Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік


ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СТРАТЕГИЯСЫ, ТАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ
6M050900 «Қаржы»
ДИССЕРТАЦИЯ
Экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Ғылыми жетекші:э. ғ. д., профессор
Астана, 2018
МАЗМҰНЫ
І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік . . .
1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру және оны іске асыру жолдары . . .
1. 3 Қаржы менеджменті стратегиясы, тактикасының шетелдік тәжірибесі. .
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БААЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындаы қаржы менеджменті стратегиясы мен тактикасының механизмдері . . .
2. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау . . .
2. 3 Қазақстан Республикасында қаржы менеджменті тактикасы арқылы дағдарысқа қарсы тұру механизмі . . .
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ МЕН СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Стратегия мен тактиканы жүргізудегі қаржылық менеджменттің отандық мәселелері . . .
3. 2 Ағымдағы активтерді және пассивтерді басқару кешені және бағалық шешімдерді қабылдау принциптерінің мәселелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Нормативтік сілтемелер
1. «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы». ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2009 жылғы 27 тамыздағы № 32 хаттама.
2. Қазақстан Республикасы бюджетін қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 313 Жарлығы.
3. Қазақстан Республикасының 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2012 ж.
5. Қазақстан Республикасының кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) - Алматы, 2009 жыл.
6. Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республика-сының Үкіметінің актілер жинағы - Астана, 2012 жыл.
Анықтамалар
Бұл диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамалармен қолданылған:
Активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар.
Басқа міндетті төлемдер - уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақшалай аударымдар (кедендік баждарды қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар) .
Есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл.
Жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемле-кеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резидентте-рінің өз бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша борышқорлық міндет-темелерінің белгілі бір күнге сомасы.
Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектінің менші-гінде немесе басқаруындағы әр түрлі қаржылық құралдардың не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Қаржылық қатынастар - өндірістік қатынастардың құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ақшалай ны-сандағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Қаржылық механизм - шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі; бөлу және қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асыратын табыстар мен қорланым құралатын және ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қаржылық басқаруды, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмаларды, ақржылық көрсеткіштерді, нормативтерді, лимиттерді, қаржылық резервтерді кіріктіреді.
Салық мағлұмдамасы - салық төлеушінің, салық агенттігінің Салық ко-дексте белгіленге тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салықтық кодекс-інде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.
Ішкі жалпы өнім - аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
Шығыстар - шетке кету түріндегі есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұл-ғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, таза активтердің / капиталдың азаюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемеелерінің туындауы.
Белгілеулер мен қысқартулар
- ҚР - Қазақстан Республикасы
- ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
- ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
- ОБ - орталық басқару
- БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
- А - А класы
- [] - сілтеме белгісі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі - Біздің еліміздің халықтық шаруашылығынан нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындар, фирма басшылығында күрделі өзгерістерді қажет етеді. Бұл осындай іс-әрекетті жасайтындардың барлығына қатысты. Бұл процесте маңызды рөлді кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық қызметіне, ал нақтылай айтатын болсақ, ол - қаржыларды басқару атқарады.
Фирманың қаржылық ресурстарының қозғалысын зерттейтін, кәсіпорынның сыртқы және ішкі процестерін талдайтын экономикалық ғылымның ауданы Батыста қаржылық менеджмент деген атқа ие болды. Қазақстан Республикасында бұл термин кәсіпорынның қаржылық ағым қозғалысын қарастыратын білім саласында мықты бекінді. Осыдан, біз біздің мемлекетімізде қаржылық менеджмент түсінігі Батыстағы сияқты адамдардың қызмет сферасы ретінде (теориялық және тәжірибелік) қалыптасқанын көреміз. Алайда, бізде бұл сала түрі өзіндік спецификалық сипаттамаларға ие.
Қазақстан Республикасының экономикасы әлі бірқалыпты нарықтық түрде емес. Ол - советтік экономика түрінен нарықтық түріне ауыстырылған өтпелі экономика болып табылады. Біздің мемлекетімізде кәсіпорындардың есебі мен статистикасындағы батыстық стандарттарына сәйкес келмейтін нәрселер өте көп. Сондықтан арнайы зерттеулер жүргізбей, біз батыстық үлгідегі қаржылық менеджментінің теориясы мен тәжірибесін қолдануға мүмкіндігіміз жоқ.
Қазақстанның қаржы менеджменті әзірше әлі қалыптасып келеді. Осы жұмыстың көрінісі Қазақстан Республикасында кәсіпорынның статистикасын және есепке алу спецификасын есепке ала отырып, өздігінен қаржы менеджмент теориясын қолдануға талпыныс жасау болып табылады.
Қаржы менеджменті - бұл кәсіпкерлікті үлкен мөлшердегі ақша ағымдарын басқаруда және оптималды қаржылық шешімдерді табуда қаржылық қамтамасыз етудің стратегиясы мен тактикасы.
Қаржылық менеджмент өндірістік процестерге қатысатын құралдардың бағалар құнының жиынтығын басқарудың күрделі жүйесін және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ақшалық капиталдың жиынтығын өндірумен айналысады.
Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметтің басымдылықтарын және масштабтарын анықтайтын қаржылық қамтамасыз етуді басқаратын тиімді нысан болып табылады. Мұнда қарастырылған қаржылық менеджменттің концепциясының негізі меншік қатынасына тиген қоғамның экономикалық базасында өзгеріс болып саналады. Тек қана осы өзгерістер кәсіпкерлік құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекеттік қаржылар арасында нақты шек қоюды қамтамасыз ете алуы мүмкін.
Қаржы менеджментпен тек қана кәсіпорындардың және банктердің стратегиясы мен тактикасы туралы ақпараттары бар және олардың клиенттер және бәсекелестермен, жабдықтаушылар және тұтынушылармен, акционерлермен, қаржылық және салық органдарымен, сақтандыру компаниялармен, институтционалды инвесторлармен қарым-қатынастары туралы толық ақпараттары бар профессионалдар айналысуы керек.
Стратегиялық және тактикалық шешімдер ұзақ мерзімді уақыт өткеннен кейін ғана бағаланады және оларға тек өз кәсіпорынның болашағына сенімді кәсіпкерлер мен қызметкерлер ғана қызығушылық танытады.
Кәсіпкерлік құрылымдарда қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын қолданған кезінде қаржылық жұмыста қаржыландыру мен ұйымдастыруды одан әрі жандандыратын, өндіріс көлемінің және сатудың, пайданың өсуін, шығындардың азаюын қамтамасыз ететін капиталдың құрылымын оптимизациялайтын, активтердің өтімділігін, материалдық және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін жоғарлататын кең резервтер ашылды.
Зерттелімнің мақсаты: Магистрлік диссертацияның мақсаты - Қазақстан Республикасының қаржы менеджментінің стратегиясы, тактикасы және тәжірибесінің теориялық аспектілерін зерттеу және осының негізінде жетілдіру бойынша ғылыми практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі мәселелер қарастырылады:
- Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыруды ғылыми негіздеу;
- Қазақстан Республикасының қаржылық менеджментінің стратегиясы, тактикасы және тәжірибесінің бірқатар ерекшеліктерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының қаржы менеджменті, стратегиясы және тәжірибесін қазіргі кезеңде жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Зерттелімнің міндеті: Қазақстан Республикасының қаржы менеджменті стратегиясының жүргізілуін талдап, алдағы уақытта тактиканың бағытын, мақсатын анықтау.
Зерттеу объекті: Қазақстан Республикасы.
Зерттеудің пәні: Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жүргізудегі экономикалық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі: Жұмыс қаржы саласында қаржы менеджментінің «Қаржы» мамандығын игеруде теориялық және практикалық мәнге ие.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасының қаржылық менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау; Стратегияны жүргізудің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы: Диссертациялық еңбектің негізгі қағидалары көлемі баспа табақ болатын 1 ғылыми мақалада баяндалған.
Зерттелімнің құрылымы: Магистрлік дисссертация кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, атауы 53 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.
І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады.
Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.
Сондықтан қаржы менеджменті бірқатар сұрақтарға жауап қайтару қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.
Қаржы менеджер қызметі негізіне төрт негізгі функциялар кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Осы функциялардың қосымша объектісі болып қаржылық кәсіпорындар, ал ынталандыру объектісі болып менеджердің өзі табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады. Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді. Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметінің үш негізгі мақсаты бөліп көрсетеді: 1) тіршілік; 2) пайда алу; 3) фирма дамуындағы экономикалық өсу. Қаржылық контексте бұл мақсаттар:1) кәсіпорын шаруашылық жүргізуші бірлестік ретінде тіршілік етуіне қажетті шарт-қаржылыққа тұрақтылық; 2) рентабелділік; 3) экономикалық өсу.
Осыған орай кәсіпрынның қаржылық тұрақтылығына жетудің бірінші кезекті мәселесі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық түсінігі кәсіпорын қызметіндегі тұлғалар топтарының әртүрлі пікірлермен түсіндіріледі, акционерлерді көбінесе кәсіпорынның керекті табыс табу қабілеті қызықтырады, егерде меншік иесі мен басшылардың функцияларын бөлетін болса, онда кәсіпорын қызметіне аз көңіл бөледі. Несие берушілер кәсіпорынға берілген қаражаттарды уақытында қайтару бойынша сұрақтарға көп көңіл бөледі. Фирманың қаржылық жағдайының өзгерістерімен көбінесе басқарушы персонал топтары айналысады. Олар кәсіпорын қызметін көптеген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды. Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді - персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма . . . Бұл жерде кері байланыс байқалады:кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі. Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.
Алайда, кәсіпорында қаржылық ресурстардың белгілі бір резервтік қоры болуы керек. Олар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ, оның күнделікті және ағымдағы міндеттерін орындау үшін қажет. Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен ресурстардың резервтік қорын қалыптастыруға бірқатар факторлар әсерін тигізеді - тұтастай экономика мен әлемдік экономика тенденциялары.
Нарықтық экономикадағы кез келген кәсіпорын, оның қызметінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, басқару шешімдердің көмегімен іске асатын ақша қаражаттар қозғалысы мен қаржылық қатынастар жүйесі ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл тәсіл 90 жылдарда ерекше мәнге ие болатын, сондай-ақ фирманың акционерлік құнын құру концепциясы ретінде қолданылған. Акционерлік құнды құру инвесторлар күткен ақша қаражаттар ағынынан көп болуына байланысты. Сәйкесінше, кәсіпорын ойдағыдай басқарылатын жүйе ретінде болашақта да оң ақша ағынын әкеледі.
Бірінші сұрақ былай қойылады: «Фирманың перспективті дамуы үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?». Керек кезде толық немесе бөлек мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады.
Мысалы, сенімділікпен айтуға болатын жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары өткізу көлеміне байланысты болатындығы туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.
Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың күрес жолын таңдаса, онда сапаның жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.
Шығарылатын өнім өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шараларды ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.
Қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді.
Мұндай қайнар көздердің үш түрін бөлуге болады:
- жеке;
- кірістірілген;
- қарызға алынған.
Кәсіпорынға жеке ақша құралдары ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет. Олар:
- жинау үшін кірістің болуы
- уақыттың болуы.
Негізінде коммерциялық жобаны іске асыруда бұның біреуі болмайды. Әдетте коммерциялық жобаны іске асыратын адамда қаражат болмайды, ал қаражат кімде бар сол адам оны өзі жалғыз бұл жұмысты атқарғысы келмейді.
Жеке ақша құралдарын қолдану тек ірі компаниялар қолында. Бірақ та олар үшін бизнес жоспар мен қаржы бөлімі еш қызықтырмайды.
Кірістірілген қаражат көздері ішінде бірінші орынды акционерлер қаражаттары жатады. Акциялардың қосымша эмиссиясы немесе фирма басшылығымен жасалған бақылау пакет акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады.
Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.
Ұсақ инвесторды жақсы құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет етеді.
Сондықтан да акционер капиталын өзіне қарату үшін екі негізгі шартты ұстану қажет:
- ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;
- олардың бағасы түспейтіндігі туралы жөнінде көндіруге тырысу керек.
Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.
Еңбекақыны төлеуде қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.
Қарыздарды банкирлерден және облигационерлерден алуға болады. Банкирлер қарыз бен оның құнын қайтарылуын қалайды. Ұзақ мерзімді инвестициялық несиені қамтамасыз етеді. Қарыз берушіге кім аманат бола алады.
Бұл және басқа да күрделі сұрақтарға кәсіпорынның менеджерлері жауап бере алады, олар белгілі бір банкке ссуда алуға барғанда, бұл сұрақтарға жауап қайтару қажет екендігі туралы естерінен шықпауы қажет. Корпоративтік облигациялар акциялар сияқты қасиетімен белгілі, бірақ та Қазақстан Республикасында олар қолданылмайды.
Келтірілген несиені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда оны кеңейту мақсатында қаражаттандыру өте тиімді.
Банкирлер ойы бойынша бұған салынатын қаражаттың тәуекелділігі сонша үлкен емес, демек несие құнын төмендетуге болады деген сөз. Сондай-ақ мұндай кәсіпорында активтердің мөлшері көбірек, олар оның сенімді материалды қамтамасыздандырылуын қамтамасыз етеді, ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға ең жақсысы жарналық немесе акционерлік капиталды келтіру болып табылады.
Бұл несие алынған жағдайда несиені өтеу жөнінде қатаң график құрылады, онда несие өтеу мен оның пайыздарын да өтеуге тырысу қажет. Бұндай кредитті жаңадан құрылған кәсіпорындардың өтеуге шамасы да жетпей қалу қаупі бар.
Бұл сұрақты шешу үшін салымдардың өтем уақытын есептеуге арналған арнайы есептеулер мен әдістерді қолдануға қажет.
Қаржылық менеджменттің үшінші сұрағы былай көрсетілген: «Жобаға салынған қаражаттардың қайтарылуы қашан күтіледі?». Бұл сұраққа жауап беру үшін салынған қаражаттардың мерзімін анықтай алатын арнайы есептеулер мен тәсілдерді қолдану қажет.
1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру және оларды іске асыру жолдары
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары - Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлксн өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы аумағында төтенше мемлекетік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы республика халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-несие және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы - Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарға тән болатын, ең алдымен, сыртқы ортаның өзгерісіне серпімді диверсифицирлі реакцияның болуы және өндірістің дамуындағы ғылыми-техникалық зерттеулердің үздіксіз жүруі.
Бұның барлығы кәсіпорын дамуындағы стратегия мен тактиканы құрастырудың негізгі мәселелердің шешімі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz