пайда болуымен байланысты, зерттеудің жаңа соңғы түрлерін талап ететіндіктен, ол біртіндеп болса да дамып келе жатыр.
Жылыжайдың мүмкіндіктерін зерттей отырып, қазіргі заманауи технологияларға қол жеткізу мүмкін. Алайда, тәжірибе әрқашан жақсылыққа ұмтылуға жағдай жасап отырады. Тәжірибелік қызмет жылыжайларда өсірілген қызанақ өсімдігінен және одан алынған өнімнен айқын көріністі көруге болады.
Жылыжайларда қызынақты зерттеу мүмкіндіктері шектеусіз зерттеудің жаңа әдістемелерін қарастыра және енгізе отырып, көптеген ғылыми - тәжірибе жұмыстарына қол жетті.
Мемлекетімізде қызанақты жылыжайда өсіру халық шаруашылығы үшін маңызы зор, себебі қызанақ құрамы С дәруменіне бай. Қызанақ жемісі дәмді, қоректік заттарға бай, сол себептен оның диеталық сапасы жоғары. Қызанақ жемісі - дәрумендердің негізгі бұлақ көзі, онда дәрумен С (30-35 мг) . дәрумены В 1 (аневрин), В 2 (рибофлавин), В 3 (пантотенді қышқыл), РР(никотинқышқылы, дәрумен А (каротин), калий тұздары, натрий, кальций, магний, фосфор, темір, йод т. б. пайдалы заттар бар.
Қызанақтың нәрлілігі (160-200 ккал/кг) . Қызанақ жемісінде 5 - 8 %-ға дейін құрғақ заттар, сонымен қатар 3-7% қант, 1%-ке дейін алма қышқылы мен лимон қышқылы және ақуыз болады. Бұл, заттар организмдегі заттардың алмасуын қалыпқа келтіреді.
Ғылыми жаңалығы: Оңтүстік Қазақстан өңірінде жылыжайларда қызанақты өсірудің ғылыми зерттеу жұмыстарының жаңа, соңғы түрлерімен, заманауи технологияларды қолдана отырып, таза сапалы экологиялық өнім алудың әдістері зерттелді.
Практикалық маңызы: Жылыжайда қызанақты өсірудің маңызы, өнімнің сапасы жоғары, өнімі мол, экологиялық таза өнім алынады, құрамындағы ағзаға қажетті дәрумендер сақталады, құнарлылығы жоғары болады, бағасы тиімді.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстандағы жылыжайларда көкөністерді өсіру кезіндегі өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар және мол сапалы өнім, дәрумендері сақталған қызанақтарды зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Алқа тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері
- Жылыжайда қызанақ өсіру кезіндегі әдістері
- Қызанақты жылыжайда заманауи технология бойынша өсіруді зерттеу.
- Органикалық комплексті тыңайтқыштарды пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау
- Қызанақты күту, баптау, аурулармен күрес жүргізу, үстеп қоректендіру тәсілдерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс материалдары 69 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 5 кестеден, 6 сызбанұсқадан тұрады және 4 суретпен көмкерілген. Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, әдебиетке шолудан, әдістемеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан және 56 пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Әдебиеттерге шолу
- Жылыжай құрылымы
Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық институты бумен жылытатын парниктердің басқа типін ойлап шығарды. Бұл парниктерде бу парниктердің шеттеріндегі белағаштардың орнына қойылған асбесцементті түтіктерге беріледі. Өте - мөте суық аудандарда мұндай парниктерді үстіңгі трубалар арқылы жылытудан басқа, қазаншұңқырдың түбінен жүргізілген трубалармен қосымша жылу жібереді.
Парниктерді электрмен жылыту үшін инженер Есиевтің ойлап тапқан электрод әдісін қолданады. Ені 8см темір тақта түріндегі электродтарды бір-бірінен қашықтығын 50см етіп, парникке көлденең бағытта топырақтың өңделетін қабатына орналастырады. Электродтардың бір ұшын мыс сым арқылы парникті бойлап жүргізілген бөлгіш алюминий сымына жалғайды. Ток жібергенде ол топырақ арқылы электродтан электродқа өтіп топырақты қыздырады. Жылу және электр энергиясы босқа шығын болмауы үшін парниктің түбіне қалыңдығын 20см етіп, шлактан изоляциялық қабат төсейді. Қауіпсіздік үшін парниктерге ток кернеуін 50 вольтқа дейін түсіретін трансформаторлар орнатады. Жұмыс кезінде парникке ток жіберілмейді.
Парниктерді бумен және электрмен жылытқан кезде оларды жыл сайын көң және топырақпен толтыру, күздігүні олардан тазарту сияқты еңбекті көп тілейтін жұмыстар болмайды. Қыста қатып қалған парниктерді көңмен жылыту үшін 10-15 күн кететін болса, электрмен, бумен жылытуға 2-3 күн жеткілікті болады. Темпетураны реттеу мүмкіндігі едәуір жеңілдейді.
Қазіргі кезде жылыжайдың қабырғаларын арнаулы жоба бойынша ағаштан немесе темір арматурасынан құрып әйнектеледі немесе полиэтиленді пленкамен жабылады. Олардың көлемі әртүрлі болады: бірнеше ондаған метрден 2-3 мың кв метрге жетеді.
Құрылысы бойынша жылыжайлардың бір жағы құламалы, оңтүстікке қараған беті әйнектелген болады. Екі жағы құламалы, шығыс пен батысқа қараған беті әйнектелген болады. Ірі жылыжайларды бумен жылытуда, сонымен қатар пештер дайындап көмір жылумен жылытылатын жылыжайлар салу кең өріс алуда. Жылыжайларда арнайы даярланған, қоректік заттары көп топырақ төгіледі. Жылыжайларда қызанақты қолдан дайындалған құнарлы топыраққа өсіреді.
Қызанақ түрлерін егіп жылына екі мезгіл өнім алынады. Жарық көп түсу үшін және түсім мол алыну үшін қызанақты керілген сымға немесе жіпке іліп қойып өсіреді. Бұл дақылдарды жылыжайларда өсірген кезде, оларды бірнеше қайтара қырқып шырпиды, үстеп қоректендіреді. Күн жарығы жетіспесе, қыстыгүні және ерте көктемде қосымша электр жарығы беріледі.
Көкөніс өсімдіктері гүлдерінің тозаңдануын қамтамасыз ету үшін жылыжайларда ара ұяларын ұстайды. Жылыжайларда қызанақты өсіру үшін қысқа күн жарығына және жылыжайда өсіру ерекшеліктеріне бейімделген арнаулы сорттарды пайдаланады. Ерте пісетін сортарды таңдайды [2]
1. 2 Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Бұл қызанақ дақылы Еуропаға ХVI ғасырда ғана әкелінген. Ең бірінші шыққан отаны Оңтүстік және Орталық Американың ыстық аймақтары (Перу, Эквадор, Чили) . Ал, Мексикада қызанақты ерте заманнан тағамға пайдалана бастаған, онда бұл дақыл біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Ертедегі аптектер оған "томатль" - "томат" деген ат қойған. Бұл "үлкен жидек" деген мағына береді. Ертедегі теземдіктер мен үнділер Мексикадан Перуге дейін Америкада анықталмай тұрып өсіре бастаған. Қызанақ дақылын Еуропаға бірінші болып испандар, португалдар, италиялықтар әкеліпті, ал италиялықтар жемістерінің сарылығынан оған помидоро" - "алтын алма" деп ат қойған. Еуропада оны ұзақ мезгіл экзотикалық-таңғажайып ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен жемісінің қанық қызыл түсінен) бағалаған, немесе дәрі ретінде пайдаланған. Ғылым Академиясының сөздігіндегі мәлімдемесінде "Алма", "помо аморис" - арапша - алкакенги, соланум ликоперсикум деп атаған. Қазіргі кезде әр халық әр түрлі атайды. Швед табиғат зерттеушісі Карл Линней помидорды латындардың атауында "солянум ликоперсикум" -"қасқыр персигі" депті, осы аты бүгінгі күнге дейін сақталған, осыған байланысты "улы" деген ұғым да болған. Сондықтан 1840 жылға дейін американдықтар "улы" деп келген, шындығына келгенде піспеген қызанақ жемісінде улы алколоидтың барлығы анықталған [3] .
Мәдени қызанақ дақылының «Lycoperson esculentum Mill» археологиялық мәліметтер жоқ. Жабайы және жартылай жабай түрлері және оның ботаникалық туыстың бүгінгі таңға дейін дамып келді, оның әртүрлілігі Галопогосск аралында, Перуде, солтүстік Чилиде кездеседі. Мәдени қызанақтың Отаны Перу деп саналады.
Көптеген ғалымдар ең басты қызанақтың формасы әртүрлі қызғылт түсті деп көрсетті. Ең алғаш 1554ж қызанақ туралы мәліметті Италия ботанигі Маттиолла берді. Шыққан жері Оңтүстік Америка, біздің елімізге ХІХ ғасырдың 30 жылдарында әкелінген. Қазақстанның жылы аймақтарының бәрінде өсіріледі [4] .
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері көбіне олардың географиялық шыққан жеріне және дақылдың табылған жеріне байланысты болып келеді. Бұрыштың отаны Оңтүстік Мексика, Гватемала болып саналады. Оны дақыл ретінде қазіргі АҚШ және Солтүстік Мексика территориясында ежелгі үнділіктер өсірген. Әдебиеттерде бұрыш туралы алғаш рет 1493 жылдан бастап жазыла бастаған. Бұрыш Еуропаға XVI-ғасырдың ортасынан бастап тарала бастады. Бұрышты дақыл ретінде алғаш рет Испанияда өсірді, одан соң ол Италияға және басқа елдерге таралды [5, 6] . Балқан елдеріне бұрыш 1585 жылы әкелінді. Болгарияда бұрыш қазіргі кезде ең сүйкімді көкөніс болып табылады Оны тағамға жас күйінде дәмдеуіш ретінде және өңделген күйінде қолданады. Болгарияның консерві жасау өндірісінде бұрыштан 28 түрлі консерві дайындайды. Құрғақ, үгітілген күйіндегі бұрыш Болгар асханасындағы кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Сондықтан Болгарияда eгic көлемі және өнім жинау бойынша көкөніс дақылдарының ішінде бұрыш бірінші орынды алады. Бұрыш қазіргі кезде 11-12 мың га жерге өсіріледі. Ал жылдық жалпы өнім 200-250 мың центнерді құрайды.
Венгрияда бұрышты XVI-ғасырдан бастап пайдалана бастады және қазіргі кезде ол кең таралған.
XVIII-ғасырда бұрыш Германияға тез таралды. Германияда бұрыштан гектарына 480-нен 210 центнерге дейін өнім алады. Румынияда, Чехословакияда, Югословияда және басқа да елдерде бұрышты көптеп өсіруде.
Ресейге көкөністік бұрыш Болгариядан әуесқой дақыл ретінде XVIII-ғасырдың екінші жартысында әкелінді. ХІХ-ғасырдың аяғында Одесса маңында бақшамен айналысатындар бұрыш өсірді. ХХ-ғасырдың басында бұрыш Ресейдің оңтүстігі мен Молдавияға таралды.
Оңтүстік Қазақстан облысында бұрышты ХХ-ғасырдың ортасынан бастап өсіре бастағанына қарамастан Қазақстанда оны ғылым нысаны ретінде аз қарастырды. Тәтті бұрыш бойынша жүргізілген салмақты ғылыми зерттеу жұмысы ретінде ғалымдар еңбек жазды [7, 8] .
Г. Каплина [9] мәлімдеуі бойынша Қазақстанның жылы аймақтарында бұрыштың Болгарский 79 сорты аудандастырылған. Оның пікірі бойынша бұрышты қарашірік мөлшері жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл гидроморфты топырақта өсіру тиімді. Мұнда ол 448 ц/га дейін өнім береді.
