Тауарлық материалдық қорларды бағалау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. ТАУАРЛЫ- МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР 6
1.1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік. 6
1.2. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі. 8
1.3. Тауарлық материалдық қорларды бағалау. 13
II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТАЛДАУ 17
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды талдау мақсаты және міндеті. 17
2.2. Тауарлы- материалдық қорлардың қалыптасу көздері. 19
2.3. Дайын өнім қорларын талдау. 22
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. Тауарлы - материалдардық қорларды есепке алу атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы - материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы - материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы - материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы - материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста Энергия плюс ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
Энергия плюс ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. Энергия плюс ЖШС негізінен мынадай іс - қызмет түрімен айналысады:
- коммерциялық қызмет;
- жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
- көлікпен қамтамасыз ету;
- қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында Энергия плюс ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - жоғарыда келтірілген міндеттерді және Энергия плюс ЖШС тауарлы - материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.
1. Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 Тауарлы - материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы - материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
I. ТАУАРЛЫ- МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР
1.1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу. Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу; - құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау; - біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
1.2. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар материалдық қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процессіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайцдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ, материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар.
Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.
Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.
Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді.
Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді.
Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 Босалқылар бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 Шикізаттар мен материалдар, 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, 1312 Отын, 1313 Ыдыс және ыдыстық заттар, 1314 Қосалқы бөлшектер, 1315 Өзге материалдар, 1316 Өңдеуге берілген материалдар, 1317 Құрылыс материалдары, 1320 Дайын өнімдер, 1330 Тауарлар, 1340 Аяқталмаған өндіріс, 1350 Басқалай босалқылар, 1360 Босалқыларды есептен шығару резерві.
1310 Шикізаттар мен материалдар шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады.
Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады. 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 Отын мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 Ыдыс және ыдыстық заттар ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 Қосалқы бөлшектер жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1315 Өзге материалдар өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.
1316 Өңдеуге берілген материалдар шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
1317 Құрылыс материалдары құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады. Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.
Мысалы, Шығыс ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, Шығыс ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000 теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы - 300000 және әлеуметтік - 56700- (300000-300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған.
Шығыс ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2- ты 127,84 теңге құраған: - сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда); - көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700); - сақтау шығындары - 630000 теңге сақтау шығыны өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін.
Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан Шығыс ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген. Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік. Рет Сома, мың Шоттардың № Шаруашылық операцияларының мазмұны теңге корреспонденциясы дебет кредит 1 2 3 4 5 1 ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға 3200004 351 441 аванс берілген 2910 1040 2 Жабдықтаушыдан сары тері алынды: материалдардың құнына 2758624 201 671 1310 3310 ҚҚС-ның сомасына 441380 331 671 1410 3310 3 Тасымалдау шығындары өтелді 800000 687 441 4240 1040 Сақтау шығыстары төленді 630000 687 441 4240 1040 4 Сары теріні алумен байланысты шығыстары материалдық құнына қосылды: тасымалдау шығысы 800000 201 687 1310 4240 артып-түсіру бойынша кеткен шығыстары 356700 201 681,634 1310 3350,3140 сақтау шығыстары 630000 201 687 1310 4240 5 Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет 3200004 671 351 жасалды 3310 2910 6 Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды.
Өзіндік құны 4545324 теңге болған.
Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты 845 201 шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге 458177 7450 1310 құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған.
1.3. Тауарлық материалдық қорларды бағалау.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады.
БЕС-қа сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz