Арша жемісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтан Білім және Ғылым
министірлігі

РЕФЕРАТ

Тақырып:Дәрілік өсімдіктер

Орындаған:Парамрозова М

Қабылдаған:Тахиров З

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дәрілік өсімдіктер

Алоэ
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1
Алоэ, сабыр, жүзжылдық (лат. Aloe) - шырыштар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.[[1]]
Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ төре лкеге отырғыз ады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.[[2]]
Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы
Қызықты деректер
Арша ағашы Солтүстік жарты шардың тасты топырақтарында өседі, Испания мен Португалияда өсетін аршаның түрлері, сондай-ақ қызыл жемісті арша хош иістендіргіш ретінде қолданады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таралуы
Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі.
Ұзындығы биік (10-15 м) аршалар Ортажер теңізі аймағында, Орта Азия да, Мексика мен Солтүстік Американың құрғақшыл аймақтарында арша талдары орман болып топтасып өседі.
Биіктігі кішірек бұталар таудың тасты жарларында, ормандардың үшінші ярусында өседі.
Ал, республикамыздың солтүстік облыстарында өседі. Ол тау беткейлерінде, орман арасында, құмды жерлерде, далалы аймақтарда жиі кездеседі. Орал облысының далалы, құмдауыт жерлерінен де табылады. Дәрілік шикізат ретінде қара күзде өсімдіктің піскен жемісі ( қаракөк түстілері ) жиналып алынып, ашық жерде ептеп кептіріледі. Ол үшін ағашты қолмен сілкіп, жерге түскен жемісін жинап алады да, тазалап, сорттап, кептіреді. Кептірілген жемісті кардон, фанерь жәшіктерге салып ( бетін жауып ), құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады.
Қазақстанда аршанын үш түрі кездеседі:
* зеравшан аршасы (қара арша),
* Туркістан аршасы
* жарты шар тәрізді арша - Juniperus semiglobosa Regel.
Оңтүстік оңірінде "Сайрам-огем" ұлттық паркыгда осы аршанын үш түрі де кездеседі
.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Биологиялық сипаттамасы
Өсу тұрғысына қарай арша
* жайыла өсетін және
* тік өсетін болып екіге бөлінеді.
Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі - 20-30 метрге жетеді.
Арша 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
Қазақстанда 10 жабайы түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне
* Түркістан аршасы (І. turkestanіca)
* Талас аршасы(І. talaіca) - кәдімгі арша, ем арша деп те айтады
* Сібір Аршасы (І. іbіrіca)
* Кәдімгі арша (І. communі)
* Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады.
Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді.

Арша қылқаны
Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.

Арша жемісі
Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір -- мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
Химиялық құрамы.
Арша жемісінің құрамында 35 - 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма аскорбин қышқылы және фитонцидтер бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қолдануы
Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Аршамен тіс тазалау пайдалы.[1]
Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.
Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы
Емдік өсімдіктер
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Дәрілік өсімдіктермен емдеу әрі шипалы, әрі зиянсыз
Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу
Арша эфир майының химиялық құрамы
Өсімдіктер әлемі туралы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Пәндер