Трансформатордың электрлік сипаттамалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Дипломдық жұмысты (жобаларды) жасауға арналған әдістемелік нұсқау
0902000 Электрмен қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін



Ақтау қаласы, 2017 ж
Бекітілді
Маңғыстау облыстық
техникалық және кәсіптік
білім берудің оқу-
әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің
№ ___ хаттамасы
____________2017 ж.

0902000 Электрмен қамтамасыз ету(салалары бойынша) мамандығының студенттері үшін дипломдық жұмысты жасауға арналған әдістемелік нұсқау
Құрастырғандар: Утеп.А.С. - Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің арнайы пән оқытушысы; Абошев.М.Х. - Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің өндірістік оқу шебері; Жақсылықова С.Қ.- Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Пікір жазған: Ержанов К.Ш.- Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің доценті, т.ғ.к.

Бұл әдістемелік нұсқаулық 0902000 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандығының 090203 3 - Техник-электрик біліктілігі бойынша дипломдық жұмысты жазу үшін көмекші құрал болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулықта дипломдық жұмысты орындау тәртібі мен ұсынылатын әдебиет тізімі келтірілген.

Ұсынылды
Әдістемелік бірлестік
отырысының № ___ хаттамасы
________________2017 ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Дипломдық жұмыс - мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңіде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта студенттерді біліктілік жұмысын жазуға және қорғауға көмекке шақырады. Ол студент-диплом жазушының диплом жұмысының тақырыбын таңдау тәртібін анықтайды, диплом жұмысының мазмұны мен рәсімделуіне, оны дайындау кезектілігіне, құрылымына қойылатын барлық талаптарды бекітеді. Әдістемелік нұсқауда ғылыми жетекші және ғылыми кеңесші тұрғысынан студент-диплом жазушыға тақырып таңдауда, оның жұмысының барлық кезеңінде жұмысы үшін бақылауды ұйымдастыру және көмек көрсету жүйесі бейнеленген, рецензиялау және диплом жұмысын қорғау тәртібі анықталған.

3
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс студенттерді даярлаудың соңғы кезеңі және өзіндік жұмысы ретінде қарастырылады. Дипломдық жұмыс кезінде студенттің өзі алған білімдерін пайдалана отырып, белгілі бір мәселелерді шешуде инженерлік білімдерін де байыта түсуі керек. Сонымен қатар, дипломдық жұмыс кезінде студенттің қажетті ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын әрі қарай дамыта түсіреді, жобалау кезінде болатын мәселені ойдағыдай шешу үшін қажетті мәліметтерді сауатты түрде алуға үйретеді. Дипломдық жұмысты жасау кезінде жалпы инженерлік, арнайы, экономикалық, жалпы білімдік пәндер жиынтығы толымды түрде пайдаланылады.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты - студенттерге кәсіби-бейімді икемділіктің болуына жол ашу және оны дамыта түсу, қажетті ақпараттарды білуге үйрету. Дипломдық жұмыс - студенттердің негізгі және аралас пәндер бойынша алған білімдерін тереңдетуге және одан әрі нығайтуға әрекет жасайды, өздігінен жасайтын инженерлік жұмыстың қыр-сырын дамытады.
Студенттер дипломдық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Дипломдық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:
1. Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
3. Дипломдық жұмысты дайындауға жетекшілік ету
4. Дипломдық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі
5. Ақпарат көздерін іріктеу және зерделеу
6. Дипломдық жұмыстың мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
7. Дипломдық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртібі
8. Дипломдық жұмысын қорғау және бағалау тәртібі

4
1. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында бұл пәннен дипломдық жұмыс қарастырылған болса пәнді оқудың соңғы аяқталу кезеңі осы орындалатын жазбаша жұмыс болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы осы әдістемелік нұсқауда берілген тақырыптардың ішінен студенттің өз таңдауы бойынша алынады, сонымен қатар студент өзі өндірістік тәжірибеден өткен мекемеден алған тақырыптарында таңдай алады. Дипломдық жұмысқа түсіндірме қағаз, эскиздер, схемалар, кестелер, сызбалар талаптарға сай А4 форматта компьютермен басылып рәсімделеді.
Қажетті жағдайда түсіндірме қағаздың соңында дипломдық жұмыс жасауға қолданылған қосымшалар (құжаттар, акттер және т.б.).
2. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ
Оқу-өндірістік тәжірибе бөлімінің ұсыныстары бойынша, директор бұйрығымен, дипломдық жұмыстардың жетекшілері тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітеді, студенттерді дипломдық жұмыс тақырыбымен таныстырады, жұмысты аяқтау мерзімімен таныстырады, студентке негізгі қажетті әдебиеттер туралы, анықтамалық материалдар мен тақырыпқа қажетті дерек көздері туралы мағлұмат береді және дипломдық жұмыстың барлық тарауының көлемін белгілейді.
Дипломдық жұмыс тапсырмасында колледж атауы, дипломдық жұмыстың тақырыбының атауы; тақырыпты бекіткен күні; дипломдық жұмысты орындаушы студенттің тегі, аты, жөні; жазба жұмыстарға берілетін методикалық ескертулер, ұсынылған әдебиеттер тізімі; дипломдық жұмысты тексерген оқытушының тегі, аты, жөні; тапсырмада берілген және жұмыстың орындалған күні көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі тақырыпты әрбір студентке жеке бекітіп, жұмыс тапсырмасын толтырады және дипломдық жұмысты дайындауға тікелей жетекшілік жасайды. Дайын болған дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларын зерделейді; материалдың мазмұны,
5
баяндау жалғастығы, нақты материалдарды жинау, жинақтау, жүйелеу

және әдістемелік өңдеу бойынша студентке кеңес береді; студентпен бірге туындалған сұрақтарды талқылайды.
Студент белгіленген мерзімдерде жетекшіге дипломдық жұмыстың орындалған бөлімдерін табыс етіп, оның ескертпелері мен тілектеріне сәйкес уақытылы толықтыруларды енгізіп отырады.

3. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫН (ЖОСПАРЫН) ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Дипломдық жұмыстың мазмұны белгілі бір тәртіпте әзірленеді және мынадай бөлімдерден тұрады:
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім: технологиялық бөлім, конструкторлық бөлім;
- Есептеу бөлімі;
- Экономикалық бөлім;
- Еңбекті қорғау бөлімі;
- Қорытынды;
- Қосымшалар;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Уақытылы және дұрыс жасалған жоспар да, жетекшіден алған алғашқы кеңес те ұйымдастырушы фактор болып саналады, ол ақпарат көздерін дұрыс таңдауға, дипломдық жұмыстың жүйелі және жалғастықпен баяндауға септігін тигізеді. Сондықтан, студент жоспар жасауға ерекше назар аударуы қажет.
Дипломдық жұмыстың жоспарын жасағанға дейін студентке мазмұнын айқындау мақсатында аталған тақырып бойынша ақпараттардың негізгі көздерімен танысуға кеңес беріледі.
Мазмұнның әзірленген жобасын студент жетекшінің қарауына береді, егер қажет болатын болса, оны түзетіп, нақтылайды.

6
4. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ
Зерттеу тақырыбына жататын ақпарат көздерін байыпты шығармашылықпен зерделеу дипломдық жұмыстың ойдағыдай жазылуына оң ықпал етеді.
Студент ақпарат көздерін зерделеуге дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап, бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол дипломдық жұмыс үшін таңдап алынған сәйкес зерттеу пәнінің қазіргі жағдайын зерделеуі тиіс.
Зерделегенге дейін студент пәндер бойынша бағдарламаларда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы тиіс. Мәселелерді неғұрлым тереңірек зерделеу үшін отандық және шетелдік дерек көздерімен, сондай-ақ, ведомствалық нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен танысқан дұрыс.
5. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫНА ЖӘНЕ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- титул беті;
- дипломдық жұмыстың орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім: технологиялық және конструкторлық
- есептеу бөлімі;
- экономикалық бөлім;
- еңбекті қорғау бөлімі;
- қорытынды;
- қосымшалар;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Титул беті. Жұмыстың бірінші беті титул беті (үлгі бойынша), онда студент, консультант және ӨОЖ директордың орынбасарының бекіткен қолы болады (1-қосымша).
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- дипломдық жұмыс орындалған ұйымның атауы;
- жұмыстың түрі - дипломдық жұмысы (жоба);
7

- тақырыбы деген сөздің көрсетілуімен, дипломдық жұмыстың тақырыбының атауы;
- тобының нөмірі;
- мамандықтың атауы және шифрі;
- сол жағында- орындаған сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі, аты, жөні жазылады;
-бір жол төмен жетекші деп жазылады және оның тегі, аты, жөні жазылады;
- қала, жыл.
Титул беті дипломдық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.
Дипломдық жұмысқа тапсырма. Дипломдық жұмыстың екінші бетінде бастапқы материал туралы және қосымша ақпарат алу көздері көрсетілуі тиіс, студент әзірлейтін жұмыстың мазмұны, жазба жұмыстарға берілетін методикалық ескертулер, ұсынылған әдебиеттер тізімі, пән мұғалімінің тегі, аты, жөні, жұмысты орындау және тапсыру мерзімі көрсетілген тапсырма беті орналасады және тапсырманы ӨОЖ директордың орынбасары бекітеді (2-қосымша). Дипломдық жұмыстың тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз дипломдық жұмысқа тігіледі.
Мазмұны. Үшінші бетте жұмыстың мазмұны (жоспары) орналасады. Дипломдық жұмыстың мазмұнына Кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі мен дипломдық жұмыстың осы элементтері басталатын беттердің нөмірлері көрсетіледі. Дипломдық жұмыс үшінші беттен бастап нөмірленеді (3-қосымша).
Кіріспе. Дипломдық жұмыс тақырыптарының өзектілігі негізделеді, дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады. Кіріспе бөлімі 1-2 бет аралығында болуы тиіс.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде технологиялық және конструкторлық сұрақтар қарастырылады. Негізгі бөлім 25-30 бет аралығында болуы тиіс.
Мысалы, дипломдық жұмыс тақырыбы Трансформатор құрылысына қатысты дейік. Ондай жағдайда негізгі бөлім мазмұнын келесідей қарастыруға болады:

8
1.1 Технологиялық бөлімде қондырғының, желінің немесе жабдықтың құрылымы туралы жалпы сипаттама беріледі.
1.1.1 Трансформатордың құрылысы
1.1.2 Трансформатордың техникалық сипаттамалары мен олардың құралымдық ерекшеліктері
1.1.3 Трансформатордың түрлері
1.2 Конструкторлық бөлімде қондырғыны, желіні немесе жабдықты қолдану әдістері туралы жазылады.
1.2.1 Трансформатордың жүктемелік ерекшеліктері
1.2.2 Трансформаторды жалғау тәсілдері
1.2.3 Трансформаторды тексеру
Есептеу бөлімі. Есептеу бөлімінде қондырғының, желінің, құрылғының негізгі техникалық, электрлік сипаттамалары, өлшеу жұмыстарының нәтижелері жазылады.
Мысалы:
2.1. Қосалқы станциялардағы трансформаторларды таңдау
2.2. Желідегі номиналдық кернеуді таңдау
2.3. Трансформатордың электрлік сипаттамалары
Трансформаторлардың қуаты мен санын төмендету қосалқы станцияларында келесі принцип бойынша таңдалады: егер екі трансформаторлы қосалқы станция қолданса, онда трансформатордың қуаты келесі шартпен таңдалады:
Sec =PCosφ
мұндағы Р - активті жүктеме, МВт;
Cosφ- қуат коэффициенті;

7
Sтр=Sec1,4
мұндағы, Sес - толық жүктеме,
Sтр - трансформатордың қуаты МВА.

9
Қосалқы станциялардағы трансформаторлар жүктеме мен номиналды кернеу бойынша таңдалады. (1) және (2) формулаларға сәйкес үш қосалқы станция үшін трансформатор типтері таңдалады.
№1 қосалқы станция үшін
S1=1208 =150 MВА
Sтр=1501,4=105МВА
АТДЦТН - 125 трансформаторын таңдап, орналастыруға қабылдаймын. 1-кестеде №1 қосалқы станция үшін таңдалған [1 - кесте] АТДЦТН - 125000220 типті трансформатордың параметрлері көрсетілген.
1-кесте
Трансформатор типі
Sном
Реттеу шектері
Католог берілгендері

Uном.орам,кВ
Uк,%
Pк.т,
кВт
Pб.ж
кВт
I, %

ЖК
ОК
ТК
Ж-О
Ж-Т
О-Т

АТДЦТН - 125000220110
125
+-6*2%
230
121
11
11
45
28
305
65
0,5

Желі линиясының номинал кернеуін таңдау күрделі техника-экономикалық есеп болып табылады. Ол көптеген факторларға байланысты. Мысалы, кернеуінің мәні төмен линияның жабдықтарының және құрылыстарының құны аз болады. Кернеудің ұлғаюына байланысты қуат және энергия шығындары азаяды, электрлік желіні дамыту жағдайлары жақсарады. Сол үшін Г. А. Илларионов формуласын қолданамыз.
Электр торабын даму жобалауы кезінде бір уақытта электр торабының конфигурациясы сұрағымен оның номиналды кернеуін таңдауы туралы сұрақ шешіледі. Электр тораптарының номиналды кернеу ұзындықтарының шкаласы МЕСТ 721-77 анықталған және келесідей кернеу қатарын құрастырады:0,38; 3; 6; 10; 20; 35; 110; 150; 220; 330; 500; 750; 1150 кВ.

10
Бөлек сызықты электр беріліс желісінің номиналды кернеуі ең алдымен екі параметрлі функциямен: желімен таратылатын P қуат, және де сол қуат таратылатын L қашықтыққа. Соған байланысты желінің номиналды кернеуін табудың, әр түрлі авторлармен ұсынылған бірнеше эмпирикалық формулалары болады. Илларионов формуласы кернеуі 35-тен 750 кВ-қа дейін номиналды кернеудің барлық шкаласына қанағаттандырылған нәтиже береді.
Г. А. Илларионов формуласы бойынша номиналды кернеуі анықталады:

8
U=S500l+2500P
мұндағы U- желідегі кернеу,кВ;
S- толық қуат,МВА;
l- желінің ұзындығы,км;
P- активті қуат, МВт.

Номиналды кернеуді берілетін қуаттың анық мәндерімен анықтауға болады, Стилл формуласы бойынша қуат Р, МВт және желі ұзындығы l , км, бойынша
Uном=4,34·l+16·P
Бұл формула ұзындығы 250 км желілер үшін және 60 МВт аспайтын берілетін қуаттар үшін қолданылады. Үлкен қуат болған жағдайда, 1000 км қашықтыққа берілетін, А.М. Залескийдің формуласы қолданылады
Uном=P·(100+15l
U1=100050082+2500120=192,3кВ
U1=100050072+250050=132,5кВ
11
U1=100050092+250032=109,4кВ
Г.А.Илларионов формуласы бойынша есептеуден кейін желі линиясының номинал кернеуін 220 кВ деп қабылдаймыз.
Экономикалық бөлім. Дипломдық жобаның экономикалық бөлімін жасауда экономика пәнінің оқытушылары студенттерге кеңес беруі керек. Бұл бөлімде шешілетін мәселелер мынадай: қызметкерлер санын категория бойынша анықтау; жұмыс істеу режимі; еңбекақы жүйесін таңдау, жалақыны есептеу; техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау;
Экономикалық бөлімді келесідей қарастыруға болады:
3.1. Жаңа трансформаторды жобалаудағы негізгі техника-экономикалық есептеулер.
3.2. Трансформаторды қосалқы станцияға ендіруге және жасауға кеткен шығынды есептеу.

Еңбекті қорғау бөлімі. Еңбекті қорғау бөлімі 8-10 бет аралығында болады.
3.1. Трансформатор орналасқан ғимараттарды найзағайдан қорғау бойынша есеп жүргізу.
3.2. Трансформатордағы шудың деңгейін талдау және бағалау.
3.3. Трансформаторды жобалауда жарылыс және өрт қауіпсіздігін азайту бойынша шараларды өңдеу.
Қорытынды. Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмысты жасауға қойылған мақсаттардың орындалуы қорытындыланып, шешімі жазылады.Қосымша. Қосымшада келтірілген кестелер, сұлбалар, нормативтік кестелер, сілтемелер т.б. дипломдық жұмысты жасау барысында қолданылған кестелік мәндерді, анықтамалық әдебиеттерден алынған мағлұматтарды көрсетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Студент Қолданылған әдебиеттер тізіміне нақты игерген және дипломдық жұмыста қандай да бір бөлімді ашу барысында немесе нақты есептеулер шығару кезінде пайдаланған дерек көздерін ғана енгізуі тиіс.
12
6. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МӘТІНІН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жалпы талаптар. Дипломдық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.
Дипломдық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт - кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Дипломдық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы - 10мм, жоғары жағы 20мм, сол жағы - 30мм және төменгі жағы - 25мм, абзац - 1,25.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы қажет.
Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Дипломдық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.
Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы Мазмұны, Кіріспе, тараулардың атауы, Қорытынды, Қосымша, Қолданылған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған
13
дипломдық жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Дипломдық жұмыстың парақтарын нөмерлеу. Дипломдық жұмыстың парақтарын, дипломдық жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Бірінші (титулдық) бет, мазмұны нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі,
Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. 3 цифры Кіріспенің бетіне қойылады.
Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер дипломдық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).
Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмірлеу. Дипломдық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.
Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.
Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб

14

цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.
Иллюстрациялар. Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) дипломдық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол Сурет 1 болып белгіленеді. Сурет сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. Сурет сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.
Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.
Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде ... 2-суретке сәйкес... деп жазу көзделеді.
Кестелер. Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен орналастыру керек .
Дипломдық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.
Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, Кесте сөзін жазу керек.

15
Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді. Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде Кесте сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан Жалғасы деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді. Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс. Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда - кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі. Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны ол да сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай - тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады. Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын - кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды. Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс.
16
Ескерту. Ескерту сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.
Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.
Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансформаторлар қызметі, қолдану аймағы
Тоқ машиналары мен құрылғылары
Кернеу көзінің қуаты
Түзеткіштер (орыс. Выпрямитель)
Электроника бірнеше ғылыммен (техника, энергетика, атомдық физика, информатика, бульдік алгебра және т. б. ) сабақтасып жатқан кең ауқымды ғылым
Қапшағай СЭС технологиялық сипаттамасы
Электрлік тоқ бойынша дәрістер жинағы
Сызықты және сызықты емес тізбектердің теориясы
Элегеаздық ажыратқыштардың негізгі сипаттамалары, олардың техникалық мінездемесі және конструкциясы, сонымен қатар кемшіліктері мен артықшылығы, қазіргі кездегі жабдық үшін элеткржабдықтау жүйесін жаңалау және модернизациялау
Трансформатор шуы
Пәндер