Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пәні: Діни-саяси экстремизм: бастаулары және мәні
Тақырып: Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы
Мамандығы: 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Тобы: ВТк-18-1
Орындаған: Шалхар Нүрила
Тексерген: аға-оқытушы Касиенова К.М.

___________ _______________ _____ _____________2019ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2019

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
2. Экстремизммен, терроризммен күрес туралы Конвенция ... ... ... ... ... ... .. ... ... 7
3. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

4. Терроризммен күрес бойынша ынтымақтастық мәселелерін реттейтін
Қазақстан Республикасының үкіметаралық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

5.Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Кіріспе
Қазіргі уақытта адамзатқа көптеген мәселелерді шешуге тура келуде, солардың бірі қылмыстылықтың түрі болып саналатын терроризм мен экстремизм болып табылады. Аса көрнекті саясаткерлердің бірі айтқандай, ХХІ ғасырда барлық өркениет деңгейіндегі азаматтардың қауіпсіздігіне терроризм негізгі қауіп тудырады. Терроризм - қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыдан ғана өзекті қылмыстардың бірі болып саналмай, сонымен қатар әлеуметтік те мәселе болып көрініп отыр. Экстремизм деген терминнің өзі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді. Экстремизм қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығаратын құбылыс ретінде анықталады. Осындай кері әрекеттерді жақтап, теріс көзқарастарды қолданғандар экстремистер болып табылады. Экстремизм бірте - бірте күш жинап террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады.
Терроризм басқа уақыттармен салыстырғанда үнемі даму үстінде болатындығын, бұрын белгілі болмаған әдістер мен нысандарда жасалатындығын көрсетуде. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде.
Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін де немесе белілі бір аумақтар бойынша қарқын алып, жазықсыз адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақытылығына қауіп төндіріп отыр. Сондықтан елдердің тұрақты дамуына, оның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған мұндай әрекеттерге Жер беті болып күресу қажет. Себебі бұл мәселелер әлемдік дәрежеде. Террористтерден, экстремисттерден туатын қауіп-қатерді алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілуі керек.

1. Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық - бұл қылмыстың алдын алу, оны мен күресу және қылмыскерлерді ұстау аясындағы мемлекеттермен және халықаралық байланыстардың басқа да қатысушыларының арнайы қызметі. Осы ынтымақтастық көлемі мен негізгі бағыттары, нысаны қылмыстық қоғамдағы нақты құбылыс ретіндегі, ең бастысы - мемлекеттің қылмыс пен күресудегі ұлттық саясаттың мазмұны мен ерекшеліктерімен анықталады, мемлекеттің қылмыс пен күресудегі теориясы мен практикасы оның қылмыс пен күресу бойынша, қылмыстың алдын алу бойынша және қылмыскерлерді ұстау бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелеріндегі оның позициясына елеулі ықпал етеді. Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық - бұл халықаралық ынтымақтастықтың ең кең көлемді бөлігі.
2001 ж. 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған ылаңкестік әрекеттен соң БҰҰ мен аймақтық ұйымдар ылаңкестіктерге қарсы бірігіп күрес жүргізуге кірісті. БҰҰ бейбітшілікті қолдайды және қауіпсіздікті және басқа елдермен бірге қызмет етеді.
БҰҰ негізгі қызметі, жарлықтағы келісілген бойынша жер бетінде бейбітшілікті қолдау және қамтамасыз ету. Сонымен қатар мемлекеттер бірге қызмет ету және т.б. бағыттарда да. Жарғыда преамбуланың атап айтқандай БҰҰ халықтары әлеуметтік прогреске және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың артуына, адам құқықтары мен бостандықтарын, нәсіліне, тіліне және діни сеніміне байланыссыз құрметтеуді мадақтау мен жетілдіруге жәрдемдесуге қол ұштарын беруге дайын екендіктері айтылған. БҰҰ барлық мүшелері бірлескен жеке дара әрекеттер қабылдауға міндетті.
БҰҰ барлық мүшелері бірге өзіндік шешім қабылдауға міндетті. Осындай бірлестіктің бірі қылмысты алдын алу ескерту тәжірибесімен алмасу, онымен күресу. Бұл сфера - 20 ж. I жар. таратылған Халықаралық Қылмыстық және Петенционарлық Комиссия - ХҚПК (1872 жылы құрылған) бастаған, оның функциясын БҰҰ өзіне қабылдаған, БҰҰ органдарының салыстырмалы түрдегі жаңа қызметі болып табылады.
Қазіргі уақытта халықаралық ынтымақтастық қылмысты алдын ала ескерту және онымен күрес және заңды бұзғандарды ұстау, онымен қоса заң бұзушылық екі жақты өтеді, ол регионалды және универсиалды дәрежеде өтеді. Бұл бірлестік мүмкін мемлекеттер арасындағы қарама-қайшы қоғамдық құрылыс пен мемлекет арасындағы бір типті құрылысты жүзеге асырады. Бірлестіктердің негізгі бағыттары:
қылмыскерді ұстау және оған қылмыстық іске байланысты құқықтық көмек көрсету;
ұлттық ғылыми ақпаратпен және практикалық тәжірибемен алмасу, проблеманы және жүргізіліп жатқан істі талдау;
мемлекеттерге қылмыспен күреске кәсіпқой дәрежеде көмек көрсету;
қылмыс пен күрес келісім-шартына кординация, ол бірнеше елдерге қатысты.
Халықаралық ынтымақтастық та қылмыс пен күрес екі формада жүзеге асырылады: халықаралық органдар және ұйымдар аясында және халықаралық келісім негізінде іске асалы. Жаңа мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, КСРО құлаған кезде немесе өмір сүруін тоқтатқан кезде пайда болды және оның бірыңғай қорғаныс жүйесі. Сондықтан, жаңа тәуелсіз мемлекеттер бірінші жылдары ең керек келісім шарттарға отырды. 1992 жылғы өтпелі кезеңге сәйкес Біріккен Қарулы Күштер келісім шарты жасалды, келісім Қауіпсіздік кеңесін және т.б. туралы жазылған. Бұл келісімде қоғамның қауіпсіздігі ерекше қаралған, басқыншылық жағдайда өзара көмек көрсетуге міндетті және заңды көмекпен және азаматтарға, жанұя арасындағы құқықтық қатынаста қылмыстық істе Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Россия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина Конвенцияда көрсетілген мәселелерге қол қойды.
Құқықтық көмек туралы келісім екі жақты мінез-құлық және топтық мінез-құлықта болады. Сонымен қатар, ынтымақтастық бұл аймақта БҰҰ көңілін аударды. 1990 жылы Жоғарғы Ассамблея қылмыстық іс туралы өзара көмек көрсету келісіміне рұқсат етті. Ең басты назар аударатын сұраныстың орындалуына, сақталған құжатты алуға, түрмедегі жатқан адамға және тағы басқа адамдар айғақты алу мақсатында, басқаға құжатты тапсыруға, тінтуге және рұқсатсыз ұстауға көмек көрсетуден бас тартады.

2. Экстремизммен, терроризммен күрес туралы Конвенция
Қазіргі кезде терроризмнің мемлекетаралық сипат алуына байланысты терроризммен және экстремизммен күрес те мемлекеттердің бірлесе қимыл жасауын талап етеді.
Антитеррорлық ынтымақтастық бойынша әлемдік қауымдастықтың бірлесуінің құқықтық негізін алдымен БҰҰ-мен қабылданылған террорлық сипаттағы қылмыстардың жекелеген түрлерімен күрес бойынша халықаралық конвенциялар, оның азаматтық авиацияны халықаралық ұйымдастыру, халықаралық теңіз ұйымы, атом энергиясының халықаралық агенствосы (МАГАТЭ) сияқты мамандандырылған ұйымдары, сонымен қатар мемлекетаралық шарттар құрайды. Қазақстан БҰҰ-ның терроризммен күрес бойынша барлық 13 конвенцияларына қосылды. Ол конвенциялардың қатарына мыналар жатады:
1. Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және басқа да актілер туралы 1963 жылы 14 қыркүйектегі Токио конвенциясы. Онда мыналар анықталған:
-әуе кемесінің бортында жасалған қылмыстармен өзге де актілерге қатысты әуе кемесін тіркеудің мемлекеттік юрисдикциясы;
- әуе кемесінің бортында жасалған қылмыс және өзге актілер бойынша кеме командирінің өкілеттігі, әуе кемесін басып алған жағдайда Конвенция мүшесінің жасайтын әрекеттері;
- әуе кемелерінде қылмыс және өзге актілер орын алғанда мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері.
2. Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес бойынша 1970 жыл 16 желтоқсандағы Гаага Конвенциясы. Онда мыналар нақтыланған:
- әуе кемесін басып алумен байланысты қылмыс жасаған адамдарға қатысты және осындай жағдайлардың алдын алу үшін мемлекеттің құқықтары мен міндеттері;
- әуе кемесінде қылмыс және өзге актілер жасалған жағдайда азаматтарға қатысты мемлекет араларында дау туындағанда оны шешу;
3. Азаматтық авиациялардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес бойынша 1971 жылы 23 қыркүйектегі Монерал Конвенциясы. Онда мыналар анықталған:
- азаматтық авиациялардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған актілерді қылмыс ретінде анықтау;
-осындай актілер кеме бортында, олардың территориясында немесе осы мемлекетте тіркелген әуе кемесіне қатысты жасалғанда мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
- осындай қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын дауларды шешу және т.б.
4. 1988 жылы 24 ақпанда Монералда қабылданылған азаматтық авиацияның қауіпсіздігіе қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуе жайлардағы заңсыз зорлық-зомбылық актілерімен күрес туралы Протокол.
5. 1973 жылы 14 желтоқсандағы халықаралық қорғаудағы адамдарға, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстардың және жазалардың алдын алу туралы Конвенция. Онда мыналар анықталған:
- халықаралық қорғауға жататын адамдар;
- оларға қарсы қылмыстар жасайтын адамдар;
-тікелей немесе жанама қатысты болатын қылмыстар бойынша мемлекеттердің юрисдикциясы;
- осы сияқты қылмыстардың алдын алу жұмыстары бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығы;
- қылмыскерлерді беру т.б. мәселелер.
6. 1979 жылы 18 желтоқсандағы адамдарды кепілге басып алумен күрес туралы Конвенция. Онда мыналар анықталған:
- адамдарды кепілге басып алу қылмыс ретінде анықталған;
-осы қылмыс белгілі бір мемлекет территориясында жасалғанда мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
- мемлекеттердің юрисдикциясы;
- қылмыскерлерді беру;
-даулы мәселелерді шешу т.б.
7. 1980 жылы 3 наурыздағы ядролық материалдарды физический қорғау туралы Конвенция. Онда,
- ядролық материал ұғымы нақтыланады;
-ядролық материалдарды қорғау бойынша қатысушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
- қылмыскерлерді беру тәртібі;
- мемлекетааралық дауларды шешудің тәртібі.
8. 1982 жылы 10 желтоқсандағы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы. Оның мазмұнында мыналар анықталған:
- қарақшылықтың жолын кесу бойынша ынтымақтастықтың міндеттілігі;
- қарақшылықтың анықтамасы;
-экипажы бүлік көтерген әскери кораблдермен, мемлекеттік су кемелерімен немесе мемлекеттік ұшатын аппараттармен жасалатын қарақшылық әрекеттер;
-қарақшылар кемесінің немесе қарақшылық ұшатын аппараттардың анықтамасы;
-қарақшылар кемесінің немесе қарақшылық ұшатын аппараттардың ұлтқа жататындығы сақтау немесе жоғалтуы;
- қарақшылар кемесін немесе қарақшылық ұшатын аппараттарды басып алу;
- жеткілікті негіздерсіз басып алу үшін жауаптылық;
- қарақшыларды басып алуға өкілетті болатын кемелер мен ұшатын аппараттар;
- есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз сауда-саттық;
- тінту жасауға құқық;
- ізін суытпай іздестіру құқығы.
9. 1988 жылы 10 наурыздағы теңізде жүзу қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен (әрекеттермен) күрес туралы Рим конвенциясы. Онда мыналар анықталған:
- мұндай актілер қылмыс ретінде;
-осы сияқты қылмыстар жасалғандағы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
- конвенцияға мүше мемлекет кемесі капитанының құқықтары мен міндеттері;
- қылмыскерлерді беру тәртібі;
- конвенцияға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешу тәртібі.
10.1995 жылы 26 қыркүйектегі БҰҰ қызметшілерінің және онымен байланысты қызметшілердің қауіпсіздігі туралы Конвенция. Онда мыналар анықталған:
- БҰҰ қызметшілеріне жататын адамдар;
-басып алу немесе қамауға алу қатеріне ұшыраған БҰҰ қызметкерлерін қорғау бойынша мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
-БҰҰ қызметшілеріне қарсы жасалған қылмыстарға қатысты конвенцияға мүше мемлекеттердің юрисдикциясын белгілеу;
- осы сияқты қылмыстардың алдын алу;
- мүше мемлекеттердің қылмыс және оны жасайтын қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер беруі;
- сот ісін жүргізу немесе қылмыскерлерді беруді қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б.
11. 1997 жылы 15 желтоқсандағы бомбалаушы терроризммен күрес туралы халықаралық Конвенция. Онда мыналар анықталған:
-бомбалаушы терроризмге ұшырауы мүмкін объектілер (мемлекеттік инфраструктуралар);
-бұл объектілрге жарылыс немесе өзге жолдармен жоятын адамдардың әрекеттері қылмыс ретінде;
- мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
-осындай қылмыстарды тергеумен, қылмыстық қудалаумен, қылмыскерді берумен байланысты мемлекеттердің ынтымақтастығы және т.б.
12. 1991 жылы 1 наурыздағы анықтау мақсатында пластикалық жарлғыш заттарды маркировкалау туралы Монерал конвенциясы. Онда мыналар анықталған:
- жарылғыш заттардың, маркиорвкаланатын заттардың түсінігі;
- жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстарың алдын алу бойынша мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері;
- конвенцияға мүше мемлекеттер арасында туындағын дауларды шешу және т.б.
13. 1999 жылы 9 желтоқсандағы терроризмді қаржыландрумен күрес туралы халықаралық Конвенция. Бұл конвенцияда терроризмнің ауырлығы мен олардың саны қаржыландырудың көлеміне байланысты болатындығы ескерілген және басқа құжаттарда қаржыландыру мәселесінің қарастырылмауына байланысты туындаған.Конвенцияда төмендегі жағдайлар анықталған:
- қылмыс ретінде террористік әрекеттердің жасалуы үшін құралдар беру немесе оларды жинау әрекеттері;
- Конвенцияға мүше мемлекеттердің осы сияқты қылмыстардың алдын алу бойынша құқықтары мен міндеттері;
- қылмыскерлерді беру тәртібі;
- осы қылмыстардың жасалу фактісі бойынша қылмыстық тергеу, қудалау жұмыстарындағы мемлекеттердің ынтымақтастығы;
- конвенцияға мүше мемлекеттер арасында туындағын дауларды шешу және т.б.
2001 жылғы 11 қыркүйектегі уақиғадан кейін 2001 жылы 28 қыркүйектегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қабылдаған 1373 Резолюциясы барлық мемлекеттерді терроризммен күрес жүргізу бойынша халықаралық конвенциядардың және хаттамалардың, сонымен қатар 1999 жылы 9 желтоқсандағы терроризмді қаржыландырумен күрес туралы Конвенцияның барынша жылдамырақ мүшесі болуға шақырады.
Қазақстан Республикасы да терроризммен, діни экстремистік әрекеттермен және есірткі саудасымен күреске бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың белсенді жақтаушысы болып табылады. Мұндай қауіп түрлеріне қарсы шаралар қолдану мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдарын жүктелген. Осыған байланысты осы салдағы шаралар жаһандық, аймақтық және екі жақты деңгейде жүргізіледі. Жаһандық деңгейдегі ынтымақтастық БҰҰ және ЕҚЫҰ (ОБСЕ) кқлемінде жүргізіледі.
Аумақтық күрес деңгейі ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымы көлеміне жүргізіледі.
Терроризммен күрес бойынша ынтымақтастықты реттейтін бірнеше мемлекетаралық құжаттар қабылданылды. Олардың негізгісі 2000 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасымен ратификацияланған терроризммен күрес бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы Шарт болып табылады. 2000 жылы 1 желтоқсанда ТМД қатысушы мемлекеттердің антитеррористік орталығы Минскіде құрылды.
2001 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Қытай халық республикасы, Қырғызтан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Ренспубликасы, Өзбекстан Республикасы мүше болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды. Осы мемлекеттердің қатысуымен сол күні - ақ негізгі мақсаты терроризммен, экстремизммен, сепаратизммен бірлесе күресу болып табылатын терроризммен, экстремизммен, сепаратизммен күрес туралы Ковенция қабылданылды.
Ұлттық заңдардың негізінде және халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстанда ҰҚК антитеррористік орталығымен 14 шетелдердің террористік және экстремистік ұйымдарының қызметіне тиым салынды:
1. Аль-Каеда
2. Курд ұлттық конгрессі
3. Өзбекстан ислам қозғалысы
4. Абсат-ач-Ансар
5. Мұсылман бауырлар
6. Боз гурд
7. Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты
8. Лашкар-е-Тойба
9. Әлеуметтік реформа орталығы
10. Талибан
11. АУМ Синрике
12. Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы
13. 2008 ж. 5 наурыздан бастап Ислам Түркістан пртиясына тиым салынды
14. Хизб-ут-Тахрир діни экстремистік ұйымы.

3. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
Жаңа заман құқықтануында адам құқықтары мәселелерін алдыңғы қатарға көтерілуі - рухани мәдениет пен өнегеліліктің қайта жандануының куәсі болып табылады. Бұл процесс мемлекет ішінде де, жаһан әлемдік деңгейде де саяси-экономикалық және әлеуметтік, мәдени мәселелерді айқын адамның қатысуымен шешілуі прогресімен және цивилизациялық өркендеудің мызғымас байланысы туралы идеяның кристализациялануы жөнінде жаңа саяси ойлардан туындайды.
Адам құқықтары нақты осы мәселені қамтуға бағытталған, яғни әлемдегі болып жатқан барлық оқиғалар мен әрекеттерде адамның бәсең бақылаушыдан белсенді қатысушыға айналуы болып табылады.
Соңғы жылдары арлығында көптеген ТМД мемлекеттері жергілікті, ал кейбіреулері, үлкен ауқымды өздерінің аумақтарында халықаралық терроризм күштеріне қарсы ауыр күресін жүргізуде. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру әрекеттері жергілікті деңгейде Азия мемлекеттері мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы көрініс бола алады.
2002 жылдың 4 маусымында Алматыда Азиядағы сенім шаралары мен өзара әрекеттестік жөніндегі мемлекеттер-қатысушылер басшылары отырысының бірніші саммиті өтті. Саммитке қатысушы мемлекеттердің он алты басшылары Алматы актісіне және Азиядағы сенім шараларын қалыптастыру және терроризммен күресу жөнінде декларацияға қол қойды. Саммитті ашу барысында оның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп жариялады: Азиялық қауіпсіздік институтын құру барысында Еуропаға қарағанда аса күрделі ұиындықтармен кездесу әбден мүмкін болады. Бұл азиялық мемлекеттер өз даму жолдарын еуропалықтарға қарағанда екі есе тез болғанына қарамастан АСШӨӘ шешуші мақсаты - Азиядағы қауіпсіздік пен бейбіишілікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту болып табылады. Ал оның негізі болып конфликтілі жағдайларды бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын қорғау, сауда байланыстарын күшейту болып табылады.
Отырыс қатысушылары жаппай жою қаруларын толық ликвидациялауға бағытталған барлық күштерді қолдануды уаделесті. АСШӨӘ басымдылығы болып ядролық қарусыздандыру табылады. АСШӨӘ көшбасшылары терроризмді оның барлық нысандары мен кқріністерін бірауздан сынады, сонымен қатар оны қолдау немесе үнсіз тану. Аймақтағы қауіпсіздік қатері ретінде сепаратизм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Халықаралық қылмыстық құқық
Діни экстремизм мен терроризм
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Пәндер