Болгар бұрыш жоғары құрамды дәруменді және жеңіл сіңімді минералды тұздары бар азық болып табылады, сондықтан оның азықтық және диетикалық маңызы жоғары. Бұрыш жемісінде С дәрумені қызанаққа қарағанда 10-12 есе, цитрустарға қарағанда 2-6 есе және қарағай, шыршаға қарағанда 2-4 есе көп. С дәрумені бойынша тәтті бұрыш тек қарақатқа ғана орын береді. 1 гектардағы өнімі 120 центнер болатын, 100 гр шикі жемісінде 450 мг С дәрумені бар өнімнен 25 кг-ға дейін С дәруменін жинауға болады. Цинга ауруына қарсы бұрыштың маңызы бар. Каротин құрамы бойынша бұрыш сәбізге жақын. Бір күнде 25 гр тәтті бұрыш пайдаланған ересек адамның С дәруменіне деген тәуліктік мөлшері қамтамасыз етіледі. 45 гр бұрыш А дәруменінің тәуліктік қабылдау мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұрыштағы (А, В, С, Р) дәрумендерінің жоғары құрамды болуы, оның биологиялық белсенді заттар көзі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеді. Азотты заттар бойынша (2, 73-3, 66%) тәтті бұрыш көкөніс дақылдарының ішіндегі алғашқы орындардың бірін алады.
Венгрия халқы бұрыш жемісін азыққа жас, тұздалған және қайнатылған күйінде пайдаланады. Мұнда тәтті бұрыш шикізатын консерві өндірісінде жоғары бағалайды. Тәтті бұрыштан "Лечо" консервісі және дәруменделген консервілер "Вита паприка", "Притапаприка", "Притамин" (С дәрумен құрамы 169 мг%-ке дейін), соус "Зашатка" (С дәрумен құрамы 300 мг%-ке дейін) және тағы басқа С дәрумен құрамы жоғары консерві түрлері жасалады.
Бұрыштың дәмдік қасиеті капсанцин араматты затына көп байланысты. Ол адам ағзасында ас қорытатын сөлдерді көп бөлдіріп, тағамның сіңімді болуын қамтамасыз етеді [10, 11] .
Халық арасында бұрыш жоғары сұранысқа ие. Бұрыш жемісін кулинарияда пайдаланады, оларды маринадтайды, тұздайды және әр түрлі тағамдар жасайды. Бұрыш жемісі қызанақ, қияр және көптеген тұздықтар дайындауда қолданылады. Бұрыш консерві жасау өндірісінде құнды шикізат болып табылады. Консерві жасауда және тұздағанда бұрыш дәрумендерінің 50-80% сақталады.
Қызанақ соусында көкөністермен фаршталған бұрыш консервісінде орташа 22, 7% құрғақ зат, 6, 6% май, 8% көмірсу, 0, 3% органикалық қышқылдар, 1, 7% ақуызды заттар, 2, 0% минералды заттар бар [12, 13] .
100 гр фаршталған бұрышта мг есебімен алғанда С дәрумені 22%, каротин 9, 9%, В 1 дәрумені 0, 17%, кальций 62%, фосфор 47%, темір 18%, калий 17, 3%, магний 33% құрайды.
100 гр фаршталған бұрышта 104 калория бар [14] .
Картоп - азықтық, тағамдық және техникалық мақсаттарға пайдалану үшін егілетін бағалы ауыл шаруашылық дақылы. Картоп түйнектері - крахмал, ақуыз, дәрумендер, амин қышқылдарына және басқа да көптеген минералдық қоректік заттарға өте бай. Құрамындағы пайдалы қоректік заттардың мол болуы өте пайдалы тағам ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады [15, 16] .
Жабайы картоп осыдан 13 мың жыл бұрын Оңтүстік Американың Чили жағалауында өскен деген мағлұмат бар, яғни жер шарындағы ауыл шаруашылығының дамуынан бұрын өскен. 7 мың жыл бұрын Анд тауының маңында мекен еткен оңтүстік американдық халықтар еккен.
Оңтүстік Америкадан картопты осыдан 400 жыл бұрын Испанияға алып келген. Ал Ресейге ұлы Петрдің басшылық еткен жылдары алып келінген және одан әрі дамыған. Ал Америкаға картоп Еуропадан әкелінген. Әлемде әр жыл сайын 100 млрд АҚШ доллар есебінен каптоп егіледі. Оның түйнегінде жұмыртқаның ақуызының құнарындай болатын 15-тен 30 %-ға дейінгі құрғақ заттар болады.
Адам ағзасына крахмалмен бірге түсетін көмірсулар энергия көзі болып табылады. Картоп протеины алмастырылмайтын амин қышқылымен қамтамасыз етеді.
Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі. Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады[17] .
Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын С дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен басқа адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В дәрумені жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР, жэне К дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді.
Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар картоп шырыны өте құнды болып табылады.
Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар құнды элементтермен: кальциимен, темірмен, иодпен, күкіртпен қамтамасыз етеді.
Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан, қан аздықтан, гастриттен қорғайды [18, 19] .
Картоп - көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді, нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді. Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде қолданылады.
Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және әртүрлі картон шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады.
Картоппен шұғылданатын елдерде қазіргі кезде ақ түйнектің орташа өнімділігі 300ц/га болады, ал оңтүстік Қазақстан облысында 50-60ц/га-дан аспайды. Өнімнің бұл сияқты төмен болуы оңтүстік Қазақстанның климаттық жағдайына және ең негізгі себебі, өзімізден шығатын картоп тұқымының болмауы, және картоп тиімді сорттары жоқ, карантиндік объектілерге шыдамды.
Халыққа - тағам, малға - азық, өнеркәсіпке - шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласын егіншілік дейміз. Егіншілікке егін егу, көкөніс, тамыр-түйнекті жемістер (ақ түйнек т. б. ), тағы басқалар жатады. Егіншіліктің басты мақсаты-жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын тұрақты, сапалы, мол өнімді алуды қамтамасыз ету [20, 21] .
Француздың табиғат зерттеушілері 1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір айтты. Ол ақ түйнекті аса маңызды тағамдық және малазықтық дақылдар қатарына жатқызды. Картоп қоректік элементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Картоп фосфорды вегетациялық дәуірінде үздіксіз сіңіреді, әсіресе оның өсу кезеңінің екінші жартысына қолдану түйнектің түзілуін тездетеді. Калий әсері түйнек салу кезеңінде басталады,
Биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде ежелден қолданылып келе жатқан тәсілдерді (будандастыру, мутагенез, сұрыптау т. б. ) едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Екіншіден, керемет зор нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктер тууына жол ашты. Бұлар биоинженерия (клеткалық инженерия, гендік инженерия) принциптері негізінде бұрынды - соңды дүниеде болмаған, тұп - тұқияннан қалыптасқан қасиеттерді тіпті қиялға симастай етіп өзгертіп, жаңа организмдерді конструкциялау, «жасап шығару». Осындай биотехнологиялық жолдармен өсімдіктердің сапалы сорттарынан аса өнімді штамдары алынады. Мысалы, ОҚО «Тассай» ҒЗО ақ түйнектің зор, сапалы түрлері шығарылып жатыр.
Картоптың құрамындағы in vitro жағдайында өскен клеткалар экономикалық құны бар зат шығаруда [23, 24] .
XIX-шы ғасырдың аяғында өсімдіктердің бөлшектері мен жеке дара мүшелерін алғашқы өсіре бастаған неміс ғалымдары еді. Ақ түйнектерді, тамырлар мен сабақтардың кесінділерін дымқыл құмда өсіруге тырысты. Кейбір тәжірибелерде клеткалар бөліну арқылы каллустар пайда болған. Бірақ каллустардың қоректенуі қамтамасыз етілмеген соң олар әрі қарай өсе алмаған, кейін шіріп кеткен.
1902 жылы картоптың құрамында крахмал, пептон және т. б. заттар бар екені анықтылған. Картоптың құрамындағы клеткаларды зерттей келе осындай тұжырымд пайда болды [25, 26] .
Картоп вирусы жоқ көшет материалын алу технологиясы түйнектерді жылумен өңдеуден басталады. Көпшілік мақұлдаған гипотеза бойынша вирустың 34-40 градус температурада көбеюінің тежелуі зат алмасудың өзгеруімен байланысты. Түйнектерді вирустың түріне қарай 7 күннен 7 аптаға дейін жылына өңдейді [27, 28] .
Қазіргі таңда ғалымдар картоптың құрамына көптеген зерттеулер жүргізіп оның құрамына иммуноферменттік анализ жасап көрді. Қаншама вирустарға төтеп беретінін анықтап жатыр.
Қолайлы жағдайларда бір сортты сауықтыру үшін 40 меристеманы бөліп алу жеткілікті, сонда in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың түйнек алуға болады. Теплица жағдайында өсіп көбейген өсімдіктер суперэлитаны құрайды, оларды бөлек ұстап кейін арнайы көбейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz