Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№110 мектеп-гимназия



Тақырыбы:
Қабдеш Жұмаділов прозасындағы ұлттық сарын

Бағыты:
Секциясы:

Орындаған: оқушының аты-жөні
7-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Мұғалімнің аты-жөні
санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы, 2018 ж
№110 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Оқушының аты-жөні Қабдеш Жұмаділов прозасындағы ұлттық сарын тақырыбындағы ғылыми жобасына

П і к і р
Әдебиет секциясына ұсынылып отырған Қабдеш Жұмаділов прозасындағы ұлттық сарын тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысында жазушының бірқатар шағын және көлемді шығармалары қамтылған. Зерттеуші сол шығармаларды ғылыми тұрғыда жан-жақты талдап, қосымша әдебиеттерге сүйене отырып, өзіндік пікірімен қорытып отырған.
Қабдеш шығармаларының тәрбиелік мәні деп аталатын алғашқы бөлімде жазушының адамшылыққа, жақсылыққа, парасаттылыққа үндейтін бірнеше әңгімесі таңдап алынып, әрқайсысының оқырманға берер пайдасы, тәрбиелік мәні өте жақсы сараланған. Оқушының өз ойын ашық жеткізіп отырғаны қуантады.
Ұлттық дәстүр, ұлттық рух, салт-сана мәселелері туралы сөз болған келесі бөлім нақтылығымен, сонымен бірге этнографиялық мәліметтердің көптеп қамтылуымен ерекше. Зерттеуші Қабдеш романдарындағы ұлттық құндылықтарды анықтап қана қоймай, бізді сол құндылықтарымыздың құнын жоймай, атадан балаға жалғастыруға шақырады.
Ізденуші зерттеу жұмысында бірнеше теориялық еңбектерге сүйене отырып, мәліметтерді жинақтап, саралап, өз ойы мен пікірін еркін білдіріп отырған.

Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің
әңгімелері мен романдарындағы оқырманға берер тәрбие мен қазақ халқының ұлттық бейнесін танытатын құндылықтарды тауып, дәріптеу
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Қабдештің қай шығармасында болмасын ұлттық сарын менмұндалап, айқын көрініп тұрады. Одан жазушының халқының этнографиясын, тарихын, мәдениетін жете білетін ұлтжанды азамат екені аңғарылады
Жұмыстың орындалу әдістері:
Соңғы көш, Тағдыр, Дарабоз романдары өзара салыстырылды. Бұлардағы ұлттық құндылықтардан хабар беретін сюжеттер мен эпизодтар талданды
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
Б.Майтанов, Н.Жұмаділова, З.Қабдолов, т.б ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық ұғымдар мен материалдар пайдаланылды
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Романдардағы салт-дәстүр, ойын түрлері, ұлттық киім, ас-тағам атауларының қазіргі заманда кездесу-кездеспеу жайы, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту туралы сауалнамалар жүргізілді
Зерттеу жаңалығы мен дербестігі:
Автор қазақ халқының, қанша жыл бодандықта, отарлық езгіде жүрсе де, ұлттық болмысын, рухани дүниесін жоғалтпағандығын көрсетуге тырысқан
Қорытынды:
Ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананы танытуда автордың негізгі идеясы жүзеге асқан. Ол - бар болмысымен ұлттық жазушы


Аннотация
Цель исследования:
Находить и перевознести ценности отражающий национальный имидж казахского народа в рассказах и романах писателя Кабдеша Жумадилова.
Научный прогноз исследования:
В каждом произведении Кабдеша ясно видна
его национальная идентичность,
показывающий его как патриот, знающий
этнографию, историю, культуру своего народа.
Методы выполнения работ:
Были сопоставлены романы Соңғы көш,
Тағдыр, Дарабоз. Проанализированы
сюжеты и эпизоды, повествующие народную
ценность.
Теоретическая значимость исследования:
Были использованы теоритические концепции и материалы в работах Б.Маитанова, Н.Жумадилова, З.Кабдолова и других.
Практическое значение исследования:
Были проведены опросы насчет возраждения нынче забываемых нами традиц, игр, национальных костюмов в романах, и встречаются ли название некоторых блюд в наше время.
Научная новизна:
Автор пытался показать, что казахский народ не терял свою национальную самобытность, и духовный мир, вопреки тому, что он долгое время находился в колониальных завоеваниях.
Вывод:
Автор достиг своей главной цели показать национальный характер, национальную психологию, и национальное сознание. Он - со всей своей самобытностью национальный писатель.
Abstract
The purpose of the study:
Finding and promoting values that reflect the national image of the Kazakh people and the education of writer Kabdesh Zhumadilov in stories and novels in the novel
The scientific outlook of the study:
In every composition of the Kabdesh, the national identity is evident. We understand that he is a great writer who knows the ethnography, history and culture.
Methods of work performed:
The novels "Last Maneuver", "Destiny" and "Daraboz" were compared. The stories and episodes of national values were analyzed.
Explore theoretical value:
We used the theoretical concepts and materials in the works of B.Maitanov, N. Zhumadilova, Z. Kabdolov and others
Explore practical value:
There were surveys on traditions, games, national costumes, food dishes in modern times, revivalist traditions.
Isolation of news research:
The author tried to show how many years the Kazakh people did not lose their national identity and spiritual world, even in colonial aggression.
Conclusion:
The main idea of the author is to represent national character, national psychology, national consciousness. It is a national writer with all its existence.

Жоспар

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қабдеш Жұмаділов әңгімелеріндегі қазақы тәрбие
2 Жазушы шығармаларындағы ұлттық сарын
2.1 Тағдыр романындағы ұлттық рух
2.2 Дарабоз романындағы тарихи тұлғалар бейнесі
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Алғашқы қадамын поэзиядан бастап, шағын жанр арқылы романға келген Қ.Жұмаділов - қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны Қара сөздің Қабдеші, тағдыры бөлек тарланбоз, тағдырлы тұлға деп атаған замандастарының осы бағалауларында тұтас қазақ халқының көзқарасы, танымы жатқандай.
Көркем әдебиет саласында ерен еңбек етіп, кесек туындыларды дүниеге әкелген жазушының шығармаларына ден қою арқылы оның сөз өнері тарихындағы орын-үлесін айқындауға болады.
Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында дүниеге келеді. Ұлт рухы шайқалмаған қасиетті топырақта өсіп, көшпелі өмірдің тыныс-тіршілігін көрген сергек бала Шәуешек гимназиясында Алаш қозғалысының белгілі өкілі Тұрсын Мұстафин, Уфадағы Медресе Ғалияның түлегі Исам Бадин сияқты терең білімді, ұлтжанды, талантты ұстаздардан дәріс алады. Алғашқы әңгімесі Шұғыла журналында жарық көреді. Суреткердің Саржайлау, Сәйгүліктер, Бір қаланың тұрғындары, Бір түп тораңғы повестері мен Қаздар қайтып барады, Құзғынның өлімі, Ит базары, Зауал әңгімелері, Атамекен, Соңғы көш, Тағдыр, Дарабоз, Промотей алауы романдары, Таңғажайып дүние атты ғұмырнамалық (мемуарлық) романы - көпшілікке танымал болған, қазақ әдебиетінің алтын қорына айналған туындалар.
Қаламгер шығармашылығынан мені ерекше қызықтырғаны - оның көтерген мәселелерінің, таңдаған тақырыбының сонылығы. Қабдеш Жұмаділов өзі туып өскен жері - Қытай жеріндегі Шығыс Түркістанның тарихын зерттеп, оны көркем дүниеге айналдыруды өзіне мақсат еткен. Бұл өлкенің тарихы оның Тағдыр, Соңғы көш, Атамекен, Таңғажайып дүние романдарына арқау болды. Сонымен қатар, жазушыны бәрінен да қатты алаңдатқан мәселе - екі алып империя - Ресей мен Қытай арасындағы шекара бөлінісінен кейін өзге елде қалып кеткен қазақ бауырларының жай-күйі.
Төл әдебиетімізде қай туынды болмасын ұлттық нақышымен, өзіндік үнімен, келбетімен ғана әлем әдебиетімен иық тірестіре алатыны белгілі. Қ.Жұмаділов шығармаларына тән сипат - өмірді, қоғамды, адамды ұлттық пайым-парасат, болмыс, рух тұрғысынан тануы. Сондықтан да біз автордың көркем шығармаларын осы сипатпен тығыз байланыста алып қарастырмақпыз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Өмір қандай күрделі болса, әдебиеттегі көркемдік ізденістер де әр алуан. Өмірдегі сан түрлі оқиғаларды қамтуы, мінездерді мүсіндеуі, айтар ойларының сонылығы, көтерген идеялары мен тақырыптарының мәнділігі жағынан Қабдеш Жұмаділов әңгімелері қазақ әдебиетінің биік жетістіктерінің бірі деуімізге әбден болады.
Жазушы әр шығармасында барынша тың тақырыпты көтеріп отырған. Соның ішінде шоқтығы биігі - әрине, туған жер мәселесі екендігі мәлім. Қаздар қайтып барады әңгімесінен бастап, көлемді романдарына дейін жалғасын тапқан осы тақырып оқырманды ерекше сезім мен әсерге бөлеп қана қоймай, атамекенді қастерлеуге, туған жерді сүюге тәрбиелері хақ. [8. 7б]
Жазушының кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге, туған жерің мен еліңнің қасиетін тануға, мақтан етуге шақыратын шығармасы - Қаздар қайтып барады әңгімесі. Бұл әңгімеде Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара астыртып, жолда көрген қиындықтарына төзе отырып, алып келгені бір-нәрсе - ол туған жерге, туған топыраққа деген сүйіспеншілік екенін көрсетеді.
Қазақ әдебиетінде қаһармандары жан-жануарлар болып келетін, бірақ адам, адамгершілікке қатысты проблемаларды суреттеген шығармалар қатары қаншама. Мысалы, М.Мағауиннің Тазының өлімі, Ә.Кекілбаевтің Бәйгеторысы, О.Бөкейдің Бурасы, Кербұғысы, т.б. Бұлардың бәрінде жан-жануарлар бейнеленгенімен, олардың астарында адамдардың мінез-құлықтары жатыр. Қабдеш Жұмаділовтің осындай шығармаларының бірі - Құзғынның өлімі.
Әңгіме сібірлеп атып келе жатқан таңның суретін бедерлеуден басталады. Әрі қарай ұя жартастың үстінде қонақтап отырған кәрі құзғынды көресіз. Автор құзғынның көзімен қазақ даласының өткені мен бүгініне үңіледі. Құзғын мен қыранның қасиеттерін салмақтайды. Және бұл қасиеттерді құзғынның көзімен, санасымен саралайды. Қырандық қасиет пен құзғындық тексіздікті автор таразының екі басына қояды. Құзғынның өзі қыранның асқақтығының, тәкаппарлығының, тектілігінің, кірпияз тазалығының (өлексеге тұмсығын былғамайды) алдында бас иеді.
Кірпияз қыран балдырлы, батпақты жердегі үйрекке түсіп, зипа бойын кірлеткісі келмейтін болар, қашанда құстарды ұшырып жіберіп, аспанда айқасқанды ұнатады. [5. 52 б]
Әңгімедегі әсерлі сурет - құзғындардың есектің жемтігін жәукемдеп жатқан сәті. Қарақұс, тазқара, ақбас құмай, құзғындар алғашқыда өзгеден гөрі өздерінің үлесінің майлы болғанын қалап, өзара біріне бірі көз алартысып кіріссе де, мол дүниеге кенелген соң артынша тойғандарын сезіп, шүкірлік етеді. Бұл тірі тышқанның мұрнын қаната алмас, бірақ дайын ас пен жемтікке үйір құзғындық сананың көрінісі еді. Ал көк серісі қыран бүркіттің іс-әрекеті бұдан мүлдем өзгеше. Ондағы тектілік, паңдық, құзғынның өзін Па шіркін, нағыз тастүлектің өзі екен-ау дегізіп, тәнті етеді.
Құзғынның өзегін өртеп, іштей қызғанышын туғызып тұрған - қыранның сырт тұлғасы, ерекше паң бітімі. Қос қанаты жайған керегедей, қауырсын қияқтары сом жаратылған. Үшкілдене біткен қос шалғысы - қыпшақы қылыштай. Бәрінен де көк мұхитын қақ жарып отыратын болат топшыны айтпайсың ба?! Аңға құйылып түскенде, зуылдап жел соқтыратын тұп-тұтас сүмбіле дене. Кешкіл бас, орақ тұмсық... Көк құрыштай салалы сегіз найза ап-анық көрініп тұр. Қыранның қаһарлы қаруы осы найзалар [5.59 б]
Әңгімеде қыран мен шошқаның арпалысын айызы қана тамашалаған құзғын ақыры қапыда болған қыран қазасына куә болады. Ол шошқа иесінің мылтығынан қаза болады. Құс патшасы қырансыз қалған аспан әлемі дәл осы сәтте жетім қалғандай күй кешеді.
Бұл әңгіме арқылы автордың айтайын деген ойы - құзғындық ғұмыр кешіп мың жасағанша, адал өмір сүріп, қыранша өле білу. Жазушы оқырманға қыран бойындағы ең асыл қасиеттерді: өлексеге жақындамайтын тазалығын, өз нанын өзі адал тауып жейтін еңбекқорлығын, жауымен айқас үстінде ерлікпен қаза табатын жанкештілігін үлгі етеді. Өмірдегі адамдардың бойында да сондай қасиеттердің болғанын қалайды, ал құзғын бейнесі арқылы жауыз, біреудің тапқанымен күн көретін, өзінің қолынан ештеңе келмесе де, дайын асқа тік қасық болуды жақсы көретін адамдарды сынайды.
Қыранның тұлғасы Қабдештің басқа шығармаларында да дараланып көрінеді. Мысалы Тағдыр романында автор Демежанды қыранға теңейді: Ақ иық қыран аюмен, не қасқырмен айқас үстінде қапыда қанаты қайырылып, қансырап жатқанда, жарымес жапалақтар мен талапсыз тазқаралар, құлқыны жаман құзғын мен күншіл күшігендер осылай айнала қоршап, тасқа қонып отырар еді... Мұны аяған, мүсіркеген, табалаған көп көздер Демежанның өңмеңінен өтіп кете жаздады. [6.305 б]
Автордың шығармашылығында дін қашанда адамгершіліктің, ізгіліктің, имандылықтың, тәрбиенің негізгі тірегі ретінде көрінеді. Құдайдың үйі әңгімесіндегі ауылда мешіт салған мұғалім Әкпар - хақ жолына түсіп, құдай жолын ұстанған діндар ата-бабаларының тәрбиесін көрген жан. Мешітті салып біткен соң, имамдық куәлік алу кезіндегі Әкпарға көрсеткен мүфтидің теріс қылықтары - мешітті халықты құдай жолына бастайтын құлшылық мекені емес, табыс табатын кәсіпорынға айналдырған дін иелерінің азғын бейнесін ашатын оқиға. Автор бұл әңгімесі арқылы оқырманын бар жақсылықтың бастауы - имандылыққа тәрбиелейді. Ізгілік пен адамшылыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа негіз болған дін ордасы - мешіттің мерейін үстем етеді. Әкпар - ар-ожданы таза, абыройлы, ақыл-ойы терең адам. [5.196 б]
2. Жазушы романдарындағы ұлттық сарын
2.1. Тағдыр романындағы ұлттық рух
Қабдеш Жұмаділов романдары күшті характерлерімен, сюжеттік-композициялық бітімімен дараланады. Сондай ерекше туындыларының бірі - Тағдыр романы.
Тағдыр романына арқау болған - Еженхан мен Ақпатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселелері, шекара бөлінгеннен кейінгі халық тағдыры. Романда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы уақыт қамтылған. Роман сюжетіне арқау болған оқиға - Ресей мен Қытай сияқты екі империяның ортасында өмір сүрген аз санды қазақ елінің ауыр тағдыры. Екі мемлекет арасындағы шекара бөлісу мәселесі романның Жол торабы бөлімінде ғана көрініс тапқан. Қалған бөлімдерінде осы оқиғадан кейінгі ел ішіндегі жағдай, шекара бөлінісінің қазақ еліндегі ел басқару жүйесіне әсері, соған қатысты қоғамда болған өзгерістер, қазақ пен қытай арасындағы қарым-қатынастар, т.б мәселелер суреттелген. [8. 96 б]
Романда жазушы орталық кейіпкер ретінде Демежан деген қазақ жігітін бейнелей отырып, ол өмір сүріп отырған қоғамды, әлеуметтік ортаны, қазақ халқына тән барлық қадір-қасиеттерді, халықтың шаруашылығы мен кәсібін, мәдениетін, барлық ұлттық болмысын топтастырған. Сол арқылы жазушының өз халқын сүйген нағыз ұлтжанды азамат екендігі аңғарылады. Бұл туралы жазушының шығармашылығын зерттеп жүрген әдебиетші Шерияздан Елеукенов: Тағдыр ұлт жанды қаһарманды биік өреге көтерген роман. Ол - қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. Тағдырды оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің - деп баға береді. [4. 86 б]
Шынында да, бұл шығармада ұлттық сарын, қазақы қадір-қасиет менмұндалап, ерекше көзге түседі. Автор қазақ халқының ұлттық болмысын шығармадағы кейіпкерлердің ұстанған салт-дәстүрлерімен, ұлттық ғұрыптарымен, киім киістерімен, ас-тағамдарымен байланыстыра отырып аша түседі. Бір сөзбен айтқанда, бодандық қамытын кисе де, халқының ұлттық болмысын, рухани дүниесін жоғалтпағандығын көрсетеді.
Романның композициясындағы ерекше әсермен суреттелген эпизод - Мәмбет елінің адамы Отыншы бидің асы. Қазақта өлген адамға арнап ас беру - ертеден келе жатқан дәстүр. Ас беру, біріншіден, өлген адамның аруағына деген құрмет болса, екіншіден, елдің елдігін танытатын құбылыс. Осы эпизодта халқымыздың салт-дәстүрі, наным-сенімі, рухани болмысы кеңінен ашылған. Ұлттық колоритті күшейтіп тұрған да осы детальдар. Ас пен тойға бару дегеніңіз - ет жеп, қымыз ішіп қайту емес, ел көру, жер көру, жұрт тану болмақ... Осы бастан сөздерін тыңдап, көмейін көріп таныса бер... Ертең сенің алысатын да, аңдысатын да адамдарың солар болады - деген Керімбай сөзі Демежанға үлкен ой салады.[6. 201 б] Бұл асқа әр рудың бетке ұстарлары жиналған. Ас үстіндегі ел ақсақалдарының өзін өзі ұстау, сөйлеу мәнері, жоқтау айту, ат шабысы, жорға жарысы, жамбы ату, палуандар күресі, т.б ұлттық салт-дәстүрлер романда өзінің өрнегін тапқан. Алғашқы кезде асқа жиналғандар әр жерде өтіп жатқан жамбы ілу, жорға жарысы секілді шағын қызықтарды тамашалап тұрды да, біраздан соң жұрт назары түгелімен палуандар күресіне қарай ауып кетті деген жолдардан қазақта палуандар күресінің қаншалықты маңызды екенін аңғарамыз. Жазушы осы эпизодты суреттей отырып, жауырыны жерге тимеген апайтөс батырларымызбен таныстырып өтеді: Керейдің намысын қорғайтын - өз елінде түйе палуан атанған белгілі дәу - Қараш еді. Ол туралы да жігіттің аруағын асыра түсетін алыпқашты талай аңыздар бар. Қараштың сазға батып қалған тайлақты өркешінен тартып суырып алғаны, өзіне қарай ұмтылған сүзеген бұқаны мүйізінен бұрап, омыртқасын үзіп жібергені туралы талай дақпырт тараған. Сондықтан мына тұрған жұрт оның белдесуі түгіл, жай түрін көрудің өзіне құштар еді... [6. 49 б]
Қазақтың игі жақсылары жиналған осы аста Отыншы бидің қыз-келіндерінен құралған әйелдер жағы ас беріліп жатқан адамға арнап бүйірлерін таянып, мұңды сарынмен соңғы рет жоқтау айтады:
Тобышақтың құлыны,
Торқалы көшке жанасқан,
Түзу жолға салатын,
Талайсыз жұртты адасқан.
Ақылмен айтқан кеңесін
Ақ жамбыға баласқан,
Дүнгендер майдан ашқанда,
Ел қайтқанда Манастан...
Атакемнен айырылып,
Басқа бір төнді-ау қара аспан! [6. 77 б]
- деп аяқтайды. Шығарманың ұлттық бояуын қанықтырып тұрған детальдардың бірі - осы көрініс.
Романда қазақтың келін түсіру, қыз айттыруларына байланысты көрінген суреттер де бар. Мұндай эпизодтарда қазақ елінің тұрмыс-салттық, әдет-ғұрыптық көзқарастары мол көрініс тапқан. Әсіресе, үйлену тойына байланысты қыз ұзату, ұрын бару, есік көру, беташар, киіт кигізу, т.б әдет-ғұрыптар жан-жақты бейнеленген. Сымайыл зәңгінің (болыс) ұлы Күдерінің үйлену тойы суреттелген беттерден жазушының рухани дүниесін, шығармашылық даралық бейнесін, дарын-талантын көреміз.
Ұзатылған қыздың өз жұртына төркіндеп бару салтының бейнеленуі де жазушының өз халқының дәстүр-салтын жете білетін көрегендігін аңғартқандай. Қазақ салтында тұңғыш төркіндеген келінге күйеуі ілесіп бармайды. Мұндайда келіншектің қасына қайын іні, қайын сіңілі, абысын-ажын секілді жол серіктері ғана ілеседі. Жат жұртқа келіп бір-екі жылдай желек астында қысылып-қымтырылып тіршілік еткен қыз сорлыға берілетін бостандықтың бұл да бір түрі еді. Керімбай ауылына келін болып түскен Бибінің алғаш төркіндеуі осылай суреттеледі.
Қазақтың қонақ күтуге қатысты ырым-жырымдары өз алдына бөлек әңгіме. Мәселен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.Жұмаділовтің романдарының тарихилығы
Әдебиетте әңгіме жанрының оқыту маңызы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
М. Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі
Әбіш Кекілбаев әңгімесіндегі адами қасиеттер
Пәндер